Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы № 1141 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 259 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 192-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесінде:
6-тармақтың бірінші абзацы «туралы шешімді» деген сөздерден кейін «өтініш беруші осы ереженің 5-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |