Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 шілдедегі № 720 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 37, 487-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында:
1. Облыстық әкімдік бөлімінің 22-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы»;
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі бөлімінің 24-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы»;
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген үлгі құрылымға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісілген басқармалардың ұсынылатын құрылымын жіберсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) туристік қызмет саласындағы функцияларды Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына беруді қамтамасыз етсін;
2) өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |