Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 969 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1267 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары» бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 969 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 36, 502-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары» бағдарламасында:
«Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттарының бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 10-бөлімде:
реттік нөмірі 8-жолдың 5-бағанында «2008» деген сандар «2010» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 16-жолда:
4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«ЭБЖМ (жинақтау), ИСМ, АШМ, ККМ, ЭМРМ, БҒМ, СА, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 30-1-жолмен толықтырылсын:
«
30-1. | Сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарын тарту және халық пен бизнес орта арасында ұйымдастыру-түсіндіру іс-шараларын жүргізу жолымен ірі қалаларда оларды сату кезінде төлем карточкаларын қолдануды кеңінен енгізуді қамтамасыз ету | ЭБЖМ-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, 5 қаңтар, 5 шілде | | |
«;
реттік нөмірі 46-жолда:
4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«ЭБЖМ (жинақтау), АШМ, Қаржымині, СА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)»;
ескертпе мынадай мазмұндағы аббревиатуралармен толықтырылсын:
«ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«ЭЗИ» АҚ - «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |