Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі № 378 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 792 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 тамыздағы № 502 Қаулысымен күші жойылды
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:
3-тармақта:
16) тармақшадағы «адамдарға қолданылмайды» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығында жұмыс істейтін, өз қызметін Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығы жұмысының шарттары туралы келісімнің негізінде жүзеге асыратын адамдарға қолданылмайды.».
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі № 378 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж.,№ 21, 201-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |