Қазақстан Республикасының
Заңы
2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы
(2008.04.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 24 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» ҚР Үкіметінің 2007.12.12. № 1223 Қаулысын қара
2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 2 722 210 114 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 2 103 413 632 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 51 805 329 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 8 544 482 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 558 446 671 мың теңге;
2) шығындар -2 768 087 899 мың теңге;
3) операциялық сальдо -45 877 785 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - 50 099 351 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 56 049 423 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 5 950 072 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 238 377 064 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 239 877 064 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 500 000 мың теңге;
6) тапшылық - - 334 354 200 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 2,1 проценті;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 334 354 200 мың теңге.
2-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 13 972 500 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3 011 499 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсімдері көзделсін.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2008 жылға арналған бюджетке түсетін түсімдердің көлемі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4-бап. Тиісті бюджеттің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін:
бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Роялти» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың Республикалық жер қойнауын қорғау және минералдық-шикізат базасын ұдайы молықтыру қоры алдындағы берешегі, сондай-ақ келісім-шарттық аумақтарды геологиялық зерттеуден мемлекет шеккен, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың негізінде осы кен орындарын пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушылар өтейтін тарихи шығындар сомасы;
бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Әлеуметтік салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Міндетті медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсіп келген аударымдары.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2004 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, салық режимі тұрақтылығының кепілдігі көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда аталған аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың сомасына азайтады;
«Өндірушілер көтерме саудада сататын өзі өндіретін бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)» коды бойынша - бұрын Жол қорына түсіп келген бензиннен алынатын алым бойынша берешек;
«Өндірушілер көтерме саудада сататын өзі өндіретін дизель отыны» коды бойынша - бұрын Жол қорына түсіп келген дизель отынынан алынатын алым бойынша берешек.
5-бап. Жұмыс берушілер еңбекке уақытша жарамсыздық, жүктілік пен босану бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленіп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомасынан асып түсуі нәтижесінде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған теріс сальдо ай сайын жалақы қорының 3 проценті шегінде әлеуметтік салық төлеу есебіне жатқызылады.
6-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемі 81 752 134 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:
Атырау облысынан - 15 467 703 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 4 249 313 мың теңге;
Алматы қаласынан - 52 400 834 мың теңге;
Астана қаласынан - 9 634 284 мың теңге.
2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферттің мөлшері 461 430 640 мың теңге сомасында көзделсін.
2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-бап. 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төменгі мөлшері - 10 515 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 4 210 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері - 7 900 теңге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 1 168 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 10 515 теңге болып белгіленсін.
2008 жылғы 1 шілдеден бастап:
1) жалақының ең төменгі мөлшері - 12 025 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 4 810 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 12 025 теңге;
4) 2008 жылдың бірінші жартыжылдығына ай сайынғы өтемақы төлеу мынадай мөлшерде:
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға - 600 теңге;
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға:
мүгедектігі бойынша:
жалпы аурулардан, еңбекте мертігуден, кәсіби аурулардан мүгедек болғандарға:
1-топтағыларға - 2 054 теңге;
2-топтағыларға - 1 601 теңге;
3-топтағыларға - 1 117 теңге;
бала кезінен мүгедектерге:
1-топтағыларға - 2 054 теңге;
2-топтағыларға - 1 676 теңге;
3-топтағыларға - 1 314 теңге;
он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға:
1-топтағыларға - 2 054 теңге;
2-топтағыларға - 1 676 теңге;
3-топтағыларға - 1 314 теңге;
он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 1 510 теңге;
мүгедектігі әскери қызметін өткеру кезінде алған жарақаттың, контузияның, мертігудің, аурудың салдарынан болған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қатарынан шыққан мүгедектерге, мүгедектігі азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі авариялардың зардаптарын жою кезінде не ядролық объектілердегі авариялық жағдайлар салдарынан болған адамдарға:
1-топтағыларға - 2 431 теңге;
2-топтағыларға - 1 963 теңге;
3-топтағыларға - 1 510 теңге;
әскери қызметін (қызметтік міндеттерін) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан алған мертігу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес аурудың салдарынан мүгедек болған жағдайда әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басшы және қатардағы құрамының адамдары қатарынан шыққан мүгедектерге:
