Мыналар:
жеке және заңды тұлғалар тарапынан табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың (бeкipe аулау, ағаш шабу, астық сату және т.б.) жолын кесудiң мүмкiн еместiгi;
ТМД мемлекеттерiмен мемлекеттік шекараның ашықтығы осы блоктағы көлеңкелi экономиканың дамуын ынталандыратын себептер болып табылады.
6. Қолма-қол есеп айырысу нысанының басым болуы және пластикалық карточкаларды қабылдау желiлерiнiң нашар даму деңгейi
Осы блок бойынша iстер жай-күйiнiң көрсеткiштерi: қолма-қол ақшаның қолма-қол және қолма-қол емес айналымының көлемi, қолма-қол ақша айналысының жай-күйi, ақша айналысының жылдамдығы, тауарлар мен қызметтер үшiн қолма-қол емес есеп айырысуларды жүзеге асыру үшiн төлем карточкаларын және басқа да инновациялық құралдарды пайдалану деңгейi, сондай-ақ төлем карточкаларына қызмет көрсету инфрақұрылымының даму деңгейi болып табылады.
Бұл блоктағы көлеңкелi экономиканың даму себептерi:
экономикалық агенттердiң өзiнiң нақты тауарлар айналымы мен кiрiстерiн декларациялағысы келмеуi және фискалдық органдарға беретiн қаржы есептерiнде көрсеткiсi келмеуi;
экономикалық агенттердiң өз сауда нүктелерi мен қызметтер саласындағы ұйымдарда есеп айырысу карточкалары терминалдарын орнатуға мүдделi болмауы және қолма-қол ақшамен жұмыс iстеуге бейiм болуы;
халықтың банктерге сенiмсiздiгi;
шоттағы ақша қалдықтары бойынша банктiк пайыздардың төмен болуы;
қызмет көрсеткенi үшiн комиссиялық алымдардың жоғары болуы;
жеке қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесiнiң қолайлылығы мен артықшылықтарының аз насихатталуы және қолда жоқ ақша айналысы жүйесiнде жеке және заңды тұлғалар үшiн тартымды жағдайлардың болмауы;
электрондық төлемдер саласының нашар дамуы;
азаматтардың өз кiрiстерi мен шығыстарын ашудан қорқуы болып табылады.
5. Қазақстандағы көлеңкелi экономиканы талдау
және оның туындау себептерi
§ 1. Көлеңкелi экономиканың ауқымы
Қазақстанда көлеңкелі экономиканы ҰШЖ жүйесi бойынша бағалау 1992 жылдан бастап жүргiзіле бастады.
1992-1998 жылдары ЖIӨ құрамындағы көлеңкелі экономика үлесi 38-ден 30%-ға дейінгі аралықта бағаланды. Экономикалық дағдарыс пен өтпелi кезең проблемалары тауарлар мен қызметтер өндiру көлеміне, халықтың жұмыспен қамтылуының және әл-ауқытының деңгейiне айтарлықтай әсер еттi.
1999 жылдан бастап қазақстандық экономиканың даму қарқыны жоғары үрдіске ие болды, ал көлеңкелі экономика үлесi едәуiр азая бастады және жедел деректерге қарағанда 2005 жылдың басындағы жағдай бойынша ЖIӨ-нiң 21,3 %-ын құрады. Бұған кәсiпорындар мен жеке тұлғалардың жұмыс iстеуiнiң заңнамалық шеңберін, кедейшiлiкке қарсы күрес және халық жiктерi арасындағы кiрiстер алшақтығын қысқарту жөніндегі шараларды жетiлдiру жөнiнде, сондай-ақ салықты және кедендiк баждарды төлеудi мемлекеттік әкiмшiлендiру, статистикалық есепке алуды жетiлдiру жөнiнде мақсатты саясат жүргізу ықпал еттi.
1996-2004 жылдардағы ЖIӨ көлемiндегі қадағаланбайтын экономиканың үлесi
(ЖIӨ-ге %-бен)
Экономикалық өсу жағдайларында көлеңкелі экономика экономикалық дамуды тұрақсыздандырудың қуатты факторына айналды. Бұл әсердiң басты бағыттары мынадай.
Бiрiншiден, экономикалық дағдарыс уақытында барлық инфрақұрылымдық объектілер айтарлықтай тозды, әлеуметтік төлемдер деңгейi мен бюджет саласы қызметкерлерiнiң еңбегіне ақы төлеу ең төменгi күнкөрiс деңгейiнде немесе одан төмен болды, салық пен төлемдердi жинау органдарының техникалық жабдықталуы өз функцияларын тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндiк берген жоқ. Жиналатын салық мемлекеттің фискалдық қажеттiлiктерiн қамтамасыз ете алмайтын жағдайда болды. Мұнымен бiр мезгілде салық салудың баламалы көлеңкелi тетiктерi ("демеушiлерге" ақы төлеу, өз функцияларын орындағаны үшiн шенеунiктерге тiкелей төлемдер және т.т.) ресми салық салуды ығыстырған балама болып шықты.
Екiншіден, көлеңкелi қызмет ресми экономика шеңберiндегі өндiрiстік процеске ірiткi салушы әсер етеді, жағдайды нашарлатады және қалыпты жұмыс iстейтiн, "адал" экономикалық ұйымдарды құруға кедергі келтiредi. Ол қызметкерлердiң басқарылуын төмендетедi, олардың еңбекке деген ниетiн әлсiретедi, кейде олардың біліктiлiгiнiң жойылуына алып келедi, көбінесе нормативтерден тыс еңбек күшiн талап ететiн инновацияларды игеруде қиындық туғызады және сайып келгенде, ұжым мен кәсіпорынның ыдырауына алып келуi мүмкiн.
Yшiншiден, көбiнесе криминалдық iс-әрекетпен байланысты көлеңкелi экономика көптеген жанжалды туындатады, олардың бір бөлiгі күш қолдану арқылы шешiледi.
Төртiншіден, көлеңкелі экономика - іскерлік этиканы және оның үстіне, тұтастай әлеуметтiк нормаларды қалыптастырудың аса маңызды факторы. Көлеңкелi экономиканың өрiстеуi мен нығаюы әлеуметтік-этикалық нормалардың "бұлыңғырлануына" алып келуге қабiлеттi. Адамдар шаруашылық тұрмыста неге рұқсат етiлгенiн, неге рұқсат етiлмегенiн, қандай да бiр шаруашылық іс-әрекетті бағалау өлшемдері қандай екенiн ажыратуды қояды. Мысалы, шаруашылық басшыларының басым көпшілігі қолда жоқ ақшаны қолма-қол ақшаға аударуды жалған келісім-шарттарды пайдалана отырып жүзеге асырады ("қолма-қол ақшаға айналдыру" д.а.). Негiзiнде - бұл заңсыз операция, оның қатысушылары жазалануға тиiс. Алайда мұндай операция жасағаны үшін жазалаған жағдайлар өте аз.
Көлеңкелi экономика мөлшерiн қысқарту саласындағы елеулi прогреске қарамастан, ол қоғамның дамуына іріткі әсер етуiн жалғастыруда, билік пен қолданыстағы заңнаманың беделiне әсер етуде.
ЖIӨ құрамындағы үлесi 1998 жылғы 19,1%-дан 2004 жылы 11,3%-ға дейiн азайған формальды емес экономика сегментiндегі қадағаланбайтын экономика мөлшерiнiң қысқаруы неғұрлым жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Мұның себептерi экономиканың жоғары даму қарқыны, инфляцияның, жұмыссыздықтың азаюы және ел халқы кiрiстерiнiң нақты өсуі болды.
Сонымен қатар жасырын экономикалық қызмет үлесi неғұрлым бәсең қарқынмен азайды (11,1-ден 10%-ға дейiн). Бұл жасырын экономикалық қызметтi анықтау жөніндегі проблемалардың неғұрлым бәсең қарқынмен шешiлуiнiң айғағы.
Сарапшылардың бағалаулары бойынша Қазақстан рыногына 850-900 млн. АҚШ доллары сомасына жалған, оның iшiнде 25-30% контрафактілік өнім түседi. Бұл жалған өнiмнiң шамамен 450-500 млн. АҚШ долларын ТМД елдерiнен, шамамен 300-350 млн. АҚШ долларын Ресейден әкелiнетiн импорт құрайды.
Есептен жасырылатын кiрiстердiң үштен бiр бөлігi жыл қорытындысы бойынша статистика және салық органдары алдында есеп бермеген кәсіпорындардың үлесiне тиедi. Бұған қылмыстық ақшаны "қолма-қол ақшаға айналдырумен" және оны көлеңкелі айналымға шығарумен байланысты қаржылық алаяқтық фактілерi ("бiр күндiк фирмалар" құру) ықпал етедi. Бұл фактілер бюджеттiң кiрiс бөлiгінiң толығуына керi әсерiн тигiзедi.
§ 2. Қазақстандағы көлеңкелi экономиканың даму себептерiн талдау
Экономика дамуының және халықтың әл-ауқатының деңгейі
Соңғы төрт жылда Қазақстанда экономикалық өсудiң жоғары қарқынының тұрақты үрдiсi қалыптасты. Экономика дамуының соңғы төрт жылдағы орташа жылдық даму қарқыны 10,4%-ды, халықтың ақшалай кiрiстерiнiң нақты өсуі - 6%-ды құрайды.
Түбегейлi рыноктық реформалар жүргiзу нәтижесiнде қаржылық және фискалдық жүйелер ресурстарды нығайту және теңгерiмдеу бөлiгінде де, техникалық жаңару бөлiгiнде де дамытылды. Халықаралық ұйымдар елдің заңнамасын және инвестициялық ахуалды экономиканы дамытуға капитал салу үшiн тартымды деп таныды.
Алайда, бұл жетістіктерге қарамастан, экономиканың шамамен 21%-ы көлеңкеде жатыр. Дамыған елдермен және дамушы елдердiң едәуiр санымен салыстырғандағы ел экономикасы дамуының және тиiсінше халықтың әл-ауқатының төмен деңгейі осы процестегі басты фактор болып қалуда.
Қазақстанның жан басына шаққандағы ЖIӨ-сi
басқа елдердiң осындай көрсеткіштеріне %-бен
| 1998 | 1999 | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 |
АҚШ | 4,7 | 3,4 | 3,6 | 4,2 | 4,5 | 5,2 |
Германия | 5,6 | 4,4 | 5,4 | 6,6 | 6,8 | 6,7 |
Жапония | 4,7 | 3,2 | 3,3 | 4,6 | 5,3 | 5,8 |
Корей | 19,8 | 11,9 | 11,4 | 14,6 | 14,4 | 15,7 |
Малайзия | 45,4 | 32,7 | 32,2 | 40,7 | 42,4 | 47,7 |
Ресей | 80,1 | 84,9 | 69,5 | 70,6 | 68,6 | 64,9 |
Көзi: Халықаралық валюта қоры (XBҚ)
Қазақстандық экономиканың әлеуеті дамыған елдерден және бiрқатар дамушы елдерден әлi де едәуір артта. Мысалы, 2003 жылы Қазақстанның жан басына шаққандағы ЖIӨ-ci Жапонияның осындай көрсеткiшiне тек 5,8%-ды, AҚШ-тікіне - 5,2%-ды, Германиянiкiне - 6,7%-ды, Корейдiкiне - 15,7%-ды, Малайзиянікіне - 47,7%-ды, Ресейдiкiне - 64,9%-ды құрады.
Келтiрiлген көрсеткiштер тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң даму деңгейi, еңбек өнiмдiлігі, материалдық және табиғи ресурстарды пайдалану жағынан Қазақстан дамыған елдерден және бірқатар дамушы елдерден әлі де едәуір артта екендiгінiң айғағы.
2004 жылы кiрiсi ең төменгi күнкөріс шегінен төмен халықтың үлесi тұтастай Қазақстан Республикасы бойынша 16,1%-ды, ауылдық жерде 24,1%-ды құрады. 2003 жылы жұмыссыздық деңгейi 8,4%-ды құрады. Кедейшілік пен жұмыссыздықтың болуы халықтың өмiр сүруге деген ниетiн туындатады, бұл формальды емес экономиканың жоғары деңгейiне алып келедi.
2004 жылы формальды емес экономика сегментіндегі қосылған құн шамамен 642,9 млрд. теңгеге бағаланды, оның ЖIӨ құрамындағы үлесi заңды тұлғалардың қызметi саласындағы жасырын экономиканың мөлшерiнен 1,3 пайыздық пунктке асып түседi.
2004 жылғы формальды емес экономиканың салалық құрылымы
| млрд. теңге | Формальды емес экономика көлемiнiң бағасына %-бен |
Барлығы | 642,9 | 100 |
ауыл шаруашылығы | 236,6 | 36,8 |
өнеркәсiп | 109,3 | 17,0 |
көлiк | 98,4 | 15,3 |
сауда | 63,6 | 9,9 |
құрылыс | 36 | 5,6 |
өзге салалар | 99 | 15,4 |
Көзi: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Үй қожалықтары алған кiрiстi жасыруға негiз болатын ниет мыналардан көрiнедi:
мемлекет тарапынан қандай да бiр қолдаусыз алынған аз ғана кiрісті онымен бөлiскiсi келмеу ниетi;
объективтi статистикалық ақпарат беру бөлiгiнде билiкке деген сенiмсiздiктiң он жылдықтар бойы орнығып қалуы (өнiмдi қайтарымсыз алып қою, салық салу, айыппұлдар мен басқа да алып қоюлар қаупi).
Талдау экономиканың жоғары емес даму деңгейiне байланысты себептер көлеңкелi экономиканың әрекет етуіндегі басты рөлдi атқаруын жалғастырып отырғанын көрсетедi.
Қазақстанда iрi және шағын кәсiпорындар арасындағы өндiрiстiк кооперация немесе аутсорсинг жеткiлiктi дамымаған. Дамыған экономикаларда iрi бизнеспен ынтымақтастық шағын және орта кәсiпорындар үшiн аса маңызды кiрiс көздерiнiң бiрiн бiлдiредi. Iрi кәсiпорын жинақтауыштарға тапсырыстарды көптеген ұсақ кәсiпорындарға орналастырып, өзiнiң күш-жiгерiн неғұрлым жауапты әрi күрделi операциялар мен технологиялық процестерге шоғырландыратын кластерлеу деп аталатын процестер кеңiнен тарады. Қазақстан үшiн iрi және шағын бизнестің өзара әрекет ету процестерi iрi бизнеске де, шағын бизнеске де тән тұрақсыздық жағдайында кәсiпорындар арасындағы ресурстардың әр қилы түрлерiнiң өзара тоғысу процестерi оны пайдаланудың тиiмділiгiн арттыруға алып келуге тиістігімен де өзектi.
Әкiмшiлiк кедергілер және олардың экономиканың көлеңкеге
кетуiне әсерi
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгі мемлекеттік органдармен өзара iс-әрекет жасаған кезде мемлекеттік қызметтердi тұтынушыларда туындайтын әкiмшiлiк кедергi проблемаларын зерделеу жөнiнде зерттеулер жүргіздi.
Жасанды түрде жасалатын кедергілердiң пайда болуы, бiрiншi кезекте, мемлекеттік қызметтердi көрсету процесiн регламенттейтiн қолданыстағы нормативтiк-құқықтық базаның жетiлмеуiмен негiзделген. Заңдар мен заңи кесiмдердiң едәуiр бөлiгі ведомстволық өзгешелiгiмен, күрделiлiгiмен ерекшеленедi және нормативтiк-құқықтық кесiмдердiң авторларына ғана қолайлы қосымша түсiндiрулердi талап етедi. Бұл, әсiресе лицензиялау, сертификаттау және стандарттау, салық салу және т.б. процестерде кәсiпкерлердiң мемлекеттік органдармен өзара әрекет етуi кезiнде көрiнедi.
Жылумен, сумен және энергиямен жабдықтау саласында коммуналдық қызметтер көрсететiн табиғи монополиялармен келiспеушiлiктер туындаған жағдайда өздерiнiң заңды құқықтарын қорғау кезiнде кәсiпкерлер мен өңiрлердiң халқы айтарлықтай қиындық шегедi.
Қызметтер көрсеткен кезде қызметтiк жағдайын бопсалау нысанында терiс пайдалану көптеген органдардың қызметкерлерiне тән. Тұтынушылардың пiкiрi бойынша, бұл әсiресе, фискалдық органдарда (салық және кеден қызметтерi), әкiмдiктер мен өрттен қорғау қызметкерлерi арасында көп кездеседi. Әкiмдiктердiң қызметкерлерi үшiн әсiресе, кәсiпорындарды қайырымдылық, сондай-ақ бизнеске тән емес басқа да төлемақылар жасауға мәжбүрлеу тән.
Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметшiлердiң iс-әрекетiмен дауласу мүмкiндiгінiң болмауына байланысты халық пен кәсiпкерлер жойылуы қиын кедергiлерге тап болады. Сұралғандар санының тек 4%-ы ғана қызметтердi алмағаны үшiн және тек 1,5%-ы ғана шенеунiктер тарапынан өздерiне дұрыс көңiл бөлiнбегенi үшiн шағым берген фактiсi бұл туралы жанама айғақтайды. Iстiң жай-күйiн жақсартуға бағытталған Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодекстiң қабылдануы әзiрге тиiстi нәтиже берген жоқ. Қызметтердi тұтынушылардың мемлекеттік органдармен өзара iс-әрекет жасаған кездегі негізгi қиындықтары 1-суретте көрсетiлген.
Кәсiпкерлер мен халықтың пiкiрi бойынша мемлекеттік қызмет өкiлдерiнiң талаптары көбiнесе субъективтi сипатта болады. Бұл олардың маңызын айқындауы тиiс нұсқаулықтар мен нормативтердiң жетiлмегендiгінен болады. Бұл ретте тұтынушының жоғарыда аталған органдардың қызметiн, олардың өкiлеттiгі мен жауапкершілігін, мемлекеттік органдардың да, тұтынушылардың да құқықтары мен мiндеттерiн регламенттейтiн тиiстi ережелермен, нормативтермен, нұсқаулықтармен және басқа да құжаттармен танысуға мүмкiндiгi жоқ.
1-сурет
Атқарушы органдармен өзара іс-әрекет жасаған кездегі негізгі
Қиындықтар
Көзi: "Экономикалық зерттеулер институты" РМК-ның сауалнамалық зерттеу материалдары
Бұл проблема Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң тұрақты әрi қатаң қадағалауында екенiн атап өткен жөн. Оны шешу үшiн қазiргі уақытта микродеңгейдегi нақты жағдайларға бейiмделуi тиiс белгiлi бiр институционалдық-құқықтық негіз құрылған. Әкiмшiлiк кедергiлердi, соның iшiнде жасанды түрде жасалатын кедергiлердi жоюға ерекше назар аударылады.
Көлеңкелi экономиканың мөлшерiн есепке алу мен бағалау
жүйесiнің жетiлмеуі
Елдегі көлеңкелi экономика мөлшерiн бағалаудың сапасы экономиканың дамуы, статистикалық есептілік саласында бiр жыл iшiнде анықталған бұзушылықтар, жасырын өндiрiстер, өнiм мен кiрiстiң бiр бөлiгін жасыру фактілерi, оның сапасы мен даму көрсеткiштерiнiң логикалық байланысы туралы толыққанды әрi объективтi ақпараттың болуына тәуелдi.
Халықаралық практиканы зерделеу көлеңкелi экономика мөлшерiн бағалау әртүрлi тәсiлдер арқылы жүзеге асырылатынын көрсетті, мыналар оның негiзгілерi болып табылады:
1) өткен кезеңмен салыстырғанда ресми тiркелген субъектiлердiң ресми статистикалық есептілікті табыс етпеуi салдарынан көлеңкелi экономикалық қатынастарды бөлiп көрсету негiзгi өлшем болып табылатын есептiк-статистикалық тәсіл;
2) көлеңкелi экономикалық құбылыстарды олардың нормативтiк реттеу жүйесiне қатысы бойынша бөлiп көрсету негiзгi өлшем болып табылатын формальды-құқықтық тәсiл.
Мыналар: экономикалық ақпаратты ашық бақылау әдiстерi арқылы алудың мүмкiн еместігі, жасырын өндiрiс және кәсiпорындардың ресми тiркелуден жалтаруы, мәмiлелердi мемлекеттік тiркеудiң болмауы, экономикалық агенттердiң ережелер мен заңдарға бағынбайтын немесе қандай да бiр түрде мемлекеттік басқару және бақылау органдарынан жасырылған қызметi бұл тәсiлдiң айрықша ерекшелігі болып табылады;
3) алғашқы екi тәсiлдiң өлшемдерi бiрiктiрiлген кешендi тәсiл.
Кешендi тәсiл мынадай зерттеу әдiстерiн жүргiзудi талап етедi:
Микроәдiстер (тiкелей әдiстер): халыққа және сарапшыларға сұрау жүргiзу; iрiктеп зерттеулер; салық кiтаптарындағы жазбаларды талдау; мемлекеттік бақылау деректерi;
Макроәдістер (жанама әдiстер): алшақтықтар әдiсi: өзара байланысты көрсеткiштердi салыстыру; жұмыспен қамту көрсеткiштерi жөніндегі әдiс: жұмыс уақытының шығындарын зерделеу; монетарлық әдiс: қолма-қол ақшаға сұранысты талдау; құрылымдық әдiс: экономика салалары бойынша талдау; нақты шығындар әдiсi: электр энергиясын тұтынуды және өнiм шығару көлемiн салыстыру.
Қазақстандағы көлеңкелi экономиканың ауқымын бағалау практикасында көлеңкелi экономиканың ауқымы туралы толық ақпарат бермейтiн есептiк-статистикалық тәсiл ғана пайдаланылады, бұл көлеңкелi экономикаға қарсы, әсiресе жасырын өндiрiстiк қызмет пен ресми тiркелген кәсiпорындарда кiрiстiң бiр бөлiгiн әдейi жасыру саласындағы күрес жөнiнде тиiмдi шараларды тұжырымдауға мүмкiндiк бермейдi.
Бұдан басқа, есепке алу сапасы өндiрiс және өндiрiстiк мұқтаждарға электр энергиясын тұтыну серпiнi жөніндегі деректердi салыстыру сияқты көрсеткiштер бойынша жанама талдаудың өзiн жүргiзуге мүмкiндiк бермейдi.
Төменде келтiрiлген диаграммада өнеркәсiптiк өндiрiс пен өндiрiстiк мұқтаждарға электр энергиясын тұтынудың өсу қарқынының логикалық сәйкессiздігі көрсетiлген. Экономикалық теория бойынша өндiрiстiң жоғары өсу қарқыны электр энергиясын тұтынудың бара бар дерлiк өсуiмен сүйемелденуге тиiс. Шетелдер практикасында экономикалық өсу қарқынын электр энергиясын тұтынумен логикалық салыстыру қолданылады. Егер диаграммада келтiрiлген логиканы ұстанатын болсақ, онда өнеркәсiптегi өнiм өндiрудiң өсуi қол еңбегін пайдалану жолымен қамтамасыз етiлген.
2000-2004 жылдарда өнеркәсiптiк өнiм өндiру және электр
энергиясын тұтыну серпiнi, өткен жылға %-бен
Көзi: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Қызмет салалары мен түрлерi бөлiнiсiндегі елдiң энергиялық теңгерiмi бойынша электр энергиясын тұтыну жөніндегі деректер көлеңкелi экономика мөлшерiн бағалауды жүргiзуге және оны қысқарту жөніндегі тиiмдi шараларды тұжырымдауға мүмкiндiк бермейдi.
Салық салу жүйесi
Халықаралық практикада түскен салықтар сомасының елдiң жалпы iшке өнiмiне қатынасы экономиканың салықтық жүктемесiн көрсететiн негiзгi өлшем деп есептеу қабылданған. Бұл көрсеткiш мемлекет өз функцияларын iске асыру үшiн елде өндiрiлген жалпы кiрiстiң қандай бөлiгiн пайдаланатынын айқын көрсетедi. Дамыған экономика үшiн оңтайлы сома шамамен ЖIӨ-нiң 35%-ын құрайды. Экономикалық өсудiң жоғары қарқыны мен елге тiкелей инвестициялар ағыны саясатын басымдық ретiнде алға қойған елдер үшiн салықтық жүктеме едәуiр төмен және 20%-дан 26%-ға дейiнгі аралықта ауытқиды.
"Қазақстан - 2030" даму стратегиясының басты экономикалық басымдылығы елге тiкелей шетелдiк инвестициялар мен технологияларды тарту есебiнен экономикалық өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз ету болып табылады. Осының нәтижесiнде Салық кодексiн қалыптастырған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік шығындардың жоғары тиiмдiлігін қамтамасыз етудi өзiнiң фискалдық саясатының басты басымдылығы ретiнде айқындады, бұл дамудың ұзақ мерзiмдi стратегиялық басымдықтарын iске асыруды қамтамасыз ететiн салық салу ставкасын белгiлеуге мүмкiндiк бердi.
2004 жылғы салықтық жүктеменiң деңгейi басқа елдермен
салыстырғандағы ЖIӨ-ге %-бен мөлшерi
| Салық- тар, барлығы | Жеке тұлға- лардан алына- тын табыс салығы | Пайда салығы | Әлеуметтiк сақтанды- руға аударымдаp | Тауар- лар мен қызмет- терге салына- тын салық |
барлы- ғы | жұмыс- керлер | жұмыс беру- шілер |
Қазақстан | 21,4* | 1,8 | 6,9 | 3,0 | 0 | 3,0 | 7,8 |
Ресей | 34,2 | 3,3 | 4,3 | 7,5 | 0 | 7,5 | 12,8 |
АҚШ | 28,9 | 11,8 | 2,4 | 6,6 | 3 | 3,5 | 4,7 |
Ұлыбрита- ния | 36,3 | 10,5 | 3,8 | 6,2 | 2,6 | 3,5 | 11,7 |
Германия | 37,7 | 9,5 | 1,8 | 13,8 | 6,5 | 7,3 | 10,6 |
Франция | 45,8 | 8,1 | 2,9 | 15,5 | 4 | 11,5 | 12,3 |
Италия | 43,3 | 11,4 | 3,3 | 11 | 2,4 | 8,7 | 11,9 |
Канада | 38,2 | 14,6 | 3,7 | 5,1 | 2 | 3,1 | 9,4 |
Жапония | 26,2 | 4,8 | 3,4 | 8,8 | 3,8 | 5,0 | 5,3 |
Венгрия | 39,2 | 6,8 | 2,3 | 12,9 | 2,2 | 10,7 | 15,8 |
Словакия | 35,3 | 4,4 | 2,8 | 11,5 | 2,8 | 8,7 | 12 |
Польша | 35,2 | 8,1 | 2,6 | 9,9 | 0 | 9,9 | 13,2 |
Чехия | 40,4 | 5,2 | 3,8 | 15,2 | 4 | 11,3 | 13,1 |
ЭЫДҰ елдері | 41,6 | 10,9 | 3,7 | 9,2 | 3 | 6,2 | 13,2 |
Еуроаймақ елдері | 37,3 | 9,5 | 3,2 | 8,9 | 3,1 | 5,8 | 11,3 |
Көзi: Еуростат, ХВҚ, Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігі
* - Ұлттық қор ескерiлмеген
Өндiрiстiк қызметтiң тиiмдiлігін айқындау өлшемi салалар мен қызмет түрлері рентабельдiлiгiнiң көрсеткiшi болып табылады. Бұл өлшемнiң ерекшелiгi оның нақты ел кәсiпорындарының орташа техникалық және ұйымдық деңгейiне бейімделгенінде. Бұл көрсеткіш экономиканың қандай да бiр саласы қаншалықты тиiмдi жұмыс істейтiнiн және оның салықтарды төлеу қабiлетiн көрсетедi.
Салалар бөлiнiсіндегі рентабельдiлiктің деңгейiн 2003 жылғы талдау тұтастай экономика бойынша оның деңгейi (19,7%) экономиканың дамуына және салық төлеуге мүмкiндiк беретiнiн көрсетедi. Кейбір салаларда, әсiресе табыстарды жымқыруға неғұрлым қолайлы жағдайлары бар жерлерде, сондай-ақ табиғи монополиялар жұмыс iстейтiн салаларда оның деңгейi не жоғары емес не терiс.
Электр энергиясын, газ бен суды өндiру және бөлу саласында, сондай-ақ коммуналдық шаруашылықта рентабельділіктiң терiс мөлшерi табиғи монополияларға халықтың және үй қожалықтарының бір бөлiгiнiң төлем қабiлеттiлігінiң қолданыстағы мүмкiндіктеріне есептелген тарифтердi белгiлеу (тұтынушылардың санаттарына қарай тарифтердi күрт сараландыру), ескiрген технологиялар мен жабдықты пайдалану және қолдану, сондай-ақ бөлу тұтынушыларға (тұрғындар мен ұйымдарға) дейiн жеткізу кезiндегі едәуiр шығындар салдарынан болады.
2004 жылғы негізгі қызметтен алынған рентабельділік және
қызмет түрлері бойынша өндіріс рентабельділігі
| Негiзгі қызметтен алынған рентабель- ділік, (шығынды- лық) % | Өндiрiс рентабел- ділiгі, (шығынды- лығы) % |
Барлығы | 23,1 | 25,7 |
Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы | 0,2 | 1,7 |
Өнеркәсiп | 40,3 | 41,6 |
тау-кен өнеркәсібі | 67,2 | 67,5 |
өңдеу өнеркәсібi | 21,3 | 22,8 |
электр энергиясын, газ бен суды өндiру және бөлу | -2,8 | 2,6 |
Құрылыс | 2,6 | 3,4 |
Сауда-саттық, автомобильдерді, тұрмыс бұйымдары мен жеке қолданатын заттарды жөндеу | 2,7 | 4,9 |
Қонақүйлер мен мейрамханалар | 6,7 | 19,1 |
Көлік және байланыс | 10,5 | 18,9 |
Қаржылық қызмет | 1,7 | 11,2 |
Жылжымайтын мүлiкпен жасалатын операциялар, жалға алу және тұтынушыларға қызмет көрсету | 6,7 | 8,3 |
Коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызметтер көрсету | 2,0 | 5,4 |
Көзi: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Қолма-қол есеп айырысу нысанының басым болуы және төлем
карточкаларын қабылдау желілері дамуының әлсіз деңгейі
Соңғы жылдары Қазақстандағы экономикалық өсу халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар айналыстағы ақша көлемінің ұлғаюына да ықпал етті.
2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы ақша массасы 70%-ға өсті және 1650 млрд. теңгені құрады.
Көрсеткіштер | 2002 жыл | 2003 жыл | 2004 жыл | 2003 жыл 2002 жылға %-бен | 2004 жыл 2003 жылға %-бен |
ЖІӨ, млрд. теңге | 3776 | 4612 | 5542 | | |
нақты өзгеру | 109,8 | 109,3 | 109,4 | | |
Ақша базасы, млрд. теңге | 208 | 317 | 578 | 152,4 | 182,3 |
Ақша массасы, млрд. теңге | 765 | 972 | 1650 | 127,1 | 169,8 |
Ақша айналысының жылдамдығы | 4,9 | 4,7 | 2,9 | 95,9 | 70,2 |
Тұтыну бағаларының индексі, жылына орта есеппен %-бен | 5,9 | 6,4 | 6,9 | | |
Нақты жалақы, өткен жылға %-бен (шағын кәсіпорындарды ескере отырып) | 110,9 | 107 | 114,6 | | |
Орташа зейнетақы мөлшерi, теңге | 5818 | 8198 | 8553 | 140,9 | 104,3 |
2003 жылы ақша массасының құрылымында айналыстағы қолма-қол ақшаның үлесі 21,1%-дан 24,5%-ға өсті, бірақ 2004 жылы 1,5 пунктке азайды да 23%-ды құрады.
2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы айналыстағы қолма-қол ақша көлемi 59%-ға ұлғайды.
Бұл ретте, 2004 жылы аударылатын және басқа да депозиттердің үлесi керісiнше 1,5 пунктке ұлғайды және ақша массасының 77%-ын құрады.
Ақша агрегаттарының 2004 жылғы жай-күйi*
Атауы | 2002 жыл | 2003 жыл | 2004 жыл | 2003 жыл 2002 жылға %-бен | 2004 жыл 2003 жылға %-бен |
млрд.теңге | үлес сал- м., % | млрд.теңге | үлес сал- м., % | млрд. теңге | үлес сал- м., % |
Ақша базасы | 208,2 | 100 | 317 | 100 | 577,8 | 100 | 152,3 | 182,3 |
ҚҰБ-тан тыс қолма-қол ақша | 177,9 | 85,4 | 262,1 | 82,7 | 410,9 | 71,1 | 147,3 | 156,8 |
ақша базасына енгiзiлетiн депозиттер | 30,3 | 14,6 | 54,9 | 17,3 | 166,9 | 28,9 | 181,2 | 3 есе |
Ақша массасы (М3) | 765 | 100 | 971,7 | 100 | 1650,1 | 100 | 127,0 | 169,8 |
айналыстағы қолма-қол ақша, млрд. теңге (М0) | 161,7 | 21,1 | 238,5 | 24,5 | 1270,8 | 23 | 147,5 | 159 |
резиденттер- дің аудары- латын және басқа да депозиттерi | 603,3 | 78,9 | 733,2 | 75,5 | 1270,8 | 77 | 121,5 | 173,3 |