64 | Бұрылма қайырмасы бар өздігінен жүретін бульдозерлер, автогрейдерлер мен тегiстегіштер, скреперлер, механикалық күректер, бiр шөмiштi тиеуiштер, тегістейтiн машиналар, жол тегістейтiн тығыздағыштар* | 8429-дан |
65 | Топырақты, пайдалы қазбалар мен кендi тасымалдауға, игеруге, таптауға, нығыздауға, ойып алуға немесе бұрғылауға арналған машиналар мен өзге де тетiктер; қазықтар қағуға және оларды суырып алуға арналған жабдық; соқалы және роторлы қар тазартқыштар | 8430-дан |
65-1 | 8428 90 300 0 ішкі субпозициясындағы прокатталған станның жабдығы үшін ерекше немесе негізінен арналған бөліктер | 8431 39 100 0 |
66 | Шөмiштер, қармауыштар және қарпығыштар | 8431 41 000 0-ден |
67 | Бульдозерлердiң бұрылу қайырмалары | 8431 42 000 0-ден |
68 | Топырақты дайындауға және өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы, бау-бақша немесе орман шаруашылығы машиналары; көгалдарға немесе спорт алаңдарына арналған аунақтар | 8432 |
69 | Пресс жинағыштарды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға арналған машиналар мен тетiктер, сабанға немесе пiшенге арналған престер; көгал шалғылары; 8437 тауар позициясының өнiмдерiнен басқа, жұмыртқаларды, жемiстердi немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнiмдерiн тазалауға, сорттауға немесе сұрыптауға арналған машиналар | 8433-тен |
70 | Сауын қондырғылары мен аппараттары, сүт өңдеуге және қайта өңдеуге арналған жабдық | 8434 |
71 | Шарап жасауға, сидр, жемiс шырындарын немесе оларға ұқсас сусындар өндiруге арналған престер, ұсатқыштар және оларға ұқсас жабдық | 8435 |
72 | Ауыл шаруашылығына, бау-бақшаға, орман шаруашылығына, құс шаруашылығына немесе омарташылыққа арналған жабдық, механикалық немесе қыздырғыш құрылғылары бар тұқым өcipугe арналған өзге де жабдықты қоса алғанда; құс шаруашылығына арналған инкубаторлар мен брудерлер | 8436 |
73 | Тұқымдарды, астықты және құрғақ бұршақ дақылдарын тазартуға, сорттауға немесе iрiктеуге арналған машиналар; ауыл шаруашылығы фермаларында пайдаланылатын жабдықтан басқа, ұн тарту өнеркәсiбiне арналған немесе дәндi немесе құрғақ бұршақ дақылдарын өңдеуге арналған жабдық | 8437 |
74 | Мал немесе ұшпайтын өсiмдiк тоң майларын немесе майларын айырып алуға немесе дайындауға арналған жабдықтан басқа, азық-түлiк өнiмдерiн немесе сусындарды өнеркәсiптiк дайындауға немесе өндiруге арналған, осы топтың басқа жерiнде аталмаған немесе енгізiлмеген жабдық | 8438 |
75 | Талшықты целлюлоза материалдарынан қоспа шығаруға немесе қағаз немесе картон дайындауға немесе өңдеуге арналған жабдық | 8439 |
76 | Кiтап блоктарын тiгуге арналған машина. ларды қоса алғанда, түптеу жабдығы | 8440 |
77 | Барлық үлгідегi кесетiн машиналарды қоса алғанда, қағаз қоспасынан, қағаздан немесе картоннан бұйымдар жасауға арналған өзге де жабдық | 8441 |
78 | Қаріп құюға немесе қарiп теруге арналған, баспа блоктарын, пластиналарды, цилиндрлердi немесе басқа да баспаханалық элементтердi дайындауға немесе жасауға арналған машиналар, аппаратура және жабдық (8456 - 8465 тауар позицияларының станоктарынан басқа); баспаханалық қарiптер, блоктар, пластиналар, цилиндрлер және басқа да баспаханалық элементтер; баспа мақсаттары үшiн дайындалған блоктар, пластиналар, цилиндрлер және литографиялық тастар (мысалы, жонылған, ажарланған немесе жылтыратылған) | 8442 |
79 | Офсеттiк басуға арналған орамды машиналар | 8443 11 000 0 |
80 | Жаңа, мөлшерi 29,7 x 40,2 см-ден астам параққа арналған, парақтап беретiн офсеттiк басуға арналған машиналар* | 8443 19-дан |
81 | Офсеттік басуға арналған өзге де машиналар | 8443 19 900 0 |
82 | Жасанды тоқыма материалдарын жаншуға, созуға, текстурлауға немесе кесуге арналған машиналар | 8444 00 |
83 | Тоқыма талшықтарды дайындауға арналған машиналар; тоқыма жiптi дайындауға арналған иiру, созу немесе орау машиналары және басқа да жабдық; пiллә орайтын немесе орайтын (жiңiшке орауды қоса алғанда) тоқыма машиналар және оны 8446 немесе 8447 тауар позициясының машиналарында пайдалануға арналған тоқыма жiптi дайындайтын машиналар | 8445 |
84 | Тоқыма станоктары | 8446 |
85 | Позументтiк жіп, перде, шiлтер, кесте жiптердiң жиегiн алуға, таспа немесе тор тоқуға арналған тiгiн, тоқыма-тігін машиналары және тафтингтiк машиналар | 8447 |
86 | Фетр қалпақ жасауға арналған жабдықты қоса алғанда киiз және фетр немесе тоқыма емес материалдарды бөлшекте немесе пiшiнде жасауға немесе өңдеуге арналған жабдық; қалпақтар дайындауға арналған қалыптар | 8449 00 000 0 |
87 | Сығу құрылғысымен жарақтандырылған машиналарды қоса алғанда, кiр жуу үйлерiне арналған кiр жуатын машиналар* | 8450-ден |
88 | Сығу құрылғысымен жарақтандырылған машиналарды қоса алғанда кiр жуатын тұрмыстық машиналарға арналған бөлшектер* | 8450 90 000 0-ден |
89 | Жууға, тазалауға, сығуға, кептiруге, үтiктеуге, бастыруға (материалдарды ыстықтай қалыптау үшiн бастыруды қоса алғанда), ағартуға, бояуға, аппреттеуге, әрлеуге, иiрiмжiптердi, маталарды немесе тоқыма бұйымдарын жабынмен қаптауға жабуға немесе өңдеуге арналған жабдық (8450 тауар позициясының машиналарынан басқа) және линолеум сияқты едендiк төсенiштердi өндiруге пайдаланылатын мата немесе басқа да негiзге паста жағуға арналған машиналар; тоқыма маталарды орауға, тарқатуға, жинауға, кесуге немесе тесуге арналған машиналар (тұрмыстық үтiктеу машиналарынан басқа) | 8451 |
90 | Тiгін машиналары, 8440 тауар позициясы. ның түптейтiннен, мұқабалайтыннан басқа; автоматтандырылған; басқалары | 8452 21 000 0 8452 29 000 0 |
91 | Тiгiн машиналарынан басқа, терiнi немесе былғарыны дайындауға, илеуге немесе өңдеуге арналған немесе теріден немесе былғарыдан аяқ-киім немесе басқа бұйымдар дайындауға немесе жөндеуге арналған жабдық | 8453 |
92 | Металлургияда немесе құю өндiрiсiнде пайдаланылатын конвертерлер, құю шөмiштерi, құймақалыптар және құю машиналары | 8454 |
93 | Лазерлi немесе басқа да жарық немесе фотонды сәуленiң, ультрадыбысты, электр разрядты, электр-химиялық, электронды сәулелiк, ионды сәулелiк немесе плазмалық-доғалық процестердiң көмегiмен материалды кетiру жолымен кез келген материалдарды өңдеуге арналған станоктар | 8456 |