7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік тілді қолдану тиімділігін арттыруға, тұрғындар мен мекемелердің тілдік қызмет көрсетуге еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге, тұрғындарды мемлекеттік тілге оқытуға жұмсалатын қаражатты қысқартуға, Интернет желісінде мемлекеттік тілдің инфрақұрылымын қалыптастыруға, мемлекеттік органдардың іс-қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру сапасының өсуі мен жеделдетуге ықпал ететін тиімді АТ-инфрақұрылым.
Соңғы нәтиже: мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамытудың ақпараттық жүйесін жасаудың орташа құны - 37467 мың теңге.
Уақыттылығы: мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттарда белгіленген мерзімдерге сәйкес.
Сапасы: қазақ тілінің АТ-инфрақұрылымының сапалы дамуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
84-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу»
деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 16467456 мың теңге (он алты миллиард төрт жүз алпыс жеті миллион төрт жүз елу алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясының 18-бабы; «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабы; «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-1-бабы; «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығы; «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының қызметін тәуелсіз және кедергісіз жүргізудің халықаралық-құқықтық кепілдігі туралы Келісімінің ратификациясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 қыркүйектегі № 2452 Жарлығы; «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған Стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қарашадағы № 1037 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2008 жылдарға арналған ақпараттық стратегиясы туралы» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарын ақпараттық-насихаттық жағынан қамтамасыз ету, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту, ақпараттық кеңістікті шетелдік экспансиядан қорғау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, БАҚ-ның шығармашылық белсенділігін көтермелеу, отандық өндірісінің сапасы мен санын көтеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мыналарға бағытталған жарияланымдар, теледидар және радио бағдарламаларын, өзге де дыбысбейне өнімдерді әзірлеу және тарату;
мемлекеттік саясатты ақпараттық-насихаттық жағынан қолдау;
барынша мәнді қоғамдық-саяси, мәдениет және экономикалық оқиғаларды жариялау;
ел тұрғындарының рухани және зияткерлік, көру және оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру;
азаматтардың толыққанды және нақтылы ақпарат алу құқығын жүзеге асыру;
жалпы парасаттылық құндылықтарды, әлеуметтік серіктестік қағидаттарын, озық үлгіге талпынуды насихаттау;
азаматтық бірізділікті қалыптастыру;
елдегі және шет елдердегі негізгі оқиғалар туралы ақпаратты жедел тарату;
мемлекеттік тілді және оны қолдануды барынша танымалдандыру;
қоғамдық саяси мәнді тақырыптар бойынша мақсатты, нақты және кең ақпараттық науқандар ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасындағы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Тілдер туралы» заңдарды орындау үшін жағымды жағдайлар құру;
мемлекеттің имидждік саясатын жүргізу;
бәсекеге қабілетті отандық бұқаралық ақпарат құралдарын қалыптастыру;
ҚР заңнамаларының орындалуына бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу.
ҚР Үкіметінің 2008.21.04. № 369 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 025 | | Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу | Келесі мемлекеттік саясаттың бағыттары бойынша тақырыптық материалдарды жариялау, жаңалық хабарларын шығару, телебейне-, радио-, кинохроникалық бағдарламаларды, деректі және анимациялық фильмдерді, дыбыс және бейнероликтерді өндіру және тарату: - Елбасының Қазақстан халқына жолдауы; - Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің, орталық және жергілікті атқарушы биліктің қызметі; - Қазақстан 2030 жылдарға дейінгі даму Стратегиясының іске асуы; - Қазақстан Республи- касының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының іске асуы; -Үкіметтің 2007-2008 жылдарға арналған Ақпараттық Стратегиясының іске асуы; - елдің әлеуметтік- экономикалық, қоғамдық-саяси өмірі; - заңшығармашылық қызметі; - ішкі және сыртқы саясат; - елдің агроөндірістік, ауыл, су, орман, балық шаруашылығының дамуы; - транспортық-байланысы кешенінің дамуы; - Қазақстанның жағымды инвестициялық имиджін қалыптастыру; - мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның қауіпсіздігі; - жемқорлық және ұйымдасқан қылмыскерлікпен күресу; - заң сақтау органдары мен сот жүйесінің жағымды имиджін қалыптастыру; - мәдениет, білім, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қамтамасыздандыру, оның ішінде коммуналдық тұрғын үй қатынастары салаларындағы мемлекеттік саясат; - тарихи-мәдени мұраны сақтау, Қазақстан халқының тарихын, тілін, дәстүрлерін қолдау, қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптастыру тарихы; - архитектуралық- құрылыс, өнеркәсіп қызметі салаларындағы мемлекеттік саясат; - отын-энергетикасы кешенін, кен пайдалану сұрақтарын дамыту; - мемлекеттік, салалық және жергілікті бағдарламаларының іске асуы; - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан алдын ала сақтандыру және тосқауыл қою; - мүшелтой және салтанатты күндер; - мемлекеттік жастар саясаты; - мемлекеттік тіл саясаты, оның ішінде үштіл бірлестігі жобасы; - мемлекеттік ұлттық саясат, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ұлттық мәдени ұйымдардың қызметі; - мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі; - саяси жүйенің дамуы, саяси құрылыс пен жаңашыландыру; - есірткі бизнесі және нашақорлықпен күрес, нашақорлыққа қарсы насихат; - терроризм және экстремизммен күрес, қоғамда діни экстремизм және радикализм идеяларына тосқауыл қою; - мемлекеттің көші-қон саясаты; - отандастарды қолдау мемлекеттік саясаты; - әскери күштер және әскери мамандардың жағымды имиджін қалыптастыру және күшейту; - халықты құқықтық оқыту, оның ішінде сайлау заңнамасын насихаттау; - спорт, денешынықтыру, мәдениет және туризм салаларындағы мемлекеттік саясат; - орта және шағын бизнесті, отандық тауарөндірушілерді және тауарды қолдау, шетелден әкелуді алмастыру бағдарламасы; - ТМД аумағындағы интеграциялық үрдістер, достастық елдерінің мәдени және тарихи байланыстары; - шетел елдерінің саяси, экономикалық, мәдени өмірі; - жасөспірімдер мен балалардың отаншылдық, интернационалдық, мәдени-адамгершілік және рухани құндылықтарын тәрбиелеу және дамыту; - отандық телебайланыс, жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы; - экономиканы жаңашыландыру; - инновациялық технологияларды енгіздірту; - ақпараттық кеңістік- ті және БАҚ дамыту; - қоғамда әйелдердің орнын көтеру, гендерлік теңдік; - экология, жануарлар әлемі және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы мемлекеттік саясат; - мемлекеттік қызметтегі әкімшілік және сот лауазымдарының бос орындарына байқауларына хабарландыруларды республикалық БАҚ- тарда жариялау; - мемлекеттің демографиялық саясаты; - Қазақстан Республикасындағы ғалымдардың ғылыми ашуларын және ғылымның дамуын қолдау; - салық заңнамасын насихаттау; - экономиканың бәсекелестік сипатын тұрақты қамтамасыз ету; - жеке сектор мен мемлекеттің серіктестігін дамыту; - мемлекеттік экономика секторы қызметінің тиімділігін арттыру; - әкімшілік реформа және атқарушы билікті жаңашыландыру; - зейнеткерлік жинау жүйесін дамыту; - Қазақстанның ДСҰ кіру; - Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы; - қаржы және банк жүйелерін, қорлар нарығын және Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығының қызметін дамыту; - басқа да мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына сәйкес; - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ресми түрде жариялау; - «KazSat» және «Intelsat» транспондерлерін жалға алу; - Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мәселелерін әдіcтемелік қамтамасыз ету. ҚР заңнамалары нормаларының орындалуы барысында бұқаралық ақпарат құралдарына үнемі мониторинг жүргізу. «Хабар», «Еларна», «Саsріоnet», «Қазақстан», «Мир» телеарналарында «Қазақ радиосы», «Шалқар», «Астана» радиостанцияларында теле-, радио-, бейне-, кинохроникалық бағдарламаларды, маңызды оқиғаларға тікелей эфирлер, телемосттар әзірлеу және тарату; Қазақстан Республикасы Үкіметінің веб-сайтын (www.§goverment.kz) ақпараттық сүйемелдеу. | Жыл бойы | Қазақстан Респуб- ликасы Мәдениет және ақпарат министр- лігі Ақпарат және мұрағат комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: мынадай санда материалдарды дайындау және басып шығару:
кемінде 12 685 газет жолдары, жалпы таралымы 219 454 мың дана,
кемінде 875 баспа-есеп журналдардың беттері, жалпы таралымы 2548 мың дана;
«Қазақстан» ұлттық телеканалының ортакүндік көлемі - 20 сағат, «Қазақ радиосы» - 24 сағат, «Облыстық теледидары» (13 облыс және 1 қалалық ТРК) - 42 сағат, «Астана» радиосы - 18 сағат, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы арқылы «Шалқар» радиосы - 18 сағат; «Хабар» - 20 сағат, «Ел арна» - 16 сағат және «Хабар» агенттігі арқылы «Саsріоnеt» - 24 сағат көлемінде хабарларды таратуды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының экономикалық, саяси, мәдени өмірі туралы материалдарды тәулігіне 18 сағат хабар тарататын «Мир» халықаралық телерадиокомпаниясының эфирінде әзірлеу және тарату, оның 4 сағаты «Мир» халықаралық телерадиокомпаниясы Қазақстандық Ұлттық филиалының өз туындылары.
Электронды БАҚ-да мемлекеттік тілде кемінде 2430 сағат аудио-бейне өнімдерді шығару.
Электрондық БАҚ-тарға Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау жөнінде күнделікті мониторинг жүргізу.
Ақырғы нәтиже: тұрғындардың ақпараттандыруын арттыру, ел өміріндегі барынша мәнді оқиғаларды жариялау, Қазақстан Республикасының жағымды имиджін қалыптастыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
А2 форматтағы газеттің бір жолағының орташа құны - 109 857 теңге;
баспа-есеп беттерінің бір жолағының орташа құны - 251 000 теңге;
телеканалға шығудың бір сағаттық бағасы:
«Хабар» - 370 312 теңге;
«Қазақстан» - 275 870 теңге;
«Ел арна» - 132 605 теңге;
«Саsріоnеt» - 27 668 теңге;
«Қазақ радиосы» - 27 569 теңге;
«Облыстық телеарна» - 119 581 теңге;
«Астана» радиосы - 28 136 теңге;
Шалқар радиосы - 26 933 теңге;
Телеканалдардағы өндірістің 1 сағатының бағасы:
«Хабар» - 192 082 теңге; «Қазақстан» - 172 588 теңге; «Еларна» - 112 780 теңге; «Саsріоnеt» - 14 783 теңге; «Қазақ радиосы» - 53 821 теңге; «Облыстық телеарна» - 2 320 теңге; «Астана» радиосы - 498 теңге; Шалқар радиосы - 12 982 теңге;
Мерзімділігі: газеттер мен журналдарды, телерадиобағдарламаларды жоспар-кестеге сәйкес белгіленген мерзімінде шығару.
Сапасы: «Қазақстан», «Хабар», «Ел-арна» телеарналары және өзге де телеарналармен телерадиохабарлары бағдарламаларын, газеттер мен журналдарды республикалық маңыздағы қалалардағы 100%, жекелеген өңірлерде (аудан, ауылдық жерлерде) 98,1% шығару және көрсету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
85-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Цифрлық телерадио хабарларын таратуды дамыту»
деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 26000 мың теңге (жиырма алты миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы, «2006-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті ақпараттық кеңістікті дамыту концепциясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 тамыздағы № 163 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: цифрлы тарату жүйесін дамыту жолымен қазақстандық ақпараттық рынокты нығайту үшін жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: отандық электрондық БАҚ дамытуға жан-жақты жәрдемдесу, олардың ішкі және сыртқы рыноктағы бәсеке қабілеттілігін күшейту жөнінде шаралар қабылдау, спутниктік және жерүсті сегменттеріндегі телерадио тарату инфрақұрылымын цифрлы стандартқа, оның ішінде жоғары нақтылық стандартына кезең-кезеңімен көшіруді жүзеге асыру. Ұқсас таратуды 2015 жылы тоқтату, халықтың барлық санаты үшін цифрлы телерадио таратуға қол жеткізуін қамтамасыз ету, көп бағдарламалы теледидар және радио қызмет көрсетулерді ұсынатын операторлар рыногын құру, цифрлы телерадио тарату саласындағы субъектілердің өзара іс-қимылын реттейтін және регламенттейтін нормативтік құқықтық және техникалық құжаттарды әзірлеу, радио жиілік спектрін қайта қарау, жиілік саясатын жетілдіру, халық қажеттілігін қанағаттандыру үшін цифрлы қабылдау құрылғыларын республика аумағында өндіруге жәрдемдесу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 026 | | Цифрлық телерадио хабарларын таратуды дамыту | Цифрлық телерадио таратуды енгізу бойынша дайындық жұмыстарын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Дайындық жұмыстары цифрлық телерадиотаратуды енгізу бойынша республикада цифрлық телерадиотаратуды оптимальдық стандартты енгізу, құралдарды енгізу бойынша қажетті тізімдер, цифрлық декодерлардың политикасы және т.б. жалпы концепциясын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей нәтиже: бюджеттік бағдарламаның нәтижесінде Қазақстан Республикасында цифрлық телерадио таратуды енгізу, тарату стандартымен анықталған, құрал типтері, радиожылдамдық спектрді пайдалану бойынша дайындық (алдын-ала жобалар) жұмыстары жүргізіледі.
