функционалдық бағдарын (мақсатын) ауыстыра отырып, қайта жаңғыртылатын болжамды құрылыстар немесе объектiлер учаскесiнің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы материалдарға;
рұқсат етiлген шекте зиянды заттар мен физикалық факторлардың қоршаған ортаға шығару мен тастау, санитарлық қорғалатын аймақтар мен санитарлық-қорғаныш аймақтары, геологиялық зерттеулер, технологиялар бойынша техникалық-экономикалық негiздемелерге, жобаларға және басқа да нормативтiк құжаттамаға;
шикiзатқа, тамақ өнiмдерiне, тауарларға, бұйымдарға, заттарға, тетiктерге, машиналарға, жабдыққа, құрылыс материалдарына, сондай-ақ оқыту, тәрбиелеу, дене шынықтыру, еңбек ету, өмiр cүpy, демалу, тамақтану, сумен жабдықтау, халықтың әр түрлi тобына медициналық қызмет көрсету режимiнің нормативтiк-техникалық құжаттамасының жобаларына;
шикiзатты, тамақ өнiмдерiн, ауыз суды, құрылыс материалдарын, кең тұтынылатын тауарларды, уытты, радиоактивтi және биологиялық заттарды өндiру, тасымалдау, сақтау, қолдану және сату, сондай-ақ жұмыстар орындау мен қызмет көрсету жағдайларына;
халықтың әр түрлi топтарын оқыту, тәрбиелеу, дене шынықтыру, еңбек ету, өмiр сүру, демалу, тамақтану, сумен жабдықтау мен медициналық қызмет көрсету жағдайларына;
санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды, халық денсаулығының жай-күйiн сипаттайтын материалдарға, кәсiби, жұқпалы аурулар мен уланулар туралы мәлiметтерге;
топыраққа, су қоймаларына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, уытты, радиологиялық және пестицидтiк салмақ түсiру жөніндегі материалдарға;
жаңа өнiмдерге, технологияларға;
жобаланған, салынып жатқан және пайдаланылып отырған өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлерге, өнеркәсiп бұйымдары мен көлiкке, сондай-ақ халық денсаулығы үшiн қауiптiлiгi ықтимал және (немесе) маңызды басқа да объектiлерге берiледi.
5-тарау. Санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу
24-бап. Жұқпалы, паразиттiк аурулар таралуының және халықтың улануының алдын алу
1. Жұқпалы, паразиттiк аурулар мен уланулардың пайда болуының және таралуының алдын алу мақсатында санитарлық ережелерде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағын санитарлық қорғауды, шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантин енгізудi, өндiрiстiк бақылау жасауды жүзеге асыру, жұқпалы және паразиттiк аурулармен ауыратын науқастарға қатысты шараларды жүзеге асыру, азаматтарды медициналық қарауды, профилактикалық егулердi, гигиеналық тәрбие беру мен оқытуды жүргiзу жөніндегі iс-шаралар жүргiзiледi.
2. Санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар аумақтарды дамытудың, халық денсаулығын сақтау мен нығайтудың, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң әзiрленiп отырған бағдарламаларына, сондай-ақ осы саладағы аймақтық бағдарламаларға енгiзiлуге тиiс.
3. Жұқпалы, паразиттiк аурулармен ауыратын науқастар мен жұқпалы, паразиттiк аурулармен ауырады деп күдiк туғызатын адамдар және бактерия таратушылар оқшауландырылуға және емделуге тиiс, олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық қадағалауға алынады және қажет болған кезде оқшауландырылады және емделедi.
4. Айналасындағылар үшiн қауiп төндiретiн созылмалы жұқпалы, паразиттiк аурулармен ауыратын науқастар мен созылмалы бактерия таратушылар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмысынан уақытша шеттетiлуi тиiс.
25-бап. Қазақстан Республикасының аумақтарын санитарлық қорғау
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерiнде халық денсаулығына қауiп төндiретiн жолаушыларға, экипаждарға, поезд бригадаларына, көлік құралдарына, жүктерге санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жасау жүзеге асырылуға тиiс.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы, көлiктегi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жүргiзеді.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында әкелiнуiне тыйым салынатын қауiптi жүктер мен тауарларды, сондай-ақ оларға қатысты санитарлық-карантиндiк бақылау жүргiзген кезде олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнуi жұқпалы аурулардың немесе жаппай жұқпалы емес аурулар мен уланулардың пайда болуы мен таралу қаупiн төндiредi деп белгiленген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол берiлмейдi.
26-бап. Профилактикалық егудi жүргiзудің мiндеттiлiгi
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар жұқпалы және паразиттiк ауруларға қарсы профилактикалық егулердi бюджет қаражаты есебiнен алуға мiндеттi.
2. Профилактикалық егу жүргiзiлетiн аурулардың тiзбесiн, оларды жүргiзу мерзiмi мен халықтың жоспарлы егу жасалуға тиiстi топтарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
27-бап. Медициналық қараудан өтудiң мiндеттiлiгi
1. Халықтың денсаулығын сақтау, жұқпалы және паразиттiк ауруларды болдырмау, кәсiби аурулар мен уланулардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу, ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, әр түрлi шаруашылық және (немесе) өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар алдын ала және мерзiмдiк медициналық қараудан өтедi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Халықтың декреттелген тобына мiндеттi түрде медициналық қарауларды жүргiзудiң және оларды жұмысқа жiберудiң тәртібі мен мерзiмдiлiгiн денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік орган белгiлейдi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Алдын ала және мерзiмдi медициналық қарау мiндеттi болатын зиянды өндiрiстiк факторлардың, кәсiптердiң тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік орган белгiлейдi.
4. Өндiрiс пен шаруашылық қызмет саласында жұмыс iстейтiн жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар алдын ала немесе мерзiмдi медициналық қараудан өтпеген немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жiбермейдi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Қызметкерлердiң медициналық қараудан өтуi туралы деректер олардың жеке медициналық кiтапшаларына енгiзiлуге және емдеу-профилактикалық ұйымдардың есебiне алынуға тиiс. Медициналық құжаттарды беру, есепке алу және жүргiзу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік орган белгiлейдi.
28-бап. Жұқпалы аурулар iндетi пайда болу қаупi төнген жағдайда шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантин енгізудiң шарттары
1. Жұқпалы және паразиттiк аурулардың әкелiну және таралу қаупi болған жағдайда осы Заңға сәйкес уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде және тиiстi аумақтарда шектеу iс-шараларын, оның iшiнде шаруашылық қызметi мен халық өмiрiнің айрықша жағдайларымен карантин енгiзедi.
2. Шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин енгiзiлген жағдайда орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiру жөнiнде оралымды басшылық жасау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iндетке қарсы республикалық және аумақтық төтенше комиссияларға жүктеледi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин жекелеген объектілерде тиісті аумақтың (көліктегі) бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының, сондай-ақ ведомстволық объектілерде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелері басшыларының шешімімен енгізіледі (тоқтатылады).
4. Шектеу iс-шараларын, соның iшiнде карантиндi жүзеге асыру тәртібін және пайда болуы мен таралу қаупi болған кезде шектеу iс-шараларын, оның iшiнде карантин енгiзiлетiн жұқпалы аурулар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
29-бап. Жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен улану оқиғаларын тiркеу және тексеру
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен уланулардың барлық оқиғаларын, олардың анықталу орны бойынша денсаулық сақтау ұйымдары тiркеуге алуға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары мемлекеттік есепке алу мен есептілік жүргiзуге тиiс. Аталған аурулар мен улану оқиғаларының мемлекеттік есебiн жүргiзу тәртібін, сондай-ақ олар бойынша есеп берудi жүргiзу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мамандары жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулардың және адамдардың улану оқиғаларына тексеру жүргiзуге тиiс.
30-бап. Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық iс-шаралар
1. Жұқпалы және паразиттiк аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өз қаражаты есебiнен эпидемиологиялық көрсеткіштер мен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының ұйғарымдары бойынша дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Төтенше iндет жағдайлары пайда болған кезде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының ұсынуы бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқару органдарының шешiмiмен бюджет қаражаты есебiнен кезектен тыс мiндеттi дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау iс-шаралары жүргiзiледi.
3. Ошақтық дезинфекцияны медициналық ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүргiзедi.
6-тарау. Қорытынды ережелер
31-бап. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Айыппұл салу не өзге де өндiріп алулар кінәлi тұлғаларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен зиянды өтеуден босатпайды.
32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 1994 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 8, 131-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгізу тәртібі туралы" 1994 жылғы 8 шiлдедегi Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 8, 132-құжат).
Қазақстан Республикасының