Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының номиналды шартты құны бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында мәмілелерді жасау күніне белгіленген қаржы құралдарының құны ретінде көрсетіледі. Бивалюталық қаржы құралдарының номиналды шартты құны ретінде банктің талаптары құрылатын валюта алынады.
Сатылған опциондар бір заемшының тәуекел мөлшеріне енгізілмейді;
4) заемшыға банк балансынан шығарылған банктің қоятын талаптары;
5) мынадай түрдегі заемшының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасын шегергенде:
осы міндеттеменің қамтамасыз етуі ретінде банк өкімімен ұсынылған салымдар;
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
тазартылған қымбат металдар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері;
Standard & Poor's агенттігінің «А»-дан кем емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар басқа банктердің кепілдіктері.
Бір заемшының тәуекел есебіне мыналар енгізілмейді:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Ұлттық Банкке қойылатын талаптар, Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ»-дан кем емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің рейтингі бар банктерге ашық корреспонденттік шоттар бойынша қоятын талаптары.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 қаулысымен 35-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
35. Банктiң меншiктi капиталының мiндеттемелерi бойынша бір заемшы үшiн банк тәуекелiнiң мөлшерiне қатысы мынадан аспауы тиiс:
банкпен айрықша қатынастар бойынша (k3.1) байланыстары бар тұлғалар болып табылатын заемшылар үшiн - 0,10. Банкпен айрықша қатынастар бойынша байланыстары бар заемшылар үшiн тәуекелдердiң жиынтық сомасы банктiң меншiктi капиталының мөлшерiнен аспауы тиiс;
басқа заемшылар үшiн (k3) - 0,25 (оның iшiнде заемшы алдындағы қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттеменiң бланктiк заемдары бойынша 0,10 астам не заемшыға банктiң ағымдағы және содан кейiнгi екi ай iшiнде талап етуi мүмкiн үшiншi тұлғаның пайдасына, сондай-ақ Sta№dard & Poor's агенттiгiнiң немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осы деңгейдегi рейтингiнiң Қазақстан Республикасының тәуелсiз рейтингiнiң бір тармағынан төмен болмайтын және Sta№dard & Poor's агенттiгiнiң "А" рейтингiнен төмен емес немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiнен төмен емес рейтингi бар резидент еместерiнiң мiндеттемелерi бойынша).
Банктің меншікті капиталынан әрбірінің мөлшері 10 пайыздан асатын бір заемшыға банк тәуекелдерінің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталынан бес есе астамнан аспауы тиіс.
36. Банктiң заемшыға қоятын талаптарының олар пайда болған күнгi жалпы көлемi осы Нұсқаулықпен белгiленген шектеулер шегiнде болса, бірақ соңынан соңғы үш ай iшiнде банктiң меншiктi капиталының деңгейi бес проценттен артық төмендеуiне байланысты аталған шектеулерден асып кеткен жағдайда не соңғы үш ай iшiнде заемшыға қойылатын талаптар он процент деп көрсетiлген теңгенiң шетел валютасымен орташа алынған биржалық бағамының ұлғаюынан банктiң заемшыға қоятын талаптарының өсуiне байланысты бір заемшыға деген тәуекел нормативiнiң барынша жоғары мөлшерi орындалды деп есептеледi.
Аталған жағдайларда банк шектеулерден асып кету фактiсi туралы уәкiлеттi органды дереу хабардар етедi және ағымдағы және одан кейiнгі айларда шектен асып кетудi жою жөнiнде мiндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кету аталған мерзiмде жойылмаған болса, онда бір заемшының барынша жоғары тәуекел мөлшерiнiң нормативi шегiнен асып кету осы аталған шектен асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтiң бұзылуы деп қарастырылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 37-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
37. Егер банк заемшысы жағдай пайда болған сәтте банкпен айырықша қатынасы бар тұлға болмай, соңынан ондай болып табылған жағдайда, осы Нұсқаулықтың 35-тармағының екiншi абзацында белгіленгендей, осы заемшының аталған шектен асып кеткен тәуекел мөлшерi мына талаптарға сәйкес келсе, тәртiп бұзу ретiнде қарастырылмайды:
банк осы Нұсқаулықтың 34-тармағының 4) тармақшасына сәйкес қосымша қамтамасыз етудi ұсыну жөніндегі заемшының қабiлеттiлiгiн растай отырып, осы шектен асып кету туралы немесе норматив мөлшерiн сақтау үшiн қажеттi мөлшерге дейiнгi банк талап етулерінiң бөлiгiн орындайтындығы және уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде осы тәртiп бұзуды жою жөнiнде мiндеттемелер қабылдағандығы туралы уәкiлеттi органды дереу хабарландырған жағдайда;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеуге және оларға қарсы провизияларды құруға қойылатын талаптарға сәйкес заемшының қаржылық жағдайы қанағаттанарлықтан төмен емес деп бағаланады.
38. Осы Нұсқаулықтың 37-тармағының шарттары сондай-ақ мына жағдайларда, егер заемшылар мiндеттемелер пайда болған сәтте бір заемшы ретiнде қаралмай, соңынан солай болған жағдайларда қолданылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 қаулысымен 4-тарау жаңа редакцияда (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
4-тарау. Өтiмдiлiк коэффициентi
39. Өтімділік мынадай коэффициенттермен сипатталады:
к4-1, к4-2 және к4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттерімен;
к4-4, к4-5 және к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерімен.
Мерзімді өтімділік пен мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің барынша төмен мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:
К4-1 - 1;
К4-2 - 0,9;
К4-3 - 0,8;
К4-4 - 1;
К4-5 - 0,9;
К4-6 - 0,8.
40. к4-1 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi жеті күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-2 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң, қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-3 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң, қатынасы ретiнде есептеледi.
41. k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті жеті күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне шетел валютасындағы жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-5 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен шетел валютасындағы өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен шетел валютасындағы өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
42. Мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері Standard & Рооr's агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жиынтықта шетел валюталары және «Еуро» бойынша есептеледі, оларда алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшері банктің алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінен 1пайыздан кем еместі құрайды.
Standard & Рооr's агенттігінің «А»-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері әрбір шетел валютасы бойынша есептеледі, онда алдыңғы есептік айдағы міндеттемелердің орташа айлық мөлшері банктің алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінен 1пайыздан кем еместі құрайды.
43. Жоғары өтiмдi активтер есебiне мыналар енгiзiледi:
1) қолма-қол ақша;
2) тазартылған қымбат металдар;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар;
4) Ұлттық Банктегi, Қазақстан Республикасының банктеріндегі және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердегi талап ету бойынша салымдар;
5) Қазақстан Республикасының банктерiне және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктерге берiлген «овернайт» заемдары;
6) Қазақстан Республикасының банктерінде және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктерде бір түнге орналастырылған салымдар;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008 ж. 28 сәуірдегі№ 58 қаулысымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
7) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екiншi деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етiлетiн рейтингін белгілеу туралы 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4717 тіркелген) қаулысымен (бұдан әрі - № 128 қаулы) белгіленген деңгейден төмен емес шетел валютасында тәуелсiз ұзақ мерзiмдi рейтингi бар елдердiң мемлекеттік бағалы қағаздары;
8) № 128 қаулымен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірімен талап етілетін барынша төмен рейтингі бар шетел эмитенттерінің облигациялары.
Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар, банк оларды кері сатып алу шарттарымен сатқан немесе кепiлге берген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгеше ауыртпашылық түскен бағалы қағаздарды қоспағанда, жоғары өтімді активтердің есебіне қосылады.
44. Өтімді активтер есебіне Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) сәйкес арнайы қалыптасқан провизияларды, оффшорлық аймақтар аумағында тiркелген, заңды тұлға немесе оның азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерiне немесе аталған оффшорлық аумақтарда тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарды алып тастап, жоғары өтімді активтерді қоса, барлық қаржылық активтер енгізіледі. Заемдар заем шартына сәйкес өтеу кестесі бойынша енгізіледі.
Жоғары өтімді активтерді есептеуге енгізілмейтін осы Нұсқаулықтың 43-тармағының 3), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар міндеттемелердің мөлшерін есептеуге енгізілетін міндеттемелердің қамтамасыз етуі болып осы бағалы қағаздар табылады деген шартпен өтімді активтер есебіне кіреді.
Осы бағалы қағаздарды өтімді активтердің есебіне енгізгенде, өтегенге дейін бағалы қағаздар бойынша қалған мерзім ретінде қамтамасыз етуі болып осы бағалы қағаздар табылатын міндеттемелердің өтеуге дейінгі мерзімі алынады.
44-1. Мерзімді міндеттемелердің есебіне есепті жүзеге асырудың мерзімі белгіленген барлық міндеттемелер енгізіледі.
Талап ету бойынша міндеттемелер, сондай-ақ банктерден алынған «овернайт» заемдар және бір түнге банктерден тартылған салымдар мерзімді міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.
44-2. Өтімділік коэффициенттерін есептегенде жоғары өтімді активтерді қоса, өтімді активтер мен мерзімді міндеттемелер мөлшеріне есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықтар, әділ құнды оң/теріс түзетудің шоттары енгізіледі.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 қаулысымен 45-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
45. Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің барынша жоғары лимиті 1 мөлшерінде белгіленеді және Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасының банктің меншікті капиталына ара қатынасы ретінде есептеледі.
Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасына:
Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы талап ету бойынша міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуларды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;
бастапқы өтеу мерзімі бір жылға дейін қоса алғанда Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімді міндеттемелер;
жеке және заңды тұлғалардың мерзімді және шартты депозиттерін қоспағанда, кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап етудің шартсыз құқығымен Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімді міндеттемелер, оның ішінде банктердің мерзімді және шартты депозиттері енгізіледі.
Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасынан мыналар алып тасталынады:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) қаулысына (бұдан әрі - № 388 қаулы) сәйкес «5 код - басқа қаржылық ұйымдар», «6 код - мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар», «7 код - мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар» және «8 код - үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар» экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;
Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық ұйымдар ретінде танылған Қазақстан Республикасының резидент еместері, сондай-ақ Еуразиялық даму банкті ұйымдастыру жөніндегі 2006 жылғы 12 қаңтардағы келісімге сәйкес құрылған Еуразиялық даму банкі (бұдан әрі - Еуразиялық даму банкі) алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер.
45-1. Банкте есептi кезең iшiнде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзiмi өткен мiндеттемелер болған не Қазақстан Республикасының төлем және ақшаны аударым жасау туралы заңнамасының нормаларын бұзу фактілері болған жағдайда, орташа айлық негiзде анықталатын өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң есептiк мәндерiне қатыссыз өтiмдiлiк нормативтерi орындалмаған деп есептеледi.
46. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5-тарау. Ашық валюталық позиция лимиттерi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
47. Ашық валюталық позиция - жеке шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы банктiң талап етулерінiң (мiндеттемелерiнiң) сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы мiндеттемелерiнiң (талап етулерінiң) шегiнен асып кетуi.
Ұзын валюталық позиция - бұл талап етулер (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы мiндеттемелерiнiң (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) шегiнен асып кететiн жеке шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.
Қысқа валюталық позиция - бұл мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы талап етулері (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы) шегiнен асып кететiн жеке шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.
Валюталық позициялар есебiне мөлшерi валюталардың айырбас бағамының өзгеруiмен белгiленетiн, теңгемен көрсетiлген талап етулер (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы), мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) енгiзiледi (тазартылған қымбат металдардың құнын).
Мөлшерi бір шетелдiк валютадан артық айырбас бағамының өзгеруiмен анықталатын, теңгемен көрсетiлген талап етулер (активтер мен шартты талап етулердің жиынтық сомасы), мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгiленген ашық валюталық позицияның мейлiнше төмен лимитiн иеленетiн шетел валютасындағы валюталық позициялар есебiне енгiзiледi.
Әрбір шетелдiк валюта бойынша және әрбір тазартылған қымбат металл бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледi.
Жеке шет мемлекеттердiң (шет мемлекеттер тобының) (тазартылған қымбат металдарға) валюталарының есебi кезiнде бірiншi кезекте олар бойынша қалыптасқан арнайы провизияларды шегергендегi активтер шоттарындағы әрбір шетелдiк валюта (тазартылған қымбат металдар) бойынша ашылған шоттардың сальдосы және банктiң мiндеттемесi бойынша шоттары есептеледi. Соңынан ол бойынша қалыптасқан арнайы провизияларды шегере отырып, шартты талап етулер шоттарында және шартты мiндеттемелер шоттарында ашылған осы шетелдiк валюта бойынша шоттар сальдосы анықталады. Мiндеттемелерден (талап етулерден) шетел валютасындағы (тазартылған қымбат металдардағы) талап етулер (мiндеттемелер) шегi асып кеткендiгiн көрсеткен сальдо өзара жиынтықталады, ал алынған қорытынды банктiң шетел валютасындағы (тазартылған қымбат металдардағы) ашық позициясының мөлшерiн және түрiн анықтайды.
Банктiң валюталық нетто-позициясы банктiң барлық шетелдiк валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ұзын позициясының жиынтық сомасы мен барлық шетелдiк валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша қысқа позициясының жиынтық сомасы арасындағы айырма ретiнде есептеледi.
Шетел валютасымен көрсетiлген талап етулер және мiндеттемелер осы талап етулер және мiндеттемелер көрсетiлген (белгiленген) шетел валюталары бөлiгіндегі валюта позициясы есебiне енгiзiледi.
Мәмiленi жасаған күн болып табылмайтын болашақ валюталау күнi бар валюталық операцияларды жүргiзу кезiнде осы сияқты валюталық операциялар осындай мәмiленi жасаған күннен бастап валюталық позиция есебiне енгiзiледi.
48. Осы Нұсқаулық ашық валюталық позицияның мынадай лимиттерiн белгiлейдi:
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 (бұр.ред.қара); 2007.23.02. № 47 (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1) тармақша өзгертілді
1) StaNdard & Poor's агенттiгiнiң "А" рейтингiнен төмен емес тәуелсiз рейтингi бар немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiнен төмен емес рейтингi бар елдердiң шетелдiк валютасы бойынша және банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 12,5 процентiнен аспайтын мөлшердегi "Еуро", сондай-ақ тазартылған қымбат металл валютасы бойынша ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;
2) StaNdard & Poor's агенттiгiнiң "А" рейтингiнен төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң шетелдiк валютасы бойынша және банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 5 процентiнен аспайтын мөлшердегi ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 25 процентiнен аспайтын мөлшердегi валюталық нетто-позиция лимитi.
49. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 50-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
50. Ашық валюталық позицияның лимиттерi кез-келген шетел валютасы (тазартылған қымбат металдар) бойынша шектен асып кеткен кезде содан кейiнгi үш апта iшiнде тәртiп бұзған банктiң бұзылған валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ашық валюталық позицияларының лимиттерi осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгiленген ашық валюталық позиция лимиттерiнiң 5 проценттiк тармаққа кемуiмен айқындалады.
Жекелеген шетел валютасы (тазартылған қымбат металдар) бойынша банк белгiлеген лимиттердiң 0,09 проценттiк шектен асып кетуi ашық валюталық позицияның лимитiнiң бұзылуы болып есептелмейдi.
51. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6-тарау. Банктiң негiзгi құрал-жабдықтардағы
инвестициясының барынша жоғары мөлшерiнiң коэффициентi
және басқа қаржылық емес активтер
52. Банктiң негiзгi құрал-жабдықтардағы инвестициясының мөлшерiнiң және басқа қаржылық емес активтердiң меншiктi капиталға (k6) қатысы 0,5-тен аспауы тиiс.
53. Негiзгi құрал-жабдықтар және басқа қаржылық емес активтерге мыналар жатады:
1) жер, үй және ғимарат;
2) салынып жатқан (орнатылып жатқан) негiзгi құрал-жабдықтар;
3) банк жалға алған үйлер бойынша күрделi шығындар;
4) компьютерлiк жабдықтар;
5) көлiк құрал-жабдықтары;
6) жалға беруге арналған негiзгi құрал-жабдықтар;
7) қаржы лизингiне қабылданған негiзгi құрал-жабдықтар;
8) басқа да негiзгi құрал-жабдықтар;
9) банктiң негiзгi қызмет мақсаты үшiн және сатып алынған және 38 халықаралық қаржылық есеп беру стандартына сәйкес келетiн лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету;
10) басқа да материалдық қорлар;
11) күрделi салымдар бойынша дебиторлық берешек.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 6-1-тараумен толықтырылды (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді)
6-1-тарау.Қазақстан Республикасының резидент еместері
алдындағы міндеттемелеріне банктердің капиталдандыруы
53-1. Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелерді банктердің капиталдандыруы k8 және k9 коэффициенттерімен сипатталады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 қаулысымен 53-2 тармақ өзгертілді (бұр .ред. қара ) ; ҚР ҚҚА Басқармасының 2007 ж. 27 тамыздағы № 224 Қаулысымен 53-2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қазанда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 қаулысымен 53-2-тармақ өзгертілді (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
53-2. k8 коэффициенті банктің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің меншікті капиталға қатысы ретінде есептеледі және осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.
k8 коэффициентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы банктің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:
банк айналымға шығарған Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі борыштық бағалы қағаздар;
банк кепілдік беретін және банктің бухгалтерлік балансында есептелетін сомалар бөлігінде банк арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдары арқылы шығарған бағалы қағаздар;
№ 388 қаулыға сәйкес «5 код - басқа қаржылық ұйымдар», «6 код - мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар», «7 код - мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар» және «8 код - үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар» экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;