Соңғы нәтиже: бюджеттік бағдарламаның нәтижесінде Қазақстан Республикасында 2008-2015 жылдарға арналған цифрлық телерадиотаратудың жалпы политикасы бекітіледі.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Республикада азшылық қаржылық шығынымен және көпшілік қаржылық әсерімен цифрлық телерадиотаратуды енгізу бойынша дайындық жұмыстары оптималдық жолды табуын береді.
Уақыттылығы: қойылған уақытында іске асыру.
Сапасы: Қазақстан Республикасында цифрлық телерадиотаратуды дамытуын оптималдық жолын табу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
86-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 16200 мың теңге (он алты миллион екі жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 «2006-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресудің стратегиясы туралы» Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 240 «2006-2008 жылдарға арналған нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу бағдарламасы туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» жөнінде қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік органның әрекеттерін жандандыру және айқындалған кезде ұйымдасқан есірткі топтарының іс-қимылдарының жолын кесу, басын ашу механизмін әзірлеу, бақылау және халықаралық есірткі бизнесінің қаржы ағымының көзін жою.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресті жандандыру; нашақорлыққа қарсы насихаттау; ЖҚТБ аурумен күрес мәселелерін жандандыру, зиялы халыққа індеттің алдын алу мәселесін түсіндіру, Мемлекеттік органның әрекеттерін жандандыру және айқындалған кезде ұйымдасқан есірткі топтарының іс-қимылдарының жолын кесу, есірткіге қарсы ықпал аймақтық комиссияның жұмысы; нашақорлыққа қарсы жастардың санасын қалыптастыру; мемлекеттік және орыс тілдерінде бейнеклиптерді жасау «Есірткісіз өмір», «Есірткі - бұл еш жаққа апармайтын жол», «Есірткісіз спорт» есірткіге қарсы сақтану шараларын өткізу; салауатты өмір салтына табынушылықты қалыптастыру, есірткіге әкелетін жолдармен болатын, деректерді жастарды хабардар ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес | 1 дөңгелек үстел, 2 конференция, 3 семинар-тренингтер өткізу. Мемлекеттік тілде және орыс тілінде 7 бейнероликтерін шығару және көрсету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: мемлекеттік тілде және орыс тілінде бейнероликтерді шығару, осы бағытта жұмыс істейтін сарапшыларды шақырып, нашақорлыққа қарсы насихаттың негізгі бағыттарын талқылау жөнінде семинарлар, тренингтер мен конференцияларды өткізу.
Тікелей нәтиже: Халықтың сана сезімін-нашақорлыққа қарсы сақтану қабілетін қалыптастыру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы нашақорлықпен және жұқтырылған қорғаныс тапшылығының белгісімен күресу мәселелерінің бетін ашу.
Түпкі нәтиже: Нашақорлыққа тәуелді жасөспірімдердің санын азайту, жастардың дене шынықтыру және спортпен айналысуға санын көбейтуге ат салысу.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
1 іс-шараны өткізудің (дөңгелек үстел, конференция, семинар-тренингтер) орташа шығын құны - 2000 мың теңге;
1 бейнероликті, мемлекеттік және орыс тілде шығарудың орташа шығын құны - 600 мың теңге.
Уақыттылығы: Жоспарланған іс-шараларды уақытында өткізу.
Сапасы: Азаматтардың сана сезіміне нашақорлықтың зияндығын, есірткі қолдану салдарының зиянды екенін түсіндіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
87-ҚОСЫМША
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылғы арналған
«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»
деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 260000 мың теңге (екі жүз алпыс миллион теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
- «Ұлттық мұра» тақырыбы бойынша Қазақстанда таратылатын ақпараттық ресурстардың іздеу жүйесін электрондық түрде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін интеграцияланған ұлттық ресурстарды құру және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және басқа да министрліктердің, сондай-ақ архивтердің, мұражайлардың, қорықтардың, кітапханалардың, ғылыми мекемелердің, ұлттық мәдени бірлестіктердің, шығармашылық кеңестердің, киноиндустрияның және т.б. сайттарын біріктіру;
- ақпаратттық теңсіздік мәселесін шешу және ақпаратты алу және тұрғылықты мекен-жайы мен әлеуметтік жағдайына байланыссыз туған тілін, мәдени қызметтерін қолдану бостандығы құқын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- жалпы ұлттық мәдени кеңістікті нығайту, ел аймақтары арасында мәдени алмасуды кеңейту;
- ғаламдық ақпараттық желіге ұлттық мәдениетті интеграциялау;
- тұтас және жеке аспектілер бойынша Қазақстанның тарихы, мәдениеті, жағрафиясы, саясаты жөнінде жалпы білімдерді таратуға бағытталған, коллекцияларды қалыптастыру;
- ғылыми жұмыскерлер мен дайындығы жоғары деңгейлі мамандарды, соның ішінде жалпылама гуманитарлық пәндер саласындағы мамандарды тақырыпты (пәнді) терең оқытуға ықпал ету;
- тек оқу материалын ғана емес, сонымен бірге қажетті қосымша әдебиеттерді ұсыну арқылы ресми және бейресми білім беруге қолдау көрсету;
- кеңейтілген білім шеңберінде бірреттік сипаттағы ақпаратпен тұтынушылықты қанағаттандыру қажеттілігі;
- дәстүрлі кітапханалық қорды электрондық түрдегі құжаттармен кеңейту және жеке тұлғалардың қолжазбаша және құнды кітаптарына сақтандыру қоры қызметін орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 116 | | Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту | Порталға шығарылатын, жұмыстарды бақылау мен үйлестіру механизмін анықтайтын құжаттарды іріктеу, белгілеу және сипаттау бойынша бірлескен жұмыс бағыттарын, мазмұны мен графиктерін айқындау жөнінде жұмыс тобын құру; Ғылыми ынтымақтастықты ұйымдастыру; Порталға арналған бағдарламалық қамсыздандыруды жасау немесе сатып алу; Электрондық құжаттарды іріктеу, белгілеу және сипаттау; Құжаттарды сипаттаудың жалпы стандарттарын, форматтарын, әдістемелерін және әдістерін жасау; Қажетті техникалық құралдарды сатып алу; Бағдарламалық өнімдерді сатып алу; Порталда ресурстарды орнату және оны әкімшілендіру; Порталды жылжыту және жариялау; «Желтые страницы Казахстана» (қазақстандық сайттар каталогы) журналын шығару, «электрондық Үкімет» порталында журналдың электрондық үлгісін орналастыру. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- «Ұлттық мұра» ақпараттық-танымдық веб-порталды ендіру тұжырымдамасын жасау;
- «Қазақстан Кітапханасы» мемлекеттік кітапханалық қорын Интернет қызметтерімен қалыптастыру;
- техникалық құралдарды сатып алу;
- бағдарламалық өнімдерді сатып алу;
- веб-порталды әзірлеу;
- «Желтые страницы Казахстана» (қазақстандық сайттар каталогы) журналын шығару, «электрондық үкімет» порталында журналдың электрондық үлгісін орналастыру.
Соңғы нәтиже: елде жалпы ақпараттық-мәдени кеңістікті құру, оны іске асыру барысында ақпараттық ресурстарды сипаттайтын жалпы стандарттарды, мәліметтермен алмасу форматтары, жалпы әдістемелері мен әдістері жасалады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: веб-порталды құруға кеткен орташа шығын - 125 000 мың теңге.
Уақыттылығы: іс-шараларды бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес атқару.
Сапасы: Интернет желісін қазақстандық сегментпен ақпараттық толтыру және оқуға деген тұрғындардың ынтасын қалыптастыру.