---------------------------------------------------------------------------
4. Жылы киімдер:
- мақта күртешелер дана
- мақта шалбарлар дана
- тері қолғаптар жұп
- кірзі етіктер жұп
- көрпелер дана
--------------------------------------------------------------------------
* Қауіпті объектіде оның ерекшелігі ескеріле отырып болуы мүмкін авариялардың ауқымдарына қатысты толтырылады.
3.5. Төтенше жағдай кезінде медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
1) Өнеркәсіптік объектідегі медициналық қамтамасыз ету күштерінің құрамы.
______________________________________________________________________
2) Зардап шеккендерге дәрігерге дейін көмек көрсетудің тәртібі
______________________________________________________________________
4-бөлім. Жұртшылықты ақпараттандыру
4.1. Халықты және жергілікті атқарушы органды ақпараттандырудың тәртібі
______________________________________________________________________
(өнеркәсіптік объектісі орналасқан аумақтағы халықты және жергілікті атқарушы органды болжанып отырған және пайда болған төтенше жағдайлар туралы ақпараттандырудың тәртібі)
4.2. Қауіпсіздік декларациясында қамтылған ақпаратты ұсынудың тәртібі
______________________________________________________________________
(кімге, қашан ақпарат берілетіндігін көрсету керек)
1-қосымша
Ахуалдық жоспары
Ахуалдық жоспарда мынадай білдірімдер көрсетіледі:
1) Жұмыс істейтіндердің санын көрсете отырып, өнеркәсіптік объектінің өнеркәсіптік алаңдары, ғимараттар пайдалану мен жұмыскерлердің саны көрсетіледі;
2) Авария болған жағдайда соның аймағындағы зақымдағыш факторларына ұшырайтын ұйымдар, елді мекендер, адам көп жиналатын жерлер (ауруханалар, бала бақшалары және балалар яслилері, мектептер, тұрғын үйлер, стадиондар, кинотеатрлар, вокзалдар, әуе жайлар, рыноктар);
3) "өнеркәсіптік объектідегі қауіпсіздікті талдау" бөлімінде анықталған, зақымдануы мүмкін аймақтар, ондағы зақымданған адамдар саны мен зақымдағыш факторлары көрсетіледі.
2-қосымша
Принциптік технологиялық үлгі
Негізгі технологиялық жабдықтарды көрсету және технологиялық процестерді қысқаша сипаттау арқылы сызбаны келтіру.
3-қосымша
Негізгі технологиялық жабдықтарды орналастырудың жоспары
Жоспарда қауіпті заттарға қолданылатын негізгі жабдықтардың орналасуын көрсету керек.
4-қосымша
Жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарды реттейтін,
негізгі нормативтік құжаттардың тізбесі
---------------------------------------------------------------------------
Р/с ! Нормативтік құжатттардың атауы ! Авторы ! Шығарылған күні
N !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4
---------------------------------------------------------------------------
5-қосымша
Ақпараттық парақ*
Ақпараттық парақ:
1) қызметі өндірістің жоғары қауіптілігіне байланысты ұйымдардың атауы;
2) қоғамды ақпараттандыру және онымен өзара іс-қимыл үшін жауапты адам туралы мәліметті;
3) өндірістік қызметті қысқаша сипаттауды;
4) қауіпті заттардың тізбесі мен негізгі сипаттамаларын;
5) болуы ықтимал авариялар, төтенше жағдайлар және зардаптары туралы қысқаша ақпаратты;
6) авария кезінде халықты құлақтандырудың тәсілдері мен өнеркәсіптік апат кезіндегі халықтың қажетті іс-қимылдары туралы ақпаратты;
7) қосымша ақпараттарды алудың көздері туралы мәліметті қамтиды.
* Ақпараттық парақ азаматтармен қоғамдық ұйымдардың сұрауы бойынша қауіпсіздік декларациясынан бөлек тұлғалармен берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 19 мамырдағы
№ 764 қаулысымен
мақұлданған
Қызметінің төтенше жағдайлардың пайда болуына жоғары
тәуекелі бар ұйымдардың тізбесіне енгізуге жататын қауіпті
өнеркәсіптік объектілерді бірдейлендіруге қойылатын
негізгі талаптар
1. Қызметінің төтенше жағдайлардың пайда болуына жоғары тәуекелі бар қауіпті объектілерге мына төмендегі қауіпті заттар алынатын, өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, жасалатын, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын*, сондай-ақ төменде көрсетілген өте қауіпті жабдықтар мен технологиялық өндірістік процестер қолданылатын объектілер жатады:
1) қауіпті атмосфералық қысым жағдайында және ауамен араласқанда тұтанғышқа айналатын және қайнау температурасы қалыптық қысым кезінде 20о С немесе одан төменді құрайтын тұтанғыш заттар - газдар;
2) өздігінен жануға, сондай-ақ тұтану көзінен жануға және тұтану көзін алғаннан кейін өз бетінше жануға қабілетті жанғыш заттар - сұйықтар, газдар, тозаңдар;
3) жануды қолдайтын, тотықтырушылық, қалпына келтірушілік экзотермикалық реакциялардың нәтижесінде тұтануға себепкер болатын және (немесе) басқа заттардың тұтануына ықпал ететін тотықтырғыш заттар - газдар;
4) сыртқы әсер етудің белгілі бір түрлері жағдайында жылу бөлу және газдар құру арқылы өте шапшаң өздігінен таралатын химиялық айналуға қабілетті жарылғыш заттар - заттар;
5) тірі организмдерге әсер етуі кезінде оларды өлтіруге қабілетті уытты және жоғары уытты заттар;
6) қоршаған табиғи орта үшін қауіп төндіретін заттар;
7) 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе судың Цельсидің 115 градусы температурасында қайнауымен жұмыс істейтін жабдықтар;
8) стационарлық орнатылған жүк көтергіш тетіктер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлар;
9) стационарлық, жылжымалы, қалқымалы бұрғылау қондырғылары мен скважиналарды жер астында жөндеуге арналған көтергіш агрегаттар;
10) қара және түсті металдардың балқымалары мен осы балқымалардың негізіндегі қорытпалар;
11) көмірсутегі кен орындарын әзірлеу (скважиналарды бұрғылау, мұнайды, газды және мұнай өнімдерін өндіру, жинау, дайындау, сақтау, тасымалдау);
12) пайдалы қазбаларды өндіру және байыту жөніндегі тау-кен жұмыстары, сондай-ақ жер асты жағдайындағы жұмыстар.
2. Гидротехникалық құрылыстар, І, ІІ, ІІІ сыныптардағы құйыршық сақтаушылар мен шлам жинақтаушылар да қауіпті өнеркәсіптік объектілердің санатына жатады.
3. Қызметінің төтенше жағдайлардың пайда болуына жоғары тәуекелі бар ұйымдардың тізбесіне енгізілмеген өнеркәсіптік объектілер бойынша, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің әрбір нақты жағдайда объектілерді төтенше жағдайлардың пайда болуының жоғары тәуекеліне бірдейлендіруді жүзеге асыруға және мұндайлар белгілі жағдайда, Үкіметке өзінің ұсынысын енгізуге құқығы бар.