Басқарма ________ (өтініште көрсетіледі) мүшеден тұрады.
Басқарманың отырысы қажеттілігіне қарай шақырылады, бірақ ол аптасына кемінде бір рет, басқарма мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға басқарманың осы отырысқа қатысқан барлық мүшесі қол қояды.
42. Атқарушы органның басшысы:
1) акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
2) үшінші тұлғалармен қатынастарда қоғам атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) үшінші тұлғалармен қатынастарда оған қоғамды білдіруге сенімхат береді;
4) қоғам қызметкерлерін (Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда) қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады, қоғамның штат кестесіне сәйкес қоғам қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларының және оларға дербес үстемеақылардың мөлшерін белгілейді, атқарушы орган мен қоғамның ішкі аудит қызметінің құрамына кіретін қызметкерлерді қоспағанда, қоғам қызметкерлеріне берілетін сыйлықақы мөлшерін айқындайды;
5) өзі болмаған жағдайда өз міндеттерін атқаруды атқарушы орган мүшелерінің біріне жүктейді;
6) атқарушы орган мүшелерінің арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттік саласын және жауапкершілікті бөледі;
7) қоғам жарғысында және акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімдерінде белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
43. Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін. Ол құрылған жағдайда, қоғамның ішкі аудит қызметі _________ (өтініште көрсетіледі) мүшеден тұрады.
Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері директорлар кеңесінің және атқарушы органның құрамына сайлана алмайды.
44. Ішкі аудит қызметі тікелей директорлар кеңесіне бағынады және оның алдында өзінің жұмысы туралы есеп береді.
10. Қоғам акционерлерінің және лауазымды
тұлғаларының өздерінің аффилиирленген тұлғалары
туралы ақпарат беру тәртібі
45. Қоғам өзінің аффилиирленген тұлғаларының есебін осы тұлғалар немесе қоғамның тіркеушісі беретін мәліметтер негізінде (уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ірі акционер болып табылатын тұлғаларға қатысты ғана) жүргізеді.
46. Қоғамның ірі акционерлері мен лауазымды тұлғалары өздерінің аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты мынадай көлемде ұсынады:
Жеке тұлғалар туралы |
Тегі, аты, әкесінің аты (болса) | Жеке басын куәләндіратын құжаттың деректері және жеке тұлғаның тұрғылықты жері туралы мәліметтер | Туған күні | Аффилиирленгендігін тану үшін негіздемелер | Аффилиирленгендігінің пайда болған күні | Ескертпе |
Заңды тұлғалар туралы |
Заңды тұлғалардың толық атауы | Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелген күні және нөмері, заңды тұлғаның почталық мекен-жайы және іс-жүзінде орналасқан жері | Аффилиирленгендігін тану үшін негіздемелер | Аффилиирленгендігінің пайда болған күні | Ескертпе |
47. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат болып табылмайды. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар аффилиирлену туындаған күннен бастап жеті күн ішінде өзінің аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметті қоғамға табыс етуге міндетті.
Қоғам өзінің аффилиирленген тұлғаларының тізімін уәкілетті органға ол белгілеген тәртіппен табыс етуге міндетті.
11. Қоғамның ақпаратты ашуы
48. Қоғам өз қызметі туралы, қоғам акционерлерінің мүдделерін қозғайтын ақпаратты өзінің акционерлеріне Заңға және осы Жарғыға сәйкес жеткізеді.
Акционерлік қоғам және оның акционерлері өзінің хабарларын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде жариялайтын басқа ақпаратты жариялау үшін пайдалануы тиіс бұқаралық ақпарат құралдары __________ (өтініште көрсетіледі).
49. Акционердің талап етуі бойынша қоғам акционерге Заңда көзделген құжаттардың көшірмелерін беруге міндетті.
50. Акционер ақпарат алу мақсатында қоғамның атқарушы органына жазбаша нысанда өтініш жасайды. Акционердің өтініші қоғамның кіріс құжаттарын есепке алу журналында тіркелуі тиіс. Қоғам акционерге талап етілетін ақпаратты (талап етілген құжаттардың көшірмелерін) өтініш жасаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде беруге міндетті.
Құжаттардың көшірмелерін бергені үшін төленетін ақының мөлшерін қоғам белгілейді және құжаттардың көшірмелерін дайындау шығыстарының құнынан және құжаттарды акционерге жеткізуге байланысты шығыстарды төлеу ақысынан аспауы тиіс.
12. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату
51. Қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша қайта ұйымдастырылуы және таратылуы мүмкін.
52. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
13. Қорытынды ережелер
53. Қоғам осы Жарғымен реттелмеген барлық мәселелерде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін басшылыққа алады.
54. Осы Жарғы заңнамада белгіленген тәртіппен оны мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күшіне енеді.
Құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) қолдары
(жарғыны құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшы) бекіткен кезде) немесе уәкілетті тұлғаның қолы
(жарғыны акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционер) бекіткен кезде)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 852 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың үлгілік жарғысы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 қыркүйектегі № 1382 қаулысы;
2. «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің үлгілік жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 қыркүйектегі № 928 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 33, 301-құжат);
3. «Акционерлік қоғамның үлгі жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 142 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 6, 82-құжат);
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 142 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1282 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 632-құжат).