Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "Қазақстан
Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы"
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының ғимаратын республикалық
меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 78 қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 17 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының теңгеріміндегі Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 79 мекен-жайында орналасқан ғимарат жалдау ақысы алынбай, орналасқан үй-жайларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң "Республикалық ғылыми ауыл шаруашылығы кiтапханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қалдыру шартымен Алматы қаласының коммуналдық меншiгіне берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен және Алматы қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен жоғарыда көрсетiлген ғимаратты қабылдап алу-беру жөніндегі қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.
3. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 441, 371-құжат):
1) көрсетiлген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 396-жолмен толықтырылсын:
"396. Ғимарат Абылай хан даңғ. 79 үй";
2) көрсетілген қаулыға 3-қосымшадағы реттік нөмірі 203-жол алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |