6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 024 | | Сейсмологиялық ақпарат мониторингi | Бақылаудағы аумақ пен қосымша аудандардағы жерсілкіністер туралы деректерді тіркеу және өңдеу. Дала құралдық бақылауларын жүргізу және стационарлық станциялар желісінде сапалы және үздіксіз ақпараттар алу, алынатын ақпаратқа бастапқы өңдеу жұмыстарын жүргізу, Қазақстан Республикасының аумағында сейсмикалық мониторингті жүзеге асыру. Негізгі құралдарды сатып алу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» мемлекеттік мекеме |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: сейсмологиялық стансалардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында негізгі жабдықтарды сатып алу: сейсмотелеметрикалық стансаның аппаратуралар жиынтығы - 4 дана; сейсмотелеметрикалық тораптарды қабылдау орталығы аппаратурасының жиынтығы - 1 дана; геофизикалық тіркеме - 7 дана; электромагниттер импульсы тіркеушісі - 2 дана; БАТ 15.2 автоматтық титрлік блок - 9 дана; дебит өлшеуіші - 1 дана; И-160 иономері - 10 дана; кептіру шкафы - 3 дана; АТП - 01 титраторы - 4 дана; РҒР - 7 жалынды фотометрі - 2 дана; Р-4 жеке компьютері - 10 дана; лицензиялық бағдарламалық жабдықтар - 20 дана; ксерокс- 3 дана; спутниктік байланыс жер стансасының аппараты - 4 дана; жоғары жүргішті автомашинасы - 4 дана.
Қазақстан Республикасының аумағындағы жерсілкіністер каталогы; алғашқы бақылау материалдарының (сейсмограммалардың, цифрлық сейсмограммалардың, деформограммалардың, күшті қозғалыстар жазбасының, геофизикалық, гидрогеологиялық, сейсмобиологиялық бақылаулар және жер қабығы қозғалыстарын қазіргі бақылау бойынша алғашқы материалдары) мұрағаттары; бақылау түрлері бойынша деректердің базалары; сейсмикалық («Сейсмо», «Бадис», «Уақытша қатарлар», «Карточка», «Кармех»); геофизикалық («Магнитка», «Теллурика»), гидрогеологиялық («Геохим»), қазіргі қозғалыстар («Қабық»); өлшеу параметрлері негізінде жерсілкіністердің күн сайынғы оперативті болжамдары (барлығы 366 болжам);
Сейсмологиялық стансалардың беретін өңделген ақпараттарының сапалығы мен автоматты белсенділік үрдісінің сенімділігін арттыру үшін 35-і стационарлық сейсмологиялық стансалар болып табылатын 60 қадағалау пунктіндегі құрылғыларды жаңарту.
Соңғы нәтиже: сейсмикалықты, жер асты термоминералды сулардың газдық-химиялық және динамикалық режимдеріне, геофизикалық жүйелердің варияцияларына, жердің беткі қабатының қазіргі заманғы қозғалысына, жануарлардың жүріс-тұрысына режимдік бақылаулар жүргізу. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жинау, тапсыру, өңдеу сейсмобелсенді аудандарында қатты жерсілкіністерін болжау мақсатында ақпаратты тіркеу, және сақтау процестерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізу.
жерсілкінісін болжау бойынша уақытылы ақпарат ұсыну;
қадағалау пунктеріндегі сұранысты қанағаттандыру үлесі - 90 %.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
1 қадағалау пунктін ұстауға арналған орташа шығыстар - 3 079,7 мың теңге;
1 қадағалау пунктін жабдықтауға арналған орташа шығыстар - 745,9 мың теңге.
Уақыттылығы: жұмыстарды өткізу кестесіне сәйкес.
Сапасы: болжаудың нақтылы жер қыртысы қозғалыстарымен сәйкес келуі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
249-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Білім беру жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету және білім беру
қызметтерінің сапасын талдау»
деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 676796 мың теңге (алты жүз жетпіс алты миллион жеті жүз тоқсан алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 56-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі жүйесінің ұйымдарын басқаруды жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы № 256 қаулысы; «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысы; «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттық лимиттері сандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім берудегі жалпы әлеуметтік үрдістерді ескере отырып, білім беру жүйесін әдістемелік жетілдіруді қамтамасыз ету білім беруді басқару жүйесін жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары мен оқу-бағдарламалық құжаттамалар тәртібін сақтауды әзірлеу және талдау, дене тәрбиесі мен спорт жөнінде бағдарламалар мен ұсыныстар әзірлеу, ЖОО-да оқытатын қазақ тілінде электронды мультимедиялық бағдарламаларды әзірлеу, 12 жылдық оқу бойынша стандарттар мен оқу бағдарламаларын әзірлеу және аудару. Республикалық білім беру ұйымдарында 12 жылдық оқу мерзімі енгізілген мектептердің бастапқы сатысы үлгісін сынау бойынша эксперименттік жұмыстар бағдарламаларын іске асыру. Білім беру ұйымдарының беретін оқу материалдарының сапасы мен қабылдау деңгейін өлшеу, білім беру ұйымдарында оқу материалдарын оқытылу сапасын анықтау, оқушы контингенттерін құру механизмін жетілдіру. Кәсіптік білім бағдарламаларын аккредиттеуді өткізу. Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандары мен жұмысшы кадрларының біліктілігін растау және беру, кәсіби даярлық сапасын тәуелсіз бағалау жүйесін жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдар- ламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 025 | | Білім беру жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету және білім беру қызметтерінің сапасын талдау | Жас балаларға алғашқы түзету педагогикалық көмек көрсету бойынша әдістемелік қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес басты құралдар сатып алу. Пәндік стандарттар әзірлеу және аудару; мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу-әдістемелік кешендер мен оқу бағдарламаларын әзірлеу және аудару; техникалық және кәсіптік, кәсіптік білімнен кейінгі білімнің мамандықтары бойынша стандарттар және білім оқу бағдарламаларын әзірлеу; жоғары кәсіптік білімнің стандарттарын әзірлеу; қаржы-есеп пәндері бойынша үлгілік бағдарламалар әзірлеу; спорт пен дене тәрбиесі, ақпараттандыру, қосымша білім беру саласында оқу-әдістемелік құралдарды, бағдарламаларды және ұсынымдарды әзірлеу; 12 жылдық оқуға көшуді әдістемелік қамтамасыз ету; жоғары оқу орындарының рейтингін өткізу; мектепке дейінгі білім берудің әдістемелік негізін жасау; мектепке дейінгі білім мен тәрбие бойынша стандарттар әзірлеу; оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу және басып шығару процестері бойынша әдістемелік құралдарды әзірлеу; білім жүйесінің жай-күйіне мониторинг жасау, ТІМSS, РІSА халықаралық бағдарламалары бойынша білім сапасына зерттеу жүргізу, 2007 жылға ұлттық бірыңғай тестілеу, аралық мемлекеттік бақылау және кешенді тестілеудің нәтижесін талдау; білім мониторингінің дистанциялық үлгісін әзірлеу және енгізу, білім беру жай-күйінің жаңа көрсеткіштері мен индикаторларын байқаудан өткізу және енгізу, білім сапасын басқару бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, білім жүйесі мекемелері мен ұйымдарының білім статистикасының ақпараттық ресурстарын бірыңғай дерекқорға біріктіру, 2008 жылға Қазақстан Республикасындағы білім берудің жай-күйі мен дамыту туралы ұлттық баяндаманы дайындау; педагогикалық, техникалық, инженерлік және жаратылыстану мамандықтары үшін арнаулы аккредиттеудің өлшемдерін, стандарттарын әзірлеу; педагогикалық мамандықтар үшін арнаулы аккредиттеу стандарттарының әдістемелік құралдарын әзірлеу және мемлекеттік тілге аудару; сыртқы бағалаудың рәсімдерін өткізу үшін жоғары оқу орындарының тәуелсіз сарапшыларын және студент сарапшыларды оқыту; ағылшын тіліне институционалды аккредиттеудің әдістемелік құралдарын аудару, өлшемдері мен стандарттарын аудару; ERIQ-NARI желісіне қосылу, халықаралық аккредиттеу агенттіктерінің қызметтерін, сол елдерге бару арқылы (Еуропа, АҚШ, Австралия) зерттеу, жоғары кәсіптік білімді қамтамасыз етудің халықаралық желісінің жұмысына, тәуелсіз мемлекеттер достастығы мен Балтық елдерінің білім сапасын қамтамасыз етудің Еуразиялық желісіне, Еуропалық консорциумның сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастығының ОЕСD конференциясына қатысу. Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандары мен жұмысшы кадрларының біліктілігін растау және беру, кәсіби даярлығын тәуелсіз бағалау жүйесін дайындау және жүргізу. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитетінің бұйрығына сәйкес балалар құқығын қорғау саласын әдістемелік қамту жөніндегі шараларды өткізу. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес Республикалық қосымша білім оқу-әдістемелік орталығына, ұлттық білім беру сапасын бағалау орталықтарына басты құралдар алу үшін күрделі трансферттер аудару. | Жыл бойы | Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми- практикалық орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1. «Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» мемлекеттік мекемесіне балаларға ерте жастан түзеу педагогикалық көмек көрсетуі бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу - 1;
2. Білім беру деңгейлері бойынша стандарттар әзірлеу: мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім - 164 атау;
3. пәндер стандарттарын 70-ін әзірлеу, 156-сын аудару;
4. техникалық және кәсіптік білімнің, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеу - 94 атау;
5. қаржы-есеп пәндері бойынша үлгілік бағдарламалар әзірлеу - 80 атау;
6. мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу-әдістемелік кешендер мен оқу бағдарламаларын әзірлеу - 22 атау;
7. спорт пен дене тәрбиесі, ақпараттандыру, қосымша білім беру саласы бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, бағдарламаларды және ұсынымдарды әзірлеу - 108 атау;
8. 12 жылдық оқуға көшу бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу - 27 атау;
9. жоғары оқу орындарында рейтинг өткізу;
10. мектепке дейінгі білімнің әдістемелік негізін жасау - 16 атау;
11. оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер әзірлеу және басып шығару үдерістері бойынша әдістемелік құралдарды әзірлеу - 24 атау;
12. білім жүйесінің жай-күйіне мониторинг жасау, ТІМSS, РІSА халықаралық бағдарламалары бойынша білім сапасына зерттеу жүргізу, 2007 жылға ұлттық бірыңғай тестілеу, аралық мемлекеттік бақылау және кешенді тестілеудің нәтижесін талдау; білім мониторингінің дистанциялық үлгісін әзірлеу және енгізу, білім беру жай-күйінің жаңа көрсеткіштер мен индикаторларын байқаудан өткізу және енгізу, білім сапасын басқару бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, білім жүйесі мекемелері мен ұйымдарының білім статистикасының ақпараттық ресурстарын бірыңғай дерекқорға біріктіру, 2008 жылға Қазақстан Республикасындағы білім берудің жай-күйі мен дамыту туралы ұлттық баяндаманы дайындау;
13. педагогикалық, техникалық, инженерлік және жаратылыстану мамандықтары үшін арнаулы аккредиттеудің өлшемдерін, стандарттарын әзірлеу; педагогикалық мамандықтар үшін арнаулы аккредиттеу стандарттарының әдістемелік құралдарын әзірлеу және мемлекеттік тілге аудару; сыртқы бағалаудың рәсімдерін өткізу үшін жоғары оқу орындарының тәуелсіз сарапшыларын және студент сарапшыларды оқыту; ағылшын тіліне институционалды аккредиттеудің әдістемелік құралдарын аудару, өлшемдері мен стандарттарын аудару; ERIQ-NARI желісіне қосылу, халықаралық аккредиттеу агенттіктерінің қызметтерін, сол елдерге бару арқылы (Еуропа, АҚШ, Австралия) зерттеу, жоғары кәсіптік білімді қамтамасыз етудің халықаралық желісінің жұмысына, тәуелсіз мемлекеттер достастығы мен Балтық елдерінің білім сапасын қамтамасыз етудің Еуразиялық желісіне, Еуропалық консорциумның сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастығының ОЕСD конференциясына қатысу.
14. техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандары мен жұмысшы кадрларының біліктілігін растау және беру, кәсіби даярлығын тәуелсіз бағалау жүйесін дайындау және өткізу;
15. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитетінің бұйрығына сәйкес балалар құқығын қорғау саласын әдістемелік қамту жөніндегі шаралар өткізу;
16. Қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығына, ұлттық білім беру сапасын бағалау орталықтарына негізгі құралдар сатып алу - 41 бірліктен кем емес.
17. Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығына негізгі құралдар сатып алу - 6 бірліктен кем емес.
Соңғы нәтиже: Көрсетілер білім беру қызметінің деңгейі мен сапасын арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 бірліктің орташа құны (күрделі шығындарды қоспағанда):
1. Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы балаларға ерте жастан түзеу педагогикалық көмек көрсетуі бойынша әдістемелік құралдарды дайындау - 5733,0 мың теңге;
2. Білім беру деңгейлері бойынша стандарттар әзірлеу: мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары кәсіптік білім - 204,3 мың теңге;
3. 12 жылдық оқытудың пәндік стандарттарын әзірлеу - 1388,8 мың теңге, аудару - 6,2 мың теңге.
4. техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеу - 259,71 мың теңге.
5. қаржы-есеп пәндері бойынша үлгілік бағдарламалар әзірлеу - 1,6 мың теңге;
6. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу-әдістемелік кешендер және оқу бағдарламаларын әзірлеу - 614,0 мың теңге;
7. спорт пен дене тәрбиесі, ақпараттандыру, қосымша білім беру саласы бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, бағдарламаларды және ұсынымдарды әзірлеу - 491,4 мың теңге.
8. 12 жылдық оқуға көшу бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу - 491,0 мың теңге;
9. жоғары оқу орындарына рейтинг өткізу - 1780,0 мың теңге;
10. мектепке дейінгі білімнің әдістемелік негізін әзірлеу - 1748,0 мың теңге;
11. оқу құралдары мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу және басып шығару процесі бойынша әдістемелік құралдарды әзірлеу - 1612,0 мың теңге;
12. білім жүйесінің жай-күйіне мониторинг жасау, ТІМSS, РІSА халықаралық бағдарламалары бойынша білім сапасына зерттеу жүргізу, 2007 жылға ұлттық бірыңғай тестілеу, аралық мемлекеттік бақылау және кешенді тестілеудің нәтижесін талдау; білім мониторингінің дистанциялық үлгісін әзірлеу және енгізу, білім беру жай-күйінің жаңа көрсеткіштері мен индикаторларын байқаудан өткізу және енгізу, білім сапасын басқару бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, білім жүйесі мекемелері мен ұйымдарының білім статистикасының ақпараттық ресурстарын бірыңғай дерекқорға біріктіру, 2008 жылға Қазақстан Республикасындағы білім берудің жай-күйі мен дамыту туралы ұлттық баяндаманы дайындау - 65 474,0 мың теңге;
13. педагогикалық, техникалық, инженерлік және жаратылыстану мамандықтары үшін арнаулы аккредиттеудің өлшемдерін, стандарттарын әзірлеу; педагогикалық мамандықтар үшін арнаулы аккредиттеу стандарттарының әдістемелік құралдарын әзірлеу және мемлекеттік тілге аудару; сыртқы бағалаудың рәсімдерін өткізу үшін жоғары оқу орындарының тәуелсіз сарапшыларын және студент сарапшыларды оқыту; ағылшын тіліне институционалды аккредиттеудің әдістемелік құралдарын аудару, өлшемдері мен стандарттарын аудару; ERIQ-NARI желісіне қосылу, халықаралық аккредиттеу агенттіктерінің қызметтерін, сол елдерге бару арқылы (Еуропа, АҚШ, Австралия) зерттеу, жоғары кәсіптік білімді қамтамасыз етудің халықаралық желісінің жұмысына, тәуелсіз мемлекеттер достастығы мен Балтық елдерінің білім сапасын қамтамасыз етудің Еуразиялық желісіне, Еуропалық консорциумның сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастығының ОЕСD конференциясына қатысу - 28 575,0 мың теңге;
14. Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандары мен жұмысшы кадрларының біліктілігін растау және беру, кәсіби даярлығын тәуелсіз бағалау жүйесін дайындау және өткізу - 138 660,0 мың теңге;
15. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитетінің бұйрығына сәйкес балалар құқығын қорғау саласын әдістемелік қамту жөніндегі шараларын өткізу - 72 700,0 мың теңге.
Уақыттылығы: Кесте бойынша жыл бойы жұмыс жүргізу.
Сапасы: Дәріс берудің мазмұнын, әдістемесін және оқушылардың білімін бағалауды жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
250-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
жаңадан пайдалануға берілетін білім беру объектілерін ұстауға берілетін
ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 029 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3834034 мың теңге (үш миллиард сегіз жүз отыз төрт миллион отыз төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 62-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім ұйымдарында балаларды тәрбиемен және оқумен толық қамту, білім беру қызметінің қолжетімділігі.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: облыстық бюджеттеріне, Астана және Алматы қалалық бюджеттеріне білім беру ұйымдарының қызмет етуіне қаржылай қолдау жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 029 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін білім беру объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімi бойынша республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне ағымдағы нысаналы ағымдағы трансферттер аудару. Өз уақытында білім объекттерін іске қосу және қызмет етуін қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 124 білім беру объектілерін іске қосуын және қызмет етуін қамтамасыз етеді, соның ішінде:
Ақмола облысы - 4 объект:
Мектептер:
Орта мектеп Есіл ауданы, Есіл қаласы;
Орта мектеп Ерментау ауданы, Малтабар ауылы;
Орта мектеп Көкшетау қаласы;
Орта мектеп Шортанды ауданы, Шортанды кенті;
Ақтөбе облысы - 2 объект:
Мектептер:
Орта мектеп Ақтөбе қаласы, Шанхай шағын ауданы;
Орта мектеп Шалқар ауданы, Шалқар қаласы;
Алматы облысы - 10 объект:
1. Мектептер:
Орта мектеп Қарасай ауданы Ақжар ауылы;
Орта мектеп Қарасай ауданы Абай ауылы;
Орта мектеп Қарасай ауданы Райымбек ауылы;
Орта мектеп Талғар ауданы Талғар қаласы;
Орта мектеп Көксу ауданы Балбықпи кенті;
Орта мектеп Талдықорған қаласы;
Орта мектеп Іле ауданы Боралдай кенті;
Орта мектеп Қапшағай қаласы;
2. Интернаттар:
Есік қаласы Еңбекшіқазақ ауданы Райымбек атындағы орта мектеп жанындағы интернаты;
Талғар қаласы Талғар ауданы орта мектеп жанындағы интернаты;
Атырау облысы - 9 объект:
Мектептер:
Орта мектеп Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы;
Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп Индер ауданы, Индербор кенті;
Энгельс атындағы орта мектеп Құрманғазы ауданы, Сафоновка ауылы;
Интернаты бар орта мектеп Атырау қаласы, Сары-Арқа шағын ауданы;
Орта мектеп Атырау қаласы, Орталық шағын ауданы;
Интернаты бар орта мектеп Жылыой ауданы, Құлсары қаласы;
Интернаты бар орта мектеп Атырау қаласы, Алмагүл шағын ауданы;
Нысанбаев атындағы орта мектеп Атырау қаласы, Бірлік ауылы;
Гоголь атындағы орта мектеп Құрманғазы ауданы, Кудряшово ауылы;
Шығыс Қазақстан облысы - 4 объект:
Мектептер:
Орта мектеп Бесқарағай ауданы, Бөген ауылы;
Орта мектеп Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы;
Орта мектеп Үржар ауданы, Қаракөл ауылы;
Орта мектеп Тарбағатай ауданы, Үштөбе ауылы;
Батыс Қазақстан облысы - 7 объект:
Мектептер:
Орта мектеп Зеленов ауданы, Переметное ауылы;
Орта мектеп Зеленов ауданы, Трекино ауылы;
Орта мектеп Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы;
Орта мектеп Орал қаласы;
Орта мектеп Бөкейордасы ауданы, Сайхин ауылы;
Орта мектеп Теректі ауданы, Подстепное ауылы;
Орта мектеп Жанғал ауданы, Жанғал кенті;
Жамбыл облысы - 4 объект:
Мектептер:
Орта мектеп Жамбыл ауданы Шөлдала ауылы;
Орта мектеп Тараз қаласы;
Орта мектеп Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы;
Орта мектеп Мерке ауданы Сыпатай бөлімшесі;
Қарағанды облысы - 4 объект:
1. Мектептер:
Орта мектеп, Сатпаев қаласы;
Орта мектеп, Балхаш қаласы;
Орта мектеп, Абай қаласы;
2. Кәсіптік мектептер:
Кәсіптік мектеп Қарқаралы қаласы;
Қостанай облысы - 1 объект:
Мектептер:
Орта мектеп Жангелді ауданы, Ақкөл ауылы;
Қызылорда облысы - 7 объект:
Мектептер:
Орта мектеп Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті;
Орта мектеп Шиелі ауданы, Шиелі кенті;
Орта мектеп Қармақшы ауданы, Жосалы ауылы;
Орта мектеп Арал ауданы, Арал қаласы;
Орта мектеп Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті;
Орта мектеп Қызылорда қаласы, Қызылжарма кенті;
Орта мектеп Қызылорда қаласы Әл Фараби көшесінде;
Маңғыстау облысы - 5 объект:
Мектептер:
4 оқу ғимараттарына жалғастырып салынатын орта мектептер, Маңғыстау ауданы Сайөтес кенті;
Орта мектеп Жаңаөзен қаласы;
Орта мектеп Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы;
Орта мектеп Қарақиян ауданы, Құрық ауылы;
Орта мектеп Жаңаөзен қаласы, Рақат шағын ауданы;
Павлодар облысы - 6 объект:
1. Мектептер:
Орта мектеп Павлодар қаласы;
Орта мектеп Шідерті ауылы, Екібастұз қаласының ауылдық аумағы;
Орта мектеп Ақсу қаласы;
Орта мектеп Май ауданы, Көктөбе ауылы;
2. Мектеп-интернат:
Мектеп-интернат Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы:
3. Мектепке дейінгі балалар ұйымдары:
Балабақша Павлодар қаласы;
Солтүстік Қазақстан облысы - 12 объект:
1. Мектептер:
Орта мектеп Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы;
Орта мектеп Аққайың ауданы, Полтавка ауылы;
2. Мектепке дейінгі балалар ұйымдары:
Бассейні бар балабақша Петропавловск қаласы, Победа көшесінде;
4. Мектеп жанындағы интернаттар:
Айыртау ауданы, Лавровка ауылы;
Айыртау ауданы, Лобаново ауылы;
Аққайың ауданы, Аралағаш ауылы;
Қызылжар ауданы, Боголюбово ауылы;
Мамлют ауданы, Краснознаменка ауылы;
Мамлют ауданы, Андреевка ауылы;
Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылындағы № 2 орта мектептің жанынан;
Шал ақын ауданы, Новопокровка ауылы;
Шал ақын ауданы, Октябрьское ауылы;
Оңтүстік Қазақстан облысы - 34 объект:
1. Мектептер:
Омаров атындағы орта мектеп Ордабасы ауданы, Берген ауылы;
Орта мектеп Ордабасы ауданы, Жусансай ауылы;
Тәукехан атындағы орта мектеп Ордабасы ауданы, Төреарық ауылы;
Көкарал орта мектебі Ордабасы ауданы Төрткөл ауылы;
Орта мектеп Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылы;
Орта мектеп Ордабасы ауданы, Атамекен ауылы;
Орта мектеп Созақ ауданы, Жыныс ауылы;
Орта мектеп Созақ ауданы, Қарағұр ауылы;
Орта мектеп Түркістан қаласы, Оралмандар ауылы;
Орта мектеп Түркістан қаласы, Яссы ауылы;
1 Мамыр көшесіндегі Б.Момышұлы атындағы орта мектебі Түлкібас ауданы, Түлкібас ауылы;
Орта мектеп Түлкібас ауданы, Алғабас ауылы;
Орта мектеп Түлкібас ауданы, Көлтемешат ауылы;
Орта мектеп Шардара ауданы, Жаушықұм ауылы;
Тоқмағамбетов атындағы орта мектеп Сарыағаш ауданы, Сіргелі ауылы;