Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1201 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 11-қосымшада:
«Шығыстардың сомасы» деген бағанда:
реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 10, 12, 14-жолдарда «3172241», «614985», «2408502», «136462», «1251221», «608577», «1117699», «3287058», «573036», «1012900», «2695554» деген сандар тиісінше «3172109», «614673», «2424536», «153134», «1232035», «599823», «1119682», «3286934», «564294», «996275», «2714740» деген сандармен ауыстырылсын;
«Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға» бағанында реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 12-жолдарда «132», «538», «159508», «46169», «38183», «101212», «1363», «61944», «115278» деген сандар тиісінше «0», «226», «175542», «62841», «29429», «103195», «1239», «53202», «98653» деген сандармен ауыстырылсын;
«жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз ету» деген бағанда реттік нөмірлері 6, 14-жолдарда «508590», «441189» деген сандар тиісінше «489404», «460375» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |