Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 сәуірдегі №
429 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 23
қаңтардағы № 87 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы № 1394 қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 24 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатында, жеке басын куәландыратын құжаттарда және басқа да ресми құжаттарда елдiң ағылшын тіліндегi атауының бiрыңғай жазылуына қол жеткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы азаматы паспортының үлгiсiн бекіту туралы (сипаттамасы)" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 сәуірдегі № 429 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 19, 191-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматы паспортының үлгiсiнде (сипаттамасы):
2-тармақтың а) тармақшасында "KAZAKSTAN" деген сөз "KAZAKHSTAN" деген сөзбен ауыстырылсын;
3 және 7-тармақтарда "Kazakstan" деген сөз "Kazakhstan" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасында шетел азаматының тұру ықтиярхаты мен азаматтығы жоқ адамдардың куәлiгiнiң үлгiлерiн (сипаттамасын) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 23 қаңтардағы № 87 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 16, 29-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң үлгiсiнде (сипаттамасы):
2-тармақтың а) тармақшасында "KAZAKSTAN" деген сөз "KAZAKHSTAN" деген сөзбен ауыстырылсын;
3 және 8-тармақтарда "Каzакstаn" деген сөз "Kazakhstan" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Елдің ағылшын тілінде жазылған бұрынғы атауы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары және азаматтығы жоқ адамдардың куәліктері, сонда көрсетілген мерзімі аяқталғанға дейін күшін сақтайды.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Қ. Тоқаев |