ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 459 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 852 қаулысымен
бекітілген
Толық серіктестіктің үлгі жарғысы
1. Жалпы ережелер
1.1. _________________________________________________________
_________________________________________________ толық серіктестігі
(өтініште көрсетіледі)
(бұдан әрі - серіктестік) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады.
1.2. Серіктестіктің құрылтайшылары (бұдан әрі - қатысушылар) мыналар болып табылады:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(өтініште көрсетіледі)
1.3. Серіктестіктің атауы ____________________________________
____________________________________________________________________
(өтініште көрсетіледі)
1.4. Серіктестіктің орналасқан жері __________________________
____________________________________________________________________
(өтініште көрсетіледі)
1.5. Серіктестіктің қызмет ету мерзімі _______________________
____________________________________________________________________
(өтініште көрсетіледі)
1.6. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесі ________________
(өтініште көрсетіледі)
1.7. Серіктестік заңнамалық актілерде және құрылтай шартымен тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрлерін жүзеге асыра алады.
Серіктестік лицензияның негізінде тізбесі заңнамалық актілерде айқындалатын қызметтің жекелеген түрлерімен айналыса алады.
2. Серіктестіктің заңдық мәртебесі
2.1. Серіктестік мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлға құқығын алады.
2.2. Серіктестіктің мөрі, дербес теңгерімі, банктерде шоттары, өз атауы жазылған бланкілері болады.
2.3. Серіктестік өз қызметінің мақсаттарына жету үшін өз атынан мәмілелер жасауға, мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарды сатып алуға, міндеттер алуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
2.4. Серіктестік Қазақстан Республикасының аумағында және шет елде филиалдар мен өкілдіктер құруға, басқа заңды түлғалармен бірлестіктерге (одақтарға) кіруге, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың құрылтайшысы болуға құқылы.
2.5. Серіктестік өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Мемлекет серіктестіктің борыштары бойынша жауап бермейді. Серіктестік мемлекеттің борыштары бойынша жауап бермейді. Серіктестік қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
3. Серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
3.1. Серіктестікке қатысушылардың:
1) серіктестікті басқаруға қатысуға, соның ішінде серіктестік алған табысты бөлуге қатысуға;
2) серіктестіктің қызметі туралы толық ақпарат алуға, соның ішінде бухгалтерлік және серіктестіктің басқа да құжаттамасымен танысуға;
3) серіктестік қызметінен олардың серіктестік мүлкіндегі үлестерінің мөлшеріне байланысты табыстар алуға;
4) белгіленген тәртіппен толық серіктестіктен шығуға;
5) серіктестік таратылған жағдайда, кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған серіктестік мүлкіндегі өз үлестеріне сәйкес мүліктің бір бөлігін немесе оның құнын алуға;
6) «Шаруашылық серіктестіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдерін сот тәртібімен даулауға құқығы бар.
Серіктестікке қатысушылардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.
3.2. Серіктестікке қатысушылар:
1) серіктестіктің құрылтай құжаттарын сақтауға;
2) құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен серіктестік қызметіне қатысуға, соның ішінде серіктестік атынан іс жүргізуге немесе оған қызметті жүзеге асыруда жәрдем көрсетуге;
3) салымдарды толық серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен, тәсілмен және мөлшерде салуға;
4) өз атынан және өздерінің мүдделеріне серіктестік қызметінің мәнін құрайтын бір тектес мәмілелерді жасаудан бас тартуға;
5) толық серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге;
6) серіктестіктің атқарушы органына тұрғылықты жердің және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
Серіктестікке қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да міндеттерді ала алады.
Серіктестікке қатысушы серіктестікке немесе оған қатысушыларға зиян келтірген Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және құрылтай құжаттарында көзделген өз міндеттерін орындамаған кезде басқа қатысушылар осындай қатысушыдан зиянды өтеуін, ал айтарлықтай зиян келтірілген кезде оны серіктестіктен сот тәртібімен шығаруды талап етуге құқылы.
4. Серіктестік қызметінің мақсаты мен түрлері
4.1. Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты пайда алу болып табылады.
4.2. Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін серіктестік заңнамада тыйым салынбаған қызметтің мынадай негізгі түрлерін жүзеге асырады:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(өтініште көрсетіледі)
Серіктестік тізбесі заңнамалық актілерде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде айналыса алады.
5. Серіктестіктің мүлкі
5.1. Серіктестіктің мүлкін негізгі қорлар және айналымдағы қаражат, сондай-ақ құны серіктестіктің дербес теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүлік құрайды.
Мүлік серіктестіктің меншік құқығына жатады.
Серіктестік мүлкін қалыптастыру көздері мыналар болып табылады:
1) қатысушылардың жарғылық қорға салымдары;
2) оның қызметінен алынған табыстар;
3) заңнамалық актілерде тыйым салынбаған өзге де көздер.
5.2. Серіктестіктің жарғылық капиталы ________________________
____________________________________________________ теңгені құрайды.
(өтініште көрсетіледі)
Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы, зияткерлік меншік нәтижелеріне және өзге мүлікке құқық серіктестіктің жарғылық капиталына салым бола алады.
Серіктестіктің жарғылық қорының мөлшері, тәртібі және құру мерзімдері серіктестіктің құрылтай шартымен белгіленеді.
6. Серіктестіктің басқару және бақылау органдары
6.1. Серіктестіктің жоғары басқару органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады.
Серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мыналар жатады:
а) серіктестіктің жарғысын өзгерту, соның ішінде оның жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту;
б) серіктестіктің атқарушы, байқаушы және бақылау органдарын құру және оларды кері шақырту;
в) серіктестіктің жылдық есептері мен бухгалтерлік теңгерімдерін бекіту, оның таза табысын бөлу;
г) серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім.
Көрсетілген мәселелер бойынша шешімдер қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Серіктестікке әрбір қатысушының бір дауысы бар.
6.2. Жалпы жиналыс атқарушы органның құзыретіне жататын мәселелерді өз қарауына қабылдауға құқылы.
6.3. Серіктестіктің атқарушы органы директор және (немесе) дирекция болып табылады, олар қатысушылардың жалпы жиналысына есеп береді және оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Құрылтайшылар директорды тағайындаған кезде еңбек қатынастары еңбек заңнамасына сәйкес келісім-шарт негізінде реттеледі.
6.4. Дирекция жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатпайтын барлық мәселелер бойынша құзыретті. Дирекция ______________ мүшеден (өтініште көрсетіледі) тұрады. Шешімдер дирекция мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда директордың дауысы шешуші болып саналады.
6.5. Дирекция жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатпайтын барлық мәселелер бойынша құзыретті, оның ішінде:
ағымдағы және перспективалық жұмыс бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
қатысушылардың шешімдерін дайындау мен орындауды ұйымдастырады, оларға орындау туралы есептер береді;
оның ақша қаражатын қоса алғанда, қатысушыларға ұсынылатын шекте серіктестік мүлкіне билік етеді;
серіктестіктің атынан сенімхатсыз шарттар (келісім-шарттар) жасасады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
банктерде есеп айырысу және өзге де шоттар ашады;
серіктестіктің еңбек ұжымының орындауы үшін міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады;
серіктестік қызметкерлерін қабылдау және жұмыстан босату құқықтарын жүзеге асырады;
сенімхат береді;
мемлекеттік органдарды, соттарды қоса алғанда, ұйымдармен, кәсіпорындармен, мекемелермен қарым-қатынастарда қатысушылар берген және осы жарғыда белгіленген өкілеттіктер шегінде серіктестік қызметінің мәселелері бойынша серіктестікті білдіреді;
серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекітеді, оларды қабылдау рәсімдерін анықтайды;
өз құзыретінің шегінде басқа функцияларды атқарады.
6.6. Байқаушы кеңес құрылған жағдайда жалпы жиналыс оның айрықша құзыретін белгілейді, оған мынадай мәселелер кіреді:
1. ___________________________________________________________
2. ___________________________________________________________
3. ___________________________________________________________
(өтініште көрсетіледі)
6.7. Байқаушы кеңес ____________ мүшеден (өтініште көрсетіледі) тұрады. Байқаушы кеңес қарайтын мәселелер бойынша шешімдер байқаушы кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
6.8. Есептердің дәлдігін, серіктестік қызметінің заңнамаға, осы жарғыға, келісім-шарттар мен келісімдерге сәйкестігін бағалау жөніндегі функциялар жалпы жиналыстың шешімі бойынша сайланатын (немесе тағайындалатын) тексеру комиссиясына жүктеледі.
6.9. Серіктестіктің тексеру комиссиясының құрамына серіктестікке қатысушылар, заңнамалық актілерге сәйкес аудиторлық қызметпен айналысуға құқығы бар адамдар, қаржы және бухгалтерлік есеп саласындағы тәуелсіз сарапшылар және басқа адамдар кіре алады.
6.10. Тексеріс жүргізу үшін тәуелсіз аудитор тартылуы мүмкін.
7. Серіктестіктің пайдасы мен залалын бөлу
7.1. Серіктестіктің пайдасы және залалы қатысушылар арасында, егер құрылтай шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, серіктестіктің жарғылық қорындағы олардың салымдарының мөлшеріне барабар бөлінеді.
7.2. Пайданы бөлуге және залалды жабуға қатысудан толық серіктестікке қандай да бір қатысушыны шеттететін келісімдер жарамсыз болып табылады.
8. Серіктестікке қатысушыларға, үлестерді сатып алушыларға құжаттарды және
серіктестіктің қызметі туралы ақпарат беру тәртібі
8.1. Серіктестік езінің қатысушыларының талабы бойынша оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын серіктестік қызметі туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың мүдделерін қозғайтын ақпарат ретінде мыналар танылады:
1) серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы, байқаушы кеңес, серіктестіктің тексеру комиссиясы (тексеруші) қабылдаған шешімдер және қабылданған шешімдердің орындалғаны туралы ақпарат;
2) серіктестіктің меншікті капиталының мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын қүрайтын мөлшерде қарыз алуы;
3) серіктестіктің ірі мәмілелер жасауы немесе нәтижесінде серіктестіктің меншікті капиталының мелшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомаға мүлік сатып алынатын немесе иеліктен айырылатын өзара байланысты мәмілелер жиынтығы;
4) серіктестіктің қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар алуы және (немесе) белгілі бір әрекет жасауы, олардың әрекетінің токтатыла тұруы немесе тоқтауы, сондай-ақ қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір әрекетті жасауға серіктестік бұрын алған лицензиялардан айыру;
5) серіктестіктің мүлкіне тыйым салу;
6) нәтижесінде серіктестіктің мүлкі жойылған, теңгерімдік құны қоғам активтерінің жалпы мөлшерінің он немесе одан да көп пайызын құрайтын тетенше сипаттағы мән-жайлардың болуы;
7) серіктестікті және (немесе) оның лауазымды адамдарын әкімшілік жауапкершілікке тарту;
8) серіктестікті мэжбүрлі қайта ұйымдастыру туралы шешім;
9) аудиторлық есеп (ол бар болғанда);
10) сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат;
11) серіктестіктің жарғысына сәйкес серіктестікке қатысушылардың мүдделерін козғайтын өзге де ақпарат.
8.2. Серіктестіктің оған қатысушылардың мүдделерін қозғайтын қызметі туралы ақпарат беруі заңнамаға және осы жарғыға сәйкес жүзеге асырылады.
8.3. Үлесті сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпарат беру қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Ақпарат беру тәртібі және оның көлемі үлесті сатып алу туралы алдын ала шартпен белгіленеді.
9. Серіктестіктің борыштары бойынша қатысушылардың жауапкершілігі
9.1. Егер серіктестікті таратқан кезде бар мүлік оның барлық борыштарын жабу үшін жетпесе, серіктестік үшін жетпеген бөлікте оған қатысушылар бірлескен жауапкершілікті заңнамалық актілерге сәйкес өндіру талап етілген өзінің барлық мүлкімен көтереді.
9.2. Серіктестік құрылған соң үлесті немесе құқықтық мирасқорлықты беру тәртібімен кірген серіктестікке қатысушы басқа қатысушылармен тең және серіктестікке кіргенге дейін туындаған міндеттемелер бойынша жауап береді.
Толық серіктестіктің серіктестікке оны құрған соң жаңа қатысушы қабылдау тәртібімен кірген қатысушысы серіктестікке ол кірген соң туындаған міндеттемелер бойынша ғана жауап береді.
9.3. Серіктестік борышын толық немесе ішінара өтеген қатысушы тиісті бөлікте олардың алдында серіктестік мүлкіндегі өз үлестерінің мөлшеріне барабар үлестік жауапкершілік көтеретін қалған қатысушыларға кері талап қоюға құқылы.
9.4. Толық серіктестік тоқтатылған жағдайда қатысушылар оның тоқтатылған сәтіне дейін туындаған серіктестіктің міндеттемелері бойынша серіктестік тоқтатылған күннен бастап екі жыл бойы жауапты болады.
10. Серіктестіктің қызметін тоқтату
10.1. Серіктестік қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша қайта ұйымдастырылуы және таратылуы мүмкін.
10.2. Серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Серіктестік директоры Т.А.Ә.