2) ақпарат беру туралы шарт жасасуға;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) осы Заңда және ақпарат беру туралы шартта айқындалған талаптарда, көлемде және тәртіппен кредиттік бюроларға ақпарат беруге;
4) кредиттік бюроларға берiлген ақпаратты кредиттiк тарих субъектісінің талап ету бойынша түзетуге;
5) кредиттік бюроларға кредиттік тарих субъектісі туралы бар мәлiметтермен дәлме-дәл сәйкес ақпарат беруге;
6) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдалануға;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) кредиттiк ақпаратты алу мен өңдеудiң тиiсiнше шарттарын өз қаражаты есебiнен қамтамасыз етуге;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) ақпарат беру туралы шартта белгіленген тәртіпте және мерзімде кредиттік тарих субъектісіне қатысты деректердің кез келген өзгерістері туралы кредиттік бюроға хабарлауға міндетті.
3. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген ақпарат берушілер:
1) өздерi кредиттiк бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасқан жағдайда осы Заңда белгiленген, өзге де ақпарат берушiлерге қойылатын талаптарды сақтауға тиiс;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) кредиттік тарих субъектiлерi туралы өздерiнде бар ақпаратты кредиттiк бюроларға тегін бередi.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Кредиттік есептерді алушылар
1. Мыналар:
1) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
2) жүйелендірілген белгілерін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тауарларды және көрсетілетін қызметтерді кредитке өткізетін не төлемдердің мерзімін ұзартатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
3) ақпаратты ұсыну шарттары негізінде өзге де тұлғалар;
4) кредиттік тарих субъектісі кредиттік есептерді алушылар болып табылады.
Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар тек өздері туралы кредиттік есеп алуға құқылы.
Кредиттік есептерді осы тармақта көрсетілмеген тұлғаларға беруге жол берілмейді.
2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кредиттік есептерді алу туралы шарт жасасқаннан кейін кредиттік есептерді алушылар ретінде кредиттік бюрода тіркелуге тиіс.
21-бап. Кредиттік есептi алушының құқықтары мен міндеттері
1. Кредиттiк есептi алушы:
1) кредиттiк есептi алуға;
2) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де құқықтары болуға құқылы.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Кредиттік тарих субъектісі, осы Заңның 17-бабының 4) тармақшасында көзделген, субъектіге түзетілген кредиттік есеп берілетін жағдайды қоспағанда, өзі туралы кредиттік есепті күнтізбелік жыл ішінде бір рет тегін алуға құқылы.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы Заңның 20-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген кредиттiк есептi алушылар:
1) кредиттiк тарих субъектiсi туралы кредиттiк есептi алуға оның келісімiн алғандығы туралы растауды кредиттік бюроға табыс етуге;
2) кредиттiк есептi алушы ретiнде тiркелген кезде оларға табысетiлген мәлiметтердiң өзгергенi туралы хабарлауға;
3) кредиттік есепке қатысты құпиялылықты сақтауға және ондағы ақпаратты үшiншi тұлғаларға жария етпеуге;
4) кредиттiк есептегi ақпаратты осы Заңның 26-бабында көзделген мақсаттар үшiн ғана пайдалануға;
5) кредиттiк тарих субъектiсiнің талабы бойынша оны кредиттiк есептiң мазмұнымен таныстыруға не оған кредиттiк есептi алушының iшкi ережелерiне сәйкес кредиттiк есептiң көшiрмесiн беруге;
6) кредиттiк бюроның кредиттiк есептi беру жөнiнде көрсететiн қызметiне ақы төлеуге;
7) Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi.
22-бап. Кредиттiк тарих субъектiсiнің құқықтары
Кредиттiк тарих субъектiсi:
1) ақпарат берушiге кредиттiк тарихты қалыптастыру үшiн кредиттiк бюроға өзi жайында мәлiметтер табыс ету туралы келісім беруге;
2) кредиттiк есептi алушыға өзi туралы кредиттiк есептi алуына келісім беруге;
3) кредиттiк бюроға өзi туралы ақпарат түскен кезден бастап, осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес өзi туралы кредиттiк есептi алуға;
4) кредиттiк есептi алушыдан кредит алуға оның өтінiмiн қараған кезде кредиттiк есеппен таныстыруды не алушы кредиттiк бюродан алған кредиттiк есептiң көшiрмесiн кредиттiк есептi алушының iшкi ережелерiне сәйкес берудi талап етуге;
5) кредиттiк есептегi ақпаратпен, беруші туралы ақпарат алу мүмкiндiгiмен келiспеушілiктi мәлiмдеуге;
6) алушыға берiлген кредиттiк есепте кредиттiк бюро қызметкерлерінің әрекетi немесе әрекетсiздiгі салдарынан ақпарат берушiлер кредиттiк бюроға берген ақпаратқа сәйкес келмейтiн ақпарат болса, кредиттiк бюролардан түзетiлген кредиттiк есептi сұратуға;
7) дәйектемесiз ақпаратты түзету туралы талаппен ақпарат берушiге өтiнiш жасауға құқылы.
5-тарау. Кредиттік бюроларға ақпарат беру
23-бап. Кредиттік бюроларға ақпарат берудiң жалпы шарттары
1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген ақпарат берушiлер осы Заңда көзделген ақпаратты барлық кредиттiк бюроларға бередi.
2. Кредиттiк тарих субъектiсiнiң келісімi болған жағдайда осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетiлген ақпарат берушілер кредиттiк бюроларға ақпарат беруге мiндетті.
Олардың кредиттік бюроларға ақпарат беру және кредиттік есептердi алу жағдайлары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалатын ақпарат беру және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарттарда айқындалады.
2007.26.07 № 311-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар кредиттік бюролармен жасалған ақпарат беру туралы шарттар негiзiнде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда кредиттiк бюроларға ақпарат бередi.
4. Берушiлер кредиттiк бюроға ақпаратты электрондық жеткізушімен береді. Ақпаратты қағаз түрiндегі жеткізушімен беру жағдайлары кредиттік бюроның ішкі құжаттарында және олар ақпарат берушілермен жасасатын шарттарда айқындалады.
5. Ақпарат берушілер кредиттiк тарих субъектілерінің өздері туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға табыс етуге алған келісімдерін есепке алуды жүргізедi.
6. Кредиттiк тарих субъектілерiнің өздерi туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға қағаз түріндегі жеткізушiмен табыс етуге келісімiн ақпарат берушi кредиттiк бюроларға олар туралы сoңғы ақпарат берiлген күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиiс.
24-бап. Кредиттік бюроларға берiлетін ақпарат
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кредиттiк бюроларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлернi жүзеге асыратын ұйымдар беретiн ақпаратта:
1) тұлға осы банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымнан алған кредит бойынша борыш сомасы, сондай-ақ ол алған барлық кредиттер, шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша борыштың жалпы сомасы;
2) кредиттердi, сондай-ақ шартты және ықтимал мiндеттемелердi беру күнi, өтеу күнi (график бойынша және iс жүзiнде);
3) мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз етудiң (сейф жәшіктерiнде, шкафтарда және банктің үй-жайында сақтаулы тұрған қамтамасыз етудi қоспағанда) құрамы мен тәсілдерi туралы ақпарат;
4) тараптардың келісімi бойынша өзге де мәлiметтер болуға тиiс.
Осы тармақтың мақсаттары үшiн кредит деп банктік қарыз, лизинг, факторинг, форфейтинг операциялары, сондай-ақ вексельдердi есепке алу түсiніледi.
2. Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзімін ұзартатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға кредиттiк бюроларға беретiн ақпаратта мынадай мәлiметтер:
1) кредит бойынша, сондай-ақ кредитке алынған барлық тауарлар және көрсетілетiн қызметтер бойынша борыш сомасы;
2) кредиттерді беру күнi, өтеу күнi (график бойынша және iс жүзiнде);
3) мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз етудiң құрамы мен тәсiлдерi туралы ақпарат;
4) тараптардың келісімi бойынша өзге де мәлiметтер болуға тиiс.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес кредиттік тарих субъектісі - жеке тұлға туралы берiлген ақпаратта тегi, аты, әкесінiң аты, туған күнi, тұрғылықты жерi, заңдық мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi, салық төлеушінiң тiркеу нөмiрi болуға тиiс.
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес кредиттiк тарих субъектiсi - заңды тұлға туралы берiлетін ақпаратта атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеу нөмiрi және күнi, салық төлеушінiң тiркеу нөмiрi, бiрiншi басшыларының тегi, аты, әкесiнің аты және олардың салық төлеушiнің тiркеу нөмiрлерi болуға тиiс.
2007.26.07 № 311-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Кредиттiк бюроларға жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органдар беретін ақпаратта мынадай мәлiметтер:
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жеке тұлғалар үшін - тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, тұрғылықты жерi, заңдық мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi, салық төлеушiнің тiркеу нөмiрi, меншiк құқығын және басқа құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке ауыртпалықтарды тiркеу туралы мәлiметтер;
2) заңды тұлғалар үшiн - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны орналасқан жерi, заңды тұлға ретіндe мемлекеттік тiркеу нөмiрi мен күнi, салық төлеушінiң тіркеу нөмірі, банк деректемелерi, меншiк құқығын және басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке ауыртпалықтарды тiркеу туралы мәлiметтер болуға тиіс.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Осы бапта көзделген ақпарат тiзбесi кредиттiк бюро мен ақпарат берушi арасындағы келісім бойынша, олар жасасатын ақпарат беру туралы шарт негiзiнде, егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, толықтырылуы мүмкiн.
25-бап. Кредиттік тарих субъектісінің ақпарат беруге және кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу
1. Кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге және (немесе) кредиттiк есептi алушыға кредиттік есептi беруге келісімi жазбаша түрде ресiмделедi.
2. Ақпарат субъектiсiнiң - жеке тұлғаның келісімiн Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарына сәйкес ресiмделген сенімхат негiзiнде әрекет ететін сенім білдiрiлген тұлға да ресiмдеуi мүмкiн.
3. Кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы ақпаратты кредиттiк тарихты қалыптастыру үшiн кредиттiк бюроларға беруге және (немесе) кредиттiк есептi беруге, келісімiнiң болмағаны, сондай-ақ оның дұрыс ресiмделмегенi үшiн кредиттiк есептi беру туралы сауал салған ақпарат берушi, кредиттiк есептi алушы не олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының әкiмшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
26-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi пайдалану негiздемелерi мен мақсаттары
1. Кредиттiк бюроларға ақпарат беру, кредиттiк есептер беру үшін кредиттік тарих субъектiсiнiң келiсімi негiздеме болып табылады.
2. Кредиттiк есептi алушылар кредиттiк бюролар жүйесіндегі ақпаратты:
1) кредиттер беру, мониторинг жасау және кредиттердiң мерзiмiн ұзарту кезiнде тәуекелдердi бағалау;
2) кредиттiк шарттардың талаптары өзгерген кезде тәуекелдердi бағалау;
3) мерзiмi ұзартылған төлемдермен жасалатын өзге де мәмiлелер бойынша тәуекелдердi бағалау;
4) кредиттік есептегi ақпараттың дұрыстығын растау мақсатында пайдалануы мүмкiн.
3. Кредиттік бюролар ақпарат берушiлерден алған мәлiметтердi маркетингтiк және статистикалық зерттеулердi жүзеге асыру үшiн пайдалануға құқылы.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөніндегі келісім болған кезде, кредиттік бюро шет мемлекеттердің кредиттік бюроларына субъектінің кредиттік тарихы бар немесе жоқ екендігі туралы ақпарат беруге және олардан ақпарат алуға құқылы.
6-тарау. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жөніндегі
қатынастар
27-бап. Ақпарат берушiлермен және кредиттік есептерді алушылармен жасалатын шарттар
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру жөніндегі өз міндеттемелерін орындау мақсатында кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру құқығына уәкілетті орган лицензия берген және (немесе), егер ақпарат берушінің қызметін лицензиялау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса, ол лицензияны алған күннен бастап күнтізбелік 180 күн ішінде барлық кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарттар жасасуға міндетті.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ақпарат беру туралы шартта мынадай талаптар:
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жеке кәсiпкердің деректерi немесе тараптардың толық атауы, олардың тұрғылықты жері, заңдық мекен-жайы немесе орналасқан жері, банк деректемелерi туралы ақпарат;
2) шарттың қолданылу мерзiмi, оны өзгерту, тоқтату және бiржақты тәртiппен бұзу негiздемелерi мен тәртібі, сондай-ақ шарт бойынша мiндеттемелердi бұзғаны үшiн айыппұлдардың мөлшерi;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) кредиттiк тарих субъектiсiнің өзi туралы кредиттiк ақпаратты кредиттiк бюроларға беруге келісімiн мiндеттi түрде алу;
4) кредиттiк тарихты қалыптастыратын ақпараттың түрлерi, көлемi, мерзiмi (кезеңдiлiгi), беру тәртібі, шарт тараптары көрсететін қызметтерге ақы төлеу талаптары, сондай-ақ кредиттiк тарихтың деректер базасын және пайдаланылатын ақпараттық жүйелердi қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық шаралар мен технологиялық талаптарды бiрлесіп iске асыру талаптары;
5) кредиттiк бюроның берiлетiн ақпаратты тек осы Заңда көзделген мақсаттарға сәйкес пайдалану туралы мiндеттемесi;
6) кредиттiк бюроның барлық алынатын ақпаратқа қатысты құпиялылық режимiн сақтау және оны тек осы Заңда көзделген негіздемелерде, шарттарда және тәртіппен ашу туралы мiндеттемесi;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) ақпарат берушінің кредиттік бюроға жіберілетін барлық ақпаратқа қатысты құпиялылық режимін сақтауы туралы міндеттемесі;
8) 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) ақпарат берушiнiң кредиттік бюроға дәйектемесiз ақпарат берген жағдайдағы жауапкершiлiгiн қоса алғанда, тараптардың жауапкершiлiгi болуға тиiс.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Кредиттік есептерді алу туралы шартта мынадай талаптар:
1) жеке тұлғаның деректері немесе тараптардың толық атауы, олардың тұрғылықты жері, заңдық мекен-жайы немесе орналасқан жері, банк деректемелері туралы ақпарат;
2) шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту, тоқтату және біржақты тәртіппен бұзу негіздері мен тәртібі, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыппұлдардың мөлшері;
3) кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алушыға өзі туралы кредиттік есепті беруге келісімін міндетті түрде алу;
4) кредиттік есептерде қамтылған ақпараттың көлемі және кредиттік есептерді алу тәртібі;
5) кредиттік есептерді алушының кредиттік есептерде қамтылған ақпаратты таратпау туралы міндеттемесі;
6) кредиттік есепті алушының берілетін ақпаратты тек осы Заңмен көзделген мақсаттарға сәйкес пайдалануы туралы міндеттемесі;
7) тараптардың жауапкершілігі қамтылуға тиіс.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Уәкілетті органның кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесі қатысушыларының қызметін қамтамасыз етуге қоятын талаптарына ақпарат берушінің сәйкес келуін растайтын құжаттың болуы ақпарат беру туралы шартты жасасудың міндетті талабы болып табылады.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
28-бап. Кредиттiк есептi алушы ретiнде кредиттiк бюрода тiркеу
Осы Заңның 20-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген тұлғалар кредиттік бюрода тiркелу үшiн мынадай құжаттар:
1) кредиттiк бюрода тiркеу туралы өтiнiш;
2) уәкілеттi органның лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге жасыруға беретiн лицензияларының нотариат куәландырған көшiрмелерiн (лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар үшiн);
3) заңды тұлға (жеке кәсіпкер) ретiнде мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
4) сауал жолдауға уәкiлеттi тұлғалардың тегi, аты, әкесiнің аты және лауазымы туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға табыс етедi. Қажет болған жағдайда көрсетiлген ақпарат осы тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
29-бап. Кредиттік есептi беру
1. Кредиттiк есептi беруге:
1) кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы кредиттiк есептi беруге келісімiнiң болуы;
2) кредиттiк есептi алушының осы Заңда қойылатын талаптарға сәйкестiгi;
3) кредиттiк есептi алушының кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредиттiк есептi беруге келісімiнiң бар екендiгiн растаған сауалы негiздеме болып табылады.
2. Кредиттiк бюро кредиттiк есептер беру туралы сауалдарды және табыс етiлген кредиттiк есептердi есепке алып отырады.
3. Сауалды алушының атынан, кредиттiк бюроға сауал беруге жауапты оның арнайы уәкiлеттi тұлғасы бередi, ол туралы ақпарат кредиттiк бюроның алушылары тiзiлiмiнде болады.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3.1. Кредиттік тарих субъектілерінің өздері жөніндегі кредиттік есепті қағаз жеткізгіште беру туралы келісімін кредиттік есептерді алушылар кредиттік тарих субъектісінің келісімін алған күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиіс.
4. Кредиттiк бюро кредиттiк тарих субъектiсiне қатысты кредиттiк есептi оған берудi кредиттiк тарих субъектiсiнiң жазбаша сауалы негiзiнде жүзеге асырады.
5. Кредиттiк тарих субъектісi үшiн кредиттiк есепте осы субъектiнiң кредиттiк тарихы бойынша кредиттiк есептердi берудiң бұрын орын алған барлық фактілері туралы, берiлген күнi, алушылардың атаулары мен деректемелерi көрсетілген ақпарат болуға тиiс.
6. Кредиттiк бюро кредиттiк есептi беру кезiнде барлық ақпарат берушiлердi және кредиттiк бюроның осы ақпаратты алған күнiн көрсетуге мiндеттi.
7. Кредиттiк есептi беру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелерде, жағдайларда және тәртiппен жүзеге асырылады.
8. Кредиттiк бюро ақпаратты берушіден алынған ақпаратты бұрмалағаны үшiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
30-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi беру жөнiндегі көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу
Ақпарат берушiлер және кредиттiк бюролар көрсететiн қызмет үшiн ақы белгiленедi, оның мөлшерi және өндiрiп алу тәртібі шартқа сәйкес айқындалады.
Кредиттік бюро ақпарат берушілердің кредиттік бюроға ақпарат бергендері үшін ақы алмайды.
7-тарау. Қорытынды ережелер
31-бап. Дауларды шешу ерекшелiктерi
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредиттiк есептегi ақпаратқа дауласу туралы кредиттiк бюроға немесе ақпарат берушiге беретін өтiнiшiнде жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жері, заңдық мекен-жайы және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ дауласатын ақпаратқа нұсқау және дұрыс ақпарат беру туралы талап болуға тиiс. Өтiнiш берушi немесе оның уәкiлеттi адамы өтiнiшке қол қояды. Өтiнiш берушi сiлтеме жасаған құжаттардың көшiрмелерi өтiнiшке қоса берілуi мүмкiн.
2. Ақпарат берушi немесе кредиттiк бюро өтiнiштi алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде оны қарап, осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген екi iс-әрекеттiң бiрiн жүзеге асыруға мiндеттi.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кредиттiк бюро алған ақпараттағы бұрмалау ақпарат берушiнің немесе кредиттiк бюроның техникалық қателерiнiң салдарынан, олардың қызметкерлерiнiң өзге де iс-әрекеттерiнiң немесе әрекетсіздiгiнiң салдарынан орын алған жағдайда, ақпарат берушi жіберілген бұрмалауды анықтаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұрмалауды анықтаған күнге ақпарат берушіде бар ақпаратты кредиттік бюроға беруге міндетті. Кредиттiк бюро алушыға түзетілген кредиттiк есепті беруге мiндеттi.
4. Егер дау тудырған ақпарат кредиттiк бюроның, ақпарат берушiнiң мәлiметтерiне сәйкес келсе, онда ақпарат берушi және (немесе) кредиттiк бюро даулы ақпаратты алу көздерiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi қанағаттандырудан жазбаша түрде бас тартады.
5. Өтiнiшi қанағаттандырылудан бас тартылған өтiнiш беруші қайтадан жүгiнген жағдайда оны беруге, қарауға және дәлелдi жауап жiберуге байланысты шығындар өтiнiш берушiге жүктеледi.
Шығындарды бөлу жөнiнде келiспеушiлiктер болған жағдайда даулар сот тәртібімен қаралады.
32-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н.А. Назарбаев |