2) мал дәрiгерлiк және жануарларды аулау үшiн есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға қажеттiлiк нормаларын белгiлейдi және заңнамада белгiленген тәртiпте бекіту үшiн Агенттiкке ұсынады;
3) өсiмдiктердегi есiрткi компоненттерiнiң деңгейiн жоғарылатуға бағытталған селекциялық жұмыстарды болдырмау мақсатында тұқым өсiру саласында бақылауды жүзеге асырады;
4) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды пайдалану туралы статистикалық есептердi белгiленген мерзiмдерде Агенттiкке табыс етедi;
5) жабайы өсетін зығыр мен құрамында есiрткiсi бар басқа да өсiмдiктердiң таралуын оқшаулау мен шектеу жөнiнде iс-шараларды жүргiзуге бақылауды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 261 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
17. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі:
1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласында сот-сараптама мекемелерi жүргiзетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық етедi;
2) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын, олардың заңсыз айналымын және оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимылды реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдерге құқықтық сараптаманы жүзеге асырады;
3) алынып тасталды
4) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын бақылау саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдерiне Қазақстан Республикасы Президентi мен Yкіметінiң тапсырмасы бойынша ресми түсiндiрме берудi жүзеге асырады;
5) сот-сараптама қызметiн ұйымдастырады және есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға сот сараптамасы мемлекеттік органдарының сараптамалар жүргiзуiне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік тiркеу саласында заңды тұлғаларды тiркеудi және есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға байланысты қызметпен айналысатын заңды тұлғаларды есепке алуды заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік тiркелiм құрамында жүргiзудi жүзеге асырады.
18. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті:
1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы заңсыз айналымының жолын кесудi қамтамасыз етедi;
2) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар тауарларға қатысты кеден ережелерi мен салық заңнамасының бұзылуын анықтайды;
3) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы туралы мәлiметтерге қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының сыртқы сауда кеден статистикасын және арнайы кеден статистикасын жүргiзедi;
4) кеден органдарының жедел-iздестiру қызметiн жүргiзуi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы кеден органдары кинологиялық қызметi үшiн есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға қажеттiк нормаларын белгiлейдi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте бекіту үшiн оларды ұсынады.
19. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi:
Қазақстан Республикасының аумағында заңды және жеке тұлғалардың темір жол, автомобиль, су көлiгi және байланыс құралдарының жұмыс iстеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттеу бөлiгiнде олардың заңсыз айналымына және оларды терiс пайдалануға жол бермеу жөнiнде өз құзыретi шегiнде шаралар қабылдайды.
ҚР Үкіметінiң 23.05.01 ж. № 695 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді
20. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі:
1) дәрi-дәрмек құралдары, оның iшiнде құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар құралдар айналымының тәртібін белгiлейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлейдi;
2) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және Қазақстан Республикасы аумағына әкелiнетiн, оның iшiнде құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрi-дәрмек құралдарының сапасына, тиiмдiлiгiне, қауiпсiздiгiне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырады, дәрi-дәрмек құралдарының, оның iшiнде құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрi-дәрмек құралдарының Мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзедi;
4) медициналық мекемелердегi есiрткi дәрi-дәрмек құралдарын тұтынудың тiзбесi мен нормаларын белгілейдi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте бекіту үшiн оларды Агенттiкке ұсынады;
5) есiрткi дәрi-дәрмек құралдарының медициналық мекемелердегi қозғалысының тәртібін белгiлейдi және есепке алуды жүзеге асырады;
6) есiрткi құралдарын терiс пайдаланатын адамдарды куәландыруға байланысты алдын алу, сауықтыру және бастапқы iс-қимылдарды жүзеге асыру саласында медициналық мекемелердiң қызметiн ұйымдастыруды және оларға басшылық етудi жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының Iшкі iстер министрлігімен жоғарыда аталған мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жасайды.
7) денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады.
21. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар:
1) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң аймақтық бағдарламаларын әзiрлеудi, бекітудi және iске асыруды жүзеге асырады, аталған бағдарламаларды жергiлiктi бюджет қаражатынан iске асыруға қажеттi қаржыландыруды, сондай-ақ есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы, олардың заңсыз айналымы және оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл саласында инвестициялар, техникалық және өзге де көмек тартуды жүзеге асырады;
2) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссиялар құрады, олардың қызметiн ұйымдастырады;
3) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жергiлiктi мемлекеттік органдардың өзара iс-қимылын өз құзыретi шегiнде үйлестiрудi және ұйымдастыруды жүзеге асырады.
4. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 24 тамыздағы № 735 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды
Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және аумағынан әкетуге
қойылатын біліктiлiк талаптары
43. Жалпы ережелер:
1) Тiзiмнiң I, II, III және IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдарын, психотроптық заттармен прекурсорларды Қазақстан Республикасына әкелудi және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудi заңнамада белгiленген тәртiпте, бекітілген квоталар шегiнде және Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiн ескере отырып, Агенттiк Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі келісіммен бойынша берген осы қызмет түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асырады;
2) лицензияда Тiзiмнiң I, II, III және IV кестелерiне әкелiнетiн (әкетiлетiн) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың қолданылу мерзiмi, мөлшерi, әкелу (әкету) бір топтаманың немесе бірнеше топтаманың көмегiмен жүзеге асырылатыны көрсетiледі. Егер әкелу (әкету) лицензияда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылмаса, лицензияның күші жойылады.
ҚР Үкіметінің 03.09.03 ж. № 893 қаулысымен 44-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
44. Әкелуге және әкетуге қойылатын талаптар:
1) алынып тасталды
2) әкелуге (әкетуге) Рұқсат алу үшiн өтiнiш берушi Агенттiкке мынадай құжаттарды табыс етедi:
өтiнiш (5-қосымша);
беруге келісім-шарттың көшiрмесi;
комиссия шартының көшiрмесi (егер өтiнiш берушi ретiнде делдал болса);
тұтынушымен жасалған шарттың көшiрмесi;
есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметтi жүзеге асыруға лицензияның көшiрмесi;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттік тiркеу туралы сараптау қорытындысы (дәрi-дәрмек құралдарын әкелiнген жағдайда);
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгінің келісім-хаты (дәрі-дәрмек құралдары болып табылмайтын прекурсорларды әкелу жағдайында).
3) Агенттiк БҰҰ Конвенцияларында көзделген қосымша құжаттарды сұратып алуға құқылы.
45. Әкелуге (әкетуге) Рұқсаттың қолданылу мерзiмi - алты ай.
46. Басқа заңды тұлғаның қызметтiң аталған түрiне лицензиясы болуына қарамастан, оған әкелуге (әкетуге) берiлген Рұқсатты беруге болмайды.
ҚР Үкіметінің 23.05.01 ж. № 695; 03.09.03 ж. № 893 қаулыларымен 47-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
47. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды және прекурсорларды әкелу (әкету) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы мен кеден шекарасынан өткен кезде:
1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке (есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелумен (әкетумен) айналысуға) лицензияны;
2) бақыланатын заттарды әкелуге (әкетуге) рұқсатты (1-қосымша);
3) кедендiк жүк декларациясын;
4) дайындаушы зауыттың сапа сертификатын көрсеткен ретте жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 03.09.03 ж. № 893 қаулысымен 48-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
48. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттармен және прекурсорларды әкелу (әкету) импорттаушылар мен экспорттаушылардың арасында Рұқсат бланкілерiн алмасу (Сертификат) арқылы нақты топтаманың түсуi немесе жөнелтілуi және әкелу (әкету) жөніндегі операцияның аяқталу фактiсi туралы әкелу (әкету) Рұқсаты бланкiсiне кеден органдарының белгi қойыла отырып жүзеге асырылады. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке (есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелумен (әкетумен) айналысуға) лицензиялар бланкiлерiнiң және әкелуге (әкетуге) Рұқсаттың (Сертификаттың) түпнұсқалары жүктi ресiмдеу жүргізiлетiн кеден органына берiледi. Лицензияның көшiрмесi және Рұқсатты ң түпнұсқасы алушы елдiң уәкiлетті органына жiберіледi.
49. Әкелудi (әкетудi) жүзеге асыратын заңды тұлға есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды нақты әкелу (әкету) туралы есептi екi данада жасайды (6-қосымша). Әкелу (әкету) жүргiзiлген кеден органы лауазымды адамының қол қоюымен және жеке нөмiрлi мөрiмен куәландырылған есептiң бір данасы кеден бекетiнде қалдырылады, екiншiсi тауарларды әкелу (әкету) кезiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы нақты алып өткеннен кейiн оған iшкi кеден құжатының көшiрмесi қоса тiркелiп, үш күнтiзбелiк тәулiк iшiнде Агенттiкке табыс етiледi.
50. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге әкелу және әкету кезiнде кедендiк ресiмдеу туралы ақпаратты ай сайын Агенттiкке жiберiп отырады.
51. Қазақстан Республикасында тiркелмеген құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар заттарды соның iшiнде дәрi-дәрмек құралдарын сараптамадан өткізу және үлгiлер үшiн, клиникалық сынақтар жүргiзу үшiн тест-эталондарды әкелуге (әкетуге) Агенттiктiң рұқсаты бойынша жүргiзiледi (7-қосымша). Тест-эталондарды әкелуге (әкетуге) рұқсат алу үшiн өтiнiш берушi Агенттiкке мынадай құжаттарды табыс етедi:
1) өтiнiш (8-қосымша);
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң толық көлемде клиникалық сынақтар жүргiзу үшiн қажеттi дәрi-дәрмек препараттарының мөлшерiн көрсеткен келісім-хаты.
52. Қазақстан Республикасында тiркелмеген құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрi-дәрмек құралдарын сараптамадан өткізу және үлгiлер үшiн, клиникалық сынақтар жүргiзу үшiн тест-эталондарды әкелу (әкету) кеден шекарасынан өту кезiнде:
1) Агенттiктiң тест-эталондарды әкелуге/әкетуге рұқсатын (10-қосымша);
2) кедендiк жүк декларациясын;
3) дайындаушы зауыттың сапа сертификатын дәрi-дәрмектер үшiн көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
53. Қызметкерлер:
1) заңды тұлғаның басшысы әкелу (әкету) талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөнiнде дербес жауапты болады;
2) есірткі құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға рұқсат берілетін мамандықтар тізбесі заңнамада белгіленеді;
3) есiрткi құралдарына, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс істеуге рұқсаты бар адамдардың тiзiмi тiзiмде көрсетiлген адамдарды тиiстi тексеруi туралы қорытынды беретін аумақтық iшкi iстер органдарымен келiсіледi (2-қосымша);
4) есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға рұқсат адамдарға нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы маскүнемдiкпен ауруының жоқтығы туралы, сондай-ақ олардың iшiнде жоғары қауiп көзiне байланысты кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқтығы туралы психиатр және нарколог дәрiгерлердiң қорытындыларын алуы тиiс (3-қосымша).
54. Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету.
Әкелу немесе әкетудi жүзеге асыратын кәсiпорында қызметтің осы түрiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тиiстi құжаттардың жинақтамасы болуға тиiс.
6. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 24 тамыздағы № 735 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 24 тамыздағы № 735 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 24 тамыздағы № 735 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 24 тамыздағы № 735 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
10. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 24 тамыздағы № 735 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
11. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 24 тамыздағы № 735 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 24 тамыздағы № 735 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
13. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 24 тамыздағы № 735 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
14. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 24 тамыздағы № 735 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
15. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 24 тамыздағы № 735 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
16. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 24 тамыздағы № 735 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 18.09.03 ж. № 947 қаулысымен 17-бөліммен толықтырылды
17. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне
қойылатын біліктiлiк талаптар
154. Жалпы ережелер
Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтай отырып, Комитет берген Транзитке рұқсаттың негiзiнде жүзеге асырылады (13, 14, 15-қосымшалар).
Транзитке рұқсат - құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердi онда көрсетiлген мерзiмде бір рет өткізудi жүзеге асыруға рұқсат беретiн құжат және көлiк құралдары мен жүкке рұқсатсыз қол жеткізуге жол бермеу және тиiстi қауiпсiздiк шараларын жүзеге асыру мақсатында кіру мен шығу пункттерiнде және басқа да кедендiк бақылау аймақтарында коммерциялық тасымалдаушылар мен тиiстi органдар арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз етуге негiз болады.
Транзитке рұқсатта мыналар көрсетiледi:
1) импорттаушы заңды тұлғаның деректерi;
2) экспорттаушы заңды тұлғаның деректерi;
3) соңғы жүк алушының деректерi;
4) Тiзiмнiң I, II, III және IV кестелерiне енгiзiлген құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердiң атауы және көлемi. Рұқсат құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар, келісім-шартқа енгiзiлген олардың атауларының санына қарамастан, өнiмдердiң бір түрiне берiледi;
5) бағыты (экспорттаушы елден әкету және импорттаушы елге әкелу пункттерi көрсетiледi), көлiк түрi;
6) Транзитке рұқсаттың қолданылу мерзiмi. Егер құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердiң транзитi көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырылмаса, онда рұқсаттың күшi жойылады.
155. Транзитке қойылатын талаптар.
Транзитке рұқсатты ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi Комитетке мыналарды ұсынады:
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш (17-қосымша);
2) өтiнiш берушi ұйымның мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлiгiнiң нотариальды расталған көшiрмесi;
3) өтiнiш берушi мемлекетiнiң қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтiнiш берушi елiнiң мемлекеттік органы есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке берген лицензияның не сертификаттың нотариальды расталған көшiрмесi;
4) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша кодтары көрсетiлген, транзитке жататын, құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар (табиғи және құндық тұрғысында) бар өнiмдердiң атауы мен көлемi;
5) өтiнiш берушiнiң тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес транзиттi жүзеге асыру кезiнде болуы мүмкiн авариялардан келген залалды өтеу туралы сақтандыру және басқа да қаржылық кепiлдiктердi не өзге де мiндеттемелердi ұсыну;
6) құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердi пайдаланудың нақты мақсаты туралы соңғы жүк алушының өтiнiшi қоса берiлетiн Қазақстан Республикасында бақылауға жататын құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердi жеткізуге арналған келісім-шарттың нотариальды расталған көшiрмесi (16-қосымша);
7) төтенше жағдайларда мәлiмделген транзиттiк тасымалды жүзеге асыру кезiнде болуы мүмкiн аварияның салдарын жоюдың алдын алу және әрекет ету жүйесiнiң дайындығы туралы өтiнiш берушi елдiң құзыреттi ресми органының растамасы;
8) егер құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердi жүктi жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, осы жүктi қайта қабылдауға мiндеттемелер туралы жүктi жiберушiнiң растамасы;
9) тасымалдаудың нақты шарттарына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптауға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының бұзылғаны анықталған жағдайда атқарушы органдардың басқа да қажеттi iс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ анықталған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтiру қажеттiгiне және/немесе жүктiң экспорттаушы мемлекетке қайтарылуына байланысты шығыстарды өтеу туралы өтiнiш берушiнiң растамасы.
156. Егер шет мемлекеттiң мемлекеттік органы өтiнiш берушi болған жағдайда:
осы Ереженiң 155-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi;
келісім-шарт (осы Ереженiң 155-тармағының 6) тармақшасы) болмаған кезде бақылауға жататын құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердiң транзитiн жүзеге асыру қажеттiлiгiн негiздейтiн өзге де құжаттар ұсынылады.
157. Осы Ережеде белгiленген талаптар ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан, шетелдiктердi қоса, көрсетiлген өнiмдердiң транзитiн жүзеге асыратын барлық заңды тұлғаларға қолданылады.
158. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Ережеде көзделгеннен өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
159. Транзитке берiлген рұқсатты басқа заңды тұлғаға беруге болмайды.
160. Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердiң транзитiне рұқсат өтiнiш берушiге ол бір транзиттiк операцияны жүзеге асыруы үшiн берiледi. Транзитке рұқсаттың қолданылу мерзiмi ұзартуға жатпайды.
161. Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердiң транзитiне байланысты iс-қимылдар аяқталған соң транзиттi жүзеге асырған заңды тұлға Комитетке 10 күн мерзiмде транзиттiң аяқталғаны туралы есептi ұсынуы қажет.
162. Егер осы Ереженiң 155-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық жинағы табыс етiлмеген болса, Транзитке рұқсат беруден бас тартылуы мүмкiн.
Транзитке рұқсат беруден бас тартылған кезде өтiнiш берушiге заңнамада белгiленген мерзiмде жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
163. Клиникалық сынақтар жүргізу үшін құрамында ecipткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрi-дәрмек құралдарының үлгiлерiне, сараптама жүргiзуге арналған тест-эталондардың транзитi Комитеттiң Рұқсаты бойынша жүргiзiледi. Транзитке Рұқсатты алу үшiн өтiнiш берушi Комитетке мынадай құжаттарды бередi:
1) өтiнiш (16-қосымша);
2) импорттаушы немесе экспорттаушы елдiң денсаулық сақтау органдарымен толық көлемде клиникалық сынақтар жүргізу үшiн қажеттi құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердiң санын немесе көлемiн көрсете отырып, келісім-хат.
164. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрi-дәрмек құралдарын сараптамадан өткізу және үлгiлер үшiн, клиникалық сынақтар жүргiзу үшiн тест-эталондардың транзитiн кедендiк ресiмдеу:
1) Комитет берген Тест-эталондар транзитiне рұқсатты;
2) кедендiк жүк декларациясын;
3) дайындаушы зауыттық сапа сертификатын көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
165. Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар транзиттiк өнiмдi Транзитке рұқсатта көрсетiлген Қазақстан Республикасының аумағындағы өткізу пункттерi арқылы нақты әкелу немесе әкету туралы ақпаратты (есептi) тоқсан сайын Комитетке жiберiп отырады (18, 19-қосымшалар).
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң
Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын
бақылау жөніндегі комитеті
Қазақстан Республикасына құрамында есірткі құралдары, психотроптық
заттар және прекурсорлар бар белгілі бір мөлшерде өнім әкелуге (әкетуге)
№ ____ Рұқсат (сертификат)
(беруге жатпайды, көшірмесі жарамсыз)
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────
(ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, телефоны, факсі, Е-mail)
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге (әкетуге) рұқсат етілді:
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────
(елдің, ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, телефоны, факсі, Е-mail)
р/с | Кесте №, Тізімі, Позиция № | Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА) | Саудалық атауы | Өлшем бірлігі | Мөлшері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| | | | | |
| | | | | |