7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
медицина ғылымының 4 басым бағыты мен жүргізіліп жатқан 40 бағдарламасы бойынша ағымдағы жылға арналған ғылыми-техникалық бағдарламаның негізгі тапсырмалары мен көрсеткіштеріне сәйкес іс-шаралар жоспарын орындау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген сатып алынатын жабдықтардың тізбесіне сәйкес ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау үшін кемінде 8 бірлік медициналық және зертханалық жабдық сатып алу. Мемлекеттік ведомстволық емес сараптама қорытындысына сәйкес «М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. X. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығын және М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығын күрделі жөндеу жүргізу.
Түпкілікті нәтиже: жаңа әдістер мен технологияларды әзірлеу және практикалық денсаулық сақтау саласына енгізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір ғылыми-техникалық бағдарламаның орташа құны - 22136 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: ғылыми зерттеулер нәтижелерінің республика халқының денсаулығына әсері.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
272-ҚОСЫМША
226-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 12048112 мың теңге (он екі миллиард қырық сегіз миллион бір жүз он екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектер мен оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 11-бабы; «Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 17-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 5 , 7 , 16, 17, 18, 24, 29, 53-баптары; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейін Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы № 326 қаулысы; «Бюджет қаражатының есебінен ұсталатын медицина ұйымдарының және денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызмет көрсетудің шығындарын өтеу ережесін және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратын ақылы қызметтерден түсетін қаражатты пайдалану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 965 қаулысы; «Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту бағдарламасы» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 102 қаулысы; «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008-2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету жолымен сырқаттардың денсаулықтарын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: азаматтарға республикада және шетелде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету; психикалық аурулардан, алапестен зардап шегушілерге, сондай-ақ Отан соғысы мүгедектеріне арналған республикалық және орталық клиникалық госпитальдердің контингентіне, мамандандырылған медициналық көмек көрсету, амбулаториялық, емдік-диагностикалық және оңалту іс-шараларын орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету | Диагностика мен емдеудің аса күрделі әдістерін, сондай-ақ бірегей медициналық технологияларды пайдалануды қажет ететін аурулар кезінде мынадай 16 бейін бойынша: хирургиялық, кардиохирургиялық, травматологиялық, урологиялық, нейрохирургиялық, гинекологиялық, офтальмологиялық, онкологиялық, радиологиялық, терапиялық, кардиологиялық, неврологиялық, тері-венерологиялық, наркологиялық және профпатологиялық, психиатриялық жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша мынадай медициналық ұйымдар үшін: Онкология және радиология ҒЗИ, Көз аурулары ҒЗИ, Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығына, Травматология және ортопедия ҒЗИ, Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ҰО, А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ҰҒО, Тері-венерология ҒЗИ, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Жарбосынов атындағы Урология ҒО, Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа, Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығына, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық (емдік және диагностикалық) және медициналық емес жабдық, арнайы автокөлік сатып алуға күрделі трансферттер аудару. Бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға және мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес мынадай мемлекеттік кәсіпорындарға: Жарбосынов атындағы Урология ҒО (2007 жылғы 2 мамырдағы № 7-212/07 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы), Көз аурулары ҒЗИ (2006 жылғы 28 маусымдағы № 7 388-1/06 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы), Травматология және ортопедия ҒЗИ (2006 жылғы 20 қыркүйектегі №№2-495/06 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы), Онкология және радиология ҒЗИ (2007 жылғы 12 наурыздағы № 7 113/07 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы), Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ (2007 жылғы 11 сәуірдегі № 7-172/07 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы), Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығына (2006 жылғы 26 сәуірдегі № 7-195/06 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы), Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы (2006 жылғы 30 наурыздағы № 12-50/06 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы) ғимараттары мен құрылыстарын күрделі жөндеу жүргізуге күрделі трансферттер аудару. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберу жөніндегі комиссияның қорытындысы негізінде жіберілетін науқастардың емі мен жолақысын және бірге жүретін адамдарға ақы төлеу. Консультациялық- диагностикалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес Республикалық аллергология орталығына медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық жабдықтар, медициналық емес жабдықтар мен арнайы және қызметтік автокөлік сатып алуға күрделі трансферттер аудару. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық жабдықтар, медициналық емес жабдықтар, мамандандырылған автокөлік сатып алу. Бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға және мемлекеттік сараптамаға сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу: Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпитальді (2006 жылғы 3 ақпандағы № 7-51/06 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы) күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау, Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық аурухананы (2005 жылғы 22 ақпандағы № 7-76/05 және 2007 жылғы 22 ақпандағы № 7-86/07 мемлекеттік сараптамаларының қорытындысы) күрделі жөндеу жүргізу. | Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы | Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтын (бұдан әрі - ҒЗИ), Көз аурулары ҒЗИ, Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми- практикалық орталығы ҒЗИ, Травматология және ортопедия ҒЗИ, Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы (бұдан әрі - ҰО, А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ҰО, Тері-венерология ҒЗИ, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ҒО, Ұлттық ғылыми медициналық орталық, Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми- практикалық орталығы, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, Медициналық жедел жәрдем ҒЗИ, Радиациялық медицина және экология ҒЗИ, Семей мемлекеттік медицина академиясы, Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасы, Қазақ ұлттық медицина университетінің Профессорлар клиникасы, Қарағанды қаласының облыстық кардиохирургиялық орталығы, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі. Республикалық аллергология орталығы, Республикалық диагностика орталығы Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь, Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық аурухана, Қазақ республикалық лепрозорий, Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь. Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалықгоспиталь, Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық аурухана |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының азаматтарына диагностика мен емдеудің күрделі әдістерін жүргізуді қажет ететін аурулар кезінде қазіргі заманғы медициналық технологияларды пайдалана отырып, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету (жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша болжамды орташа жылдық емдеуге жатқызудың саны кемінде 39451); белгілі бір контингентке мамандандырылған медициналық көмек көрсету (орташа жылдық болжаммен емдеуге жатқызу: Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық ауруханаға - 927, Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальге - 1189, Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпитальге - 4200, Қазақ республикалық лепрозорийіне - 700).
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық кәсіпорындар мен Республикалық аллергология орталығы үшін кемінде 584 бірлік медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық, медициналық емес жабдықтар, арнайы автокөлік сатып алу. Мемлекеттік мекемелер үшін кемінде 96 бірлік медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық және медициналық емес жабдықтар, мамандандырылған автокөлік сатып алу.
Астана қаласында медициналық кластер құру жөніндегі іс-шаралардың орындалуы.
Түпкілікті нәтиже: емделген сырқаттардың денсаулығының жақсаруы.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жағдайында бір сырқатты емдеу үшін орташа шығыстар жылына 142,6 мың теңге; мемлекеттік мекемелерде - 73,5 мың теңгеден 613,2 мың теңгеге дейін; сырқатты шетелде емдеуге орташа шығыстар - 4457,8 мың теңге; 1 сырқатқа және алып жүретін адамдардың жолына ақы төлеудің орташа шығыстары - 155 мың теңге; бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға және Мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес көлемде күрделі жөндеу жүргізуді орындау. Сатып алынатын бір бірлік жабдықтың орташа құны - 6239,9 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: негізделген шағымдардың болмауы; диагностика мен емдеудің мерзімдік медициналық-экономикалық хаттамаларына сәйкес емдік көмек көрсету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
273-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Туберкулезбен ауыратындарға мамандандырылған және санаторий-сауықтыру
медициналық көмек көрсету»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1040190 мың теңге (бір миллиард қырық миллион бір жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 16, 17, 18-баптары; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 11, 22-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында туберкулезден халықты қорғаудың кезек күттірмейтін шаралары туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 қаулысы; «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008-2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулықты нығайту, халықтың жұқтыруларын азайту, сырқаттану көрсеткіштерін тұрақтандыру, туберкулез бойынша өлім-жітімді, мүгедектікті азайту, бронх-өкпе патологиясы бар балалар мен ересектерді оңалту мен сауықтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: туберкулезбен ауыратын сырқаттарға мамандандырылған жоғары білікті емдік-диагностикалық көмек көрсету. Бронх-өкпе патологиясы бар сырқаттарға организмнің бұзылған функцияларын қалпына келтіруге көмектесетін емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іе-шаралар жоспары:
№ р/с | Бадарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Туберкулезбен ауыратындарға мамандандырылған және санаторлық- сауықтыру медициналық көмек көрсету | Туберкулезбен ауыратын сырқаттарға мамандандырылған емдеу-диагностикалық көмек көрсету. Бронх- өкпе патологиясы бар сырқаттарға, санаторийлық-сауықтыру (оңалту) медициналық көмегін көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық, диагностикалық, зертханалық, медициналық емес жабдық және санитарлық автокөлік сатып алу. Туберкулезбен ауыратын сырқаттарға, оның ішінде резервтік қордан туберкулездің мультирезистентті нысанын емдеу үшін және диспансерлік (виражды гиперсезімталды, жанаспалы) топтағы балаларға химиялық алдын алу жүргізу үшін туберкулезге қарсы препараттарды сатып алу. Жобалық-сметалық құжаттар мен Мемсараптама қорытындысына сәйкес «Қарағай» республикалық оңалту орталығы (2007 жылғы 12 ақпандағы № 81 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы) және Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығында күрделі жөндеу жүргізу (2007 жылғы 11 мамырдағы № 203/77 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы). | Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Туберкулез проблемалары ұлттық орталығы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы; «Қарағай» республикалық оңалту орталығы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы; «Қарағай» республикалық оңалту орталығы. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: кем дегенде 2150 сырқатқа Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығының емдеу-диагностикалық көмегін көрсетуі және Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы және «Қарағай» республикалық оңалту орталығы санаторийлік-сауықтыру (оңалту) көмегін көрсетуі, оларды патогенетикалық және симптоматикалық препараттармен қамтамасыз ету (сырқаттардың болжамданған орташа жылдық саны - 1230). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес кем дегенде 18 бірлік медициналық, диагностикалық, зертханалық және медициналық емес жабдық санитарлық автокөлік сатып алу. Жобалық-сметалық құжаттар мен Мемсараптама қорытындысына сәйкес «Қарағай» республикалық оңалту орталығына, Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығына күрделі жөндеу жүргізу.
Түпкілікті нәтиже: жоғары білікті медициналық көмек пен санаторийлік ем алған сырқаттардың арасында аурушаңдық, мүгедектік және өлім-жітім бойынша көрсеткіштерді жақсарту; жаңадан анықталған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын сырқаттарды сауықтыру көрсеткішінің өсуі және туберкулезге қарсы күрес шеңберінде басқа адамдарға туберкулез микробактериясының тұрақты штаммдарының берілу қаупінің азаюы.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір сырқатты емдеуге жұмсалатын туберкулезге қарсы препараттарды сатып алудың орташа шығыстары 73,5 мың теңге, бір бірлік жабдық сатып алудың орташа құны 1365,2 мың теңге, жобалау-сметалық құжаттармен мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес күрделі жөндеуді жүзеге асыру.
Уақтылығы: мамандандырылған стационарлық және оңалту медициналық көмегін уақтылы және сапалы көрсету.
Сапа: негізделген шағым жоқ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
274-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Ана мен баланы қорғау»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5559325 мың теңге (бес миллиард бес жүз елу тоғыз миллион үш жүз жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 25, 26-баптары; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 12, 13-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; «Азаматтардың дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 962 қаулысы; «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008-2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ана мен баланың денсаулығын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: әйелдерге, балалар мен жасөспірімдерге, оның ішінде республика өңірлеріне мамандардың барып жоғары мамандандырылған, консультативтік-диагностикалық, ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуі; балаларға санаторийлық, оңалту, сауықтыру көмегін көрсету; ана мен баланың денсаулығын сақтау саласында диагностиканың, емдеу мен оңалтудың тиімді әдістерін енгізу.
ҚР Үкіметінің 2008.26.05. № 498 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Ана мен баланы қорғау | Мынадай 3 бейін бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету: педиатриялық, балалар хирургиясы, акушерлік-гинекологиялық. Балаларға және тікелей балаға күтім жасауды жүзеге асыратын ананың (әкенің) немесе өзге адамның болуы бойынша «Алатау» балалар клиникалық санаторийінде 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, Республикалық балаларды оңалту орталығында, 11 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, аурудың ауыр дәрежесінде және/немесе өзіне-өзі қызмет көрсете алмаған жағдайда 11 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға санаторийлік, оңалту және сауықтыру көмегін көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығына, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына, «Алатау» балалар клиникалық санаторийі, «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасына, «Алатау» балалар клиникалық санаторийіне, Республикалық балаларды оңалту орталығына медициналық жабдықтар (емдеу және диагностика- лық) мен медициналық емес жабдықтар, автокөліктер сатып алуға және жобалық-сметалық құжаттамалар мен мемлекеттік сараптаманың қорытындыларына сәйкес «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасына және «Педиатрия және балалар хирургиясы» ҒО күрделі жөндеуден өткізуге күрделі трансферттер аудару. Балалардың сал ауруымен ауыратын балаларға оңалту көмегін көрсету және тікелей сырқат балаға күтім жасауды жүзеге асыратын ананың (әкенің) немесе өзге адамның болуы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес медициналық (емдеу және диагностикалық) және медициналық емес, автокөлік жабдықтар сатып алу. «Балбұлақ» республикалық балалар оңалту орталығын күрделі жөндеуден өткізу. Жіті және созылмалы бүйрек қызметінің жетіспеушілігі бар науқастарға гемодиализ сеанстары мен иммундық-супрессивтік терапия жүргізу. | Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы | Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы «Алатау» балалар клиникалық санаторий Республикалық балаларды оңалту орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы |
ҚР Үкіметінің 2008.26.05. № 498 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)