«Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007-2009 жылдарға арналған орнықты
дамуын қамтамасыз ету» бағдарламасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 163 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 30 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған «Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007-2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Мүдделі мемлекеттік органдар жарты жылда бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жарты жылда бір рет есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2007 жылғы 2 наурыздағы
№ 163 қаулысымен
Бекітілген
«Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007-2009 жылдарға
арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету» бағдарламасы
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
3.1. Өңірдің қоршаған ортасының жай-күйi
3.2. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйi
3.3. Трансшекаралық сипаттағы проблемалар
3.4. Бассейнді басқару проблемалары
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
5.1. Қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту
5.2. Орнықты экологиялық-экономикалық қызметті дамыту
5.3. Әлеуметтік-демографиялық жағдай мен халық денсаулығының жай-күйін жақсарту
5.4. Орнықты халықаралық ынтымақтастықты және трансшекаралық
проблемаларды шешуді қамтамасыз ету
5.5. Бассейнді басқару жүйесін құру
6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Бағдарлама паспорты
Бағдарламаның атауы | «Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007-2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету» |
Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының орта кезеңдегi әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарына (екінші кезеңі) сәйкес |
Бағдарламаны негізгі әзірлеуші | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігi |
Бағдарламаның мақсаты | Бассейннің орнықты дамуын қамтамасыз ету және экожүйелік басқаруды қалыптастыру және инвестицияларды тарту мен экологиялық таза технологияларды енгізу жөнінде қолайлы жағдай жасау негізінде өңір халқының өмір сүру ортасын сақтау |
Бағдарламаның міндеттері | Өңірдің ресурстық әлеуетін ұтымды пайдалану; бассейннің және экологиялық бағдарланған бизнесті жүргізудің негізінде аумақтық ұйымдардың қазіргі заманғы модельдерін енгізу; алдын алу шараларын жетілдіру және тәуекелдерді төмендету жолымен әлеуметтік-демографиялық жағдай мен халық денсаулығының жай-күйін жақсарту; экономикалық қызмет пен адами капиталдың дамуын қолдайтын экожүйелердің сақталуын қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту; қолайлы іскерлік және инвестициялық климатты, инновацияларды ынталандыру, таза технологиялар мен орнықты өндіріс пен тұтыну модельдерін енгізу мен жетілдіру үшін жағдайлар жасау; ұтымды табиғат пайдалану саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру және халықаралық нормалармен және шарттармен үйлестіру; инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың және коммуналдық, табиғат қорғау және көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды ұстаудың жаңа тетіктерін енгізу |
Бағдарламаны қаржыландыру көлемі және көздері | Бағдарламада республикалық бюджеттің қаражаты есебінен көзделген іс-шараларды қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi Республикалық бюджет туралы Заңда белгіленетін болады және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезінде нақтылануға тиіс. Барлығы 2007-2009 жылдарға - 215,3 млн. теңге, оның ішінде: республикалық бюджеттен 2007 жылы - 26,0 млн. теңге; халықаралық гранттар - 100,9 млн.теңге; ұйымдардың қаражаты - 90,0 млн.теңге. |
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер | Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін дәйекті түрде іске асыру мыналарға мүмкіндік береді: қазіргі заманғы халықаралық талаптарға және Балқаш-Алакөл бассейнінің әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне сәйкес келетін тиісті су ресурстары мен қоршаған ортаны қорғауды бірігіп басқару моделін қалыптастыру; Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен және басқа да мүдделi тараптармен су ресурстарын ұтымды пайдалану және Балқаш-Алакөл бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Бассейндік Келісімге қол қою; мемлекеттік органдар, жұртшылық, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, жеке сектор және табиғат пайдаланушылар арасында әріптестіктің тиімді тетіктерін құру; гидрологиялық режимді тұрақтандыру және Балқаш көлінің экожүйесін сақтау әрі су ресурстарын пайдаланудың нәтижелілігін арттыру; өңірдегі әлеуметтік-демографиялық жағдайды, халық денсаулығының жай күйін жақсарту, еңбек ресурстарының сапасы мен адам әлеуетінің даму деңгейін арттыру |
Бағдарламаны іске асыру мерзімi | 2007-2009 жылдар |
2. Кіріспе
Қазақстанның әлемдік экономикаға белсенді кіруі, оның бәсекеге қабілеттілігінің артуы су және басқа да табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімділігіне және өмір сүру мен шаруашылық қызмет үшін қолайлы аумақтардың сақталуына тәуелді.
Балқаш-Алакөл бассейні планетаның ірі көлдік экожүйелерінің бірі болып табылады және көлемі жөнінен көптеген мемлекеттердің мөлшерінен асып түсетін бірегей табиғи кешенді білдіреді. Ол Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен Қытайдың солтүстік-батысындағы 415 мың шаршы километр кең аумақты алып жатыр. Бассейнде ел халқының бестен бір бөлігі тұрады, оның жартысын ауыл тұрғындары құрайды.
Балқаш-Алакөл бассейнінде кеңес кезеңінде табиғат мүмкіншіліктері ескерілмей қалыптасқан экономикалық әлеуеттің дамуы, бүгінгі болашақтағы даму үшін елеулі кедергілер тудыратын көптеген экологиялық проблемалардың пайда болуына әкеліп соқты.
«Балқаш - 2000» және «Балқаш - 2005» халықаралық форумдарында Балқаш-Алакөл өңіріндегі экологиялық жағдай суды ұтымсыз пайдалану, тау экожүйесінің ылғал ұстап тұруға қабілеттілігінің төмендеуімен, ормандарды кесуден, мұздықтардың қайтарылымсыз еруінен және басқа да қатерлі факторлардан туындаған, экожүйенің үдемелі осалдығы және Балқаш көлі деңгейінің тұрақсыздығымен аса орнықсыз, күрделі ретінде танылды. Өңірде халықтың ең төмен өмір сүру деңгейі сақталуда. Бүгінгі күні жағдай климат өзгеруінің теріс салдарларымен, сондай-ақ бассейннің су жинақталатын бөлігіндегі Қытайдың шаруашылық қызметінің өсуімен ұшығуда. Сонымен бірге бассейннің ішкі әлеуеті, халықаралық туризмді дамыту, Азиядан Еуропаға транзиттік жүк ағындарының мүмкіндіктері пайдаланылмайды.
Фрагментарлы өкілеттіктер мен қысқа мерзімді іс-әрекеттерге негізделген бассейннің аумағын басқарудың қазіргі жүйесі бассейннің іс-жүзіндегі проблемаларын шешуге және аумақтың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді, орталық және жергілікті органдар, мемлекет, азаматтық қоғам мен жеке сектор іс-әрекеттерінің бірігуіне ықпал етпейді деп танылды. Жүргізілген талдаудың басты нәтижелерінің бірі бағдарламаны іске қосу мен іске асырудың, бірігіп жоспарлау мен басқаруға көшудің, өңірдің қолда бар пайдаланатын әлеуетін тарту үшін маңызды шарт ретіндегі Балқаш-Алакөл өңіріндегі басқару жүйесін жетілдіру туралы ұйғарым болып табылды.
«Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007-2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ресурстарды ұтымды пайдалануды, өмірлік маңызы бар экожүйелердің сақтауды және қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетуді көздейтін 2007-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуінің тұжырымдамасын, 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясын және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Аумақтық даму стратегиясын іске асыру тетігі ретінде әзірленген.
Бағдарламада табиғат пайдаланудағы бар үрдістер мен Балқаш-Алакөл бассейнінің экологиялық жағынан проблемаларына талдау жасалған және осы өңірді экологиялық жағынан сауықтыру мен дамыту жөніндегі шаралар ұсынылған.
Бағдарлама бассейндік экожүйелік басқарудың моделін енгізу мен осы өңірді дамыту үшін экологиялық бағдарланған инвестициялар мен технологияларды тарту үшін жағдай жасауды көздейді.
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Балқаш-Алакөл бассейнінің аумағы Балқаш көлі мен Алакөл ойысының бассейнін қамтиды және 500 мың шаршы километрден астамды, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінде - 415 мың шаршы километрді құрайды. Бассейннің ұзындығы батыстан шығысқа дейін 900 км-ден астам, ал солтүстіктен оңтүстікке дейін - 680 км (1-сурет).
Сурет 1. Балқаш-Алакөл су бассейнінің сызбасы
Әкімшілік тұрғыдан оған Алматы қаласы, Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалаларымен бірге Алматы облысының 16 ауданы; Шығыс Қазақстан облысының Аягөз бен Үржар аудандары; Қарағанды облысының Балқаш қаласымен бірге Ақтоғай және Шет аудандары; Жамбыл облысының Қордай, Мойынқұм және Шу аудандары, сондай-ақ Қытай Халық Республикасы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының солтүстік-батыс бөлігі кіреді.
Көлдің қоректенуі 80%-ға Іле өзені суының қойылуымен қамтамасыз етіледі. Орташа құрғақ және аз сулы жылдары су ресурстарының тапшылығы суды тұтынуды азайту қажеттілігін туғызды, көлдің деңгейі төмендеді (341 - 340,5 м-ге дейін), бұл өңірдегі экологиялық және оның салдарынан әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің едәуір нашарлауына әкеп соқты.
Алдыңғы суы көп жылдар, сондай-ақ өндірістің құлдырауы көл деңгейін 341,5 м белгісіне дейін жеткізуге мүмкіндік берді, бірақ алдағы аз сулы кезең мен Қытай Халық Республикасында (бұдан әрі - ҚХР) экономикалық қызметтің өсуі экожүйені сақтау мен ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі шұғыл шаралар қолдануды талап етеді.
3.1. Өңір қоршаған ортасының жай-күйi
Балқаш-Алакөл бассейнінің айрықша ерекшелігі орографиялық және климаттық бір текті еместігі, табиғи жағдайлардың әртүрлілігі болып табылады. Бассейннің солтүстігіндегі қуаң дала аймағының тар жолағы Солтүстік Балқаш маңының, Алакөл ойысының жартылай шөлейті және Балқаш көлінің оңтүстік жағалауынан Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауының тау бөктеріне дейін жазылған шөлейтпен ауысады. Таулы сілемде табиғи жағдайлардың өзгеруі биіктік ландшафттық аймақтылыққа бағынады.
Бассейннің климаты күрт континеталды, бірақ бір текті емес, ол оның зор ендік ұзақтығы мен жер бедері құрылымының үлкен айырмашылықтарының нәтижесі. Атмосфералық жауын-шашын біркелкі түспейді. Жауын-шашын ең азы (жылына 150 мм шамасында) Балқаш көлінің жағалауына, ал ең көбі (жылына 1800 - 20000 мм) жоғары таулы аудандарға түседі.
Бассейннің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы биік таулы жоталар, солтүстігі мен батысындағы төмен таулар өзендер ағынының басты бағытын белгілейді. Өзендердің көпшілігі оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ағады.
Балқаш-Алакөл гидрографиялық бассейн өзендерінің жер үсті ағынының орта көпжылдық жылдық көлемі шамамен 26,5 текше километрді құрайды.
Бассейннің жер асты суларының жалпы болжамды қоры 17,4 км3 құрайды, олардың ішінен барланып, пайдалану үшін бекітілгені 6,892 км3.
2005 жылы Балқаш-Алакөл гидрографиялық бассейні бойынша жер үсті ағынның жалпы көлемі 28,2189 км3. Балқаш-Алакөл бассейні су объектілерінен су алудың жалпы көлемі 2005 жылы 3559,194 млн. м3, оның ішінде жер үсті көздерінен 3278,285 млн. м3, жер асты көздерінен 268,851 млн.м3 (оның ішінде 0,137 млн. м3 шахталық-кен орындық cу).
Жер үсті сулары. Балқаш-Алакөл бассейнінің аумағында 52 мыңнан астам өзен мен уақытша ағын сулар (өзендердің 90%-ға жуығы Балқаш көлінің бассейніне, қалғандары - Алакөл көлдерінің тобына жатады) және 24,3 мыңға жуық көл мен жасанды су қоймалары бар. Бассейн су қоймаларының жалпы акваториясы 22700 км2 құрайды. Ең ірі су қоймалары Балқаш пен Алакөл көлдері болып табылады, олар екі дербес су бассейнін - Балқаш көлінің бассейні мен Алакөл көлдері тобының бассейнін құрайды.
Балқаш көліне бес тұрақты өзен ағады: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз - олар Тянь-Шань таулы облыстарында және аздап Тарбағатай мен Шыңғыс Тау тауларында өз ағынын қалыптастырады. Іле өзені Батыс Балқашқа, қалған көлдері Шығыс Балқашқа ағып кіреді. Балқаш көлінің су беті көлемі 340,0 - 342,0 м белгілерде 14120 - 18210 км2 шегінде өзгереді, сол кезде су көлемі 72,2 - 106,0 км3 құрайды.
- 3400 км2 су айнасының сомалық көлемімен Алакөл тобының бассейніне 500-ден астам көл кіреді, олардың ішінде - Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл, Жалаңашкөлдің үлесіне су айнасының жалпы көлемінен 95% және көлдердің осы тобының су қорының 95%-нан астамы (61,6 млрд. км3) келеді. Алакөл тобы өзендерінің басты салалары Тентек, Үржар, Қатынсу, Емел, Жаманты және Ырғайлы өзендері болып табылады.
Кіші және орта көлдер өнеркәсіпті, қалалар мен ауылды мекендердің халқын кепілді сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрақты суармалау үшін пайдалану мүмкін емес. Ірі көлдердің су қорлары оларды қоректендіретін көздермен қаралуы керек. Жалпы алғанда, кіші, орта және ірі көлдер табиғат қорғау маңызы бар объектілер ретінде қаралуы мүмкін. Өткен 30 жыл ішінде 16 көлдік жүйеден тек қана 5 көл қалды.
Жер асты сулары. алқаш-Алакөл гидрографиялық бассейннің жер асты суларының болжамды ресурстары жылына 17,4 км3, оның ішінде жер үсті ағындымен байланыста емес жылына 7,7 км3 құрайды. 6,892 км3 барланып және пайдалану үшін бекітілген. 2005 жылы жер асты көздерінен 271,909 млн.м3, оларды ішінен шахталық-кен орындық 1,921 млн. м3. Жер асты көздерден бас тоғанның жалпы санынан негізгі тұтынушы коммуналдық шаруашылық (63%), өнеркәсіп (20%), ауыл шаруашылығы (16%), әуіт шаруашылығы (1%) болып табылады. Бассейн аумағында ластануға негізінен аэракция аймағының геологиялық қимасындағы әзер өтетін түзілімдердің болмауы немесе кішкентай қуаттылығы себебінен әлсіз табиғи қорғанушылығы бар алғашқы сулы қат-қабат ұшырайды.
Жер асты сулардың үлкен қоры болғанда олардың пайдалануы әзірше шамалы және өңір сумен қамтамасыз етуде зор резервтерге ие.
Ағынды, шахталық-кен орындық және коллекторлық-кәріздеу сулары. Су қорына сондай-ақ, суармалау жер шаруашылығы, коммуналдық шаруашылық пен өнеркәсіптің ағынды және шахталық-кен орындық суларымен коллекторлық-кәріздеу ағынымен пайда болған қайтарма сулар да жатады. 1990 жылдың деңгейінде су бөлудің сомалық көлемі шамамен 3 км3 құрады, оның ішінде табиғи су көздеріне шамамен 1 км3 шартты-тазартылған су қайтарылды, қалған көлемі (2 км3 ) жинауыштар мен жердің төмен жерлеріне жеткізіліп, шашырап және жоғалып кеткен.
2000 жылға қарай, судың бас тоғандардың азаюымен қайтарылатын сулардың да көлемдері 0,5 км3-гe дейін төмендеді, оның ішінде табиғи су объектілеріне - 0,3 - 0,4 км3. Негізгі су қабылдағышқа пайда болатын ағындылардың 90%-на дейінгісі жататын, жер үсті су объектілері (өзендер, көлдер, су қоймалары) болып табылады.
Мұздықтар. Балқаш-Алакөл бассейнінің аумағында 2092 мұздық бар, жалпы аумағы 1756,5 км2, мұздың көлемі - 100,2 км3, шоғырланған судың көлемі 90,1 км3 құрайды.
Мұздықтар, өңір экономикасының мұқтаждықтар үшін де, қоршаған орта үшін де қажетті ауа қабаттарынан су ресурстарын шоғырлана отырып, маңызды роль атқарады. Қазіргі уақытта мұздықтардың көлемі сел мен басқа да табиғи апаттарға әкеліп соғып, азайып барады. Мұздықтарды сақтау және қар-мұздық жамылғысына жүргізілетін мониторинг жөніндегі шаралар жер үсті ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі шаралармен сүйемелдену керек: суды үнемдеу, ағындыны су қоймаларымен реттеу, қайтарма суларды неғұрлым толық пайдалану, ағындыны бассейнаралық қайта қайтару, жер асты суларын пайдалану.
Су ресурстарын пайдалану. Бассейн су ресурстарының негізгі тұтынушылары коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіп пен энергетика, ауылдық елді мекендер мен мал шаруашылығы, суармалы егін шаруашылығы, балық шаруашылығы болып табылады. Суды тұтынбайтын, бірақ суды пайдаланатын салалар рекреациялық шаруашылықтар, су көлігі, гидроэнергетика болып табылады.
Есепке алынған су пайдаланушылардың талдауы олардың көпшілігі ауыл шаруашылық өнімін шығарушылар (68,9%), өнеркәсіп кәсіпорындары (13,1%) және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы (10,0%) екендігін көрсетеді. Елде байқалған жақсаруға байланысты (экономикалық, қаржылық) осы салаларда су пайдаланушылар санының және су тұтыну көлемінің одан әрі ұлғаюы мүмкін.
Бассейн бойынша пайдалану үшін таза судың жалпы алынуы 2005 жылы 3,55 км3, оның ішінде жер үсті көздерінен 3,29 км3, жер асты көздерінен - 0,26 км3 құрады.
1992-2005 жылдар кезеңіне Балқаш-Алакөл гидрографиялық бассейнінің су пайдаланушыларымен өзендер бассейніндегі бөлікте су ресурстардың жалпы алынуы 7,4-тен 3,5 км3-ге дейін немесе 2 есе қысқартылды.
Алматы облысында 6,2-ден 3 км3-ге дейін 2 есе қысқартылды және 2003 жылдан бастап тұрақтанды, Алматыда 21%-ға қысқартылды 0,35-ден 2,82 км3-ге дейін, бірақ 2003 жылдан бастап су тұтынудың өсуі басталды.
Қарағанды облысында 0,18-ден 0,16 км3-ге дейін қысқартылды (22%), ал 2004 жылдан бастап су тұтынудың ұлғаюы басталды.
Шығыс Қазақстан облысында 0,59-дан 0,94 км3-гe дейін 6 еседен астам қысқартылды.
Жамбыл облысы бойынша 2000 жылдан кезеңде шамамен 2,02-ден 4,69 және 0,66 млн. м3 ейін қысқартылды.
Ағынды судың барлығы 106,609 млн. м3, оның ішінде суармалауға 24,62 млн. м3; коллекторлық-кәріздеуге барлығы 31,53 млн. м3; өнеркәсіптік мұқтаждықтарға 45,833 млн. м3; шаруашылық мұқтаждықтарға 4,626 млн. м3 айдаланылды.
Айналым және қайталау-біртіндеп сумен қамтамасыз ету жүйесіндегі шығындар 451,260 млн. м3-ге тең, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 5%-ға көп. Қарағанды өңіріндегі өнеркәсіпте қайталау-біртіндеп сумен қамтамасыз ету ұлғайды, бұл жақсы көрсеткіш болып тұр.
Оған қарамастан су пайдаланудың жалпы көлемі экономика салалары бойынша 2001 жылдан бастап көбейе бастады: жылдар бойынша шамамен 2318,33 млн. м3-ден 2478,581 млн. м3-ге дейін, ұлғаю жылына 160,251 млн. м3 немесе 6,5%-ды құрайды.
1996-2005 жылғы кезең бойынша Балқаш-Алакөл бассейнінде тасымалдау кезіндегі судың ысырабы олардың ұлғаюының тұрақты үрдісі әсіресе, суармалау егін аудандарында байқалатындығын көрсетеді.
р/с № | Экономи- калық өңірлер | Жылдар | Пайдаланған судың көлемі | Су пайдала- нудың үрдісі |
Барлығы | ТҮШ | Өнер- кәсіп | Ауыл шару- ашы- лығы | Балық шару- ашы- лығы |
1 | Алматы облысы | 2005 | 2040, 93 | 30,701 | 70,621 | 1925,632 | 13,978 | Ауыт-қумен ұлғаю |
2004 | 2277, 19 | 28,572 | 72,021 | 2161,411 | 15,194 |
2003 | 1895, 92 | 33,14 | 67,93 | 1780,85 | 11,0 |
2002 | 1905, 52 | 33,488 | 55,444 | 1807,095 | 9,5 |
2001 | 1927,3 | 33,58 | 45,28 | 1823,9 | 24,47 |
2 | Алматы қаласы | 2005 | 192,30 2 | 159,32 | 28,597 | 2,585 | 1,8 | Тұрақты ұлғаю |
2004 | 189,97 0 | 159,74 | 26,11 | 2,616 | 1,5 |
2003 | 172,01 | 124,53 | 43,23 | 3,25 | 1,00 |
2002 | 170,18 | 139,79 | 24,55 | 4,84 | 1,0 |
2001 | 174,47 | 137,16 | 32,38 | 4,69 | 0,24 |
3 | Қарағанды облысы | 2005 | 159,373 | 10,11 | 148,424 | 0,839 | | Тұрақты ұлғаю |
2004 | 164,007 | 10,26 | 152,698 | 1,049 | - |
2003 | 143,67 | 9,77 | 132,70 | 1,20 | - |
2002 | 140,07 | 9,11 | 129,76 | 1,2 | |
2001 | 125,37 | 9,74 | 114,16 | 1,47 | |
4 | Шығыс Қазақстан облысы | 2005 | 85,379 | 2,792 | 0,703 | 81,884 | | Ұлғаюдан азаюға дейінгі ауытқуы |
2004 | 88,176 | 4,637 | 0,713 | 82,86 | - |
2003 | 66,92 | 1,13 | 0,50 | 65,69 | - |
2002 | 66,274 | 1,074 | 0,41 | 64,79 | |
2001 | 91,26 | 0,57 | 0,44 | 90,25 | |
5 | Жамбыл облысы | 2005 | 0,595 | 0,505 | 0,09 | | | Тұрақты азаю |
2004 | 1,879 | 1,105 | 0,734 | 0,040 | - |
2003 | 4,50 | 3,81 | 0,65 | 0,04 | - |
2002 | 4,846 | 4,03 | 0,81 | 0,006 | |
2001 | - | - | - | - | - |
Алматы облысында 1996 жылдан 2005 жылдары аралығында ысыраптың көлемі 26-33% құрайды. 2005 жылы су алудың 3020,04 млн. м3 көлемінде, ысырабы 985,33 млн. м3 немесе 33%-ды құрайды. Алматы қаласының су жеткізетін құбырларындағы ысырап көзден алынған судың көлемінен 23-30% құрайды және 1996 жылдан 2005 жылға дейінгі кезеңде 14-28%-ға ұлғайды.
Судың тасымалдаған кездегі ысырап бойынша осындай жағдай су жеткізетін құбырлардың тозуы мен шаруашылықаралық суармалау каналдардың нашар техникалық жағдайы туралы куәландырады, олар күрделі жөндеу, қайта жандандыру және қосымша жабдықтау жөніндегі жұмыстарға мұқтаж болып тұр. Су ресурстарын тиімді пайдалану, өндірістік емес ысырапты қысқарту мәселесі шұғыл шешімін талап етеді.
Суармалы егін шаруашылығында жер үсті көздерден алынатын сулардың есепке алынуын су пайдаланушылар өздері жүргізеді. Бастапқы су пайдаланушылар есепке алуды, су алатын ғимараттардың оларды қазіргі заманғы тексеру мен аттестациялауға арналған есепке алудың қондырғылары мен аспаптарымен жабдықталуына мүдделі емес. Мұның барлығы мемлекеттік мүлік болып табылатын су ресурстарының ұрлануына ықпал етеді, олардың ұтымды және үнемді пайдалануына ынталандырмайды, алынған су үшін төлемдердің бюджетке толық түсуін қамтамасыз етпейді. Жер үсті су көздерінен алынатын суды есепке алу жөніндегі жағдайды қайта қарау қажет.
Су ресурстарының ластану проблемасы. Бассейн су объектілерінің негізгі ластаушысы өнеркәсіптік объектілер («Қазақмыс», Текелі қорғасын-мырыш комбинаты және т.б.), елді мекендердің коммуналдық-тұрмыстық шаруашылығы (негізінен қаланың) және ауыл шаруашылығы, атап айтқанда суармалы егін шаруашылығы болып табылады. Осыған байланысты бассейннің көптеген өзендерінің гидрологиялық режимі балық шаруашылығы, рекреация, ішу үшін нормативтік талаптарға сай келмейді, ал олардың ластанған ағындысы өзендік атыраулар мен Балқаш көлінің экологиялық жай-күйін нашарлатады.
Өнеркәсіп пен коммуналдық шаруашылықта ағынды суларды жер үсті көздері мен су қоймаларына төгудің 40-қа дейін орындары бар. Бұдан өзге, осы төгінділер жер асты сулардың кен орындарын да ластайды.
Жер үсті суларын негізгі ластаушылар тобына сондай-ақ қалалар мен елді мекендер де жатады. Жер үсті суларын ластағыштардың ірі көздеріне Алматы қаласы жатады, ол «Водоканал» МКК арқылы Іле өзеніне 35,0 млн. м3 ағынды суларды жеткізеді.
Жер үсті болсын, жер асты суларын болсын ластайтын басты көздер - тыңайтқышқа толы коллекторлық-кәріздеу ағындысымен суармалы егін шаруашылығы болып табылады. Суармалы жерлер бассейннің барлық өзендері бойынша, олардың жағалауларында, таулы өзендерді шығаратын конустарында және Балқаш көліне ағатын өзендердің төменгі ағысында орналасқан.
Ауыл шаруашылығында коллекторлық-кәріздеу және төгінді суларды тазарту жөнінде ешқандай шара қолданылмайды, осы ағынды мен басқа да ағынды суларды өндірісте қайталап пайдалану да әзірше кең қолдау таппады. Ағын суды едәуір ластайтын мал шаруашылығының ағындылары кейбір жерлерде ұйымдастырылмаған, еш жерде тазартылмайды, кәдеге жаратылмайды және пайдаланылмайды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жыл сайын 200 млн. м3 астам құрамында органикалық, азоты және өлшелмелі заттар бар коллекторлық-кәріздеу суларды жеткізеді.
Кіші өзендердің ластануы үлкен проблема болып тұр. Су қорғайтын аймақтағы өнеркәсіптік болсын, коммуналдық-тұрмыстық (оның ішінде жеке сектор объектілері, су мен жер төмен жерлеріндегі қоқыс үйінділері) және басқа да объектілердің өзенге ағынды суларының төгінділері де өзекті мәселе болып тұр.
Жер қоры. Балқаш-Алакөл бассейнінің шегінде барлық санаттардағы пайдаланушылар жерінің жалпы көлемі Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын пайдалану агенттігінің деректері бойынша 34333 мың га, оның ішінде ауыл шаруашылық алқаптар 26593,82 мың га құрайды.
Ауыл шаруашылығы алқаптарының шамадан тыс көп көлемін жайылымдар - 24072,76 мың га немесе барлық жер көлемінің 90,5% алып жатыр. Соңғы жылдары жайылымдардың (0,3 мың га дейін) және суармалы жерлердің өнімділігі төмендеп кеткен. Ұлттық есептің мәліметіне қарағанда жердің тозу процесі барлық көлемінің 30% қамтылған. Ауыл шаруашылығына арналған жерлердің негізгі бөлігі шаруа қожалығына бекітілген.