17) 497-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Қылмыс жасаған деп айыпталушы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасын немесе мүшесін қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді.»;
18) 498-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Қылмыс жасаған деп айыпталушы судьяны қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді.»;
19) 499-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Қылмыс жасаған деп айыпталушы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді.»;
төртінші бөлікте:
үшінші сөйлемдегі «мен қамауға алудың» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау мерзімін ұзарту Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары өтінішті қолдағаннан кейін осы Кодекстің 153-бабында және 496-бабының сегізінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.»;
20) 534-бапта:
бірінші бөлікте:
бесінші және алтыншы сөйлемдер мынадай редакцияда жазылсын:
«Табыс етілген материалдар зерделеніп, ұсталған адамды іздеу жарияланған адам деп санауға жеткілікті негіздер болғанда және осы Кодекстің 532-бабында жазылған негіздер жоқ болған кезде прокурор аудандық және оған теңестірілген сотқа экстрадициялық қамауға алу туралы өтініш енгізеді. Аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы осы Кодекстің 150-бабында көзделген ережелер мен мерзімдерді сақтай отырып, өтінішті қарайды және мынадай: экстрадициялық қамау туралы; экстрадициялық қамаудан бас тарту туралы қаулылардың бірін шығарады.»;
мынадай мазмұндағы жетінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Судьяның осы қаулысына шағымдану, наразылық білдіру және оны апелляциялық қарау осы Кодекстің 110-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
үшінші бөліктегі «Адамның» деген сөз «Прокурор адамның» деген сөздермен, «орны ұсыныла отырып, дереу хабарландырылады» деген сөздер «орнын ұсына отырып, дереу хабарлайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктегі «прокурор» деген сөз «сот» деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы бөліктегі «қамауды жүзеге асырған прокурордың өтініші бойынша әдеттен тыс қамау мерзімін облыс прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор» деген сөздер «прокурордың өтініші бойынша экстрадициялық қамау мерзімін сот» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе уәкілетті прокурор» деген сөздер «сот» деген сөзбен ауыстырылсын;
сегізінші бөліктегі «әдеттен тыс қамауды жүзеге асырған» деген сөздер алып тасталсын;
тоғызыншы бөліктегі «әдеттен тыс қамауды жүзеге асырған» деген сөздер алып тасталсын.
2. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат):
1) 21-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 38-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қылмыстық қудалау органының айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға және күзетпен ұстауға немесе үйде қамауда ұстауға санкция беру туралы өтінішін қолдайды не қолдаудан бас тартады;»;
3) 39-бап алып тасталсын.
3. «Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 63-құжат):
5-баптағы «қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын таңдау туралы тергеушінің, анықтаушының прокурор санкция берген қаулысы, прокурордың немесе судьяның қаулысы не соттың қаулысы» деген сөздер «соттың қаулысы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2008 жылғы шілденің 5-сі.
№ 65-IV ҚРЗ