14. Тексерісті белгілеу туралы актіде көрсетілген тексерістің аяқталу мерзімінен кешіктірмей ойын бизнесін ұйымдастырушының осы тексеріске қатысқан өкіліне тексерістің нәтижелері туралы актіні тапсырған күн тексерістің аяқталған күні болып есептеледі.
Ойын бизнесін ұйымдастырушының өкілі тексерістің нәтижелері туралы актіні алудан бас тартқан жағдайда уәкілетті органның лауазымды адамы почта байланысы арқылы ойын бизнесін ұйымдастырушыға тексерістің нәтижелері туралы актіні хабарламасы бар тапсырысты хатпен жібереді. Осы жағдайда ойын бизнесін ұйымдастырушыға тексерістің нәтижелері туралы актіні тапсырысты почтамен жіберген күн тексерістің аяқталған күні болып есептеледі.
15. Егер ойын бизнесін ұйымдастырушы тексеріс нәтижесінің актісімен келіспесе, ол сот тәртібімен осы әрекеттерге шағымдануға құқылы.".
2-бап. Осы Заңның 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілетін 1-бабының 3-тармағын қоспағанда, осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | |