«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері »
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысы
(2007.02.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 18 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
Қазақстан Республикасында салынған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссияларының өкілеттіктерін, міндеттерін, сондай-ақ міндетті құрамын белгілеу ережесі;
мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісінің бірыңғай нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2001 жылғы 15 қазандағы
№ 1328 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасында салынған объектiлердi пайдалануға
қабылдау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссияларының
өкiлеттiктерiн, мiндеттерiн, сондай-ақ мiндеттi құрамын белгілеу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында салынған объектiлердi пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссияларының өкiлеттіктерiн, мiндеттерiн, сондай-ақ мiндеттi құрамын белгiлеу ережесi қабылдау немесе жұмыс комиссияларын тағайындау тәртібі мен олардың мiндеттi құрамын, салынған объектiлердi (кешендердi) пайдалануға қабылдау кезiнде комиссиялар мен олардың мүшелерiнiң өкiлеттiктерiн және мiндеттерiн анықтайды.
2. Қабылдау және жұмыс комиссиялары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамаға сәйкес тапсырысшының (инвестордың, құрылыс салушының) шешiмiмен құрылады.
ҚР Үкіметінің 2007.02.05. № 357 қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Осы ережеде мынадай ұғым пайдаланылады:
«Толық дайындық» - ішкі әрлеу (қаптау, бояу, тұсқағаз жапсыру) жұмыстары аяқталып, таза едендер төселіп, санитарлық-техникалық жабдықтар мен приборлар, тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық приборлар, асүй газ немесе электр плиталары және пәтерішілік есік блоктары орнатылып салынған ғимараттар.
2. Қабылдау комиссиясы
3. Қабылдау комиссиясының өкiлеттiктерi оны қабылдау үшiн комиссия тағайындалған объектiге (кешенге) ғана қолданылады.
Қабылдау комиссиясының өкiлеттiктерi тапсырысшы (инвестор, құрылыс салушы) оны тағайындаған кезден басталады және объектiнiң пайдалануға дайын екендiгi туралы қорытындымен қабылдау актiсi бекітілгеннен кейiн аяқталады.
4. Қабылдау комиссиясының мiндетiне мыналар кiредi:
1) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабында көзделген объектiлердi олар бекітілген жобаға сәйкес пайдалануға толық дайын болған ретте пайдалануға қабылдау туралы актiнi ресiмдей әрi актiнi бекіту үшiн тапсырысшыға (инвесторға, құрылыс салушыға) бере отырып қабылдау;
2) объектiнiң (кешеннiң) пайдалануға беруге дайындығына кешендi тексеру жүргiзу;
3) жұмыстарды орындаушының нормативтiк талаптарды, бекітілген жобаны сақтауы жөніндегі әрекетiн не болған ауытқушылықтарды тексеру және оларды мемлекеттік нормативтермен белгiленген тәртiппен келiсу;
4) iске қосылатын объектi (кешен) қуатының (сыйымдылығының, өткізу қабiлетiнiң) бекітілген жобадағы көрсеткiштерiмен сәйкестiгiн тексеру;
5) технологиялық жабдықтар мен инженерлiк жүйелерге бақылау байқауын және сынағын жүргiзу;
6) жобалау-іздестiру және (немесе) құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалмауына немесе сапасыз орындалуына жол берген адамдарды заңнамада белгiленген тәртiппен жауапқа тарту жөнiнде ұсыныспен бiрге тапсырысшыға (инвесторға, құрылыс салушыға) және бас мердiгерге пайдалануға берiлетiн объектiнiң (кешеннiң) толық дайын еместiгi туралы қорытынды беру;
7) тапсырысшыдан немесе бас мердiгерден алынған құжаттамаларды өкiлеттiктерi аяқталғаннан кейiн қайтарып беру.
5. Қабылдау комиссиясы бас мердiгерден салынған объектiлердi пайдалануға қабылдауды жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды берудi талап етуге құқылы.
6. Объектiлердi (кешендердi) пайдалануға қабылдау кезiнде қабылдау комиссиясының құрамына мыналар кiредi:
1) қабылдау комиссиясының төрағасы болатын тапсырысшының (инвестордың, құрылыс салушының) жауапты өкiлi;
2) жобаның авторы (авторлары) немесе жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлеушiнiң (бас жобалау ұйымының) жауапты өкiлi, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының өкiлi;
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен 3 тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарының (қызметтерiнiң), өртке қарсы және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметтерiнiң өкiлдерi, пайдалануға берiлетiн объектiнiң (кешеннiң) бейiнiне (мақсатына) қарай басқа да мүдделi мемлекеттік қадағалау органдарының өкiлдерi;
4) мердiгерлердiң, жобалау ұйымдарының өкiлдерi.
7. Қажет болған ретте қабылдау комиссиясының құрамына пайдаланушы ұйымдардың (кәсiпорындардың, мекемелердiң) өкiлдерi де кiредi.
8. Жобаны әзiрлеушiнiң тұрған жерi (орналасқан жерi) объектi салынып жатқан елдi мекеннен тыс жерде болған жағдайда, осы жобалау ұйымының тапсырысшы (инвестор, құрылыс салушы) атына жазбаша өтiнiшi бойынша оның өкiлiнiң орнына қабылдау комиссиясына жергiлiктi жобалау ұйымының өкiлi енгiзiлуi мүмкiн.
3. Жұмыс комиссиясы
9. Жұмыс комиссиясының өкiлеттiктерi "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабында көзделген объектiлерге (кешендерге) олардың пайдалануға техникалық дайындығын кешендi тексерудi жүзеге асыру үшiн қолданылады.
Қажет болған ретте тапсырысшы (инвестор, құрылыс салушы) көрсетiлген Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабында көзделген объектiлер бойынша да оларды қабылдау комиссиясына ұсынғанға дейiн жұмыс комиссиясын тағайындауға құқылы.
Жұмыс комиссиясының өкiлеттiктерi тапсырысшы (инвестор, құрылыс салушы) оны тағайындаған кезден басталады және пайдалануға берiлетiн объектiнi кешендi тексеру бойынша объектiнiң (кешеннiң) пайдалануға беру дайындығы (толық дайын еместiгi) туралы көрсете отырып, заңнамада белгiленген тәртiппен ресiмделген қорытындыны бергеннен кейiн тоқтатылады.
ҚР Үкіметінің 2007.02.05. № 357 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Жұмыс комиссиясына мынадай өкiлеттiктер берiледi:
1) мемлекеттік қабылдау комиссиясының немесе қабылдау комиссиясының объектiнi (кешендi) қабылдауына оның дайын екендiгiне кешендi тексеру жүргiзу.
Егер, бекітілген жобада бұл көзделген жағдайда, толық дайындыққа кейiн сатып алушылардың мүмкiндiктерi мен талаптары ескерiле отырып орындалатын ішкi қаптау, бояу, тұсқағаз жапсыру жұмыстары орындалмаған, таза едендер, санитарлық-техникалық жабдықтар мен құралдар, тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық құралдар, асүй газ және электр плиталары, пәтерiшiлiк есiк блоктары қондырылмаған қоғамдық ғимараттар жатқызылуы мүмкiн. Бұл орайда объект бойынша сыртқы әрлеу жұмыстары, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы үй-жайларда (ғимараттың бөлiктерiнде) iшкi әрлеу мен монтаждау жұмыстары толық көлемде орындалуға тиiс.
2) технологиялық жабдықтар мен инженерлiк жүйелерге бақылау сынақтарын жүргiзу;
3) кешендi тексеру нәтижелерi бойынша оның нәтижелерiн мемлекеттік қабылдау комиссиясына немесе қабылдау комиссиясына ұсыну үшiн объектiнiң (кешеннiң) дайын екендiгi туралы немесе толық дайын еместiгi туралы қорытындыны ресiмдеу;
4) салынған объектiлердi пайдалануға қабылдау үшiн бас мердiгерден қажеттi құжаттарды берудi талап ету.
11. Жұмыс комиссиясының мiндетiне мыналар кiредi:
1) орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының және құрастырылған технологиялық, инженерлiк немесе өзге де жабдықтардың белгiленген тәртiппен бекітілген жобалау (жобалау-смета) құжаттамаларына, нормативтiк талаптарға (шарттарға, шектеулерге) сәйкестiгiн тексеру;
2) пайдалана бастауға объектiнiң (кешеннiң) техникалық дайындығын не дайын еместiгiн анықтау;
3) бас мердiгерден алынған құжаттамаларды өкiлеттiктерi аяқталғаннан кейiн қайтарып беру.
12. Жұмыс комиссиясының құрамына мыналар кiредi:
1) комиссияның төрағасы болатын тапсырысшының (инвестордың, құрылыс салушының) жауапты өкiлi;
2) жобаның авторы (авторлары) немесе жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлеушiнiң (бас жобалау ұйымының) жауапты өкiлi;
3) пайдаланушы ұйымдардың (кәсiпорындардың, мекемелердiң), бас мердiгердiң, қосалқы мердiгер ұйымдардың, қосалқы жобалаушылардың (жобаның арнаулы бөлiмдерiн әзiрлеушiлердiң) өкiлдерi.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен 13 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
13. Қажет болған ретте жұмыс комиссиясының құрамына мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, өртке қарсы қызмет органдары қызметтерiнiң, бақылау-қадағалау жұмысын жүзеге асыратын басқа да мүдделi қызметтердiң өкiлдерi кiредi.
14. Жобаны әзiрлеушiнiң тұрған жерi (орналасқан жерi) объектi салынып жатқан елдi мекеннен тыс жерде болған жағдайда, осы жобалау ұйымының тапсырысшы (инвестор, құрылыс салушы) атына жазбаша өтiнiшi бойынша оның өкiлiнiң орнына жұмыс комиссиясына жергiлiктi жобалау ұйымының өкiлi енгiзiлуi мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 647 (бұр. ред. қара) қаулыларымен бірыңғай нысаны өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2001 жылғы 15 қазандағы
№ 1328 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
БЕКIТIЛГЕН
_______________________________
[шешiмнiң (бұйрықтың, қаулының
және т.б) күнi мен нөмiрi,
шешiмге (бұйрыққа, қаулыға және
т.б) қол қойған адамның тегi,
аты, әкесiнiң аты және лауазымы]
МЕМЛЕКЕТТIК ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ САЛЫНҒАН
ОБЪЕКТIНI ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ
АКТIСI
200 жылғы "__"_______№____ ___________________________
(объектiнiң орналасқан жерi)
_____________________________________________________________________
(комиссияны тағайындаған органның атауы)
200 жылғы "____"_________ № ____ шешiмiмен (бұйрығымен, қаулысымен
және т.б.) тағайындалған мемлекеттік қабылдау комиссиясы мына құрамда:
төраға _________________________________ _____________________
(аты, әкесiнiң аты, тегi) (лауазымы)
төраға орынбасары - мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының
өкiлi __________________________________ _____________________
(аты, әкесiнiң аты, тегi) (лауазымы)
комиссия мүшелерi - өкiлдер:
тапсырыс берушi
__________________________________ _____________________
(аты, әкесiнiң аты, тегi) (лауазымы)
пайдаланушы ұйым
__________________________________ _____________________
(аты, әкесiнiң аты, тегi) (лауазымы)
бас жобалаушы
__________________________________ _____________________
(аты, әкесiнiң аты, тегi) (лауазымы)
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары
__________________________________ _____________________
(аты, әкесiнiң аты, тегi) (лауазымы)
өртке қарсы қадағалау органдары
__________________________________ _____________________
(аты, әкесiнiң аты, тегi) (лауазымы)
мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау органдары
__________________________________ _____________________
(аты, әкесінің аты, тегі), (лауазымы)
жергiлiктi атқарушы органның өкiлi
__________________________________ _____________________
(аты, әкесiнiң аты, тегi) (лауазымы)
__________________________________ _____________________
(аты, әкесiнiң аты, тегi) (лауазымы)
басқа да мүдделi ұйымдардың, мекемелердiң және қадағалау органдарының өкiлдерi
___________________________________________________________________
(аты, әкесiнiң аты, тегi, лауазымы)
___________________________________________________________________
(аты, әкесiнiң аты, тегi, лауазымы)
___________________________________________________________________
(аты, әкесiнiң аты, тегi, лауазымы)
___________________________________________________________________
(аты, әкесiнiң аты, тегi, лауазымы)
АНЫҚТАДЫ:
1. Тапсырысшы (мердiгер тапсырысшымен бiрге)
___________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
_________________________________________________мекен-жайы бойынша
___________________________________________________________________
[облыс, аудан, елдi мекен, ықшамаудан, махалла, көше, үйдiң (корпустың)
___________________________________________________________________
нөмiрi]
___________________________________________________________________
[объектiнiң атауы және құрылыстың түрi (жаңадан салу, кеңейту, қайта
___________________________________________________________________
жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру)]
пайдалануға қабылдауды ұсынды.
2. Құрылыс ___________________________________________________
(шешiм шығарған органның атауы)
200__жылғы "____"________ № ____ шешiмiнiң (бұйрығының, қаулысының
және т.б.) негiзiнде және _________________________________________
(шешiм шығарған органның атауы)
құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге арналған 200__ жылғы "___"_____
№ ___рұқсатына сәйкес салынған.
3. Құрылысты _________________________________________________
(жұмыстың түрлері)
орындаған бас мердiгер ____________________________________________
(ұйымның атауы)
және ______________________________________________________________
(жұмыстың түрлерi)
орындаған қосалқы мердiгер ұйымдар ________________________________
___________________________________________________________________
[ұйымдардың атауы және олардың ведомстволық бағыныстылығы, әрбiр ұйым
(үштен артық ұйым болғанда олардың тiзбесi актiнiң ... қосымшасында
көрсетiледi) орындаған жұмыстың түрлерi]
салған. 4. Құрылысқа арналған жобалау-смета құжаттамасын орындаған
бас мердiгер ______________________________________________________
(ұйымның атауы және оның ведомстволық бағыныстылығы)
және ______________________________________________________________
(құжаттамалардың бөлiмдерiнiң немесе тарауларының атауы)
орындаған қосалқы мердiгер ұйымдар ________________________________
___________________________________________________________________
[ұйымдардың атауы және олардың ведомстволық бағыныстылығы, орындалған
құжаттамалардың бөлiмдерi мен тараулары (үштен артық ұйым болғанда
олардың тiзбесi актiнiң ... қосымшасында көрсетiледi)]
әзiрлеген. 5. Жобалауға арналған бастапқы деректердi берген
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
[ғылыми-зерттеу және iздестiру ұйымдарының атауы, бастапқы
деректердiң тақырыбы (үштен артық ұйым болғанда олардың тiзбесi
актiнiң ... қосымшасында көрсетiледi)]
6. Құрылыс жоба (үлгi, жеке, қайта қолданылған) бойынша
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
[жобаның нөмiрi, серияның (үлгi жоба бойынша) нөмiрi; тұрғын
үй-азаматтық мақсаттағы объектiлер бойынша жеке жобалар үшiн осы
жобаны қолдануға рұқсат берген органның атауы көрсетiледi]
жүзеге асты.
7. Жобалау-смета құжаттамасын ________________________________
___________________________________________________________________
(объектiге (кезегi, iске қосу кешенi) арналған құжаттаманы бекітушi
(қайта бекітушi) органның атауы]
200__ жылғы "___"______ № _________ бекiткен.
8. Құрылыс-монтаж жұмыстары мына мерзiмде жүзеге асты:
жұмыстың басталуы _________________; жұмыстың аяқталуы _____________
(айы және жылы) (айы және жылы)
құрылыстың ұзақтығы норма бойынша немесе ҚЖҰ бойынша _______________
________________________________________________________________ ай;
іс жүзiнде _________________________________________________________
9. Мемлекеттік қабылдау комиссиясына мынадай құжаттамалар
ұсынылды: __________________________________________________________
____________________________________________________________________
(құжаттардың тiзбесi)
Көрсетiлген құжаттар осы актiге мiндеттi қосымша болып табылады.
10. Пайдалануға беруге ұсынылған объектiнiң мынадай қуаттылық,
өнiмдiлiк, өндiрiстiк алаң, ұзақтық, сыйымдылық, көлем, өткізу
мүмкiндiгi, кiре мүмкiндiгi, жұмыс орындары саны және с.с. негiзгi
көрсеткiштерi бар [мақсатты өнiмдерге немесе негiзгi қызмет көрсету
түрлерiне сәйкес барлық объектi (тұрғын үйлердi қоспағанда) бойынша
өлшем бiрлiктерiмен толтырылады]:
____________________________________________________________________
Қуатты- ! Өлшем ! Жоба бойынша ! Іс жүзінде
лық, !бірлігі!___________________!_____________________________
өнiмдiлiк ! !жалпы !оның !жалпы (бұрын !оның ішінде
және ! !(бұрын !ішінде !қабылданған. !іске қосу
т.б. ! !қабылдан.!іске қосу!дарды ескере !кешені
! !ғандарды !кешені !отырып) !немесе
! !ескере !немесе ! !кезектегі
! !отырып) !кезектегі! !
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Алғашқы кезеңде жобалық қуатты игеру нормаларына сәйкес жобада
көзделген көлемде өнiм шығару (қызмет көрсету)
____________________________________________________________________
(көлемiн көрсете отырып, өнiмдердi шығарудың нақты басталуы)
Пайдалануға қабылдауға ұсынылған тұрғын үйдiң мынадай көрсеткiштерi
бар:
____________________________________________________________________
Көрсеткiштер !Өлшем !Жоба !Іс жүзінде
!бiрлiгi !бойынша !
____________________________________________________________________
Жалпы алаңы ! м2 ! !