Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 және 2002 жылғы
28 мамырдағы № 581 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 ақпандағы № 156 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 24 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
1) "Халықаралық ізгілік көмек мәселелерi жөніндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 512-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелері жөнiндегі комиссия туралы ережеде:
7-тармақта "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы және бюджеттік жоспарлау министрi,
төраға
Бижанов - Қазақстан Республикасының Төтенше
Нұрахмет Құсайынұлы жағдайлар бірiншi вице-министрі,
төрағаның орынбасары
Оспанов - Қазақстан Республикасы Экономика
Нұрлан Елеусiзұлы және бюджеттік жоспарлау
министрлігі Халықаралық экономикалық
және қаржылық қатынастар
департаментінің директоры, хатшы
Әбiлғазин - Қазақстан Республикасының Көлiк
Талғат Байтемiрұлы және коммуникация вице-министрі
Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Рәпіл Сейітханұлы iстер министрінің орынбасары
Стамқұлов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Үбайдолла Мырзағалиұлы вице-министрі
Өтеулина - Қазақстан Республикасының Білім
Хафиза Мұхтарқызы және ғылым вице-министрi
Аманбаев - Қазақстан Республикасы Қаржы
Мұрат Ермұханұлы министрлігінiң Кедендік бақылау
комитетi төрағасының бірiншi
орынбасары;
"Пак - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Лариса Юн-Боевна сақтау министрлігінiң Фармация,
фармацевтік және медициналық өнеркәсiп
комитетi төрағасының орынбасары"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Пак - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Лариса Юн-Боевна сақтау министрлігі Фармация
комитетiнiң төрайымы";
көрсетілген құрамнан Әйтімова Бірғаным Сарықызы, Коржова Наталья Артемовна, Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы, Ержанов Аманияз Қасымұлы, Лавриненко Юрий Иванович, Қонаев Эльдар Асқарұлы, Хамзин Рүстем Назымбекұлы, Әбусейітов Қайрат Қуатұлы, Дүйсенбекова Гүлжан Зайроллақызы, Байшолақов Алмат Мұратұлы шығарылсын;
2) "Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 28 мамырдағы № 581 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 15, 163-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
Аймақтық саясат мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Шәмшидинова - Қазақстан Республикасының Білім және
Күләш Ноғатайқызы ғылым вице-министрi
Бірәлиев - Қазақстан Республикасы Статистика
Әлжан Хамидоллаұлы агенттiгi төрағасының орынбасары
Тұңғышбеков - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Санат Тұңғышбекұлы министрлігі Ауылдық аумақтар iстерi
комитетiнiң төрағасы
Котенко - Қазақстан Республикасы
Наталья Леонидовна Премьер-Министрінің Кеңсесi Экономика
бөлiмiнiң меңгерушiсi
Райымбеков - Қазақстан Республикасы
Сайлаухан Ғазизұлы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өңiрлiк
даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы
Фархад Шаймұратұлы Премьер-Министрінің Кеңсесi
Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Тоқаев - Қазақстан Республикасы
Ақбар Қуанышбайұлы Премьер-Министрінің Кеңсесi Жиынтық
талдау бөлiмiнiң меңгерушiсi;
"Есiмов - Қазақстан Республикасы
Ахметжан Смағұлұлы Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрi, төраға"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Есiмов - Қазақстан Республикасы
Ахметжан Смағұлұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төраға";
"Белоног Анатолий Александрович - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бiрiншi вице-министрi, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi" деген жолда "бiрiншi" деген сөз алынып тасталсын;
көрсетiлген құрамнан Әбдiқадырова Айман Нұрқасымқызы, Жолдасбаев Сансызбай Елеусiзұлы, Ізбанов Мұхит Кәрiмұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |