Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 111-1 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 704 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 111-1 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 4, 51-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
«Нормативтік-құқықтық, институционалдық және кадрлық қамтамасыз ету» деген 1-бөлімде:
«Институционалды қамтамасыз ету» деген 1.2.-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 1.2.4.-жолдың 5-бағанындағы «IV тоқсан» деген сөздер «II тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қоғамның орнықты дамуы» деген 4-бөлімде:
«Азаматтық қоғамды дамыту» деген 4.4.-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 4.4.2.-жолдың 5-бағанындағы «2009 жылғы І тоқсан» деген сөздер «2008 жылғы IV тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Мәдениет және ақпарат» деген 4.5-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 4.5.1.-жолдың 5-бағанындағы «2009 жылғы 15 шілде» деген сөздер «2008 жылғы IV тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Білім беру және ғылым» деген 4.6.-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 4.6.2.-жолдың 5-бағанындағы «II тоқсан» деген сөздер «IV тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 4.6.3.-жолдың 2-бағанындағы «енгізуді ынталандыру жөнінде» деген сөздер «енгізу үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 4.6.3.-жолдың 5-бағанындағы «ІІ тоқсан» деген сөздер «IV тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Орнықты экономикалық прогресс» деген 5-бөлімде:
«Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру» деген 5.1.-кіші бөлімде:
5-бағанда:
реттік нөмірі 5.1.3.-жолдағы «2009 жылғы 30 шілде» деген сөздер «2008 жылғы IV тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5.1.9.-жолда «4 тоқсан» деген сөздер «II тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Экологиялық орнықтылық» деген 6-бөлімде:
«Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру» деген 6.1.-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 6.1.3.-жолдың 5-бағанындағы:
«30 шілдеге» деген сөздер «II тоқсанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 6.1.10.-жолда:
4-баған «, АШМ, ТЖМ» деген аббревиатуралармен толықтырылсын;
5-бағанда «шілдеге» деген сөз «қаңтарға» деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 6.1.11.-жолдың 5-бағанындағы «шілдеге» деген сөз «қаңтарға» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Генетикалық жағынан өзгерген организмдердің пайдаланылуы мен таратылуын бақылау, карантиндік және бөтен текті зиянды организмдерді енгізудің немесе оның өз бетімен кіруінің алдын алу» деген 6.5.-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 6.5.2.-жолдың 5-бағанында «2 тоқсан, жыл сайын» деген сөздер «2008 жылғы 2-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |