Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 қазандағы № 581в Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 33-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Тау-кен өндірістері мен жұмыстарын мемлекеттік бақылау»; «Металлургиялық коксты химиялық өндірістерді мемлекеттік бақылау»; «Көтергіш тетіктерді қазандықты қадағалау саласындағы мемлекеттік бақылау»; «Өнеркәсіптік жарылғыш заттарды әзірлеуді, дайындауды, сынауды, сақтауды, пайдалануды мемлекеттік бақылау»; «Мұнай өндіретін өнеркәсіптегі, геологиялық барлаудағы және құбыр өткізгіш көліктегі мемлекеттік бақылау»; «Тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін геологиялық-маркшейдерлік қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылау»; «Нормативтік-құқықтық актілердің мәтіндерін жазу»; «Іс жүргізуді мемлекеттік тілде ұйымдастыру және жүргізу»; «Ақпараттық технологиялар - мемлекеттік басқару тиімділігінің өсу негіздері»; «Мемлекеттік органдардағы бухгалтерлік есепке алу және бақылау»; «Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және бақылау»; «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы»; «Қызметтік құжаттаманы электрондық өңдеуді енгізу тетігі туралы»; «Қазіргі заманғы жағдайларда заң қызметінің жұмыс ерекшеліктері»; «Мемлекеттік қызметшінің этикеті және психологиясы»; «Мемлекеттік қызметтердің сапасын басқару»; «Заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту саласындағы ұйымдастыру шараларын жетілдіру жолдары»; «Іс жүргізу және электронды құжат айналымы»; «Мемлекеттік тілді оқыту» тақырыптары бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алу»;
реттік нөмірі 5-жолда:
«бокстары гараж-қоймаларын, аумақтарының қоршауларын, ЕШ қоймаларын жөндеу» деген сөздер алып тасталсын;
«Маңғыстау облысы ТЖД жылу жүйесін ауыстыруға ЖСҚ әзірлеу» деген сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Маңғыстау облысы ТЖД жылыту жүйесін ауыстыруға ЖСҚ әзірлеу, ТЖД аумағының қоршауын, ұзақ сақтау қоймасы аумағының қоршауын, 4 гараждық боксты және ТЖД ғимаратының жертөле үй-жайын күрделі жөндеуді жүргізуге ЖСҚ әзірлеу.»;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиженің «б) тармақшасындағы мәтін бойынша «257» деген сандар «676» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қаржылық-экономикалық нәтижеде»:
3) тармақшадағы «27,9» деген сандар «14,9» деген сандармен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «18,1» деген сандар «15,8» деген сандармен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулыға 34-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 2-жолда:
«шатыр 15-жергілікті - 2 бірлік» деген сөздер алып тасталсын;
«жинағы модуль, 15*30м автокөліктер мен қоймалар үшін - 1 бірлік;» деген сөздер алып тасталсын;
«, созылмалы құтқару матасы, авариялық құтқару аспабының жинағы, сүңгуір жейде, неопренді гидрокостюм, тау шаңғысы жинағы, газ қазандығы, үйлестіру-диспетчерлік қызмет және басқа жабдық үшін қатты дауыс байланыс жүйесі, оның ішінде желдеткіштер, тоңазытқыштар, ламинатор+брошуратор.» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 3-жолда:
«коммуналдық-тұрмыстық жабдық» деген сөздерден кейін «, оның ішінде: жылыту қазандығы - 6 бірлік.» деген сөздермен толықтырылсын;
«разграждения машина» деген сөздер «бульдозер» деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 4-жолда:
«БРОКК 90 авариялық құтқару роботы - 1 бірлік» деген сөздер алып тасталсын;
«қарда жүретін машина - 2 бірлік, Камаз автомобилі - 1 бірлік, УАЗ автомобилі - 1 бірлік, авариялық құтқару аспаптары мен жабдықтары - 4 бірлік» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 9-жолда «Диспетчер» АРМ жабдығын» деген сөздерден кейін «, байланыс құралдары, телекоммуникациялық жабдық, жедел жеңіл автомобиль - 1 бірлік» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде»:
«шатыр 15-жергілікті - 2 бірлік» деген сөздер алып тасталсын;
«жинақы модуль, 15*30м автокөліктер мен қоймалар үшін - 1 бірлік;» деген сөздер алып тасталсын;
«ұялы байланыс кешені УКВ-10-бірлік» деген сөздерден кейін «, созылмалы құтқару матасы, авариялық құтқару аспабының жинағы, сүңгуір жейдесі, неопренді гидрокостюм, тау шаңғысы жинағы, газ қазандығы, үйлестіру-диспетчерлік қызмет және басқа жабдық үшін қатты дауыс байланыс жүйесі, оның ішінде желдеткіштер - 2 бірлік, тоңазытқыштар, ламинатор+брошуратор.» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзацта:
«коммуналдық-тұрмыстық жабдық» деген сөздерден кейін «, оның ішінде: жылыту қазандығы - 6 бірлік.» деген сөздермен толықтырылсын;
«іске асыруға машина» деген сөздер «іске асыруға бульдозер» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацта:
«УАЗ базасында АСА - 3 бірлік,» деген сөздерден кейін «қарда жүретін машина - 2 бірлік, Камаз автомобилі - 1 бірлік, УАЗ автомобилі - 1 бірлік, авариялық құтқару аспаптары мен жабдығы - 4 бірлік» деген сөздермен толықтырылсын;
«БРОКК 90 авариялық құтқару роботы - бірлік» деген сөздер алып тасталсын;
тоғызыншы абзацта «Диспетчер» АРМ жабдығын» деген сөздерден кейін «, байланыс құралдары, телекоммуникациялық жабдық, жедел жеңіл автомобиль - 1 бірлік» деген сөздермен толықтырылсын;
3) көрсетілген қаулыға 37-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 1-жолдың «Ғимараттың беткі жағын күрделі жөндеу, «Асхана шатыры», «Спорт залының шатыры» жұмыс жобасын қалпына келтіру» деген сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғимараттың беткі жағын, асхананың шатырын, спорт залының шатырын күрделі жөндеуден өткізу.»;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде»:
бірінші абзацтағы «Ғимараттың беткі жағын күрделі жөндеу, «Асхана шатыры», «Спорт залының шатыры» жұмыс жобасын қалпына келтіру» деген сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғимараттың беткі жағы, асхананың шатыры, спорт залының шатыры күрделі жөндеуден өткізілді.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |