Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1251 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 қарашадағы № 1050 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1078 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1251 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 48, 619-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының тізбесінде:
«3. Өнеркәсіптік объектілер» деген бөлімде «2004 жылғы 27 ақпандағы № 239» деген сөздер «2007 жылғы 8 қыркүйектегі № 781» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |