екінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі» деген сөздер «он бес айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
4. Көлік құралын жүргізу құқығынан айрылған жүргізушінің көлік құралын жүргізуі не көлік құралын жүргізу құқығынан айрылған адамға көлік құралын жүргізуге беру -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
15) 471-бапта:
тақырыптағы «масаң күйін» деген сөздер «алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйін» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы 1-2-бөлікпен толықтырылсын:
«1-2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.»;
екінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «алкогольмен, есірткімен, уытқұмарлықпен масаю күйін» деген сөздер «алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйін» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«екі жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.»;
16) 473-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептік көрсеткіштің төрттен сегізге дейінгі» деген сөздер «он айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе үш тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады.»;
17) 484-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацта:
«468, 470» деген цифрлар алып тасталсын;
«бірнеше» деген сөз «үш және одан да көп» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта:
«айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе» деген сөздер алып тасталсын;
«үш айдан алты айға дейінгі» деген сөздер «алты ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
«айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі» деген сөздер «отыз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзацта:
«461,» деген цифрлардан кейін «461-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«463,» деген цифрлардан кейін «463-1, 463-2, 463-3, 463-4, 463-5, 463-6, 463-7, 463-8,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«468, 469, 470» деген цифрлар алып тасталсын;
«екі» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзацта:
«айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе» деген сөздер алып тасталсын;
«үш айдан алты айға дейінгі» деген сөздер «алты ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «461 (үшінші бөлігінде), 462 (екінші және үшінші бөліктерінде), 463 (1-1-бөлігінде), 464 (екінші бөлігінде), 465, 466, 467 (бірінші - үшінші, бесінші бөліктерінде), 468 (бірінші және екінші бөліктерінде), 469, 471» деген сөздер «461 (3-1-бөлігінде), 463-3 (бесінші бөлігінде), 464-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 465 (екінші бөлігінде), 466 (екінші бөлігінде), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктерінде), 469, 471 (1-1, 1-2 және екінші бөліктерінде), 473 (үшінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 543-бапта:
бірінші бөліктегі «461 (бірінші, екінші, төртінші-алтыншы бөліктерінде), 462 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 467 (төртінші, алтыншы бөліктерінде), 468 (үшінші бөлігінде), 470, 472-476,» деген сөздер «461 (бірінші-үшінші, төртінші-сегізінші бөліктерінде), 461-1, 462, 463 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 463-1, 463-2, 463-3 (бірінші-төртінші бөліктерінде) - 463-8, 464, 464-1 (үшінші бөлігінде), 465 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде), 468 (үшінші бөлігінде), 470, 471 (бірінші бөлігінде), 472, 473 (бірінші және екінші бөліктерінде), 474-476,» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы Кодекстің 461 (үшінші және сегізінші бөліктерінде), 461-1 (екінші бөлігінде), 462 (төртінші бөлігінде), 463 (төртінші бөлігінде), 463-1 (үшінші бөлігінде), 463-2 (төртінші бөлігінде), 463-3 (төртінші бөлігінде), 463-4 (төртінші бөлігінде), 463-5 (үшінші бөлігінде), 463-6 (екінші бөлігінде), 463-7 (екінші бөлігінде), 463-8 (екінші бөлігінде), 464 (екінші бөлігінде), 464-1 (үшінші бөлігінде), 468 (үшінші бөлігінде), 470 (екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 471 (бірінші бөлігінде), 472, 474, 475, 485-487-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - ішкі істер органдары жол полициясы комитетінің төрағасы, басқармаларының, бөлімдерінің, бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
7) осы Кодекстің 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 247, 461 (бірінші, екінші, төртінші-жетінші бөліктерінде), 461-1 (бірінші бөлігінде), 462 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 463 (бірінші бөлігінде), 463-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463-2 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 463-3 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 463-4 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 463-5 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463-6 (бірінші бөлігінде), 463-7 (бірінші бөлігінде), 463-8 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 473 (бірінші және екінші бөліктерінде), 476, 485 (бірінші бөлігінде) (жеке тұлғаларға қатысты) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - арнаулы атағы бар жол полициясының қызметкерлері;»;
20) 604-баптың екінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «құқық бұзушылықты байқау мен тіркеудің метрологиялық тексеруден өткен» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацтағы «құқық бұзушылықты байқау мен тіркеудің метрологиялық тексеруден өткен аспаптарының, көлік құралдарының түрін, жүру уақытын, жылдамдығы мен бағытын тіркейтін фото-, бейне аппаратуралардың» деген сөздер «аспаптарының» деген сөзбен ауыстырылсын;
21) 628-бапта:
жетінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Жол жүрісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша алып қойылған құжаттар іс бойынша қабылданған қаулы орындалғанға дейін сақталады.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-бөлікпен толықтырылсын:
«7-1. Жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулы бойынша алып қойылған жүргізуші куәлігі немесе көлік құралын жүргізуге құқық беретін жүргізуші куәлігінің орнына берілген куәлік, иесі жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырған жағдайда жүргізушіге қайтарылады.
Жүргізуші емтиханға жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтихан тапсырмаған жағдайда, қаулы шығарған лауазымды адам Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында көзделген шараларды қолданады.
Алып қойылған жүргізуші куәлігінің орнына жүргізушіге уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша уақытша куәлік беріледі.»;
22) 630-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 283-285, 287, 289, 297, 298, 298-1, 302-306, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 451, 453, 457, 460, 461 (екінші, үшінші және 3-1-бөліктерінде), 463 (екінші және үшінші бөліктерінде), 463-4 (үшінші, төртінші бөліктерінде), 467, 470 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші бөліктерінде), 471 (екінші бөлігінде), 514 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 524 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде) - баптарында аталған бұзушылықтар жасалған кезде, осы баптың екінші бөлігінде аталған уәкілетті лауазымды адам көлік құралдарын, шағын көлемді кемені уақытша сақтау үшін оларды арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға, оның ішінде басқа көлік құралын (эвакуаторды), шағын көлемді кемені пайдалана отырып жеткізу арқылы ұстау себептері жойылғанға дейін ұстауға, жеткізуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы;
осы Кодекстің 461 (бірінші, төртінші-сегізінші бөліктерінде), 463-4 (бірінші және екінші бөліктерінде) 468, 469-баптарында аталған бұзушылықтар жасалған кезде, осы баптың екінші бөлігінде аталған уәкілетті лауазымды адам көлік құралын пайдалануға тыйым салу себептері жойылғанға дейін мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін алып қою арқылы көлік құралдарын пайдалануға тыйым салуға құқылы.»;
23) 634-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарының көрсеткіштері себеп болып табылады.»;
24) 635-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Жол жүрісінің қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты хаттама жасау кезінде салық төлеушінің тіркеу нөмірі болса, ол көрсетіледі.»;
25) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацындағы «461 (үшінші бөлігі), 462 (екінші және үшінші бөліктері), 463 (1-1-бөлігі), 464 (екінші бөлігі), 465, 466, 467 (бірінші-үшінші, бесінші бөліктері), 468 (екінші бөлігі), 469, 471 (бірінші және екінші бөліктері), 477 (үшінші бөлігі), 484, 501, 518, 521, 524» деген сөздер «461 (3-1-бөлігі), 463 (екінші, үшінші бөліктері), 463-3 (бесінші бөлігі), 464-1 (бірінші және екінші бөліктері), 465 (екінші бөлігі), 466 (екінші бөлігі), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктері), 469, 471 (1-2 және екінші бөліктері), 473 (үшінші бөлігі), 474, 475, 477 (үшінші бөлігі), 484, 501, 514 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 518, 521, 524 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 638-баптың бесінші бөлігінде:
«құқық бұзу фактісін және құқық бұзушының жеке басын дұрыс анықтауға мүмкіндік беретін» деген сөздер алып тасталсын;
«метрологиялық тексеруден өткен құқық бұзушылықты бақылау мен тіркеу аспаптарының, фото-, бейне аппаратураның» деген сөздер «аспаптарының» деген сөзбен ауыстырылсын;
27) 639-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса» деген сөздерден кейін «және осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген жағдайларда» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1- бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстің 539-бабының үшінші бөлігінде, 639-бабының үшінші бөлігінде аталған жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.
Айыппұл түріндегі жазаны оған уәкілетті лауазымды адам осы Кодекстің 710-бабында белгіленген тәртіппен қолданады және төлете алады.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, айыппұл арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралының немесе аспабының көрсетулері қоса беріліп, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде рәсімделеді,
бұл туралы көлік құралының меншік иесі (иесі) тиісінше хабардар етіледі.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер адам осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде белгіленген тәртіппен қолданылатын жазаға дау айтса не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жерде айыппұл төлеуге мүмкіндігі болмаса, осы Кодекстің 618-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қолданыла отырып, осы Кодекстің 635-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.»;
28) 650-бап мынадай мазмұндағы 1-1- бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Көлік құралын жүргізушіні жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтиханды тапсыруға жіберген кезде жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығарылады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілген адамға беріледі.»;
29) 707-баптың бірінші бөлігі:
«қаулы шығарған» деген сөздерден кейін «, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама берген» деген сөздермен толықтырылсын;
«заңды күшіне енген» деген сөздерден кейін «, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы шығарған» деген сөздермен толықтырылсын;
30) 708-баптың бірінші, үшінші және төртінші бөліктері «айыппұл салу туралы қаулыны», «айыппұл салу туралы қаулы» деген сөздерден кейін тиісінше «, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы», «, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама» деген сөздермен толықтырылсын».
2. «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №14, 273-құжат; 2001 ж., №24, 338-құжат; 2003 ж., №10, 54-құжат; №12, 82-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2005 ж., №7-8, 23-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«автомагистраль - бір-бірінен бөліп тұратын жолақпен, ал ол болмаған жағдайда, жол қоршауымен бөлінген, жүрістің әрбір бағыты үшін жүру бөліктері бар, басқа жолдарды, теміржолдарды немесе трамвай жолдарын, жаяу немесе велосипедпен жүретін жолдарды бір деңгейде кесіп өтпейтін жол.»;
2) 6-баптың жетінші абзацы алып тасталсын;
3) 7-бап мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
«жолдарды жобалау, салу, жөндеу, күтіп ұстау және басқару кезінде тапсырыс беруші ұсынған нормативтік, жобалық және техникалық құжаттаманы келісу;»;
4) 10-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
5) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көлік құралдарын жүргізу құқығының тоқтатылуына:
1) жүргізуші куәлігінің белгіленген қолданылу мерзімінің бітуі;
2) жүргізуші денсаулығының көлік құралдарын қауіпсіз жүргізуге кедергі келтіретіндей нашарлап, оның медициналық қорытындымен расталуы негіздемелер болып табылады.
Көрінеу психикалық бұзылулар мен мінез-құлықтың бұзылуы, көру органы дамуының кемістігі, көру функциясын бұзатын жаңадан пайда болған қатерсіз ісіктер, органның туа біткен кемістігі немесе органнан не бүлінген органның қызметін бұзатын оның бір бөлігінен жүре келе айырылу, олардың көлік құралдарын толыққанды жүргізуге кедергі келтіруі көлік құралдарын жүргізуге жарамдылықты растау үшін медициналық куәландыруға жіберуге негіздемелер болып табылады;
3) жүргізушінің жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырмауы;
4) көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру негіздеме болып табылады.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша көлік құралдарын жүргізу құқығының тоқтатылуы уәкілетті органның (лауазымды адамның) талап арызы бойынша, азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Көлік құралын жүргізу құқығы тоқтатылған кезде осы құқық:
осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша - жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтихан тапсырғаннан және медициналық тексеруден өткеннен кейін;
осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша - егер көлік құралдарын жүргізу құқығын тоқтатудың себептері жойылатын болса, сот шешімі бойынша;
осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша - осы Заңның 15-бабында белгіленген тәртіппен;
осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша - емтихан тапсырғаннан және көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін қайта қалпына келтіріледі.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2008 жылғы шілденің 4-і
№ 55-ІV ҚРЗ