Осы редакция 2008 жылғы 23 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 852 қаулысымен
бекітілген
Өндірістік кооперативтің үлгі жарғысы
1. Жалпы ережелер
1.1._________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________
(өтініште көрсетіледі)
өндірістік кооперативі (бұдан әрі - кооператив) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады.
1.2. Кооперативтің құрылтайшылары (бұдан әрі - қатысушылар) мыналар болып
табылады ___________________________________________________________________________________________________
(өтініште көрсетіледі)
1.3. Кооперативтің атауы _______________________________________________________________________________
(өтініште көрсетіледі)
1.4. Кооперативтің орналасқан жері ______________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________
(өтініште көрсетіледі)
1.5. Кооперативтің қызмет ету мерзімі _____________________________________________________________________
(өтініште көрсетіледі)
1.6. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесі ________________________________________________________________
(өтініште көрсетіледі)
Кооператив жеке кәсіпкерлік үшін заңнамалық актілерде тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқылы.
Мемлекеттік лицензиялау қолданылатын қызметті кооператив лицензиясы бар болған жағдайда жүзеге асырады.
2. Кооперативтің заңдық мәртебесі
2.1. Кооператив мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын алады.
2.2. Кооперативтің мөрі, дербес теңгерімі, банктерде шоттары, өз атауы бар бланкілері болады.
2.3. Кооператив өздерінің жеке еңбегімен қатысуына және кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларын) біріктіруге негізделген бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін азаматтар мүшелігінің негізінде құрылған.
2.4. Кооперативтің өз атынан шарттар жасасуға, мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарды сатып алуға, сот органдарында талапкер және жауапкер болуға құқығы бар.
2.5. Кооператив Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде филиалдар мен өкілдіктер аша алады.
2.6. Кооператив еркін негізде Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге (одақтарға) кіруге құқылы.
3. Қызметінің мақсаты мен түрлері
3.1. Кооператив қызметінің негізгі мақсаты пайда алу болып табылады.
3.2. Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін кооператив заңнамада тыйым салынбаған қызметтің мынадай негізгі түрлерін
жүзеге асырады: _______________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________
(өтініште көрсетіледі)
4. Кооперативтің мүлкі
4.1. Кооперативтің жарғылық капиталы ______________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________ теңгені құрайды.
(өтініште көрсетіледі)
4.2. Кооперативтің мүлкін қалыптастыру көздері мыналар болып табылады:
кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары;
кооперативтің қызметінен алынған кірістер;
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге көздер.
4.3. Кооперативтің меншігіндегі мүлік оның мүшелерінің пайларына бөлінеді. Пай кооператив мүшесінің кооператив мүлкіндегі үлесі болып табылады.
Кооператив мүшелерінің мүліктегі үлестері пайыз түрінде есептеледі.
4.4. Кооператив таратылған немесе одан кооператив мүшесі шыққан жағдайда соңғысының кооператив мүлкіндегі өз үлесін өз пайына барабар мөлшерде бөліп алуға құқығы бар.
4.5. Мүліктік жарналар кооперативтің бастапқы капиталын қалыптастырады және олар оны құру және оның қызметін ұйымдастыру жөніндегі шығыстарды жабуға арналған.
4.6. Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы, зияткерлік меншік нәтижелеріне және өзге мүлікке құқық кооперативке мүліктік жарна бола алады.
4.7. Кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары _______________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________
(өтініште көрсетіледі)
4.8. Кооперативтің әрбір мүшесі пайының мөлшері
туралы мәліметтер: _______________________________________________________________________________________________
(өтініште көрсетіледі)
4.9. Кооператив мүшелерінің мүліктік жарнасының құрамы, оны енгізу тәртібі, тәсілдері мен
мерзімдері: _______________________________________________________________________________________________________
(өтініште кәрсетіледі)
4.10. Жалпы жиналыстың шешімі бойынша қосымша мүліктік жарналар енгізу көзделуі мүмкін.
4.11. Кооперативтің әрбір мүшесіне оның кіру мүліктік жарнасының түрі мен мөлшерін куәландыратын құжат беріледі.
4.12. Мүлікті кооператив мүшесі кооперативке өзінің жарнасы ретінде тек пайдалануға берген жағдайда жарнаның мөлшері кооператив мүшелерінің келісімімен белгіленген кезеңге есептелген осы мүлікті пайдаланғаны үшін жалдау ақысына сүйене отырып айқындалады.
5. Кооперативке мүшелік
5.1. Кооператив мүшелері кемінде екі адам болуға тиіс.
5.2. 16 жасқа толған, кооператив мүшесі болуға ниет білдірген және оның қызметіне өз еңбегімен қатысуға қабілеті бар кез келген жеке адам кооператив мүшесі бола алады.
Кәмелетке толмағандар кооперативке мүшелікке өткен кезде олардың ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімі талап етіледі.
5.3. Кооператив мүшесі төрағаға шығуынан кемінде екі апта бұрын бұл туралы жазбаша ескерте отырып, өз қалауынша одан шығуға құқылы.
5.4. Кооператив мүшесі жалпы жиналыстың шешімі бойынша одан:
жарғымен өзіне жүктелген міндеттерді жүйелі түрде орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда;
осыған ұқсас кооперативке мүше болуына байланысты шығарылуы мүмкін.
5.5. Кооперативке мүшелік:
кооператив мүшесі қайтыс болғанда, оны қайтыс болды деп хабарлағанда, ол хабар-ошарсыз жоғалған деп танылған;
кооператив мүшесі өз пайын белгіленген тәртіппен басқа адамға берген;
кредит беруші (кредит берушілер) кооператив мүшесінің пайын өндіріп алуды өтінген жағдайларда тоқтатылады.
5.6. Кооператив мүшесі қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлері кооперативке мүшелікке қабылдана алады. Мұрагерлер кооперативке мүшелікке өтуден бас тартқан жағдайда оларға қайтыс болған кооператив мүшесінің мүліктегі үлесі қайтыс болған мүшенің пайына барабар мөлшерде төленеді.
5.7. Кооператив мүшесі өз пайын кооперативтің басқа мүшесіне сатуға немесе өзге де жолмен беруге құқылы. Пайды үшінші тұлғаларға беруге кооперативтің қалған мүшелері келісім бергенде ғана жол беріледі.
6. Кооператив мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
6.1. Кооператив мүшесінің:
1) кооператив істерін басқаруға, сондай-ақ кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының жұмысына бір дауыс құқығымен қатысуға;
2) кооперативтің басқару органдарына сайлауға және сайлануға, кооператив қызметін жақсарту, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізуге;
3) кооперативтің қызметі туралы толық ақпарат алуға, оның ішінде кооперативтің бухгалтерлік және басқа құжаттамаларымен танысуға;
4) кооператив алған таза табысты бөлуге қатысуға;
5) кооператив қызметіне өз еңбегімен қатысуына сәйкес оның мүшелері арасында бөлінуге тиісті таза табыстан үлесін алуға;
6) кооперативтегі өз еңбегі үшін жалақы нысанында немесе кооператив белгілеген өзге де нысанда ақы алуға;
7) кооператив өзінің мүшелері үшін көздейтін жеңілдіктер мен артықшылықтарды, оның ішінде өздері өндірген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) бірінші кезекте алуға, кооператив мүлкін тұтынуға, кооперативтен әлеуметтік көмек алуға қатысты бөлігінде пайдалануға;
8) демалуға, сондай-ақ жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға;
9) әлеуметтік қамсыздандыруға;
10) белгіленген тәртіппен кооперативтен шығуға құқығы бар.
6.2. Кооператив мүшесінің заңнамада көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.
6.3. Кооперативтің мүшесі:
1) кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген талаптарды сақтауға;
2) жалпы жиналыстың, кооперативтің сайланбалы басқару органдарының өз құзыретіне сәйкес қабылдаған шешімдерін орындауға;
3) кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен, тәсілмен және мөлшерде кооператив мүлкіне мүліктік жарналар енгізуге;
4) кооператив қызметіне жеке еңбегімен қатысуды жүзеге асыруға;
5) кооператив міндеттемелері бойынша «Өндірістік кооператив туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) көзделген мөлшерде және тәртіппен қосымша (субсидиялық) жауапты болуға;
6) өндірістік және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау ережелері мен қауіпсіздік техникасын сақтауға;
7) кооператив өзінің коммерциялық құпиясы деп жариялаған мәліметтерді таратпауға міндетті.
6.4. Кооператив мүшесінің заңнамада көзделген басқа да міндеттері болуы мүмкін.
7. Кооператив мүшесінің пайынан айып өндіріп алу
7.1. Кооператив мүшесінің пайын оның жеке борыштары бойынша айып өндіріп алуға оның мұндай борыштарын өтеу үшін басқа мүлкі жетіспеген жағдайда ғана жол беріледі.
7.2. Пайынан айып өндіріп алынған кезде кооператив өзінің борышкер мүшесінің пайына сәйкес кооператив мүлкіндегі үлесін бөліп береді. Үлестің мөлшері кредит берушінің талабы келіп түскен күнгі бухгалтерлік есеп деректері бойынша анықталады.
Үлес ақшалай немесе заттай нысанда бөлінеді.
8. Кооперативтің басқару және бақылау органдары
8.1. Кооперативтің жоғары органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады.
Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мыналар жатады:
1) кооперативтің жарғысын өзгерту;
2) кооператив қызметінің негізгі бағыттарын айқындау;
3) атқарушы, тексеру органдарын және байқаушы кеңесін құру және олардың мүшелерін кері шақырту;
4) кооперативтің қорлары мен резервтерінің түрлері мен мөлшерін және оларды пайдалану бағыттарын белгілеу;
5) кооперативтің ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, кооперативтің лауазымды адамдарына, оның мүшелеріне және қызметкерлеріне еңбекақы төлеу туралы ережелерді және кооперативтің басқа да актілерін қабылдау мен өзгерту;
6) кооперативтің филиалдары мен өкілдіктерін құру, шаруашылық серіктестіктерді құру және оларға қатысушы ретінде кіру;
7) қосымша пай жарналарын енгізу туралы мәселені шешу;
8) кооперативтің мүшелігіне қабылдау және одан шығару;
9) кооперативтің жылдық есептері мен бухгалтерлік теңгерімдерін бекіту, оның пайдасы мен залалын бөлу;
10) кооперативті қайта ұйымдастыру мен тарату туралы мәселені шешу;
11) тексеру комиссиясының есебін бекіту;
12) кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) есебін тыңдау.
Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне кіретін мәселелер кооперативтің атқарушы органдарының шешуіне берілмейді.
8.2. Жалпы жиналыс кезекті және кезектен тыс болуы мүмкін.
Кезекті жалпы жиналыс кооператив басқармасы (кооператив төрағасы) белгілейтін мерзімдерде, бірақ кезекті қаржы жылы аяқталғаннан кейін үш айдан кешіктірмей өткізіледі.
Кооператив мүшелерінің кезекті жалпы жиналысы:
1) кооперативтің жылдық есебін және бухгалтерлік теңгерімін, оның пайдасы мен залалын бөлуді бекітеді;
2) тексеру комиссиясының есебін бекітеді;
3) кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) есебін тыңдайды;
4) қарау үшін ұсынылған кооператив қызметінің өзге де мәселелерін шешеді.
Жалпы жиналыс оған кооператив мүшелерінің немесе олардың сенімді адамдарының жартысынан астамы қатысқанда заңды болып саналады.
8.3. Жалпы жиналыс шешім қабылдаған кезде кооперативтің әрбір мүшесінің өз пайының мөлшеріне қарамастан бір дауысы болады.
Кооперативті шаруашылық серіктестік етіп қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру бірауыздан қабылданған шешімнің негізінде жүргізіледі.
Шығару туралы мәселесі қаралып отырған кооператив мүшесі дауыс беруге қатыспайды.
9. Кооперативтің атқарушы органы
9.1. Басқарма және (немесе) оның төрағасы кооперативтің атқарушы органы болып табылады.
9.2. Кооператив басқармасын басқарма мүшелерінің арасынан жалпы жиналыс сайлайтын басқарма төрағасы басқарады.
9.3. Кооператив басқармасының мүшелері (кооператив төрағасы) кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында кооператив мүшелерінің арасынан ________________ мерзімге (өтініште көрсетіледі) сайланады.
Кооператив басқармасы (төрағасы) кооперативтің қызметіне ағымдағы басшылықты жүзеге асырады және мұндай қызметке байланысты, кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылмаған барлық мәселелерді шешеді.
Кооператив басқармасы (төрағасы) жалпы жиналыстың алдында есеп береді.
Басқарма (төраға):
кооперативтің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
заңнамада көзделген шекте кооперативтің мүлкіне билік етеді;
кооперативтің атынан, оның ішінде қайта сенім білдіру құқығымен сенімхаттар береді;
банктерде және басқа да кредиттік ұйымдарда кооперативтің шоттарын ашады;
жалдамалы қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;
өз құзыретінің шегінде кооперативтің мүшелері мен жалдамалы қызметкерлері орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.
9.4. Төрағаның орынбасары жалпы жиналыста тағайындалады және ол төраға болмаған кезде және төраға өз міндеттерін дәлелді себептермен орындауға мүмкіндігі болмаған кезде оның функцияларын атқарады, сондай-ақ жалпы жиналыс пен төрағаның тапсырмаларын орындайды.
10. Тексеру комиссиясы
10.1. Кооператив тексеру комиссиясын құруға құқылы, ол кооперативтің атқарушы органдарының қаржылық қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Кооператив мүшелері ғана тексеру комиссиясына мүше бола алады. Тексеру комиссиясының мүшелері кооперативтің атқарушы органының мүшелері бола алмайды.
10.2. Тексеру комиссиясының мүшелері кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында құрамы _____ адам болып, _____ жыл мерзімге сайланады.
________________________________________________________________________________________________________________
(өтініште көрсетіледі)
Тексеру комиссиясының құзыретіне басқарманың қаржылық қызметін тексеру, бухгалтерлік құжаттарды және қаржылық есептілікті тексеру кіреді.
10.3. Тексеру комиссиясы:
а) жалпы жиналыстың тапсырмасы бойынша;
б) өз бастамашылығымен;
в) кооператив мүшелерінің кемінде 10 пайызының талап етуі бойынша тексеру жүргізеді.
10.4. Кооператив өндірістік кооперативтің жылдық қаржылық есептілігінің, сондай-ақ оның ісінің ағымдағы жай-күйінің дұрыстығын тексеру және растау үшін, кооперативпен, оның атқарушы, бақылаушы және өзге органдарының мүшелерімен немесе кооператив мүшелерімен мүліктік мүдделер арқылы байланысы жоқ аудиторлық ұйымды өзінің жарғысында белгіленген жағдайларда және тәртіппен тартуға құқылы.
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өндірістік кооперативтер үшін жылдық қаржылық есептілікке аудитті міндетті түрде жүргізу заңнамалық актілерде белгіленуі мүмкін.
Өндірістік кооперативтің қаржылық қызметіне аудит байқаушы кеңестің, тексеру комиссиясының (тексерушінің), сондай-ақ кооператив мүшелерінің кемінде он пайызының талап етуі бойынша жүргізілуі мүмкін. Соңғы жағдайда осындай тексеру жүргізуді талап еткен кооператив мүшелері аудиторлық ұйымның қызметіне ақы төлейді.
Егер өндірістік кооперативтің атқарушы органы кооперативтің қаржылық есептілігіне аудит жүргізуден жалтарса, ал аудит міндетті болса не оны жүргізуді өндірістік кооперативтің мүшесі талап етсе, аудит мүдделі адамның не өндірістік кооператив мүшесінің өтініші бойынша қабылданған сот шешімімен тағайындалуы мүмкін.
11. Кооператив мүшелерінің оның қызметіне еңбекпен қатысуы
11.1. Кооперативтің әрбір мүшесі кооператив қызметіне жеке еңбегімен қатысуға тиіс.
11.2. Кооператив мүшесінің жеке еңбекпен қатысуының сипаты мен тәртібін жалпы жиналыс белгілейді және жалпы жиналыстың хаттамасымен ресімделеді.
11.3. Кооператив мүшесі кооперативтің қызметіне жеке еңбегімен қатысу жөніндегі міндеттерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады, сондай-ақ жалпы жиналыстың шешімі бойынша кооперативтен шығарылуы мүмкін.
12. Кооператив пен оның мүшелері, атқарушы орган мен еңбек ұжымы арасындағы
өзара қарым-қатынастар
12.1.__________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________
(өтініште көрсетіледі)
13. Кооперативтің таза табысы мен залалын бөлу тәртібі
13.1. Кооперативтің табыстары бір жылғы қорытынды бойынша айқындалады. Салық және басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған табыс кооперативтің толық билігінде қалады және өндірісті дамытуға, шикізат пен материалдарды сатып алуға, жалдамалы қызметкерлерге еңбекақы төлеуге жұмсалады.
13.2. Табыстың бір бөлігі жалпы жиналыстың шешімі бойынша кооператив мүшелерінің арасында олардың еңбекпен қатысуына сәйкес бөлінеді.
13.3. Кооперативтің залалы оның мүлкінің есебінен өтеледі.
13.4. Кооператив мүлкі жетпеген жағдайда кооператив мүшелері оның міндеттемелері бойынша қосымша (субсидиялық) жауапты болады.
Мүшенің қосымша (субсидиялық) жауапкершілігінің шекті мөлшері кооператив мүшесі пайының құнының мөлшері болып табылады. Кооператив мүшелерінің арасында жауапкершілікті бөлу олардың пайларының мөлшеріне барабар жүргізіледі.
14. Кооперативті қайта ұйымдастыру және тарату
14.1. Кооператив оның мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша қайта ұйымдастырылуы және таратылуы мүмкін.
14.2. Кооперативті қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Кооператив директоры Т.А.Ә.