Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 841 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 683 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы 16-1-жолмен толықтырылсын:
«16-1. «Нұрсат» акционерлік қоғамы 1,4 %»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген бөлімде:
реттік нөмірі 7-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |