«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 785 Қаулысы
(2015.31.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
2. Мекеме қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасының конфессияаралық келісімді және Қазақстан халқының бірлігін халықаралық деңгейде нығайту жөніндегі бірегей тәжірибесін насихаттау, мәдениетаралық және конфессияаралық диологтың халықаралық орталықтарының бірі ретінде Қазақстанның рөлін жаңа деңгейге ілгерілетуге жәрдемдесу, халықтың рухани жақындасуына бағытталған халықаралық ауқымдағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, мәдени және діни келісімді нығайту, мәдениет және дін саласындағы қатынастарды үйлестірудің халықаралық тәжірибесін зерделеу және қолдану, халықаралық мәдени және діни орталықтардың мемлекеттік органдармен және Қазақстанның азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мекеменің жарғысын бекітсін және әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 37-жолмен толықтырылсын:
«37. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» мемлекеттік мекемесі»;
2) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1193 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
11-бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолда 3-бағанда «30712» деген сандар «30762» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолда 3-бағанда «26242» деген сандар «26292» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы 50».
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |