4. Туристiк ұйым жазатайым оқиға (ауру, жарақат, қаза) туралы туристiң отбасын өз есебiнен хабардар етуге мiндеттi.
5. Өлшеуге берiлмеген жүктi тасымалдау, оның сақталу жауапкершiлiгi туристке жүктеледi. Егер туристiк ұйым билет, жүк квитанциясын немесе тасымалдауға қабылданған жүктiң жөнелтпе құжатын берсе, бiрақ олар дұрыс ресiмделмеген болса немесе жоғалса, немесе оларды қандай да бiр басқа себептермен ұсыну мүмкiн болмаса, тасымалдау шарты күшiнде қалады.
6. Туроператор мен турагент, шартпен көзделген мән-жайлар өзгерген жағдайда және шарттың талаптарын елеулi түрде өзгерту қажет болған жағдайда туристке жазбаша нысанда осындай өзгерiстердiң сипаты және ықтимал салдарлары туралы дереу хабарлауға мiндеттi.
19-бап. Туристiк ұйымдар
1. Туристiк қызмет туроператорлар мен турагенттер үшiн қызметтiң негiзгi түрi болуға тиiс.
2. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары ғана туроператорлық қызметпен айналысуға құқылы.
3. Туристiк ұйымдар өз филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға құқылы.
4. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және турагенттiк қызметтi жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғалар мен олардың филиалдары, өкiлдiктерi, Қазақстан Республикасының туристiк ұйымдары сияқты жағдайда және сондай тәртiппен лицензиялануға жатады.
5. Туристiк ұйымдар әдiлет органдарында тiркелген басқа туристiк ұйымдардың атауларын пайдалана алмайды.
20-бап. Туристiк индустрия ұйымдарының бiрлестiктерi
Заңды тұлғалар болып табылатын туроператорлар мен турагенттер, туристiк индустрияның өзге де ұйымдары өздерiнiң кәсiптiк қызметiн үйлестiру, сондай-ақ ортақ мүдделердi бiлдiру және қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қауымдастықтар (одақтар) нысанында бiрлестiктер құра алады.
21-бап. Туристердiң бiрлестiктерi
Қазақстан Республикасының азаматтары туристердiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау, туризмді дамытуға жәрдемдесу мақсатында қоғамдық бiрлестiктер құра алады.
22-бап. Туристiк қызмет саласындағы мамандарды кәсiптiк даярлау
1. Туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды білім беру саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi лицензиялары бар білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Туристiк ұйымдардың қызметкерлерiн аттестаттау туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
23-бап. Гид (гид-аудармашы), туризм нұсқаушысы, экскурсовод
Қазақстан Республикасының азаматы ғана гид (гид-аудармашы), туризм нұсқаушысы, экскурсовод бола алады.
4-тарау. Туристің құқықтары мен міндеттері, туристің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
24-бап. Туристiң құқықтары
Транзитті қоса алғанда, саяхатқа әзірленген, саяхат жасаған кезде туристiң:
1) өзiнiң жеке басына немесе мүлкiнiң қауiпсiздiгiне қол сұғылған жағдайда консулдық, дипломатиялық, өзге де мемлекеттік, сондай-ақ туристiк өкiлдiктерге өтiнiшпен жүгiнуге;
2) уақытша болатын елге (жерге) бару, сондай-ақ уақытша болған елден (жерден) шығу және сонда болу ережелерi туралы, жергiлiктi халықтың әдет-ғұрпы туралы, дiни салт, қасиеттi орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткiштер және туристерге көрсетiлетiн, ерекше қорғаудағы басқа да объектiлер, қоршаған ортаның жай-күйi туралы қажеттi және дұрыс ақпарат алуға;
3) еркiн жүрiп-тұруға, уақытша болатын елде (жерде) қабылданған шектеу шараларын ескере отырып, туристiк ресурстарға еркiн қол жеткізуге;
4) туроператор немесе турагент туристiк қызмет көрсету шартын орындамаған жағдайда келтiрiлген залал мен моральдық зиянның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтелуiне;
5) шұғыл медициналық жәрдем алуға;
6) шетелдік туристердiң құқықтық көмек және көмектiң өзге де түрiн алуына Қазақстан Республикасының мемлекеттік билiк органдарының жәрдемдесуiне;
7) туристердiң қолда бар байланыс құралдарына кедергiсiз қол жеткізуiне құқығы бар.
Туристердiң өзге құқықтары болатын елдiң (жердiң) заңдарымен айқындалады.
25-бап. Туристiң мiндеттерi
Саяхат жасаған кезде, транзиттi қоса алғанда, турист:
1) уақытша болатын елдiң (жердiң) заңдарын сақтауға;
2) уақытша болатын елдегi (жердегi) қоршаған ортаны сақтауға, табиғи, тарихи және мәдени ескерткiштерге ұқыпты қарауға;
3) уақытша болатын елге (жерге) келу және онда болу, сондай-ақ уақытша болатын елден (жерден) кету ережелерiн және транзиттiк жүрiп өтетiн елдердегi ережелердi сақтауға;
4) саяхат кезiнде жеке өзiнiң қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға мiндеттi.
Туристiң өзге мiндеттерi болатын елдiң (жердiң) заңдарымен айқындалады.
26-бап. Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасының аумағында туристердiң қауiпсiздiгiне Қазақстан Республикасы кепiлдiк бередi. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының турист-азаматтарына оның шегiнен тыс жерлерде қорғау және оларға қамқорлық жасау кепiлдiгiн бередi.
2. Туристердiң қауiпсiздiгi деп туристердiң жеке қауiпсiздiгi, олардың мүлкiнiң сақталуы және саяхат кезiнде қоршаған ортаға залал келтірмеуі, сондай-ақ туризмді заңсыз көші-қон мен үшiншi елдерге транзит, азаматтарды сексуалдық, еңбек және өзге де мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге бағытталған шаралар кешенi түсiнiледi.
3. Уәкiлеттi орган туроператорларды, турагенттердi және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiптер туралы хабардар етедi.
4. Туроператорлар мен турагенттер туристке саяхаттың ерекшелiктерi туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде оларға кездесуi мүмкiн қауiптер туралы толық мәлiмет беруге және туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыруға мiндеттi.
5. Туроператорлар мен турагенттер атқарушы органдар мен мүдделi адамдарға саяхат кезiнде туристер душар болған төтенше жағдайлар туралы, сондай-ақ саяхаттан қайтпай қалған туристер туралы дереу хабарлауға мiндеттi.
6. Өзi уақытша болатын елге (жерге) саяхат жасағысы келетiн туристер халықаралық медицина талаптарына сәйкес профилактикадан өтуге мiндеттi.
7. Қазақстан Республикасының аумағында қасiретке душар болған туристерге қажеттi көмектi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мамандандырылған қызметтер жүзеге асырады.
8. Уәкiлеттi орган мүдделi министрлiктермен және басқа да атқарушы органдармен бiрлесiп, туристердi қорғау және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағдарламасын әзiрлеп, оның орындалуын ұйымдастырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган туристердi қорғаудың және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң аймақтық бағдарламасын әзiрлеп, оның орындалуын ұйымдастырады.
27-бап. Туристiк қызметтi жүзеге асыру кезіндегі сақтандыру
1. Халықаралық шарттарда, уақытша болатын елдiң (жердiң) заңдарында көзделген реттерде, туроператор немесе турагент, турист өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiктi табыс еткен жағдайда шетелге шығу көзделетiн туристiк жолдаманы сатады.
2. Сақтандыру шартында туристке медициналық көмек көрсету ақысы және сақтандыру жағдайы тiкелей уақытша болатын елде (жерде) туындаған кезде олардың шығынының орнын толтыру көзделуге тиiс.
3. Қазақстан Республикасының Yкіметі Қазақстан Республикасының аумағына келетiн туристерге өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiгi болуы жөнiнде талап белгiлеуге құқылы.
4. Туроператор мен турагент туристiк қызмет көрсетуге жасалған шарттардан туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруға мiндеттi.
5-тарау. Қорытынды ережелер
ҚР 22.02.02 ж. № 296-11 Заңымен 28-бап өзгертілді
28-бап. Туристiк қызмет туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Табиғи экологиялық жүйенi бүлдiруге, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн құртуға, сондай-ақ заңсыз аң аулауға және балық аулауға бағытталған қызмет үшiн туризмдi пайдалануға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге тұрақты тұру үшін заңсыз кетуін не шетелде жұмысқа орналасуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін әкелуді ұйымдастыру мақсатында туристік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.
Туристiк қызмет туралы заңдарды бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен жауапты болады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 28-1-баппен толықтырылды
28-1-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы
заңнамасының орындалуын бақылау
1. Уәкілетті орган тексерулер және (немесе) құжаттар сұрату арқылы туризм саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының туристік қызмет саласындағы заңнамасын орындауына бақылауды жүзеге асырады.
2. Туристік қызмет субъектілерін тексеру жоспарлы (жоспарланған және уәкілетті орган бекіткен) және жоспардан тыс (өтініштерде жазылған расталған фактілер бойынша дереу ден қоюды талап ететін қалыптасқан жағдайға сәйкес тағайындалатын) болып бөлінеді.
3. Жоспарлы тексерулер жылына бір реттен жиі болмайтындай етіп жүргізіледі.
29-бап. Өтпелi ережелер
Осы Заң қолданысқа енгiзiлген кезде туристiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай мерзiм iшiнде өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiруге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының