ҚР 28.04.00 ж. № 46-II; 25.09.03 ж. № 484-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар және олар үшiн жауапкершiлiк
1. Мемлекеттік мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе соларға теңестiрiлген адамдардың мынадай:
1) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметiне заңсыз араласу;
2) аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты мәселелердi шешу кезiнде өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдалану;
3) мемлекеттік және оған теңестiрiлген қызметке кiрген және онда жоғарылатылған кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық);
4) шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;
5) кiмге болса да табыс алуға байланысты кәсiпкерлiк және өзге де қызметтi жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету;
6) мемлекеттік мiндеттерiн атқару кезiнде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану;
7) берiлуi заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден негiзсiз бас тарту, оны кешiктiру, бұрыс немесе толық емес ақпарат беру;
8) жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету;
9) мемлекеттік қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың немесе қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау қорына беру;
10) жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртібін әлденеше рет бұзу;
2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету;
12) жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау;
13) кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттік реттеу, сондай-ақ оған бақылау жасау өкiлеттiгiн сондай қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға беру;
13-1) мемлекеттік бақылау мен қадағалау міндеттерін мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға беру;
14) қызметi немесе жұмысы жөнiнен жоғары немесе төмен тұрған не өздерiмен өзге де түрде тәуелдi лауазымды адамдармен ақша немесе өзге де мүлiк салынатын сипаттағы құмар ойындар ойнауға қатысу әрекеттерi сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады.
2. Мемлекеттік мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағында аталған қандай да болсын құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекеттiң белгiлерi болмаса, қызметiнен төмендетуге, қызметiнен босатуға немесе мемлекеттік мiндеттердi атқарудан өзге де түрде босатуға не заңда белгiленген тәртiппен өзге де тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғады.
Алғашқы құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде аталған құқық бұзушылықтардың кез келгенiн қайталап жасау заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттік мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары немесе осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдар осы баптың 1-тармағында аталған құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды, ол бұларды материалдар келiп түскен күннен бастап бес күннiң iшiнде Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II (бұр. ред. қара) Заңымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар
1. Мемлекеттік мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың мынадай әрекеттерi игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар болып табылады:
1) өздерiнiң мемлекеттік немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн, егер заңдарда өзгедей көзделмесе, өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдау.
Мемлекеттік мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның шотына келiп түскен, аталған адам бiлмейтiн ақша қаражаты, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацы бұзыла отырып, тиiстi мiндеттерiн атқаруына байланысты алған қаражаты ол анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде тиiстi салық органына мұндай қаражат түсуiнiң мән-жайы туралы түсiнiктеме табыс етiле отырып, республикалық бюджетке аударылуға тиiс;
2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) өзiнiң мемлекеттік немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардан жалпы қамқоршылығы немесе қызметінде бетімен жібергені үшін сыйлықтар алу немесе қызметiн қабылдау.
Аталған адам бiлмей келiп түскен сыйлықтар, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып тиiстi мiндеттердi атқаруына байланысты алған сыйлықтары жетi күн мерзiм iшiнде арнаулы мемлекеттік қорға тегiн өткiзiлуге тиiс, ал адамға нақ сондай жағдайлар кезiнде көрсетiлген қызмет үшiн республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы ақы төлеуге тиiс. Өзiне сыйлықтар келiп түскен адам жоғары тұрған лауазымды адамның келісімiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға хақылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша қаражатын арнаулы мемлекеттік қор республикалық бюджетке аударады;
3) жұбайының (зайыбының), туыстарының шақыруы бойынша олардың есебiнен;
егер қарым-қатынасы шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетiнiң мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келісімiмен);
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттік органдарының арасындағы өзара уағдаластыққа сәйкес тиiстi мемлекеттік органдардың және (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын;
жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келісімiмен, ұйымдардың қаражаты есебiнен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық шараларға қатысу үшiн жүзеге асырылатын, оның iшiнде осындай ұйымдардың жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарларды қоспағанда, шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдау;
4) несиелер, қарыздар алуда, бағалы қағаздар, жылжымайтын және өзге де мүлiктер сатып алуда заңдарда көзделмеген артықшылықтарды пайдалану.
2. Мемлекеттік мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның отбасы мүшелерiнiң аталған адам қызметi бойынша байланысты шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен сыйлықтар мен қызмет, туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдауға құқығы жоқ. Мемлекеттік мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адам немесе оған теңестiрiлген адам жетi күн мерзiм iшiнде өзiнiң отбасы мүшелерi заңсыз алған сыйлықтарды арнаулы мемлекеттік қорға тегiн өткiзуге және республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы өз отбасы мүшелерi заңсыз пайдаланған қызмет құнын өтеуге мiндеттi.
3. Мемлекеттік мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, қызметiн төмендетуге, қызметiнен босатуға немесе мемлекеттік мiндеттердi атқарудан өзге де түрде босатуға не заңда белгiленген тәртiппен өзге де тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғады.
Алғашқы құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде аталған құқық бұзушылықтарды қайталап жасау заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттік мiндеттердi атқарудан өзге де түрде босатуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары немесе осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген адамдар осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды, ол материалдар келiп түскен күннен бастап бес күннiң iшiнде оларды Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 13-1-баппен толықтырылды
13-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк жаза қолдану мерзiмдерi
1. Мемлекеттік мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адам немесе оған теңестiрiлген адам сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей белгiленедi және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, бiрақ мемлекеттік мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық әкiмшiлiк құқық бұзушылық немесе тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктірілмей қолданылуы мүмкiн.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 14, 15, 16-баптар алынып тасталды (бұр. ред. қара)
14-бап.
15-бап.
16-бап.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
17-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған адамдардың жауаптылығы
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органға басқа мемлекеттік қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi жөнiнде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған мемлекеттік қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органның ұсынуы бойынша тәртiптiк ретпен қызметiнен босатуға немесе тиiстi мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға дейiн жазаланады.
3-тарау. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың
зардаптарын жою
18-бап. Заңсыз алынған мүлiктi немесе заңсыз көрсетiлген қызметтiң құнын өндiрiп алу
1. Мемлекеттік мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдар немесе соларға теңестiрiлген адамдар сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесiнде негiзсiз байыған жағдайлардың бәрiнде заңсыз алынған мүлiк мемлекет кiрiсiне жатқызылуға ал заңсыз көрсетiлген қызмет құны мемлекет кiрiсiне өндiрiлiп алынуға тиiс.
2. Заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз көрсетiлген қызмет құнын төлеуден бас тартылған жағдайда прокурордың, салық қызметiнiң не оған заңмен уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың талабы бойынша соттың шешiмiмен мемлекеттiң кiрiсiне өндiрiп алу жүзеге асырылады. Аталған органдар құқық бұзушыға тиесiлi мүлiкке сот шешiм шығарғанға дейiн тыйым салады.
3. Егер мемлекеттік мiндеттердi атқаратын адам немесе оған теңестiрiлген адам жасалған сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылығы үшiн қызметiнен босатылғаннан, тиiстi мiндеттердi атқарудан өзгедей босатылғаннан кейiн осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарды орындаудан бас тартса, мұндай босату туралы шешiм қабылдаған лауазымды адам немесе орган кiнәлi адамның тұрғылықты жерi бойынша салық органына заңсыз алынған кiрiстер туралы хабарлама жiбередi.
19-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесiнде жасалған мәмiлелердi жарамсыз деп тану және актiлер мен iс-әрекеттердiң күшiн жою
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасауға байланысты жасасқан мәмiлелердi сот заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп таниды. Тиiстi актiлердi қабылдауға немесе тоқтатуға уәкiлеттiк берiлген органдар немесе лауазымды адамдар, немесе мүдделi жеке немесе заңды тұлғалардың, немесе прокурордың талап етуi бойынша сот сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар нәтижесiнде жасалған актiлердiң, iс-әрекеттердiң күшiн жоюы мүмкiн.
4-тарау. Қорытынды ережелер
20-бап. Қолданылып жүрген заңдарды қолдану
Қазақстан Республикасының осы Заң күшiне енген кезде қолданылып жүрген заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және ол күшiне енген күннен бастап үш ай iшiнде оған сәйкес келтiруге тиiс.
Қазақстан Республикасының