Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 777 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбелерін, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 29, 284-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген тауарлар экспорты кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі:
1) мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21, 22, 23-жолдармен толықтырылсын:
«21 | рапс немесе кольза тұқымдары, ұнтақталған немесе ұнтақталмаған | 1205******; |
22 | соя майы және оның фракциялары, тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгертілмеген | 1507 ******; |
23 | рапс майлары (рапстан немесе кользадан) немесе қыша майы және олардың фракциялары, тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгертілмеген | 1514****** |
»;
2) мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«****** 2009 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің хатшылығын хабардар етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өз құзыреттері шегінде рапс немесе кольза тұқымдарын, ұнтақталған немесе ұнтақталмаған, соя майын және оның фракцияларын, тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгертілмеген, рапс майларын (рапстан немесе кользадан) немесе қыша майын және олардың фракцияларын, тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгертілмеген (ҚР СЭҚ ТН коды 1205, 1507, 1514) экспортқа шығаруды бақылауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |