Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 347 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 қыркүйектегі № 826 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 ж.12 қарашадағы № 1048 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 347 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
Михаэль Ноймайр - тәуелсіз директор;
Марк Лоранс Хольцман - тәуелсіз директор;
Ульф Вокурка - тәуелсіз директор.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |