ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КАДАСТР ГРАЖДАНСКОГО И СЛУЖЕБНОГО ОРУЖИЯ И ПАТРОНОВ К НЕМУ - официальным сборником, содержащим систематизированные сведения о гражданском и служебном оружии и патронах к нему, разрешенных к обороту на территории РК (ст. 8 ЗРК «О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия» от 30 декабря 1998 года № 339) | АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК ҚАРУ МЕН ПАТРОНДАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КАДАСТРЫ - ҚР аумағында айналымға рұқсат етілген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары туралы жүйеге түсірілген мәліметтер бар ресми жинақ болып табылады («Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339 ҚРЗ 8-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КЛАССИФИКАТОР ТЕХНИКО-ЭКОНОМИЧЕСКОЙ ИНФОРМАЦИИ - документ, который представляет собой систематизированные своды кодов и наименований классификационных групп объектов технико-экономической информации (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603) | ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЖІКТЕУІШІ - техникалық-экономикалық ақпарат объектілерінің жіктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын білдіретін құжат («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОНТРОЛЬ - система мер, принимаемых уполномоченными государственными органами при проведении проверок соблюдения законности, выявления и устранения причин и условий нарушений законодательства, восстановления нарушенных прав физических и юридических лиц, точного и единообразного применения нормативных правовых актов и выполнения обязательных требований нормативных актов в соответствии с законами РК (ст. 1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481) | МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ - заңдылықтың сақталуын тексеру, заңнаманы бұзушылықтың себептері мен жағдайларын анықтау және жою, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, нормативтік құқықтық актілерді дәл және біркелкі қолдану және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің міндетті талаптарын орындау кезінде уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралар жүйесі (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 ҚР Су кодексі 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОНТРОЛЬ - деятельность государственных органов в пределах их компетенции по контролю за соблюдением субъектами частного предпринимательства законодательства РК (ст. 1 ЗРК «О частном предпринимательстве» от 31 января 2006 года № 124) | МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ҚР заңнамасын сақтауын мемлекеттік органдардың өздерінің құзыреті шегінде бақылауы жөніндегі қызметі («Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОНТРОЛЬ В СФЕРЕ ОБРАЩЕНИЯ ЛЕКАРСТВЕННЫХ СРЕДСТВ - комплекс действий, направленных на выявление и пресечение нарушений нормативных правовых актов, регламентирующих фармацевтическую деятельность, и приведение фармацевтической деятельности в соответствие с требованиями законодательства РК о лекарственных средствах (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522) | ДӘРІЛІК ЗАТТАР АЙНАЛЫМЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ - фармацевтикалық қызметті регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің бұзылуын анықтауға әрі жолын кесуге және фармацевтикалық қызметті ҚР дәрілік заттар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған іс-қимылдар кешені («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОНТРОЛЬ ПРИ ПРИМЕНЕНИИ ТРАНСФЕРТНЫХ ЦЕН В МЕЖДУНАРОДНЫХ ДЕЛОВЫХ ОПЕРАЦИЯХ - осуществляется с целью установления факта отклонения применяемых цен от рыночных по сделкам, указанным в пункте 2 статьи 3 Законом РК «О государственном контроле при применении трансфертных цен», и корректировки объектов налогообложения (ст. 3 ЗРК «О государственном контроле при применении трансфертных цен» от 5 января 2001 года № 136-II) | ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІСКЕРЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРДА ТРАНСФЕРТТІК БАҒАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ - «Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы» ҚР Заңының 3-бабының 2-тармағында аталған мәмілелер бойынша қолданылатын бағалардың нарықтық бағалардан ауытқу фактісін анықтау және салық салу объектілеріне түзету енгізу мақсатымен жүзеге асырылады («Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы» 2001 жылғы 5 қаңтардағы № 136-II ҚРЗ 3-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОНТРОЛЬ В СФЕРЕ ОКАЗАНИЯ МЕДИЦИНСКИХ УСЛУГ - проверка, проводимая государственным органом по контролю в сфере оказания медицинских услуг, субъектов здравоохранения независимо от ведомственной принадлежности по исполнению ими нормативных правовых и правовых актов в области здравоохранения (ст. 1 ЗРК «О системе здравоохранения» от 4 июня 2003 года № 430) | МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ - медициналық қызметтер көрсету саласындағы, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау субъектілерінің денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді орындау бойынша бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүргізетін тексеру («Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430 ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ МАТЕРИАЛЬНЫЙ РЕЗЕРВ - запас материальных ценностей, предназначенный для мобилизационных нужд, принятия первоочередных мер по ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, оказания гуманитарной помощи и регулирующего воздействия на рынок (ст. 1 ЗРК «О государственном материальном резерве» от 27 ноября 2000 года № 106-II) | МЕМЛЕКЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҢ РЕЗЕРВ - жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдауға, ізгілік көмек көрсетуге және нарыққа реттеушілік ықпал жасауға арналған материалдық құндылықтар запасы («Мемлекеттік материалдың резерв туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 106-II ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ МЕТРОЛОГИЧЕСКИЙ НАДЗОР - деятельность уполномоченного органа по техническому регулированию и метрологии и его территориальных подразделений по надзору за выпуском, состоянием и применением средств измерений, применением методик выполнения измерений, соблюдением метрологических правил и норм, за количеством товаров при продаже, а также за количеством фасованных товаров в упаковках любого вида при их расфасовке, продаже и импорте (ст. 1 ЗРК «Об обеспечении единства измерений» от 7 июня 2000 года № 53-II) | МЕМЛЕКЕТТІК МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ - техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің өлшем құралдары шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелері қолданылуын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын қадағалау жөніндегі қызметі («Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ МОНИТОРИНГ СОБСТВЕННОСТИ - наблюдение, сбор информации, анализ, оценка и прогноз состояния структуры собственности и эффективности управления объектов собственности в отраслях экономики, имеющих стратегическое значение (ст. 1 ЗРК «О государственном мониторинге собственности в отраслях экономики, имеющих стратегическое значение» от 4 ноября 2003 года № 490) | МЕНШІКТІҢ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГІ - экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншік объектілерінің меншік құрылымы мен басқару тиімділігінің жай-күйін бақылау, ақпарат жинау, талдау, бағалау және болжау («Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» 2003 жылғы 4 қарашадағы № 490 ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ПРИРОДНЫЙ ПАРК - особо охраняемая природная территория со статусом природоохранного и научного учреждения, предназначенная для сохранения биологического и ландшафтного разнообразия, использования в природоохранных, эколого-просветительных, научных, туристских и рекреационных целях уникальных природных комплексов и объектов государственного природно-заповедного фонда, имеющих особую экологическую, научную, историко-культурную и рекреационную ценность (ст. 44 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175) | МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРК - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының бірегей табиғи кешендері мен объектілерінің биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚР3 44-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ОБОРОННЫЙ ЗАКАЗ - заказ, утвержденный Правительством РК, предусматривающий обеспечение государственных нужд обороны и безопасности РК, размещение заказа на производство, поставку, приобретение вооружений, военной техники, товаров и технологий двойного применения (назначения) в соответствии с международными договорами, ратифицированными РК (ст. 1 ЗРК «О государственном оборонном заказе» от 19 января 2001 года № 146) | МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАНЫСТЫҚ ТАПСЫРЫС - ҚР қорғанысы мен қауіпсіздігінің мемлекеттік қажеттерін қамтамасыз етуді, ҚР бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес қару-жарақ, әскери техника, екі ұдай мақсатта қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар өндіру, беру, сатып алу жөніндегі тапсырысты орналастыруды көздейтін ҚР Үкіметі бекіткен тапсырыс («Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 146-II ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ЗАКАЗ - устанавливаемый соответствующими государственными органами план подготовки квалифицированных рабочих и специалистов, реализуемый путем финансирования за счет государственного бюджета; покупки образовательных услуг организаций начального профессионального, среднего профессионального, высшего профессионального и послевузовского профессионального образования; предоставления на конкурсной основе государственных образовательных грантов и кредитов (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389) | МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ - мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру; кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орындарынан кейін кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру қызметін сатып алу; конкурстық негізде мемлекеттік білім беру гранттары мен кредиттерін беру арқылы іске асырылатын, тиісті мемлекеттік органдар белгілейтін білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау жоспары («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ОРГАН В ОБЛАСТИ САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКОГО БЛАГОПОЛУЧИЯ НАСЕЛЕНИЯ - определяемый Правительством РК государственный орган с его территориальными подразделениями, осуществляющий в пределах компетенции уполномоченного органа в области здравоохранения исполнительные, контрольные и надзорные функции, а также руководство в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения (ст. 1 ЗРК «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населения» от 4 декабря 2002 года № 361) | ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ УӘКІЛЕТТІ ОРГАН - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті шегінде атқарушылық бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелері бар, ҚР Үкіметі айқындайтын мемлекеттік орган («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсан № 361-II ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ОРГАН В СФЕРЕ ОБРАЩЕНИЯ ЛЕКАРСТВЕННЫХ СРЕДСТВ - определяемый Правительством РК государственный орган, осуществляющий в пределах компетенции уполномоченного органа в области здравоохранения исполнительные, контрольные и надзорные функции, атакжеруководство всфере обращения лекарственных средств (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522) | ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ АЙНАЛЫМЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті шегінде атқару, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ дәрілік заттар айналымы саласында басшылықты жүзеге асыратын ҚР Yкіметі айқындайтын мемлекеттік орган («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ОРГАН ПО КОНТРОЛЮ В СФЕРЕ ОКАЗАНИЯ МЕДИЦИНСКИХ УСЛУГ - определяемый Правительством РК государственный орган с его территориальными подразделениями, осуществляющий в пределах компетенции уполномоченного органа в области здравоохранения исполнительные, контрольные и надзорные функции, а также руководство по качеству медицинских услуг (ст. 1 ЗРК «О системе здравоохранения» от 4 июня 2003 года № 430) | МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН - аумақтық бөлімшелері бар, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті шегінде атқарушы, бақылаушы және қадағалаушы функцияларды, сондай-ақ медициналық қызметтер көрсетудің сапасы бойынша басшылықты жүзеге асыратын, ҚР Yкіметі айқындайтын мемлекеттік орган («Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430 ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПАМЯТНИК ПРИРОДЫ - особо охраняемая природная территория, включающая отдельные уникальные, невосполнимые, ценные в экологическом, научном, культурном и эстетическом отношении природные комплексы, а также объекты естественного и искусственного происхождения, отнесенные к объектам государственного природно-заповедного фонда (ст. 64 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175) | МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКІШІ - экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алған-да жекелеген бірегей, орны толмайтын, құнды табиғи кешендерді, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне жатқызылған шығу тегі табиғи және жасанды объектілерді қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚРЗ 64-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПОЖАРНЫЙ КОНТРОЛЬ - вид деятельности, осуществляемый должностными лицами органов противопожарной службы в целях контроля за соблюдением требований пожарной безопасности и пресечения их нарушений (cт.1 ЗРК «О пожарной безопасности» от 22 ноября 1996 года № 48) | МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ - өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау және оларды бұзушылықтың алдын алу мақсатында өртке қарсы қызмет органдарының лауазымды тұлғалары жүзеге асыратын қызмет түрі («Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-І ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПРИРОДНО-ЗАПОВЕДНЫЙ ФОНД - совокупность взятых под государственную охрану объектов окружающей среды, которые имеют особую экологическую, научную, историко-культурную и рекреационную ценность в качестве природных эталонов, уникумов и реликтов, генетического резерва, предмета научных исследований, просвещения, образования, туризма и рекреации (cт.1 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175) | МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ-ҚОРЫҚ ҚОРЫ - табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, оқу-ағарту, білім беру, туризм және рекреация нысанасы ретінде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік қорғауға алынған қоршаған ортаны қорғау объектілерінің жиынтығы («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПРИРОДНЫЙ ЗАКАЗНИК - особо охраняемая природная территория с заказным режимом или регулируемым режимом хозяйственной деятельности, предназначенная для сохранения и воспроизводства одного или нескольких объектов государственного природно-заповедного фонда (ст. 67 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175) | МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚАУМАЛ - мемлекеттік табиғи-қорық қорының бір немесе бірнеше объектілерін сақтауға және молықтыруға арналған шаруашылық қызметтің тапсырыстық режимі немесе реттелмелі режимі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚРЗ 67-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПРИРОДНЫЙ ЗАПОВЕДНИК - особо охраняемая природная территория со статусом природоохранного и научного учреждения, целью деятельности которого являются сохранение и изучение на его территории естественного хода природных процессов и явлений, объектов растительного и животного мира, отдельных видов и сообществ растений и животных, типичных и уникальных экологических систем и их восстановление (ст. 39 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175) | МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҚ - табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметінің мақсаты өзінің аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін, өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлері мен қауымдастықтарын, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтіру болып табылады («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚРЗ 39-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПРИРОДНЫЙ РЕЗЕРВАТ - особо охраняемая природная территория со статусом природоохранного и научного учреждения, включающая наземные и водные экологические системы, предназначенная для охраны, защиты, восстановления и поддержания биологического разнообразия природных комплексов и связанных с ними природных и историко-культурных объектов (ст. 50 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175) | МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТ - табиғи кешендердің биологиялық саналуандығын және олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектілерді күзетуге, қорғауға, қалпына келтіруге және сақтауға арналған жердегі және судағы экологиялық жүйелерді қамтитын табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚРЗ 50-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕГИСТР ПЛЕМЕННЫХ ЖИВОТНЫХ - свод данных о количественном и породном составе племенных животных и стад (ст. 1 ЗРК «О племенном животноводстве» от 9 июля 1998 года № 278) | АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕЛІМІ - асыл тұқымды малдың және асыл тұқымды мал табындарының сан және тұқым құрамы туралы деректер жиынтығы («Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 278 ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕГИСТР ЭЛЕКТРОННЫХ ИНФОРМАЦИОННЫХ РЕСУРСОВ И ИНФОРМАЦИОННЫХ СИСТЕМ - систематизированный перечень, включающий свод описаний электронных информационных ресурсов и информационных систем (ст. 1 ЗРК «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217) | ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР МЕН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕЛІМІ - электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер сипаттамаларының жиынтығын қамтитын жүйеленген тізбе («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР ВЕТЕРИНАРНЫХ ПРЕПАРАТОВ - перечень, издаваемый уполномоченным государственным органом в области ветеринарии, содержащий сведения о ветеринарных препаратах, прошедших государственную регистрацию и разрешенных к производству, импорту и применению в РК (ст. 1 ЗРК «О ветеринарии» 10 июля 2002 года № 339) | ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІ - ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган шығаратын, мемлекеттік тіркеуден өткен және ҚР өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар туралы мәліметтері бар тізбе («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР ГРАЖДАНСКИХ ВОЗДУШНЫХ СУДОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН - документ, в котором производится государственная регистрация гражданских воздушных судов РК прав на них и сделок с ними (cт.1 ЗРК «О государственном регулировании гражданской авиации» от 15 декабря 2001 года № 271) | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІ - ҚР азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жүргізілетін құжат («Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» 2001 жылғы 15 желтоқсандағы № 271-ІІ ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР ЛЕКАРСТВЕННЫХ СРЕДСТВ - документ учета зарегистрированных и разрешенных к медицинскому применению в РК лекарственных средств (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522) | ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІ - ҚР тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттарды есепке алу құжаты («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР НАЛОГОПЛАТЕЛЬЩИКОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН - система государственной базы данных учета налогоплательщиков, которую ведет уполномоченный государственный орган с целью осуществления контроля над правильностью исчисления и своевременностью уплаты налогов и других обязательных платежей в бюджет (ст. 520 НК РК от 12 июня 2001 года № 209) | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІ - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі мен уақтылы төленуін бақылауды жүзеге асыру мақсатымен уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетін салық төлеушілерді есепке алудың мемлекеттік деректер базасының жүйесі (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II ҚР СК 520-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР НОРМАТИВНЫХ ПРАВОВЫХ АКТОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН - единая система государственного учета нормативных правовых актов РК, содержащая реквизиты нормативных правовых актов и другие сведения информационно-справочного характера об этих актах (ст. 1 ЗРК «О нормативных правовых актах» от 24 марта 1998 года № 213) | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІ - нормативтік құқықтық актілердің реквизиттерін және осы актілер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәліметтерді қамтитын ҚР нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік есебінің бірыңғай жүйесі («Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР ОБЪЕКТОВ НАЦИОНАЛЬНОГО КУЛЬТУРНОГО ДОСТОЯНИЯ - перечень национального культурного достояния, имеющий особое значение для истории и культуры страны (ст. 1 ЗРК «О культуре» от 15 декабря 2006 года № 207) | ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ИГІЛІК ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІ - ел тарихы мен мәдениеті үшін айрықша мәні бар ұлттық мәдени игіліктің тізбесі («Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР СЕЛЕКЦИОННЫХ ДОСТИЖЕНИЙ - Государственный реестр РК охраняемых сортов растений и Государственный реестр РК охраняемых пород животных, которые включают сорта, породы, на которые выданы патенты (ст. 2 ЗРК «Об охране селекционных достижений» от 13 июля 1999 года № 422) | СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІ - ҚР қорғалатын өсімдік сорттарының мемлекеттік тізілімі мен ҚР патенттер берілген сорттарды, тұқымдарды қамтитын қорғалатын жануарлар тұқымдарының мемлекеттік тізілімі («Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 422 ҚРЗ 2-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР СЕЛЕКЦИОННЫХ ДОСТИЖЕНИЙ, ДОПУЩЕННЫХ К ИСПОЛЬЗОВАНИЮ - Государственный реестр РК селекционных достижений, допущенных к использованию, который включает сорта, породы, допущенные для хозяйственного использования в производстве (ст. 2 ЗРК «Об охране селекционных достижений» от 13 июля 1999 года № 422) | СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРДІҢ ПАЙДАЛАНУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІ - пайдалануға рұқсат етілген, өндірісте шаруашылыққа пайдалану үшін рұқсат етілген сортты, тұқымды қамтитын, ҚР селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізілімі («Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 422 ҚРЗ 2-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР СУБЪЕКТОВ РЫНКА, ЗАНИМАЮЩИХ ДОМИНИРУЮЩЕЕ (МОНОПОЛЬНОЕ) ПОЛОЖЕНИЕ НА СООТВЕТСТВУЮЩЕМ ТОВАРНОМ РЫНКЕ - поименный перечень субъектов рынка, осуществляющих предпринимательскую деятельность и занимающих доминирующее (монопольное) положение на соответствующем товарном рынке (ст. 1 ЗРК «О конкуренции и ограничении монополистической деятельности» от 7 июля 2006 года № 173) | ТИІСТІ ТАУАР НАРЫҒЫНДА ҮСТЕМ (МОНОПОЛИЯЛЫҚ) ЖАҒДАЙҒА ИЕ НАРЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІ - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің атаулы тізбесі («Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 173 ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР ЭМИССИОННЫХ ЦЕННЫХ БУМАГ - совокупность сведений о выпускахэмиссионных ценных бумаг и их эмитентах, формируемых уполномоченным органом (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461) | ЭМИССИЯЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІ - уәкілетті орган қалыптастыратын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары мен олардың эмитенттері туралы мәліметтердің жиынтығы («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКИЙ НАДЗОР - деятельность органов санитарно-эпидемиологической службы по предупреждению, выявлению, пресечению нарушений законодательства РК в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения в целях охраны здоровья и среды обитания населения (ст. 1 ЗРК «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населения» от 4 декабря 2002 года № 361-II) | МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ - халықтың денсаулығын сақтау мен тіршілік ету ортасын қорғау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ҚР заңдарын бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу жөніндегі қызметі («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-II ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ СЛУЖАЩИЙ - гражданин РК, занимающий в установленном законодательством порядке оплачиваемую из республиканского или местных бюджетов, либо из средств Национального банка РК должность в государственном органе и осуществляющий должностные полномочия в целях реализации задач и функций государства (ст. 1 ЗРК «О государственной службе» от 23 июля 1999 года № 453) | МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ - мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын ҚР азаматы («Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ СОЦИАЛЬНЫЙ ЗАКАЗ - форма реализации социальных программ, проектов, а также отдельных мероприятий, направленных на решение социальных задач республиканского, отраслевого и регионального уровней, обеспеченных за счет бюджетных средств, посредством заключения договора на осуществление государственного социального заказа (ст. 1 ЗРК «О государственном социальном заказе» от 12 апреля 2005 года № 36) | МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫС - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға шарт жасасу арқылы бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілген республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік бағдарламаларды, жобаларды, сондай-ақ әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған жекелеген іс-шараларды іске асырудың нысаны («Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36 ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ СТАНДАРТ - стандарт, утвержденный уполномоченным органом и доступный широкому кругу потребителей (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603) | МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТ - уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді стандарт («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ СТРАХОВОЙ ФОНД КОПИЙ ДОКУМЕНТОВ - совокупность страховых копий документов Национального архивного фонда, имеющих для государства непреходящее значение и незаменимых при их утрате (ст. 1 ЗРК «О национальном архивном фонде и архивах» от 22 декабря 1998 года № 326-І) | ҚҰЖАТТАР КӨШІРМЕЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ - Ұлттық мұрағат қорының мемлекет үшін бірден-бір маңызы бар және жойылған жағдайда орны толмайтын құжаттарының сақтандыру көшірмелерінің жиынтығы («Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-І ҚРЗ 1-бап) |
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ СУДОВОЙ РЕЕСТР - документ, в котором регистрируются суда и права на них, соответствующие требованиям, установленных пунктом 5 статьи 26 Закона РК «О внутреннем водном транспорте» (ст. 1 ЗРК «О внутреннем водном транспорте» от 6июля 2004 года № 574) | МЕМЛЕКЕТТІК КЕМЕ ТІЗІЛІМІ - «Ішкі су көлігі туралы» ҚР Заңның 26-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес кемелер мен оларға құқықтар тіркелетін құжат («Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 ҚРЗ 1-бап) |