1-топтағыларға - 2 054 теңге;
2-топтағыларға - 1 601 теңге;
3-топтағыларға - 1 117 теңге;
мүгедектігі әскери қызметін өткеру кезінде алған жарақаттың, контузияның, мертігудің, аурудың салдарынан болған әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), мүгедектігі қызметтік міндеттерін атқару кезінде осындай салдардан болған Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері қатарынан шыққан мүгедектерге:
1-топтағыларға - 3 156 теңге;
2-топтағыларға - 2 250 теңге;
3-топтағыларға - 1 510 теңге;
себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлардың салдарынан, соның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар жасау кезіндегі радиациялық әсердің салдарынан және (немесе) олардың зардаптарынан болған мүгедектерге:
1-топтағыларға - 2 431 теңге;
2-топтағыларға - 1 963 теңге;
3-топтағыларға - 1 510 теңге;
асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша:
асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша ай сайынғы өтемақының ең жоғары мөлшері оның отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2 431 теңге мөлшерінде тағайындалады.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы алуға құқығы бар отбасының еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде ай сайынғы өтемақы 997 теңге;
екеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне - 1 721 теңге;
үшеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне - 2 129 теңге;
төртеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне - 2 265 теңге;
бесеу болған кезде - отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне - 2 341 теңге мөлшерінде тағайындалады.
Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшелері болған кезде әрқайсысына арналған ай сайынғы өтемақының мөлшері 2 431 теңгенің бірдей үлесі ретінде есептеледі.
Ата-аналарының екеуінен де айырылған жағдайда балаларға (тұлдыр жетімдерге) ай сайынғы өтемақы әрбір балаға 1 359 теңге мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне - 619 теңге мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2 960 теңгеден аспайтын мөлшерде тағайындалады.
Қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан немесе алған жарақаттың, контузияның, мертігудің, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша ай сайынғы өтемақының мөлшері отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесіне 378 теңгеге, бірақ отбасының барлық мүшелеріне 2 960 теңгеден аспайтын мөлшерде ұлғайтылады;
жасына байланысты - 755 теңге болып белгіленсін.
9-бап. 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ өртке қарсы қызмет органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің, қаржы полициясы органдарының жедел-іздестіру, тергеу және саптық бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтер көрсетуге арналған шығыстарды төлеу үшін ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 430 теңге сомасында белгіленсін.
10-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін субвенциялар көлемі 449 066 155 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:
Ақмола облысына - 31 498 056 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 15 722 690 мың теңге;
Алматы облысына - 48 921 656 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 46 936 313 мың теңге;
Жамбыл облысына - 44 196 691 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 20 212 610 мың теңге;
Қарағанды облысына - 35 715 079 мың теңге;
Қостанай облысына - 33 661 004 мың теңге;
Қызылорда облысына - 36 160 661 мың теңге;
Павлодар облысына - 14 677 917 мың теңге;
Солтүстік Қазақстан облысына - 31 031 953 мың теңге;
Оңтүстік Қазақстан облысына - 90 331 525 мың теңге.
2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мынадай мөлшерлерде ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін:
жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға - 232 008 мың теңге;
жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға - 3 070 885 мың теңге;
жаңадан іске қосылатын әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға - 51 246 мың теңге;
дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға - 10 459 303 мың теңге;
ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға - 1 761 364 мың теңге.
Аталған сомаларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде айқындалады.
2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды
11-1-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қарағанды облысының облыстық бюджетіне «Қарметкомбинат» мемлекеттік акционерлік қоғамы қызметкерлерінің жалақысы бойынша 1995 жылғы қарашаға дейін құралған берешектің қалған бөлігін өтеуге 176 300 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
Аталған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен 11-2-баппен толықтырылды
11-2-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалақының ең төменгі мөлшерінің ұлғаюына байланысты жергілікті бюджеттердің шығындарына өтемақы төлеуге 4 149 655 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
Аталған сомаларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
12-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге 11 658 444 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
Аталған сомаларды облыстық бюджеттерге бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде айқындалады.
2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды
12-1-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы келісімге сәйкес Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдауға 661 200 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
13-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, сондай-ақ радиациялық қауіпті аймақтарда және жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақта тұрып жатқан және 1949 - 1990 жылдар аралығында тұрған жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін халыққа біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеуге 4 935 690 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.
Аталған қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бөлінетін болып белгіленсін.
14-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға 21 747 462 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға - 1 134 415 мың теңге;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға - 1 853 895 мың теңге;
өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар материалдар мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басымдықты дақылдар бойынша - 12 805 000 мың теңге;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға - 775 036 мың теңге;
жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге - 1 185 756 мың теңге;
мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға - 3 739 656 мың теңге;
қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға - 253 704 мың теңге.
Аталған сомаларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде айқындалады.
15-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 12 459 924 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға -2 457 650 мың теңге;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құруға - 2 676 454 мың теңге;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесіне интерактивті оқыту жүйесін енгізуге - 7 325 820 мың теңге.
Аталған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлуді және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды
15-1-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға стипендиялар төлеуге 225 245 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
Аталған сомаларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
16-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 17 719 606 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
жергілікті деңгейде қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға - 1 200 219 мың теңге;
жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға - 16 519 387 мың теңге.
Аталған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлуді және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды
16-1-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылатын Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндіретін ұйымдар үшін отын жеткізу жөніндегі шығындарға өтемақы төлеуге 5 159 945 мың теңге сомасында шығыстар көзделгені ескерілсін.
17-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Алматы облысының бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің сейсмикалық тұрақтылығын күшейту үшін 4 437 369 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделсін.
2008 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен сейсмикалық тұрақтылығы күшейтілуге тиісті Алматы облысы мен Алматы қаласындағы білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкімeті айқындайды.
2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға 63 665 109 мың теңге сомасында шығындар, оның ішінде:
ауылдық (селолық) жерлердің денсаулық сақтау ісінде ұтқыр және телемедицинаны дамытуға - 629 689 мың теңге;
мыналарға нысаналы даму трансферттері:
ауылдық (селолық) елді мекендерді ауыз сумен жабдықтау объектілерін салуға және реконструкциялауға - 16 266 592 мың теңге;
ауылдық (селолық) жерлердің білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға - 28 141 530 мың теңге;
ауылдық (селолық) жерлердің денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға - 18 627 298 мың теңге көзделсін.
Аталған нысаналы даму трансферттері қаражатының есебінен 2008 жылы салынуға және реконструкциялануға тиісті ауылдық (селолық) жерлердің білім беру, денсаулық сақтау және ауыз сумен жабдықтау объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Алматы қаласының бюджетіне қалаларда білім беру мен денсаулық сақтаудың аса маңызды объектілерін салуға және реконструкциялауға 56 584 846 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделсін.
2008 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен салынуға және реконструкциялануға тиісті қалалардағы білім беру мен денсаулық сақтаудың аса маңызды объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
20-бап. 2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21-бап. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі шығыстарының құрамында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдауға 1 292 201 мың теңге, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен айқындалатын тәртіппен мыналарға байланысты іс-шараларды қаржыландыруға:
ауыл шаруашылығы техникасының қаржы лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге - 118 646 мың теңге;
ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына арналған жабдықтардың қаржы лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге - 3 555 мың теңге;
өсімдік шаруашылығындағы сақтандыруды қолдауға - 100 000 мың теңге;
ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға - 1 000 000 мың теңге;
ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін басқару жүйелерін дамытуды субсидиялауға 70 000 мың теңге көзделсін.
22-бап. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі шығыстарының құрамында Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы «Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы» акционерлік қоғамының берешегін реттеу үшін «Достық Энерго» акционерлік қоғамына кредиттік ресурстар беруге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен 2 551 500 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.
23-бап. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі шығыстарының құрамында Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Түркіменстанның шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы борыштарын төлеу жөніндегі іс-шараларды өткізуге 95 000 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.
2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылға арналған резерві 247 976 965 мың теңге сомасында бекітілсін.
2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында 2008 - 2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға:
мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына 9 600 000 мың теңге сомасында;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға 37 149 000 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделсін.
Аталған нысаналы даму трансферттерін бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде айқындалады.
2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында 2008 - 2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша тұрғын үй салуға және сатып алуға кредит беруге 16 200 000 мың теңге көзделсін.