Жоба
Қазақстан Республикасының Конституциялық
заңы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қабылданды - 2009 жылғы 9 ақпандағы № 124-ІV ҚР Конституциялық заңын қараңыз
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 13 қарашадағы № 1051 Қаулысымен Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
1-бап. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат;) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 11-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары мен хатшысы комиссияның алғашқы отырысында сайланады.»;
2) 12-бапта:
5) тармақшада:
«арыздар мен шағымдарды қарайды;» деген сөздерден кейін «сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады» деген сөздермен толықтырылсын;
«саяси партиялардың өкілдерімен» деген сөздерден кейін «және басқа да сайлау процесіне қатысушылармен» деген сөздермен толықтырылсын;
6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәліктерін жасауды ұйымдастырады, беру және есепке алу тәртібін айқындайды;»;
8) тармақшада «, олардың сенім білдірген адамдарын» деген сөздер алып тасталсын;
16-1) тармақшада «web-сайтына» деген сөздер «интернет-ресурсына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 14-бапта:
2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) Президенттікке кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді;»;
9) тармақшада «web-сайтында» деген сөздер «интернет-ресурсына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 19-бапта:
6-тармақтың екінші бөлігі «қызметін тоқтатқан» деген сөздерден кейін «және таратқан» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта «лауазымдық өкілеттігін» деген сөздерден кейін «немесе осы Конституциялық заңның талаптарын» деген сөздермен толықтырылсын, «немесе міндеттерін тиісінше орындамаған» деген сөздер алып тасталсын;
5) 20-баптың 11-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілмеген сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлауды әзірлеу мен өткізу кезеңіне сайлау өткізуге бөлінген қаражаттың есебінен кемінде ең төменгі үш айлық жалақысының мөлшерінде жалақы белгіленеді.»;
6) 20-2-баптың 2-тармағының төртінші бөлігінде «не сайлауды байқау тәжірибесі жоқ» деген сөздер алып тасталсын;
7) 23-баптың 5-тармағында «учаскелерді құрған кезден бастап» деген сөздер «сайлау тағайындалған немесе жарияланғаннан кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 26-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін, дауыс беру күнін қоспағанда, тиісті аумақтық сайлау комиссиялары айқындайды.»;
4-тармақтың екінші сөйлемінде «Тізімдерге» деген сөз «Сайлаушылар тізіміне енгізу, одан шығару не тізімдерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 27-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұқаралық ақпарат құралдары барлық кандидаттарды және партиялық тізімдерді ұсыну, сайлау комиссияларының оларды тіркеуі жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты баспасөз бетінен орын, эфир уақытының көлемі бойынша бірдей таратуға міндетті.»;
10) 28-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай береді. Үй-жай беру шарты барлық кандидаттар үшін бірдей және тең болуға тиіс.
Сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасайды және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.»;
11) 33-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы «мүшелеріне» деген сөзден кейін «, электронды сайлау жүйелерін пайдалануды қамтамасыз ететін мамандарға» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 34-баптың 3-тармағының 1) тармақшасында «сайлау округтері бойынша депутаттыққа» деген сөздер алып тасталсын;
13) 38-баптың 1-тармағының төртінші сөйлемінде «дауыс беру күніне кем дегенде жеті күн қалғанда қабылданып,» деген сөздер алып тасталсын;
14) 39-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде «сайлау учаскесінде» деген сөздер «дауыс беруге арналған үй-жайда» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 48-баптың 2-тармағының 3) тармақшасында «дауыс беретін күні» деген сөздер алып тасталсын;
16) 50-5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрондық сайлау жүйесін қосу Орталық сайлау комиссиясы белгілеген уақытта жүргізіледі.»;
17) 87-баптың 5-тармағының екінші бөлігінде:
«он бес күн» деген сөздер «бір ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
«он» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
18) 89-баптың 8-тармағының екінші бөлігінде:
«он» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
«бес» деген сөз «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 97-1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті пайызын тек бір саяси партия алса, онда депутаттық мандатты бөлуге аталған саяси партияның тізімі, сондай-ақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының келесі көп санын жинаған партиялардың партиялық тізімі жіберіледі.
Екі саяси партияға берілген сайлаушылар дауысының жиынтығы бөлінетін депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлау жеке саны (квота) болып табылады.»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Депутаттық мандаттарды бөлуге қатысқан әрбір партиялық тізім алған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлінеді.
Жеті пайыздық кедергіні еңсермеген және осы баптың 1-1-тармағына сәйкес мандаттарды белуге қатысқан партиялардың тізімімен алынған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлінеді және 0,7 түзету коэффициентіне көбейтіледі.
Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік партиялық тізім құрған тиісті саяси партия алатын депутаттық мандаттар саны болып табылады.
Жеті пайыздық кедергіні еңсермеген және осы баптың 1-1-тармағына сәйкес мандаттарды бөлуге қатысқан партия кемінде екі мандатты алады.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 1-1-тармағына сәйкес мандаттарды бөлу кезінде бөлінбеген мандаттар дауыс беру қорытындысы бойынша жеті пайыздық кедергіні еңсерген сол партиялық тізімге беріледі.»;
20) 101-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы) сайлау комиссиясы тағайындайды.
Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау наурыздың соңғы жексенбісінде және (немесе) қазанның соңғы жексенбісінде бір мезгілде өткізіледі.
Орталық сайлау комиссиясымен келісім бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары басқа күнге тағайындауы мүмкін.»;
21) 104-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде «Орталық сайлау комиссиясының» деген сөздер «жергілікті атқарушы органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-бап. Осы Конституциялық заң 2007 жылы 18 тамызда партиялық тізімдер бойынша сайланған Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттіктері тоқтатылғаннан кейін қолданысқа енгізілетін 1-баптың 19) тармақшасын қоспағанда, оны ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | |