Бұл ретте облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған тұрғын үймен жасалатын алып-сатарлықты болдырмау мақсатында мәжбүрлі соттан тыс тәртіппен немесе соттың шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен кепілдікке алынған тұрғын үйді сату жағдайларын қоспағанда, сатып алу-сату шарттарында тұрғын үйді сатып алған күннен бастап үш жыл ішінде оны сатуға шектеу көздеу қажет.
16. Мыналар тұрғын үйге төлеу көзі бола алады:
1) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің тұрғын үй қарыздары;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке қаражаты;
3) өзге көздер, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттері.
17. Сатып алу-сату шартын жасасқаннан кейін қарыз беруші мен қарыз алушы (осы Ереженің 16-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайды қоспағанда) қарыз шартын жасасады.
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 54 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.19.06. № 939 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 18-тармақ өзгертілді
18. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары республикалық бюджеттен қайтарымды негізде бөлінетін қаражаттың есебінен салған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алған тұрғын үйге меншік құқығын тіркеуді он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әділет органдары жүзеге асырады.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары республикалық бюджеттен қайтарымды негізде бөлінетін қаражаттың есебінен салған тұрғын үйге меншік құқығын тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдар қарыз берушіге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға арналған шығындарды қоса алғанда, жергілікті бюджеттің барлық шығындарын ескере отырып, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары республикалық бюджеттен қайтарымды негізде бөлінетін қаражаттың есебінен салған тұрғын үйдің сметалық құны туралы деректерді жібереді.
ҚР Үкіметінің 2009.19.06. № 939 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 19-тармақ өзгертілді
19. Қарыз беруші облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары республикалық бюджеттен қайтарымды негізде бөлінетін қаражаттың есебінен салған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алған тұрғын үйдің сметалық құны туралы деректерді алғаннан соң, оларды кейіннен нарықтық құнын айқындау үшін тиісті лицензиясы бар бағалау ұйымдарына беруді қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2009.19.06. № 939 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 20-тармақ өзгертілді
20. Қарыз берушінің қарыз беру туралы оң шешімі болған жағдайда өтініш беруші уәкілетті органмен алу-сату шартын жасасқаннан кейін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары республикалық бюджеттен қайтарымды негізде бөлінетін қаражаттың есебінен салған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алған сатып алынған тұрғын үйді қарыз шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қарыз берушінің талаптарына сәйкес кепілге береді.
21. Тіркеу органында тіркелген кепіл шартын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарыз беруші уәкілетті орган көрсеткен шотқа қарыз сомасын аударады.
ҚР Үкіметінің 2009.19.06. № 939 Қаулысымен 22-тармақпен толықтырылды
22. Азаматтардың басым құқық берілген санаттары алмаған тұрғын үй заңнамада белгіленген тәртіппен аукциондар өткізу арқылы нарықтық, бірақ құрылыс құнынан төмен емес құны бойынша Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына және өз қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін заңды тұлғаларға сатылатын болады. Бұл ретте аукциондар тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін жүргізіледі және Мемлекеттік бағдарламада көзделген тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі арқылы жеңілдікпен кредит беру бұл жағдайда қолданылмайды.
Ережеге
1-қосымша
ӨТІНІШ
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес маған
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., туған жылын көрсетіп)
____________________________________________________________________
(жұмыс орны, атқаратын лауазымы және басқалары туралы қысқаша
ақпарат)
____________________________________________________________________
алаңы___________________________________ш-м.________________________
____________________________________________________________________
(тұрғын үйдің сипаттамасы (бөлмелердің саны, қабаты және өзгелері)
көрсетілген ақпарат)
______________________________________тұрғын үй сатуыңызды өтінемін.
Отбасы__адамнан тұрады:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жалпы жұмыс өтілі___, оның ішінде:
мемлекеттік қызметте___жыл;
мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен күтіп-ұсталатын мемлекеттік мекемелерде___жыл;
мемлекеттік кәсіпорындарда__жыл.
Өтініш беруші:
200_жылғы «__»_______ | ________________ |
| (қолы) |
Уәкілетті органның құқықтық кадастрдан мәліметтер алуына келісемін.
Өтінішті қабылдаған:
___________________(Т.А.Ә., лауазымы)
___________________(қолы)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 54 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ережеге
2-қосымша
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде
жүргізіліп отырған өтініш берушінің төлем қабілеттілігін
бағалау үшін
ЖОЛДАМА
Осымен уәкілетті орган _______________________________________
____________________________________________________________________
азамат (-ша)_________________________________________
____________________________________________________________________
жеке куәлігінің №______________ ____ жылғы _________________________
_______________ берген, Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысушы болып табылатынын растайды және төмендегідей сипаттамалары бар қол жетімді тұрғын үйді сатып алу үшін қарыз беру мүмкіндігін қарастыруды өтінеді:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Басым санаттың атауы: _______________
Отбасы құрамы____адам.
Жұмыс орны: __________________________________________________
____________________________________________________________________
Болжамды жылжымайтын мүліктің алаңы:______бастап_________ш.м. дейін.
Уәкілетті органның | |
басшысы және/немесе жолдамаларға қол қою құқығына уәкілеттік берілген қызметкерлер | __________________ (қолы) |