Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қарашадағы № 999 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 265 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 9, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі Кеңсесінің Басшысы |
Келімбетов Қайрат Нематұлы | - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы, Дунаев Арман Ғалиасқарұлы, Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |