2. Әкiмият қаулысына әкiм қол қояды.
3. Әкiм нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.
4. Әкiмияттың және (немесе) әкiмнің өз құзыретi шегiнде қабылдаған актілерінiң тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.
5. Әкiмият және (немесе) әкiм актілерінiң қолданылуын тиiстi прокурордың тоқтата тұруы мүмкiн.
6. Әкiмияттың және (немесе) әкiмнiң азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актілері (Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актiлерден басқа) мiндеттi ресми жариялауға жатады.
7. Әкiмияттың және (немесе) әкiмнiң жалпыға мiндеттi маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актілері заңдарда белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң аумақтық органдарының мемлекеттік тiркеуiне жатады.
8. Қазақстан Республикасының Президентi, Үкіметі, жоғары тұрған әкiмият және (немесе) әкiм, әкiмияттың және (немесе) әкiмнiң өзi, сондай-ақ соттың шешiмi әкiмият және (немесе) әкiм актілері қолданылуын жоюы не толық немесе iшiнара тоқтата тұруы мүмкiн.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 21.12.04 ж. № 15-III Заңымен (бұр. ред. қара) Заңдарымен 38-бап өзгертілді
38-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты
1. Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi әкiм аппараты жүзеге асырады.
2. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппаратын тиісінше облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және ұйымдастырады.
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппаратын республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
3. Әкiмнiң өкiлеттiгiн тоқтатуына, жаңа әкiмнiң тағайындалуына байланысты әкiм аппаратының мемлекеттік қызметшiлерi қызметiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
4. Әкім аппараты туралы ережені, оның құрылымын тиісті әкімдік бекітеді.
5. Әкiм аппараты жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара)
39-бап. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар
1. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарды тиісті мәслихат бекіткен әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы шеңберінде облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
2. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың құзыретi мен қызметiн ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтай отырып тиісті әкімдік белгiлейдi.
4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
40-бап. Жергiлiктi бюджет
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттер, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерi олар үшiн белгiленген салық және өзге де түсiмдер көздерi есебiнен құралады.
2. Жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу, бекіту және атқару тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
41-бап. Осы Заңның өзге заң актілерімен арақатынасы және оның ережелерiн iске асыру тәртібі
1. Осы Заңның ережелерi Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттік басқаруды қамтамасыз етудiң жекелеген бағыттары мен тетiктерiн регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау үшiн негiз болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының осы Заң күшiне енген кезде қолданылып жүрген заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және осы Заң күшiне енген күннен бастап бiр жылдың iшiнде оған сәйкес келтiрiлуге тиiс.
Қазақстан Республикасының