Yйлестіруді жақсарту. Мыналар: статистиканың уәкілетті органының ұйымдастырушылық құрылымына өзгерістер; сапа мониторингі жүйесін екі өндірістік процеске енгізу жоспарланып отыр. Жұмыстарды орындау заңнамалық кесімдермен және нормативтік құжаттармен расталатын болады.
Әдіснаманы әзірлеу. Ғылыми зерттеулер жүргізуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру жолымен жүзеге асырылады. Зерттеу тақырыптарының көкейкестілігін қамтамасыз ету үшін олардың тізбесі қорытылған түрде ұсынылады және салалық сараптама нәтижелері бойынша жыл сайын нақтылануға жатады. Зерттеулердің орындалуын бақылау белгіленген тәртіппен қамтамасыз етіледі. Орындалған ғылыми есептер Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің сайтында орналастырылады.
Талдау жүргізу. Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін мемлекеттік тапсырыс шеңберінде талдау есептерін дайындау кіреді. Талдау есептерінің тізбесі салалық сараптауға жатпайды. Ол жыл сайын мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі және нақтыланып отырады.
Ақпараттық жобаларды енгізу. Белгіленген тәртіппен үш уәкілетті орган тарапынан бақылауды қамтиды (бюджет, ақпараттық технологиялар бойынша және тапсырыс беруші).
Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдармен жобалар шеңберінде, соның ішінде достастық елдеріне техникалық жәрдемдесу (ТАСИС) жобалары бойынша жоспарланып отыр. Барлық жобалар бойынша іске асыру процестерін үшжақты (тапсырыс беруші, кеңесші және халықаралық ұйым тарапынан) бақылау көзделген. Бұдан басқа, Қазақстанда үш халықаралық семинар өткізу, сондай-ақ халықаралық жұмыс топтарына, семинарларға, жоғары деңгейлі кездесулерге қатысу көзделеді. Іс-шаралар саны ынтымақтастық туралы жасалған халықаралық шарттар санын ескере отырып анықталған.
Енгізілетін әрбір стандарт бойынша жұмыстардың бір немесе бірнеше бағыттары бойынша қажетті іс-шаралардың тізбесі анықталған. Жұмыстардың әртүрлі бағыттары бойынша, бірақ бір стандартты енгізуге бағытталған іс-шаралар оларды өткізу кезеңдері мен мерзімдері бойынша өзара келісілген. Бұл әрбір стандартты енгізуге кешенді көзқарасты қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар қойылған мақсаттар мен міндеттерге жетудің тиімділігін арттырады.
§ 1. Статистикалық жүйені үйлестірудің қазіргi
заманғы деңгейіне көшу
Ресми статистиканың негіз қалаушы қағидаттарына сәйкес үйлестіру қазіргі заманғы статистикалық жүйелердің ажырамас бөлігі болып табылады. Yйлестіру бойынша статистикада статистикалық қызметтің қолданылатын әдіснамасынан ұлттық статистиканың және заңнаманың ұйымдастырушылық құрылымына дейінгі көптеген аспектілерін қамтитын стандарттар мен бірқатар ұсынымдар бар.
Бағдарламамен үйлестіру деңгейін көтеру жөніндегі іс-шаралар кешені көзделеді.
Статистикада сапаны басқарудың қазіргі заманғы жүйелерін енгізу мақсатында жүйелі жұмыстар басталады. Бірінші кезеңде мынадай екі процеске: статистикалық байқауларды ұйымдастыруға және Мемлекеттік статистикалық тіркелімді енгізуге арналған сапа мониторингі енгізіледі. Жұмыстарды тиісті деңгейде орындау үшін сапа жүйелерін әзірлеу жөніндегі қызметтерге және сертификаттау бойынша қызметтерге мамандандырылатын фирмаларды тарту талап етіледі.
Уәкілетті органның ұйымдастырушылық құрылымы жаңа міндеттерге сәйкес келтірілетін болады. Стандарттарды енгізу статистикалық жұмыстардың күрделілігін арттырады. Менеджмент, маркетинг, ақпараттық технологияларды дамыту, әдіснама және талдау бойынша функциялар кеңеюде. Атап айтқанда, жүйелі негізде кәсіпорындарға жүктеменің мониторингі өткізілетін болады. Қазіргі кезде мемлекеттік статистика саласында санамаланған функцияларды қызметшілердің небәрі 2,4% атқарады. Қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін уәкілетті органның штаты аумақтық бөлімшелер есебінен ұлғайтылады.
§ 2. Халықаралық ұсынымдар мен стандарттарды ұлттық деңгейде
бейімдеу мақсатында статистика әдіснамасы мен әдістемесін әзірлеу және енгізу
Ұлттық статистикалық жүйелер өзара едәуір ерекшеленеді және әрбір жүйеде бір мақсатқа жетудің әртүрлі жолдары пайдаланылуы мүмкін. Осы жағдайларды есепке ала отырып, халықаралық стандарттар жалпы қағидаттар мен ережелерді немесе талаптардың ең аз жиынтығын анықтайды. Стандарттар статистиканың жекелеген салалары бойынша көрсеткіштер тізбесіне және оларды өндіру кезеңділігіне қойылатын талаптарды анықтайды. Бірақ стандарттар оларды ұлттық деңгейде енгізу мен келісілу жолдарын анықтамайды. Осыған байланысты еуропалық елдер тәжірибесі бойынша стандарттарды енгізу кезеңі бір жылдан он жылға дейін құрайды.
Стандарттарды енгізу және оларды ұлттық деңгейде бейімдеудің анағұрлым тиімді жолдарын анықтау кезеңін қысқарту мақсатында енгізілетін барлық стандарттар бойынша Бағдарлама шеңберінде қажетті ғылыми зерттеулер жүргізу көзделген. Зерттеу нәтижелері нақты әдіснамалық әзірлемелер түрінде ұсынылатын болады.
Атап айтқанда, БҰҰ мен Еуростаттың статистикалық комиссиясы әлемде қолданылатын сыныптамалар жүйесі негізінде статистикалық сыныптамалардың жаңа бірыңғай жүйесін құруды жоспарлап отыр. Бұл қолданыстағы мемлекеттік сыныптамаларға қағидатты өзгерістер енгізуді талап етеді. Осыған байланысты Бағдарламада қызмет және өнім түрлерінің жаңа мемлекеттік сыныптамаларын, сондай-ақ оларға сәйкес келетін номенклатура әзірлеу көзделген.
Статистиканың бірқатар мынадай жаңа салалары енгізілетін болады: мүгедектер туралы, орташа тап, білім барлығы үшін, электрондық сауда, ақпараттық қоғам, инновациялық қызмет туралы және тағы басқалары.
Статистикалық деректердің сапасын арттыруға олардың салыстырымдылығын арттыру жолымен бағытталған әдіснамалық әзірлемелер құрылымдық және қысқа мерзімді статистика жөніндегі стандарттар шеңберінде орындалады. Бұл статистикалық деректерді институционалдық тәсіл негізінде жинаудың жаңа әдіснамасына көшуге мүмкіндік береді, бұл қолданылатын салалық тәсілге қарағанда қазіргі заманғы және аса тиімді тәсіл. Институционалдық тәсіл сондай-ақ экономика салаларының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштерді әзірлеуді бастауға мүмкіндік береді.
§ 3. Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуді және іске
асыруды ақпараттық қамтамасыз етуді жақсарту үшін статистикалық
ақпаратқа талдау жасауды ұйымдастыруға және талдау жүргізуге жүйелік
тәсіл енгізу
Бағдарламамен әзірленетін көрсеткіштердің санын едәуір өсіру және олардың сапасын арттыру көзделеді. Тиісінше, көптеген және сан алуан статистикалық деректерді дұрыс пайдалану проблемасының көкейтестілігі артады. Пайдаланушыларға статистика өндіретін көрсеткіштердің көптyрлілігінен бағдар алу қиынға түсуде. Жаңа статистикалық өнімдер өндірісін игеруге ғана емес, сонымен қатар, пайдалануға да уақыт талап етіледі.
Бағдарламада жаңа статистикалық деректерді өндірумен және оларды пайдалану арасында үйлестіру қамтамасыз етілген. Енгізілетін барлық стандарттардың әлеуметтік-экономикалық саясат міндеттерін шешуге тікелей немесе жанама қатысы бар. Бұл негізде әзірленетін және іске асырылатын мемлекеттік әрі салалық бағдарламаларды ақпараттық қолдауды қамтамасыз ететін жылына 6-дан 8-ге дейінгі талдау есептерін әзірлеу көзделген.
Статистикалық деректерді неғұрлым толық, дұрыс және уақытылы пайдалану мақсатында статистикалық деректерді талдау есептері нысанында тарату мемлекеттік статистикадағы жаңа бағыт болып табылады. Бұл жаңа тәсіл статистиканың пайдаланушыларын қанағаттандыруды арттыруға ықпал етеді.
§ 4. Деректерді жинау, өңдеу, сақтау және тарату жөніндегі халықаралық
стандарттардың талаптарына жауап беретін «Мемлекеттік статистика»
бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйе құру
Статистикалық қызмет негізінде деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды қамтитын статистикалық ақпаратты өндіру процесі жатыр. Әрбір технологиялық кезеңнің оларды орындауға арналған стандарттарда сипатталған өз ерекшеліктері бар. Статистикалық деректерді өндірудің күрделі әрі ұзақ процесі статистикада бірыңғай ақпараттық жүйе құруды қиындатады. Сондықтан да осы уақытқа дейін ақпараттық технологияларды енгізу жекелеген кезеңдер мен процестер үшін жүзеге асырылды.
Бұл бағытта қазірдің өзінде бірқатар іс тындырылды. Барлық зерттеулер үшін деректерді енгізу мен өңдеуге арналған бағдарламалық кешендер бар, статистикалық сыныптамалар мен анықтамалықтар электрондық түрде ұсынылған және уақытылы жаңғыртылып отырады, Мемлекеттік статистикалық тіркелім жүргізу үшін ақпараттық жүйелер, деректердің серпінділік қатарларының базалары, статистикалық жарияланымдар базалары және басқалары енгізілген. Қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, деректерді электрондық почтамен облыстық деңгейден республикалық деңгейге, сондай-ақ аудандық деңгейден облыстық деңгейге беру жүзеге асырылады. Статистикалық ақпаратты тарату республикалық және облыстық деңгейлерде Интернет-сайттар арқылы жүзеге асырылады, ал жергілікті желілер шеңберінде Интернет технологияларын пайдалана отырып деректер алмасу қамтамасыз етілген.
Бағдарлама шеңберінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың сапалы аса жоғары деңгейіне көшу басталады. Жекелеген ақпараттық жүйелер "Мемлекеттік статистика" бірыңғай жүйесінің ішкі жүйесіне түрлендіріледі. Деректерді жинау Мемлекеттік статистикалық тіркелім және Әлеуметтік статистика үшін жасалатын тіркелім негізінде үйлестіріледі. Барлық кезеңдер мен процестер үшін сыныптамалар мен анықтамалықтардың жалпы базасы құрылады, бұл оларды пайдалануды оңтайландыруға және жүйе ішінде берілетін ақпараттың көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Жүйе шеңберінде деректерді жинаудың, берудің, өңдеудің, сақтаудың және таратудың толассыз технологиясы пайдаланылады. Қызмет көрсету жүйелерін Интернет арқылы енгізу жолымен статистиканың пайдаланушылары мен респонденттері үшін сервис кеңейтіледі және жақсартылады.
Барлығы 6 жаңа ақпараттық ішкі жүйе енгізілетін болады, бұл негізінен "Мемлекеттік статистика" бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылымын қалыптастыруды аяқтауға, сондай-ақ халықаралық стандарттар мен ұсынымдарды ұлттық статистикалық жүйеге енгізуді жылдамдатуға мүмкіндік береді.
§ 5. БҰҰ-ның ресми статистикасының негіз қалаушы қағидаттарына сәйкес
техникалық көмек алудан белсенді халықаралық ынтымақтастыққа көшу
Халықаралық ынтымақтастыққа ресми статистиканың негіз қалаушы он қағидатының екеуі арналған. Әрбір ұлттық статистикалық жүйе халықаралық стандарттардың пайдаланушысы ғана болып қоймай, сонымен қатар оларды әзірлеу мен қайта қараудың белсенді қатысушысы болуы тиіс. Статистика саласындағы барлық маңызды мәселелер ұлтаралық жұмыс топтарын құру жолымен алқалы түрде әзірленеді, ал шешімдер оларды барлық мүдделі елдермен кеңінен талқылағаннан кейін ғана қабылданады. Халықаралық деңгейдегі қарым-қатынастар статистикалық қызметтің ажырамас бөлігі болып табылады.
Ұлттық статистикалық жүйені реформалау кезеңінде Қазақстан халықаралық ұйымдар есебінен жаңа әдіснамалар мен технологиялар алушы ролін атқарды. Ұлттық жүйенің қалыптасуына қарай соңғы 10 жыл ішінде гранттар мөлшері екі есе азайды. Алайда халықаралық ынтымақтастыққа деген қажеттілік азаймады. Бағдарлама шеңберінде стандарттар жүйесін енгізуге байланысты халықаралық ұйымдармен және серіктес елдермен қарым-қатынастар бұрынғысынан да қажетті болуда.
Қазақстанның статистика саласындағы халықаралық іс-шараларға теңқұқықты қатысуына деген қажеттілік пісіп жетілді. Бағдарламамен халықаралық ұйымдар мен серіктес елдер өкілдерінің қатысуымен үш семинар өткізу көзделеді. Семинарларда сыныптамалар жүйесі, тіркелімдер және туризм статистикасы саласындағы қазақстан статистикасының тәжірибесі мен ұсыныстары ұсынылатын болады.
Қазақстан статистика саласындағы ынтымақтастық туралы 8 халықаралық шартқа ие. Осы уақытқа дейін шарттар шеңберіндегі қызмет статистикалық жарияланымдар алмасумен шектеліп келді. Шарттардың тиімділігі тәжірибе алмасу және статистикалық деректердің салыстырымдылығын қамтамасыз ету мақсатында кездесулер мен консультациялар жүргізу жолымен арттырылады. Мұндай іс-шаралардың мәні статистика қажеттіліктерімен шектелмейді, себебі статистика саласындағы серіктес-елдер экономикалық және әлеуметтік салаларда Қазақстанмен тығыз ынтымақтастыққа ие.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету көрсетілген мақсаттарға жыл сайын бөлінетін қаражат және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер шегінде республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Осы Бағдарламада айтылған шараларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен 2006 жылы - 52,4 млн. теңге, 2007 жылы - 52,4 млн. теңге, 2008 жылы - 52,4 млн. теңге бөлінеді.
Бұл ретте республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі тиісті жылдың бюджетін қалыптастыру және нақтылау кезінде белгіленген тәртіппен жыл сайын нақтыланып отырады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны іске асырудың негізгі нәтижесі барлық негіз қалаушы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға сәйкес статистикалық деректерді өндіруді қамтамасыз ететін статистиканың қазіргі заманғы ұлттық статистикалық жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Бұған мынадай нақты нәтижелерге қол жеткізу ықпал етеді:
2006 жылы кәсіпорындарға түсетін статистикалық жүктеме мониторингін енгізу;
2006 - 2008 жылдары енгізілетін барлық халықаралық стандарттар жөніндегі әдіснамалық және әдістемелік база құру мақсатында 16 тақырып бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;
2006 - 2008 жылдары 14 статистикалық модуль, соның ішінде өндірістің бәсекеге қабілеттілігі көрсеткіштерінің модулі бойынша жаңа статистикалық көрсеткіштер өндірісін енгізу;
2006 - 2008 жылдары дамытудың мемлекеттік және салалық ұзақ мерзімді бағдарламаларын ақпараттық қолдауға арналған 21 талдау есебін дайындау;
2006 - 2008 жылдары "Статистика 7" және "Статистика 8" достастық елдеріне техникалық жәрдемдесу (ТАСИС) жобалары, сондай-ақ статистика саласында 8 екіжақты шарттар бойынша іс-шараларды іске асыру;
2007 - 2008 жылдары екі өндірістік процеске арналған сапа мониторингі жүйелерін енгізу;
2007 - 2008 жылдары "Мемлекеттік статистика" бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыру үшін негіз құрайтын 6 ақпараттық жүйе енгізу;
2007 - 2008 жылдары үш халықаралық семинар өткізу;
2008 жылы сыныптаманың жаңа халықаралық жүйесіне сәйкес мемлекеттік статистикалық сыныптамалар жүйесін әзірлеу;
2008 жылы респонденттерге түсетін жүктемені азайтуды қамтамасыз ететін статистикалық деректерді жинаудың жаңа әдіснамасына көшуді аяқтау.
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистикасын
жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р\с № № | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Жауапты орындау- шылар | Орын- далу мерзімі | Бол- жалды шығыс- тар (млн. теңге) | Қаржылан- дыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Статистикалық қызметтің барлық аспектілері бойынша сапаны басқару жүйелерін сатылап енгізу, барабар ұйымдастырушылық және құқықтық негіз құру негізінде статистикалық жүйені үйлестірудің қазіргі заманғы деңгейіне көшу |
1 | СА және оның аумақтық органдары арасында штат бөлуді оңтайландыру | Қазақ- стан Респуб- ликасы Үкіме- тінің қаулысы | СА | 2007 жылғы 2 тоқсан | | Талап етілмейді |
2 | Жекелеген өндірістік процестер үшін сапаны басқару жүйелерін әзірлеу және енгізу | СА бұйрығы | СА | 2007 жылғы 3 тоқсан, 2008 жылғы 3 тоқсан | 7,0 3,0 | Республи- калық бюджет |
3 | Кәсіпорындарға түсетін жүктеменің мониторингін енгізу | СА-ның қызметі туралы есеп- тегі жұртшы- лыққа арнал- ған бөлім | СА | 2006 жылғы 1 тоқсан | | Талап етілмейді |
4 | 2007 жылы СРА және NACE халықаралық сыныптамаларының жаңа нұсқаларын бекітуге байланысты ЭҚЖС, ЭҚТӨС ұлттық сыныптамаларын қайта қарау | Қазақ- стан Респуб- ликасы Мем- стан- дарты- ның қаулысы | СА | 2008 жылғы 1 тоқсан | | Талап етілмейді |
5 | Ведомстволық есептілік нысандарының тізбесін оңтайландыру | СА бұй- рықтары | СА, мүдделі мемле- кеттік органдар | 2006 жылғы 2 тоқсан, 2007 жылғы 2 тоқсан, 2008 жылғы 2 тоқсан | | Талап етілмейді |
2 | Халықаралық ұйымдар мен стандарттарды ұлттық деңгейде бейімдеу мақсатында әдіснама мен әдістеме әзірлеу және енгізу |
6 | Өнімдердің жаңа сыныптамалары мен номенклату- раларын әзірлеу | СА бұйрығы | СА | 2007 жылғы 4 тоқсан 2008 жылғы 4 тоқсан | 2,6 2,8 | Респуб- ликалық бюджет |
7 | Статистикалық үйлестіру саласында, соның ішінде сапаны басқару жүйесінде стандарттарды енгізу | СА сай- тындағы ғылыми есеп | СА | 2006 жылғы 4 тоқсан, 2007 жылғы 4 тоқсан, 2008 жылғы 4 тоқсан | 4,6 2,6 2,7 | Респуб- ликалық бюджет |
8 | Халықты есепке алу стандарт- тарын енгізу, халық тіркелімін қалыптастыру | СА сай- тындағы ғылыми есеп | СА | 2006 жылғы 4 тоқсан | 2,8 | Респуб- ликалық бюджет |
9 | Еңбек құны зерттеулерін енгізу | СА сай- тындағы ғылыми есеп | СА | 2006 жылғы 4 тоқсан, 2007 жылғы 4 тоқсан, 2008 жылғы 4 тоқсан | 1,0 2,4 2,7 | Респуб- ликалық бюджет |
10 | Жұмыс уақыты индикаторларын құру үшін Халықаралық еңбекті ұйымдас- тыру өлшемдерін енгізу | СА сай- тындағы ғылыми есеп | СА | 2008 жылғы 4 тоқсан | 2,7 | Респуб- ликалық бюджет |
11 | "Біліммен жалпы және таза қамту", "білім барлығы үшін", "өмір бойы оқу" модульдерін енгізу | СА сай- тындағы ғылыми есеп | СА | 2007 жылғы 4 тоқсан 2008 жылғы 4 тоқсан | 2,4 2,7 | Респуб- ликалық бюджет |
12 | "Орташа тап", "әлеуметтік топтар" және басқа да модульдерді енгізу | СА сай- тындағы ғылыми есеп | СА | 2006 жылғы 4 тоқсан, 2007 жылғы 4 тоқсан | 4,8 2,4 | Респуб- ликалық бюджет |
13 | Жалпы өңірлік өнімнің тоқсандық есептерін енгізу | СА сай- тындағы ғылыми есеп | СА | 2006 жылғы 4 тоқсан | 2,6 | Респуб- ликалық бюджет |
14 | "Шығындар шығару" кестелерін қалыптастыру бойынша тұжырымдамалық тәсілдер енгізу | СА сай- тындағы ғылыми есеп | СА | 2007 жылғы 4 тоқсан | 2,4 | Респуб- ликалық бюджет |
15 | Айналымның, қосылған құнның, еңбек өнімділі- гінің және басқалардың құрылымдық көрсеткіштерін кәсіпорындар, салалар және өңірлер бойынша өндіруді енгізу | СА сай- тындағы ғылыми есеп | СА | 2006 жылғы 4 тоқсан, 2007 жылғы 4 тоқсан | 1,4 2,4 | Респуб- ликалық бюджет |
16 | Салалар бойынша құрылымдық көрсеткіштермен салыстырылатын физикалық көлем индекстерін өндіруді енгізу | СА сай- тындағы ғылыми есеп | СА | 2006 жылғы 4 тоқсан, 2007 жылғы 4 тоқсан, 2008 жылғы 4 тоқсан | 4,2 2,4 2,7 | Респуб- ликалық бюджет |
17 | Электр энергиясының дәстүрлі емес түрлерін статистикалық есепке алуды енгізу | СА сай- тындағы ғылыми есеп | СА | 2008 жылғы 4 тоқсан | 2,7 | Респуб- ликалық бюджет |
18 | Көлік саласындағы статистикалық есепке алу әдіснамасын жақсарту | СА сай- тындағы ғылыми есеп | СА | 2007 жылғы 4 тоқсан | 2,4 | Респуб- ликалық бюджет |
19 | "Электрондық сауда" және "ақпараттық қоғам" модульдерін енгізу | СА сай- тындағы ғылыми есеп | СА | 2006 жылғы 4 тоқсан 2007 жылғы 4 тоқсан | 1,6 1,0 | Респуб- ликалық бюджет |
20 | Мәдениет статистикасы бойынша халықаралық ұсынымдарды енгізу | СА сай- тындағы ғылыми есеп | СА | 2008 жылғы 4 тоқсан | 2,7 | Респуб- ликалық бюджет |
21 | Баға индекстерін қалыптастыру әдіснамасын жақсарту | СА сай- тындағы ғылыми есеп | СА | 2006 жылғы 4 тоқсан, 2007 жылғы 4 тоқсан, 2008 жылғы 4 тоқсан | 1,4 1,4 2,7 | Респуб- ликалық бюджет |
3 | Келесі мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуді және іске асыруды ақпараттық қамтамасыз етуді жақсарту үшін статистикалық ақпаратқа талдау жасауды ұйымдастыруға және талдау жүргізуге жүйелік тәсіл енгізу: |
22 | Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.05.05ж. № 450 қаулысымен бекітілген | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкіме- тіне талдау есеп- тері | СА | 2007 жылғы 20 ақпан, 2008 жылғы 20 ақпан | 1,7 2,0 | Респуб- ликалық бюджет |
23 | Білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.10.04 ж. № 1459 қаулысымен бекітілген | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкі- метіне талдау есеп- тері | СА | 2007 жылғы 20 ақпан 2008 жылғы 20 ақпан | 0,5 3,0 | Респуб- ликалық бюджет |
24 | Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.11.04 ж. № 1241 қаулысымен бекітілген | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкі- метіне талдау есеп- тері | СА | 2007 жылғы 20 ақпан | 1,4 | Респуб- ликалық бюджет |
25 | Электр энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.04.99 ж. № 384 қаулысымен бекітілген | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкі- метіне талдау есеп- тері | СА | 2009 жылғы 20 ақпан | 3,0 | Респуб- ликалық бюджет |
26 | Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.12.03 ж. № 1351 қаулысымен бекітілген | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкі- метіне талдау есеп- тері | СА | 2007 жылғы 20 ақпан | 1,0 | Респуб- ликалық бюджет |
27 | Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26.10.04 ж. № 1077 қаулысымен бекітілген | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкі- метіне талдау есеп- тері | СА | 2008 жылғы 20 ақпан, 2009 жылғы 20 ақпан | 2,0 3,0 | Респуб- ликалық бюджет |
28 | Қоршаған ортаны қорғаудың 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.12.04 ж. № 960 қаулысымен бекітілген | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкі- метіне талдау есеп- тері | СА | 2008 жылғы 20 ақпан | 2,0 | Респуб- ликалық бюджет |
29 | Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.06.04 ж. № 1388 қаулысымен бекітілген | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкі- метіне талдау есеп- тері | СА | 2007 жылғы 20 ақпан, 2008 жылғы 20 ақпан | 1,6 2,0 | Респуб- ликалық бюджет |
30 | Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.01.05 ж. № 68 қаулысымен бекітілген | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкі- метіне талдау есеп- тері | СА | 2007 жылғы 20 ақпан, 2008 жылғы 20 ақпан | 0,6 2,0 | Респуб- ликалық бюджет |
31 | Қазақстан Республикасының Индустриялық- инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясы Қазақстан Республикасы Президентінің 17.05.03 ж. № 1096 Жарлығымен бекітілген | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкі- метіне талдау есеп- тері | СА | 2007 жылғы 20 ақпан, 2008 жылғы 20 ақпан, 2009 жылғы 20 ақпан | 3,4 2,0 3,0 | Респуб- ликалық бюджет |
32 | Электр энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.04.99 ж. № 384 қаулысымен бекітілген | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкі- метіне талдау есеп- тері | СА | 2007 жылғы 20 ақпан | 0,3 | Респуб- ликалық бюджет |
33 | Өзге де мемлекеттік және ведомстволық бағдарламалар | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкі- метіне талдау есеп- тері | СА | 2007 жылғы 20 ақпан, 2008 жылғы 20 ақпан, 2009 жылғы 20 ақпан | 17,5 6,5 9,0 | Респуб- ликалық бюджет |
4 | Деректерді жинау, өңдеу, сақтау және тарату жөніндегі халықаралық стандарттардың талаптарына жауап беретін «Мемлекеттік статистика» бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйе құру |
34 | Статистикалық есептілікті е-mail бойынша жинаудың ақпараттық ішкі жүйесін әзірлеу және енгізу | СА бұйрығы | СА, АБА | 2007 - 2008 жыл- дарғы 4 тоқсан | Соманы бюд- жеттік комис- сия анық- тайды | Респуб- ликалық бюджет |
35 | Статистикалық сыныптамалар жүйесіндегі демографиялық өзгерістерді есепке алудың ақпараттық ішкі жүйесін әзірлеу және енгізу | СА бұйрығы | СА, АБА | 2007 - 2008 жыл- дарғы 4 тоқсан | Соманы бюд- жеттік комис- сия анық- тайды | Респуб- ликалық бюджет |
36 | Бастапқы статистикалық деректерді сақтаудың және олардың құпиялылығын қамтамасыз етудің ақпараттық ішкі жүйесін әзірлеу және енгізу | СА бұйрығы | СА, АБА | 2007 - 2008 жыл- дарғы 4 тоқсан | Соманы бюд- жеттік комис- сия анық- тайды | Респуб- ликалық бюджет |
37 | Халықтың дербестендіріл- ген статистика- лық есебінің ақпараттық ішкі жүйесін әзірлеу және енгізу | СА бұйрығы | СА ДСМ, ІІМ, Еңбек- мині, АБА | 2007 - 2008 жыл- дарғы 4 тоқсан | Соманы бюд- жеттік комис- сия анық- тайды | Респуб- ликалық бюджет |
38 | Тұрғын үй қорының мониторингі үшін ақпараттық ішкі жүйені әзірлеу және енгізу | СА бұйрығы | СА, АБА | 2007 - 2008 жыл- дарғы 4 тоқсан | Соманы бюд- жеттік комис- сия анық- тайды | Респуб- ликалық бюджет |
39 | СА-ның және оның аумақтық бөлімшелерінің статистикалық және талдау ақпаратын бірыңғай Интернет портал арқылы таратудың ақпараттық ішкі жүйесін әзірлеу және енгізу | СА бұйрығы | СА, АБА | 2007 - 2008 жыл- дарғы 4 тоқсан | Соманы бюд- жеттік комис- сия анық- тайды | Респуб- ликалық бюджет |
5 | БҰҰ-ның ресми статистикасының негізгі қағидаттарына сәйкес техникалық көмек алудан белсенді халықаралық ынтымақтастыққа көшу |
40 | "Статистика 8" достастық елдеріне техникалық жәрдемдесу (ТАСИС) бағдарламасы бойынша халықаралық ынтымақтастық | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкіме- тіне ақпарат | СА | 2008 жылғы 20 ақпан | 71,7 (450,0 мың ЕУРО) | Еуростат |
41 | "Статистика 9" достастық елдеріне техникалық жәрдемдесу (ТАСИС) бағдарламасы бойынша халықаралық ынтымақтастық | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкіме- тіне ақпарат | СА | 2009 жылғы 20 ақпан | 47,8 (300,0 мың ЕУРО) | Еуростат |
42 | Халықаралық семинарлар өткізу | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкіме- тіне ақпарат | СА | 2008 жылғы 20 ақпан, 2009 жылғы 20 ақпан | 0,3 0,2 | Респуб- ликалық бюджет |
42.1 | Халықаралық сыныптамалардың жаңа жүйесіне көшу | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкіме- тіне ақпарат | СА | 2009 жылғы 20 ақпан | 0,2 | Респуб- ликалық бюджет |
42.2 | Қазіргі заманғы статистикалық жүйелердің негізі ретіндегі бизнес тіркелімдер | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкіме- тіне ақпарат | СА | 2008 жылғы 20 ақпан | 0,15 | Респуб- ликалық бюджет |
42.3 | Туризм статистикасын дамыту | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкіме- тіне ақпарат | СА | 2008 жылғы 20 ақпан | 0,15 | Респуб- ликалық бюджет |
43 | Халықаралық семинарларға, конференцияларға қатысу, жасалған халықаралық шарттар шеңберіндегі ынтымақтасу | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкіме- тіне ақпарат | СА | 2008 жылғы 20 ақпан, 2009 жылғы 20 ақпан | 2,2 3,8 | Респуб- ликалық бюджет |
43.1 | Еуропа статистиктерінің және оның жұмыс топтарының конференциясына қатысу | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкіме- тіне ақпарат | СА | 2008 жылғы 20 ақпан, 2009 жылғы 20 ақпан | 2,0 3,6 | Респуб- ликалық бюджет |
43.2 | Статистикалық байқаулар шеңбері бойынша Дөңгелек үстел жұмысына қатысу | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкіме- тіне ақпарат | СА | 2008 жылғы 20 ақпан, 2009 жылғы 20 ақпан | 0,2 0,2 | Респуб- ликалық бюджет |
6 | Статистиканың басқа да салаларына халықаралық стандарттарды енгізу |
44 | Халықаралық валюта қорының төлем теңгерімі жөніндегі басшылыққа сәйкес төлем теңгерімі бойынша статистикалық зерттеулердің жаңа жүйесін құру | СА бұйрығы | ҰБ (келісім бойынша) | 2008 жылғы 4 тоқсан | | ҰБ |
45 | Қаржы секторына шолу жасау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және жинақтаушы зейнетақы қорлары бойынша ведомстволық статистикалық есептілік нысандарын әзірлеу | СА бұйрығы | ҰБ (келісім бойынша) | 2006 жылғы 2 тоқсан, 2007 жылғы 2 тоқсан | | ҰБ |
46 | Қаржы секторына шолу жасау үшін қаржы ұйымдары бойынша ведомстволық статистикалық есептілік нысандарын әзірлеу | СА бұйрығы | ҰБ (келісім бойынша) | 2008 жылғы 2 тоқсан | | ҰБ |
47 | Қаржы активтері мен пассивте- рінің ағыны бойынша ведомстволық статистикалық есептілік нысандарын әзірлеу | СА бұйрығы | ӨҰБ (келісім бойынша) | 2008 жылғы 2 тоқсан | | Талап етілмейді |
48 | Статистикалық деректерді бақылаудың жаңа нысандарын қолдана отырып, сыртқы саудадағы тауарларды есепке алудың әдіснамасын жақсарту | СА бұйрығы | Қаржы- мині, ҰБ (келісім бойынша) | 2007 жылғы 4 тоқсан | | Талап етілмейді |
49 | Әкелінетін/ әкетілетін тауарларға орташа бағаның анықтамалығын әзірлеу | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Үкіме- тіне ақпарат | Қаржы- мині | 2007 жылғы 4 тоқсан, 2008 жылғы 4 тоқсан | | Талап етілмейді |
| Жиыны: | | | | 157,2 119,5 | Респуб- ликалық бюджет Еуростат |
| соның ішінде: | | | | | |
| 2006 | | | | 52,4 | Респуб- ликалық бюджет |
| 2007 | | | | 52,4 | Респуб- ликалық бюджет |
| | | | | 71,7 (450,0 мың ЕУРО) | Еуростат |
| 2008 | | | | 52,4 47,8 (300,0 мың ЕУРО) | Респуб- ликалық бюджет Еуростат |