270. Сөзбен басқару құралдары жазылған фонограммаларды таратуды және (немесе) хабарламалар мен басқару командаларын микрофон арқылы тікелей таратуды қамтамасыз етуі қажет.
271. 4 және 5-топтың сөзбен және дыбыстық хабарлаудың басқа аспаптарында хабарлау аймағымен екі жақты коммуникациялық байланысының мүмкіндігі болуы қажет.
Хабарлағыштарға басқару сигналдарын беру туралы дыбыстық сигналдар басқа сигналдардан ерекшеленіп тұруы керек.
272. Сөзбен хабарлауды басқару аспаптарының өрт кезінде объектіде штатты болмайтын өзгеру жағдайларында басқару командаларына жедел түзету енгізу мүмкіндігі болуы керек.
273. Хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелері эвакуация жоспарларын тарату мақсатында жобаланады. Хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелерін жобалаған кезде оның азаматтық қорғаныс хабарлау жүйелерімен өзара байланыс мүмкіндігін қарастыру қажет.
274. Хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелері өрт сигнал беру жабдығының немесе өрт сөндіру автоматты қондырғысы қалыптастыратын командалық импульстен іске қосылуы керек.
Егер ғимараттың осы түріне арналған нормативтік құжаттарға сәйкес өрт сөндірудің автоматты қондырғылары мен автоматты өрт сигнал беру жабдығымен жабдықтау қажет етілмесе хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелерінде қашықтық және жергілікті іске қосуды қолдануға рұқсат етіледі.
Іске қосу элементтері қол өрт хабарландырушыларына қойылатын нормалардың талаптарына сәйкес орындалады және орналасады.
275. Жартылай автоматты басқару, сондай-ақ хабарландыру мен эвакуацияны басқару жүйелерін қашықтық және жергілікті іске қосу нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жекелеген хабарландыру аймақтарында жол беріледі.
Басқарудың түрін таңдау өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуге сүйене отыра ғимараттың атқарымдық арналуы, құрылмалық және көлемді-жоспарлау шешімдеріне қарай ұйымдастырушы-жобалаушы анықтайды.
276. Объектіні хабарлаушы аймаққа бөлу кезінде жобада қорғалатын объектідегі адамдарға хабарлаудың арнайы кезектілігі әзірленеді.
277. Өрт хабарлау аймақтарының көлемдері, хабарлаудың арнайы кезектілігі мен жекелеген аймақтарда хабарлаудың басталу уақыты адамдарды өрт кезінде қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуге негізделе отыра анықталады.
278. Хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелері адамдарды ғимараттан эвакуациялау аяқталуға қажетті уақыт ішінде қызмет етуі қажет. Эвакуациялаудың қажетті уақытын нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсыныстардың талаптарына сәйкес объектілерді жобалаған кезде анықталады.
279. Сымдар мен хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелерінің желілерін қосу кабельдерін құрылыс құрылмаларында, қораптарда немесе жанбайтын материалдардан жасалған каналдарда салады.
280. Эвакуациялық жарықтық көрсеткіштер жұмыс жарық берудің негізгі жарық беру аспаптарымен бір мезгілде қосылуы қажет. Хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелерінен өрт туралы хабарлаудың басталғаны және (немесе) жұмыс жарық беру қорегінің апатты тоқтағаны туралы командалық импульсті алған кезде автоматты қосылатын эвакуациялық жарықтық көрсеткіштерді пайдалануға рұқсат етіледі. Көру, көрме және басқа залдардан «Шығу» деген жарықтық көрсеткіштер адамдар болған барлық уақытта қосылуы керек.
281. Дыбыстық және сөздік өрт хабарландырушыларының саны, олардың орналасуы мен қуаты адамдар тұрақты немесе уақытша болатын барлық орындарда қажетті естілуді қамтамасыз етуі қажет.
282. Хабарлағыштардың дауыс реттегіштері болмауы және желіге алынбалы құрылғыларсыз қосылуы керек.
283. Хабарлағыштардың дыбыстық сигналдары басқаға арналғаннан дыбыстық сигналдардан шығатын үндестігі бойынша ерекшеленуі қажет.
284. Хабарлау жүйелерін басқару және эвакуацияны басқару өртке қарсы қорғаныш жүйелерін басқарудың орталық пунктінен, өрт орнының бөлмесінен, операторлық немесе белгіленген тәртіпте бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарда айтылған талаптарға жауап беретін басқа арнайы бөлмелерден жүзеге асырылуы қажет.
285. Жобаны әзірлеу сатысында хабарлау жүйелерін басқару түріне қарамай (қол немесе жартылай автоматты іске қосуы бар) оның еріксіз жұмыс істеуін немесе кездейсоқ қосылуын болдырмайтын құрылғыны қарастырады.
286. Физикалық жетіспеушіліктері бар (нашар көретін, нашар еститін) адамдары бар (жұмыс істейтін, тұратын, бос уақытын өткізетін) ғимараттар мен орындарда хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелерін жобалағанда және (немесе) жинақтағанда осы ерекшеліктерді ескереді.
287. Объектіде радио хабар тарату түйіні бар болса, адамдарды өрт туралы хабарландыруды осылар арқылы жүзеге асыруға болады.
288. Радио хабар тарату түйіндерін оларды хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелеріне қосу мүмкіндігімен бірге жобалайды.
289. Хабарлаудың техникалық құралдарының электр қоректенуі ӨАЖҚ талаптарына сай 1-санатқа сәйкес болуы қажет және мына тәсілдердің бірімен:
1) 220 В кернеуімен 50 Гц жиілікпен ауыспалы тоқтың желісінен;
2) 3 В, 6 В, 9 В, 12 В, 18 В, 20 В, 24 В, 30 В, 36 В, 42 В, 60 В немесе 110 В қатарынан таңдап алынатын қоректену кернеуімен тұрақты тоқтың көздерінен жүзеге асырылады.
290. Хабарлаудың техникалық құралдарының резервтік электр қоректенуі:
1) ауыспалы тоқ желісінің екінші тәуелсіз енуінен;
2) тұрақты тоқтың қорек көзінен;
3) тұрақты тоқтың автономды электр агрегатынан жүзеге асырылуы қажет.
Тұрақты тоқтың резервтік көзі ретінде құрғақ гальваникалық элементтерді немесе аккумулятор батареяларын пайдалануға рұқсат етіледі.
291. Хабарлаудың техникалық құралдарының тұрақты тоқтың резервтік көзінен кезекші режимдегі жұмыс уақыты 24 сағ. кем болмауы керек.
292. Хабарлаудың техникалық құралдарының тұрақты тоқтың резервтік көзінен дабылды режимдегі жұмыс уақыты 3 сағ. кем болмауы керек.
293. Хабарлаудың техникалық құралдарының параметрлері мен орындалуы, жарық көрсеткіштер мен эвакуациялау белгілерін, дыбыстық хабарландырушыларды, эвакуациялық жарық беруді орналастыру Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың, сондай-ақ белгіленген тәртіпте бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықтайды.
294. Адамдарды қауіпсіз орындарға эвакуациялау бойынша объект мамандарын тәжірибелік дайындауды объект әкімшілігі тоқсан ішінде екі реттен кем болмайтындай, ал адамдар тәулік бойы болатын объектілерде түнгі уақытта да жүргізіледі. Объектіде жүргізілген тәжірибелік дайындықтар арнайы журналда белгіленеді.
4.13. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын таңбалау мен орауға қойылатын талаптар
295. Өрт автоматикасының жүйесі мен қондырғыларын таңбалау мен орау Қазақстан Республикасының «Орауға, таңбалауға, этикеткілеуге және оларды дұрыс салуға қойылатын талаптар» Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес анықталады.
296. Көліктік ыдысты таңбалаудың ішінде «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге, қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес: «Абайлаңыз, сынғыш!»; «Ылғалдан сақтаңыз»; «Жоғары, аударуға болмайды» деген ескерту қауіпсіздік белгілері болуы қажет.
297. Орны мен таңбалауды салу тәсілі нақты типті және модификацияның өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына арналған техникалық құжаттамада айтылады.
298. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жегідегі қарсы қорғанышы бар тұтыну ыдысына буып-түйіледі.
299. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жеткізу жинағы оларды тасымалдау мен сақтау кезінде бүлінуден қорғау мақсатында көліктік ыдысқа буып-түйіледі.
4.14. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын тасымалдау мен сақтауға қойылатын талаптар
300. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын тасымалдау мен сақтау талаптары оларды пайдалану талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
301. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын тасымалдау мен сақтау кезінде оларды механикалық бүлінуден, қызынудан, тікелей күн сәулесінің түсуінен, атмосфералық жауын-шашыннан, ылғал мен агрессивті ортаның әсерлерінен қорғайтын жағдайлар қамтамасыз етіледі.
5. Сәйкестік презумпциясы
302. Үйлес стандарттардың талаптарына сәйкес дайындалған және объектілерде орнатылған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына арналған техникалық құрылғылар мен жабдықтар, өрт автоматикасының жүйелері мен қондырғылары осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес деп есептеледі.
303. Талаптары осы Техникалық регламентте айтылған талаптардан кем болмаса, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары стандарттау саласындағы өзге де нормативтік құжаттар бойынша жасалуы мүмкін.
6. Өнімнің сәйкестігін растау тәртібі
304. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының техникалық құралдары, өрт сөндіру құралдары (көбік түзушілер, газ және ұнтақты өрт сөндіру құрамдары) оларды Қазақстан Республикасының объектілеріне жеткізгенге дейін сәйкестікті растау процедураларынан еді.
305. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар, олардың функциялары, құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ өнімнің сәйкестігін анықтау тәртібі «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталады.
306. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының техникалық құралдарын, сондай-ақ өрт сөндіру құралдарын бірдейлендіру олардың сәйкестігі расталған және мемлекеттік бақылау жүзеге асырылған жағдайда жүргізіледі.
307. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының техникалық құралдарын, сондай-ақ өрт сөндіру құралдарын бірдейлендіруді:
1) сынақ зертханалары;
2) сәйкестікті растау жөніндегі органдар;
3) өз құзыретінің шегінде бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органдар жүргізеді.
308. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларымен жабдықтауға жататын объектілердің осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау:
1) жаңа объектілердің құрылысына арналған жобаларды және қолданыстағы ғимараттардың өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жинақтауға арналған жобаларды сараптаған;
2) объектілерді, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдаған;
3) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына пайдалану бақылауын жүргізген жағдайларда жүзеге асырылады.
309. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларымен жабдықтауға жататын объектілердің осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растауды:
1) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдаған кезде жұмыс комиссиясы;
2) қызмет көрсетуге шарт жасасқан кезде өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым;
3) пайдалану бақылауын жүргізген кезде объектіде өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты тұлға;
4) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
7. Үйлестірілген стандарттардың тізбесі
310. Үйлес стандарттардың тізбесі:
1) ҚР СТ 1088-2003 «Өрт қауіпсіздігі. Терминдер мен анықтамалар»;
2) ҚР СТ 1166-2002 «Өрт техникасы. Жіктелуі. Терминдер мен анықтамалар»;
3) ҚР СТ 1167-2002 «Өрт автоматикасы. Терминдер мен анықтамалар»;
4) ҚР СТ 1174-2003 «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасы. Негізгі түрлері. Орналастыру және қызмет көрсету»;
5) ҚР СТ 1187-2003 «Өрт хабарландырушысы. Жіктелуі. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері»;
6) ҚР СТ 1188-2003 «Жылу сезетін өрт хабарландырушысы. Өрт қауіпсіздігінің техникалық талаптары. Сынау әдістері»;
7) ҚР СТ 1189-2003 «Өрт хабарлау және эвакуацияны басқарудың техникалық жабдықтары. Жіктелуі. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері»;
8) ҚР СТ 1233-2004 «Түтін сезгіш өрт хабарландырушысы. Оптика-электронды сызықтық. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері»;
9) ҚР СТ 1234-2004 «Түтін сезгіш өрт хабарландырушысы. Оптика-электронды нүктелік. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері»;
10) ҚР СТ 1235-2004 «Түтін сезгіш өрт хабарландырушысы. Радиоизотоптық. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері»;
11) ҚР СТ 1236-2004 «Өрт адрестік сигнал беру жүйесі. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері»;
12) ҚР СТ 1298-2004 «Автономды өрт хабарландырушысы. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері»;
13) ҚР СТ 1299-2004 «Газды өрт хабарландырушысы. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері»;
14) ҚР СТ 1300-2004 «Өрт жалын хабарландырушысы. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері»;
15) ҚР СТ 1301-2004 «Қол өрт хабарландырушысы. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері»;
16) ҚР СТ 1302-2004 «Ұнтақты өрт сөндіру автоматты қондырғылары. Модульдері. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері»;
17) ҚР СТ 1607-2006 «Өрт техникасы. Көбікті өрт сөндіру қондырғылары. Сұйық қоймалардағы өртті қабаттасты өшіруге арналған еселігі төмен көбік генераторлары. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері»;
18) ҚР СТ 1609-2006 «Өрттерді сөндіруге арналған көбік түзгіштер. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері»;
19) ҚР СТ 1610-2006 «Жалпы мақсаттағы өрт сөндіргіш ұнтақтар. Жіктелуі. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері»;
20) ҚР СТ 1611-2006 «Жалпы мақсаттағы өрт сөндіргіш ұнтақтар. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері»;
21) ҚР СТ ГОСТ Р 12.4.026-2002 Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулер. Жалпы техникалық шарттары және қолдану тәртібі;
22) ҚР СТ ГОСТ Р 50898-2004 «Өрт хабарландырушылары. Өрт сынақтарын жүргізу әдістері»;
23) ҚР СТ ГОСТ Р 51089-2003 «Өрт қабылдау-бақылау және басқару жабдықтары. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері»;
24) ГОСТ 4.99-83 «Өнім сапасы көрсеткіштерінің жүйесі. Өрттерді сөндіруге арналған көбік түзгіштер. Көрсеткіштер номенклатурасы;
25) ГОСТ 4.106-83 «Өнім сапасы көрсеткіштерінің жүйесі. Газды өрт сөндіргіш құрамдар. Көрсеткіштер номенклатурасы»;
26) ГОСТ 4.107-83 «Өнім сапасы көрсеткіштерінің жүйесі. Өрт сөндіргіш ұнтақтар. Көрсеткіштер номенклатурасы;
27) ГОСТ 4.188-85 «Өнім сапасы көрсеткіштерінің жүйесі. Күзет, өрт және өрт-күзет сигнал беру жабдығы. Көрсеткіштер номенклатурасы»;
28) ГОСТ 12.1.004-91 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар»;
29) ГОСТ 12.1.010-76 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Жарылысқауіпсіздік. Жалпы талаптар»;
30) ГОСТ 12.1.030-81 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Электрқауіпсіздік. Жерге тұйықтау қорғанышы. Нөлдік фазаға қою»;
31) ГОСТ 12.2.003-91 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өндірістік жабдық. Жалпы қауіпсіздік талаптары»;
32) ГОСТ 12.2.007.0-75 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Электртехникалық бұйымдар. Жалпы қауіпсіздік талаптары»;
33) ГОСТ 12.3.046-91 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Автоматты өрт сөндіру қондырғылары. Жалпы техникалық талаптар»;
34) ГОСТ 15.001-88 «Өнім әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Өндірістік-техникалық мақсаттағы өнім»;
35) ГОСТ 13815-82 «Көбікті спринклерлік және дренчерлік суландырғыштар. Техникалық шарттары»;
36) ГОСТ 14202-69 «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың құбыр жолдары, таным бояуы, ескерту белгілері мен таңба қалқаншалары»;
37) ГОСТ 14254-96 «Жабындармен қамтамасыз етілетін қорғаныш дәрежелері. (код ІР)»;
38) ГОСТ 15150-69 «Машиналар, жабдықтар және басқа техникалық бұйымдар. Әртүрлі климатты аудандар үшін орындаулар. Санаттары, сыртқы ортаның климаттық факторлары әсеріне қарай пайдалану, сақтау және тасымалдау шарттары»;
39) ГОСТ 19433-88 «Қауіпті жүктер. Жіктелуі және таңбалануы»;
40) ГОСТ 22522-91 «Өрт радиоизотопты хабарландырушы. Жалпы техникалық шарттар»;
41) ГОСТ 22782.0-81 «Жарылыстан қорғалған электр жабдығы. Жалпы техникалық талаптар және сынау әдістері»;
42) ГОСТ 26342-84 «Күзет, өрт және өрт-күзет сигналын беру жабдықтары. Типтері, негізгі параметрлері мен өлшемдері»;
43) ГОСТ 26952-97 «Өрт сөндіру ұнтақтары. Жалпы техникалық талаптар және сынау әдістері»;
44) ГОСТ 27331-87 «Өрт техникасы. Өрттердің жіктелуі»;
45) ГОСТ 27990-88 «Күзет, өрт және өрт-күзет сигналын беру жабдықтары. Жалпы техникалық талаптар»;
46) ГОСТ 28130-89 «Өрт техникасы. Өрт сөндіргіштер, өрт сөндіру және өрт сигналын беру қондырғылары. Графикалық шартты белгілеулер».
8. Қолданысқа енгізу мерзімдері және шарттары
311. Осы Техникалық регламент алғашқы ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткенде қолданысқа енгізіледі.
312. Қазақстан Республикасының аумағында нормативтік құқықтық актілер мен ережелері осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына жататын бөлігінде өрт қауіпсіздігі саласындағы құжаттардың күші сақталады.
313. Қолданысқа осы Техникалық регламент енгізілуіне байланысты нормативтік құқықтық актілер мен осы Техникалық регламенттің талаптарын қайталайтын немесе сәйкес келмейтін өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына жататын бөлігінде Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы өрт қауіпсіздігі саласындағы құжаттардың ережелері белгіленген тәртіпте түзетілуге немесе жойылуға жатады.
314. Нормативтік құқықтық актілер мен түзетуге немесе жойылуға жататын құжаттардың тізбесін және осы жұмыстарды жүргізу мерзімдерін өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.