2. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың бағыттарын, асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне, бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтау және қалпына келтiру жөніндегі iс-шараларға арналған субсидиялардың нормативтерiн Қазақстан Республикасының Yкіметі асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынымы бойынша белгiлейдi.
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру заңдарда белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
ғылыми зерттеулер
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердi Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық бейiміндегі ғылыми-зерттеу ұйымдары жүзеге асырады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен бiрлесе отырып, осы аталған ұйымдар:
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалар;
асыл тұқымдық малды өз төлiнен өсiру процесiн жетiлдiру әдiстерi мен тәсiлдерiн;
асыл тұқымды өнiмдi (материалды) бағалау мен тектiк бақылауды әдiстемелерi мен техникалық құралдарын;
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн жасауды жүзеге асырады.
4-тарау. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) тану
және оны бағалау
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 17-бап жаңа редакцияда
17-бап. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) тану және
сәйкестiк сертификатын (асыл тұқымдық куәлiк) беру
1. Өнiм (материал) мынадай жағдайларда, егер:
стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі аккредитацияланған орган берген сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiгi) болса;
ұрық аттестатталған малды асылдандырушы орталықтарда асыл тұқымды малдан алынып, сұрыпталса және сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiгi) болса;
эмбрионды малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн аттестатталған жеке және (немесе) заңды тұлғалар аттестатталған асыл тұқымды мал зауытынан, малды асылдандырушы шаруашылықтан алып, сұрыптаса және сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiгi) болса;
аурудан және бактериялармен ұрықтанудан амандығы туралы ветеринариялық куәлiгi болса, ол асыл тұқымды деп танылады.
2. Егер экспорттаушы елдiң ресми органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган таныса және аталған куәлiк халықаралық нормаларға сәйкес келсе, ол асыл тұқымды деп танылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Асыл тұқымды малдың ұрықтары мен эмбриондарын
оларды өсiру мақсатында пайдалану шарттары
Асыл тұқымды малдың ұрықтары мен эмбриондары, егер:
олар тиiсiнше асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектiлерде алынған;
олар белгiленген тәртiппен тiркелген асыл тұқымды малдан алынған;
олар сәйкестендiру мақсатында анық белгiленген (малда эмбрион табылған жағдайда, ол таңбалануға тиiс);
олардың сәйкестiк сертификаттары (асыл тұқымдық куәлiктерi) болған жағдайларда пайдаланылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 19-бап жаңа редакцияда
19-бап. Асыл тұқымды өнімдi (материалды) бағалау
Асыл тұқымды өнiм (материал) мiндеттi түрде бағалануға тиiс.
Бағалауды асыл тұқымдық құндылықты анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн аттестатталған жеке және (немесе) аккредитацияланған заңды тұлғалар асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiгiн, олардың тектiк ақаулығы жоқтығын, сондай-ақ ұрықтың немесе эмбриондардың шығу тегi мен сапасын анықтау және құжатпен растау мақсатында жүргiзедi.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 20-бап өзгерді
20-бап. Асыл тұқымды тұқымдық малды бағалау
Тұқымды өз төлiнен өсiру үшiн iрiктеп алынған асыл тұқымды тұқымдық мал төлiнiң сапасы және (немесе) өзiнiң өнiмдiлiгi жөнiнен тексеруге және бағалауға жатады.
Асыл тұқымды тұқымдық малды тексерудi малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн аттестатталған жеке және (немесе) аккредитацияланған заңды тұлғалар жүргiзедi.
Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру мен бағалау асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейтiн тәртiппен жүргiзiледi.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 21-бап өзгертілді
21-бап. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
субъектiлердiң қызметiн ұйымдастыру
14.12.01 ж. № 269-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 22-бап өзгертілді
22-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi заңды тұлғаларды құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларға тиiсiнше, егер Қазақстан Республикасы заңдарынан немесе құқықтық қатынастың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы Заңның асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн реттейтiн ережелерi қолданылады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен нысандар бойынша деректердi есепке алуды жүргiзедi және есептiлiктi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), жергілікті атқарушы органдарына табыс етедi.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 23-бап жаңа редакцияда
23-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
субъектiлердiң түрлерi
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:
асыл тұқымды мал зауыттары;
малды асылдандырушы шаруашылықтар;
малды асылдандырушы орталықтар;
дистрибьютерлiк орталықтар;
малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар жатады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 24-бап жаңа редакцияда
24-бап. Асыл тұқымды мал зауыттары қызметiнiң негiзгi бағыттары
Асыл тұқымды мал зауыттары қызметiнiң негiзгi бағыттары:
белгiлi бiр тұқымдарға жататын сапасы анықталған зауыттық типтегi малды өсiру, жетiлдiру және сату;
асыл тұқымды малдың, соның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдардың тектiк әлеуетiн асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекітілген бағдарламалары шеңберiнде және ғылым жетiстiктерiне сәйкес жетiлдiру;
ауыл шаруашылық малының жаңа тұқымдарын, зауыттық типтерiн, тұқымдық желiлерiн, кросстарын және тұқым топтарын өсiрiп шығару болып табылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңына сәйкес 25-бап жаңа редакцияда
25-бап. Малды асылдандырушы шаруашылықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары
Малды асылдандырушы шаруашылықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
асыл тұқымды малдың белгiлi бiр тұқымдарын, тұқымдық желiлерiн, типтерiн және кросстарын, соның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдарды ұстау, оларды өз төлiнен өсiру, өсiру, сондай-ақ шығарылған асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату;
асыл тұқымды малдың тектiк әлеуетiн асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекітілген бағдарламалары шеңберiнде және ғылым жетiстiктерiне сәйкес жетiлдiру болып табылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 26-бап жаңа редакцияда
26-бап. Малды асылдандырушы орталықтар қызметiнің негiзгi
бағыттары
1. Малды асылдандырушы орталықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
1) тұқымдық малдың ұрығын алу, жинақтау және сақтау;
2) тұқымдық малдың асыл тұқымдық құндылығын төлдiң сапасына қарай анықтау;
3) асылдандырушылар деп танылған тұқымдық малдың ұрығын сату;
4) эмбриондарды сатып алу, сақтау және сату;
5) ұрық пен эмбриондарды пайдалану нәтижелерiн есепке алу, олар туралы деректер банкiн жүргiзу;
6) тектiк қормен алмасуды жүзеге асыру болып табылады.
2. Малды асылдандырушы орталықтардағы тұқымдық малдың тұқым және сан құрамын асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган ғылыми ұйымдармен бiрлесе отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының шеңберiнде аймақтық мамандануға, тұқым жерсiндiрiлуiне қарай және Қазақстан Республикасының аналық малды қолдан ұрықтандыруды өткiзуге арналған ұрыққа деген қажеттiлiктерiн ескере отырып, белгiлейдi.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 27-бап жаңа редакцияда
27-бап. Асыл тұқымды өнiм (материал) сату жөніндегі
дистрибьютерлiк орталықтар қызметiнің негiзгi бағыттары
Асыл тұқымды өнiм (материал) сату жөніндегі дистрибьютерлiк орталықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары асылдандырушылар деп танылған тұқымдық малдың ұрығын және эмбриондарды сатып алу, сақтау және сату болып табылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 28-бап жаңа редакцияда
28-бап. Малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және
(немесе) заңды тұлғалар қызметiнiң негiзгi бағыттары
Малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
қолдан шағылыстыру;
қолдан ұрықтандыру;
эмбриондарды телу (алмастырып салу) болып табылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 28-1-баппен толықтырылды
28-1-бап. Малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде
қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар
қызметiнiң негiзгi бағыттары
Малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметiнiң негiзгi бағыттары асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен әдiстемелерге сәйкес асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық құндылығын және асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сапасын анықтау оларды сәйкестендiру болып табылады.
6-тарау. ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен алып тасталды
7-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
дауларды шешу және оның қызметiн жүзеге
асыру кезіндегі жауаптылық
30-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
қызметтi жүзеге асыру кезіндегі дауларды шешу
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
31-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
шаруашылығы саласындағы заңдарын бұзғаны
үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
8-тарау. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды
мал шаруашылығы саласындағы халықаралық
ынтымақтастығы
32-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
шаруашылығы саласындағы халықаралық
ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасы мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдеседi.
33-бап. Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы
саласындағы ынтымақтастық жасау құқығы
Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жобаларды жүзеге асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының заңды және (немесе) жеке тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетел азаматтарымен және (немесе) шетелдiк заңды тұлғалармен шарттар жасасады.
Қазақстан Республикасының Президентi