Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 қарашадағы № 1054 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысына (Қазақстан республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 4, 46-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 37-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 67-2-жолмен толықтырылсын:
«67-2. | Қазақстан Республика-сының кейбір заңнамалық актілеріне қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупіне байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкер-шілігін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру- лар енгізу туралы | ТЖМ | Маусым | Қараша | Желтоқсан | В.В. Петров |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |