Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі № 751 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 1291 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 695 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі № 751 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 27, 353-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, төраға, |
Федоров Олег Анатольевич | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі, |
Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша); |
мына:
«Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Тілеубеков Ғани Өтенұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша)» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы |
Тілеубеков Ғани Өтеұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)»; |
көрсетілген құрамнан Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы, Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы, Әлжанов Батырбек Асылбекұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |