Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 1046 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 4, 46-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспарында:
1) реттік нөмірлер 30, 43 және 54-жолдар алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 42-2 және 67-1-жолдармен толықтырылсын:
«42-2 | Қазақстан Республи- касының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкер- ліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру- лар енгізу туралы | Қаржымині | Мамыр | Маусым | Қараша | Р.Е. Дәленов |
»;
«67-1 | Қазақстан Республи- касының Кеден кодексіне Қазақстан Республи- касының Дүниежү- зілік сауда ұйымына кіруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қаржымині | Тамыз | Қараша | Желтоқсан | Р.Е. Дәленов |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |