Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 856 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 140 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 512-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Божко Владимир Карпович | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, төраға |
Пірматов Ғалымжан Олжаұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Сабдалин Абылай Қиялұлы | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі |
Дәленов Руслан Ерболатұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Дәненов Нұрлан Жұмағалиұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары |
Ділімбетова Гүлнәр Аманқұлқызы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Сәрсембаев Зейнулла Сәкенұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Баймұқанов Сыздық Асылбекұлы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасы |
Айсағалиева София Серікбайқызы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары |
мына:
«Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі» |
деген жолдағы «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген құрамнан Храпунов Виктор Вячеславович, Құсайынов Марат Әпсеметұлы, Әбдішев Бауыржан Түйтеұлы, Айтжанов Дулат Нұлиұлы, Баталов Асқар Болатұлы, Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы, Кұрманов Алмас Мұхаметкәрімұлы, Мәшкеев Батырбек Әукенұлы, Саудабаев Дәулет Советұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |