Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы № 311 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 643 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 23 тамыздағы № 476 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы № 311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 9, 97-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 5-4 және 5-5-тармақтармен толықтырылсын:
«5-4. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызметке дербес жауап береді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
5-5. Комиссияның хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және Комиссия мәжілісінің хаттамаларын ресімдейді.
Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.»;
7-тармақтағы «Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі» деген сөздер «Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
«8. Комиссия қызметінің ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етілуін жұмыс органы қамтамасыз етеді.
9. Комиссия өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамына мыналар енгізілсін:
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға |
Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Кәрібжанова Роза Самидоллақызы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары, хатшы |
Есім Ғарифолла Есімұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Қырықбаев Арман Оразбайұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы |
Абаев Хасен Сейілханұлы | - Қазақстандық суретшілер қауымдастығы басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері (келісім бойынша) |
Досжан Болат Сапарұлы | - мүсінші, Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері (келісім бойынша) |
Мансұров Мұрат Амангелдіұлы | - мүсінші, Қазақ көркем қорының төрағасы (келісім бойынша) |
Нұразхан Алмас Шайкенұлы | - Қазақстан Республикасындағы мәдениет пен өнерді қолдау мемлекеттік қорының директоры (келісім бойынша) |
Садықов Амангелді Зейноллаұлы | - Қазақстан сәулетшілер одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті сәулетшісі (келісім бойынша) |
Оразбекова Лаура Сакенқызы | - өнертанушы, Қазақстан Республикасы Көркемөнер академиясының президенті (келісім бойынша) |
мына жолдар:
«Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры |
Ли Камилла Витальевна | - өнертанушы (келісім бойынша) |
Рүстембеков Ақмырза Исаұлы | - Қазақстан Сәулетшілер одағының президенті (келісім бойынша) |
Сергебаев Ескен Аманжолұлы | - мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (келісім бойынша) |
Өмірбеков Байтұрсын Есжанұлы | - Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының директоры (келісім бойынша)» |
мынадай редакцияда жазылсын:
«Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы | - «Қазақстан тарихшылар қоғамдастығы» қоғамдық ұйымының төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессср (келісім бойынша) |
Ли Камилла Витальевна | - өнертанушы, Қазақстан Суретшілер одағының жауапты хатшысы, ЮНЕСКО жанындағы суретші-сыншылар қауымдастығының мүшесі (келісім бойынша) |
Рүстембеков Ақмырза Исаұлы | - Қазақстан Сәулетшілер одағы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) |
Өмірбеков Байтұрсын Есжанұлы | - өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор (келісім бойынша)»; |
көрсетілген Комиссияның құрамынан Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Әлиев Арыстанбек Мұхамедиұлы, Шаймерден Ербол Шаймерденұлы, Нысанбаев Әбдімәлік Нысанбайұлы, Әбішев Бақытжан Әлімбайұлы, Байпақов Карл Молдахметұлы, Кацев Владимир Зеликович, Мергенов Еркін Тілекұлы, Ерғалиева Райхан Әбдешқызы, Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |