Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушы болмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы осы баптың 4-тармағында көрсетілген қаржылық есептілік пен ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі қырық бес күннен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етуге тиіс.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - заңды тұлға көрсетілген өзгерістер болған кезден бастап отыз күн ішінде уәкілетті органға растайтын құжаттарды тіркей отырып, басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметті ұсынады.
5. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы Қазақстан Республикасының резиденті-қаржы ұйымы болып табылса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы осы баптың 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген ақпаратты береді, бұл ретте, егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органға осы қаржылық есептілікті талап етілген кезеңге табыс етсе, қаржылық есептілік және оған түсіндірме жазба табыс етілмейді.
6. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға аудиторлық ұйым растамаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушының жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада мынадай ақпарат:
1) ірі қатысушының (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлғаның) қызмет түрлерінің сипаттамасы;
2) ірі қатысушы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға) қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акцияларының саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (өзіне тиесілі акциялардың саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы көрсетілуге тиіс.
7. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржылық есептілікті, оған түсіндірме жазбаны және осы бапта көзделген өзге де мәліметтерді қазақ немесе орыс тілдерінде табыс етеді.
75-бап. Мiндеттi актуарий қорытындысы
1. Сақтандыру резервтерi бойынша мiндеттi актуарий қорытындысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жылдық қаржылық есебiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және уәкiлеттi органға табыс етiлуге тиiс.
2. Мiндеттi актуарий қорытындысының мазмұнына және табыс етiлу тәртібіне қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 75-1-баппен толықтырлды; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 75-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
75-1-бап. Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандырудың барлық не жекелеген сыныптарын (түрлерін) жүргізу кезінде өз қызметіне талдау жасау мақсатында шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат
коэффициентін, аралас коэффициентті) есептейді.
2. Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер (шығындылық коэффициенті, жұмсалған қаражат коэффициенті, аралас коэффициент) - сақтандырудың барлық не жекелеген сыныптарын (түрлерін) жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің
шығындылығын көрсететін салыстырмалы көрсеткіштер.
Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); ҚР 11.06.04 ж. № 562-II (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 76-бап өзгертілді
76-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері және сақтандыру брокері қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн жариялау
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері жылдық қаржылық есептілікте ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тәуелсіз аудитор растағаннан және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жылдық жиналысы жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық Банк белгілеген тізбе, нысан бойынша және мерзімдерде жылдық қаржылық есептілікті жариялайды.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 77--бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
77-бап. Құжаттарды сақтау тәртібі және мерзiмi
1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру рыногының кәсіби қатысушылары, сақтандыру агенттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру), сақтандыру делдалдығы жөніндегі деректерді қалыптастыруға және өз қызметіне байланысты құжаттардың есебін жүргізу мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2. Міндетті түрде сақталуға тиісті құжаттардың тізбесін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру рыногының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің оларды сақтау тәртібі мен мерзімін уәкілетті орган мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті органымен келісе отырып белгілейді.
78-бап. Уәкiлеттi органның шешiмiне шағым жасау
1. Мүдделi тұлға уәкiлеттi органның шешiмiне ол күшiне енген күннен бастап он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен шағым жасай алады.
2. Уәкiлеттi органның шешiмiне шағым жасау санкция қолдану туралы шешімнің орындалуын тоқтата тұруға әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасының